ЖҰмысҚа Қабілеттілігін ҚалыптастыруҒа арналҒан жаттыҒулар
Тренингтік топтың жұмысын бастар алдында жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Дәріс алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті, топта бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткізуге болады және әр қатысушының бойында жоғарыда атап өткен сезімдердің бой алуы мазмұндық жоспарда алға жылжумен, жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізер еді. Сондай-ақ, осы кезеңде өткізілген жаттығулар тренингтік топтың жұмысының мазмұнды кезеңіне өтуге «көпір» болатын талқылауға арналған мағлұматтар бере алады.
1- жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.
Нұсқаулық:
«Қазір біздің таныстығымызды ары қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында мен боламын) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауысып отыру) ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» - деп айтамын, - сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам, ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді».
Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Қазіргі сәтте сіздің көңіл- күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қоюына болады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді. Ол қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл-күйді көтереді, назар мен ойлауды белсендіреді.
2 жаттығу
Қатысушылар жүздері бір жаққа ауған күйде, бір қатарға тұрады.
Нұсқаулық:
«Мен санақ жүргіземін, сол сәтте сіздер 90 градуске бұрылыс жасап секірулеріңіз қажет. Бұл тапсырманы бір-бірімізбен сөйлеспей, үнсіз күйде жүзеге асырамыз. Басты тапсырма – барлығымыз жүзімізді бір жаққа аударуымыз қажет және мүмкіндігінше жылдамырақ жасауға тырысуымыз керек».
Жаттықтырушы топ мүшелерінің барлығының жүздері бір жаққа қараған кезде санақты тоқтатады.
Жаттығу топты біріктіреді, көңіл- күйді көтереді, қолайсыздық, сенімсіздік сезімін төмендетеді. Сонымен қатар, жаттығу барысында топтың әр мүшесі ортақ шешім түйіндеуге келісулері тиіс, бұл әрқайысының бойында бірлесе әрекет жасауға белсене араласу тәжірибесін қалыптастырады. «Топтың алдына қойған тапсырманы жүзеге асыруына не көмектесті?», «Тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не кедергі жасады?» («тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не көмектесер еді?») және т.б. сұрақтар қою арқылы жаттығуға қатысушылар бойынан әр жағдайда қандай әрекеттер жасайтындығын байқауымызға болады, топ ортақ шешімді түйіндеу барысында, қандай да бір келісімге келуі тиіс сияқты және т.б. Осындай сәттерде бір-біріне назар аудару қажеттілігі, өз іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен келісе жүзеге асыруы, басқаның ұстанымына, логикаға сүйенуі туындайды; іс-қимылдың ең тиімді тәсілі ретінде әріптестік екенін көрсететін жағдайға қысым жасамау керек екендігі байқалады.
3 жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Біздің алдымызда біріге шешу қажеттілігі бар тапсырма тұр: бір-бірімізбен келіспей, сөйлеспей, мүмкіндігінше жылдам және бір мезгілде екі қолымыздың бірнеше саусағын ортаға қарай көрсете созамыз. Бұл тапсырманы біз төмендегі жолмен шешеміз: мен бір, екі, үш деп санаймын- үш деген кезде саусақтарымызды бір мезетте ашамыз. Жаттығудың ойдағыдай орындалғанын анықтауға көп уақыт кетпейді. Егер нәтижесіз болса, жаттығуды қайталаймыз. Түсінікті ме? Қанекей бастайық».
Жаттығу әртүрлі өтуі мүмкін. Кейде ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін топ жаттығуды отыз рет, ал кейде төрт- бес рет ғана қайталауы мүмкін. Кез- келген жағдайда жаттығу тренингтік барысында пайдалануға болатын, сондай- ақ түрлі әлеуметтік- психологиялық тәжірибеде қолданылатын мол талдамалық дерек береді.
Әлеуметтік психология және басқару психологиясы бойынша тәжірибеде қоғамдық пікір, топтық ықпал ету, бедел, топтық көңіл- күй сияқты феномендердің көрінуіне назар аударуға болады.
Тренингте бұл жаттығудың тиімділігі 2 жаттығудың тиімділігімен сәйкес.
4 жаттығу
Жаттығу жұппен орындалады. Жаттықтырушы топ мүшелеріне өз араларынан бір-бірімен таныстығы аз жандармен жұп құруды ұсынады (топ мүшелерінің арасындағы таныстығы азбен).
Нұсқаулық:
«Аталмыш жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады. Әр міндет белгілі бір уақытта орындалуы тиіс. Мен сіздерге не істеу керектігін түсіндіремін, уақытты қадағалаймын және уақыт аяқталғанын сіздерге хабардар етемін.
1 тапсырма. Бір-бірімізге үнсіз төрт минут қарап тұрамыз.
2 тапсырма. Әрқайысыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені «Мен алдымда.............. көріп тұрмын» деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз, әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек, мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар және т.б. сияқты. Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз, ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз, одан кейін керісінше. Ролдеріңізді қашан ауыстыру керек екендігін мен сіздерге айтамын.
3 тапсырма. Әрқайысыңыз 5 минут уақыт аралығында, өз серігіңіздің 5 жасында қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз. Тек сыртқы келбетін ғана емес, сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады».
Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты ал қайсысы қате пікір екендігін айтуын ұсынады.
Әрі қарай кезекті 5 минуттық әңгімені жұптағы тыңдарман болған адам бастайды да, әңгіменің соңында 1 минут сипаттауының қай жері нақты, ал қай жері қате екендігін анықтауға беріледі.
4 тапсырма. «Әрқайсыңыз 5 минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек. Сіз «Менің серігім қандай адам?» деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз.
Барлық 4 тапсырманы орындағаннан кейін топ мүшелері шеңбер құрап отырып, әрқайысысы 1 минут ішінде өз серігін онымен бірге барлығы 5 күндік уақытты бірге өткізулері тиіс адамдай толықтай мінездеме беріп, топқа таныстырады.
Аталмыш жаттығу оны талқылауға сан алуан мүмкіндіктер береді. «Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?», «Төрт тапсырманың қайысысы орындау барысында қиындық тудырды?», «Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?» деген сияқты және т.б. сұрақтарды қою керек».
Бұл жаттығуды өткізудің нәтижесінде, жалпы топтың жағдайы жақсара түседі, топ мүшелерінің арасында жақындық орнай бастайды. Сондай- ақ тапсырманы орындау барысында жиналған тәжірибені, реттеп, төмендегідей талқылауларға мүмкіндік береді:
1) қарым- қатынас барысындағы көзбе-көз байланыстың маңыздылығы;
2) басқа адамды оның бойындағы жеке қасиеттерін баяндамай және баға бермей сипаттау кезінде туындайтын қиындықтар;
3) өз тәжірибеңді, ең алдымен өзімізге тән қасиеттерді басқа адамның бойына таңу және т.б.
5 жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Әрқайысыңыз адам бойында қандай қасиетті ерекше бағалайтындықтарынызды ойыңызға түсіріңіз. Өз таңдауыңызды жасағаннан кейін, сіз таңдаған қасиет туралы ақпарат беретін қысқа әңгіме, оқиға, мысал ойлап табыңыз (немесе есіңізге түсіріңіз). Сіздің әңгімеңізді тыңдаған (оқиға, мысал) топтың басқа мүшелері қандай қасиет туралы айтылғанын түсінуі керек».
Әр әңгіме аяқталған сайын жаттықтырушы топқа «Сіздің ойыңызша, қандай қасиет туралы айтылды?» (немесе «Сіздің ойыңызша, Серік бізге қандай қасиет туралы әңгімеледі?») деген сұрақтар қояды. Топ мүшелері өздерінің пікірлерін ортаға салғаннан кейін, жаттықтырушы әңгімелеушіден қандай қасиетті таңдағанын айтып беруін өтінеді.
Жаттығу қатысушыларға бір-бірін кеңірек танып білуіне, топ мүшелерінің шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаттығу айтылған әңгіменің мағынасына тереңірек үңілуге жетелейді, бұл тапсырма көптеген тренингтік бағдарламалардың мазмұндық мақсатымен байланысты.
6 жаттығу
Қатысушылар бір қатарға сап түзеп тұрады (топ мүшелерінің саны 14-16 адам болса, жаттығуды жарысқа жағдай жасайтындай екі қатарға тұрып жасауға болады). Жаттықтырушы қатардың соңының жанында тұрады.
Нұсқаулық: «Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз. Мүмкіндігінше, әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек. Бірінші тапсырма: мүмкіндігінше бой өлшемі бойынша сап түзеуіміз керек. Яғни менің қасымда арамыздағы ең бойшаңымыз тұрса, қатар соңында шаршы бойлымыз сап түзеуі керек. Бастадық».
Топ жаттығуды аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы қатар бойымен тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер тапсырма екі топта орындалса, оларға бір- бірінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын тексеруді ұсынуға болады.
Нұсқаулықтың жалғасы: «Екінші тапсырма: менің қасымда арамыздағы шашының түсі ең қою адам, ал саптың соңында шашының түсі ең ашық адам тұруы керек».
Біздің топтың тәжірибесінде, жоғарыда аталған екі тапсырмамен қатар, төмендегідей тапсырмаларды да пайдаландық:
• саптың басында арамыздағы көзі ең қою түсті адам, ал саптың соңында көзі ашық түсті адам тұруы керек;
• саптың басында – 1 қаңтар, соңында - 31 желтоқсан. Туған күндері (жылын есептемей) бойынша орналасуы керек.
Аталмыш жаттығудың тиімділігі сан алуан. Топ мүшелерінің көңіл-күйлері көтеріледі, іс-әрекетінде еркіндік арта түседі, қарым- қатынастағы алшақтық азая түседі. Сондай- ақ, соңғы тапсырма қарым- қатынастағы келісімділікке қалай жетуге болатындығын, әріптестік қарым-қатынас тренингі мен іскерлік келіссөздер тренингінің мазмұнындағы ұқсастық не екендігін талқылауға мүмкіндік береді.
7 жаттығу
Бұл жаттығуды негізінен топ жұмысының бірінші кезеңінде (жұмысқа қабілеттілікті арттыру) бір- бірімен таныс топта өткізуге болады.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге допты береміз. Допты тосып алған адам «Сіздер менің не бар екенін. білмейсіздер» деген сөйлемді толықтырады. барлығымыз мұқият болып, әрі тапсырманы орындауға қатысуымыз керек. Әрқайысымыздың қолымызда доп бірнеше рет болуы мүмкін».
Бұл жаттығуды орындау барысында топтағы жалпы жағдай жақсарады, топ мүшелері өздерін еркін сезінеді, қарым-қатынастағы алшақтық азая түседі. Топ мүшелері бір-бірі туралы толығырақ біле бастайды: мәселен, арамыздағы бір адам- спорт шебері екендігін, келесі біреуі – бұрындары ансамблде кернейде ойнағанын білеміз және т.б.