Топтық тренингтің әдістемелік мәселелері
Әдіс мақсатқа қол жеткізудің тәсілдері. Сонымен қатар адам әлемді танып, шынайы объектіні меңгеріп, қайта құруына, қандай да бір заттармен әрекет жасаудың негізгі принциптер мен нақты қолдану амалдарын кірістіретін тәсілдердің жүйесі.
Тренингтің негізі әдістері топтық дискуссия және ойын болып табылады. Топтық дискуссия туралы айтқан кезде топ қатысушыларының бұлайша өзара әрекеттесуі бұл жай ғана әңгімелесу емес, мұнда ерекше тәсілдермен ұйымдастырылған тілдесу, қатысушылар бір бірін мұқият тыңдайда, осы өзара сөйлесу және тыңдау нәтижесінде әлемді өзгеше әрі қызықты түрінде қабылдауына мүмкіндік туады.
Мұндай диалогтар қатысушылардың өзіндік ашылуларына мүмкіндік беріп, өзіндік ұстанымының және өзгелерді қабылдауына ықпалын тигізеді. Топтық дискуссия қатысуылардың бойында қалыптасқан ұстанымдарды өзгертіп қана қоймай, өзге адамдарға деген қатынасын өзгертуге де мүмкіндік туады
Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің
қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді. Психологиялық тренинг қазіргі уақытта белсенді әлеуметтік-психологиялық уйрету әдісі ретінде және психологиялық жұмыстың қарқынды дамып отырған түрі. Психологиялық тренингтер алуан түрлі бірақ оларға тән ортақ сипаттар болады.
Тәжірибе көрсеткендей психолог ертелі-кеш тренинг таптың жүргізушісі болуды байқап көреді. Бұл жағдайда дайын схема немесе сценарийге жүгінуге болады.
Топтық тренинг жұмысының мазмұны тренердің тұлғасына байланысты. Осыдан шығатын қорытынды - әр тренинг тренердің құруына байланысты болады.
Негізі тренинг тақырыпты анықтаудан бастап құрылады. Ол, әрине, топ құрамына, уақытқа, нақты талқыланатын прблемаға байланысты болады.
Тренингті ұйымдастыру процесі көптеген еңбек көздерінен көруге болады. Тек ондағы ескеретін жағдай ол сол тренер құрған, қайталанбас нұсқасы болып табылады. Егер тәжірибеге сүйену керек болса, мына авторлық программалардан бастап танысқан жөн:
И.В.Бачков, А.Г.Лидере, Г.И.Марасанов, Б.М.Мастеров және т.б.
Тренингті кеңістікте ұйымдастыру туралы айтқанда қатысушыларадың қалай орналасатыны туралы көрсетіледі. Тренингті ұйымдастыруда көбінесе шеңбер болып отырады. Шеңбер қатысушыларды бір деңгейде орналастырып, барлығын бір-бәіріне бетпе-бет қарауға мүмкіндік береді., бірақ мысалы, бизнес-тренингтерде шеңбер қолданбауға болады.
Тренер тренингті ұйымдастыруда қатысушыларға қойылған мақсатқа байланысты кеңістікте өзгерістерді енгізуіне болады:
әр қатысушының ішкі әлемімен жұмыс жасай отырып, олардың кеңістікте ыңғайлы орналасуын қадағалайды.
Проблемаларды Қазір және осында жүзеге асыруы үшін кеңістікке арнайы жағдай туғызады.
Егер топтық тренингті ұйымдастырудың маңызды аспектілерін көрсетсек, мыналарды айтуға болады:
А) тренердің біліктілігі қойылған мақсат пен міндетке сәйкестігі;
Б) бөлменің барлық нормаларға сайц келуі (санитарлы, техникалық)
В) бір топта жұмыс жасай алатын адамдар тобының құрылуы
Г) тренинг бағдарламасының дұрыс құрылуы.
Ясвин В.А. білім беру саласындағы тренингті ұйымдастыруда «режим» түсінігін қолданды, яғни, әлеуметтік психологиялық тренинг үшін 1 аптаға созылатын (30 немесе 36 сағат) кіүніне 6 сағат сабақ өткізуге болады, бұл кезде оқытушылар каникул кезінде келеді және оқытушылармен 3 күндік демалыс күнінде 10 сағатқа созылатын тренинг-марафон жүргізуге болады. Оның ойынша, ең тиімдісі 30 сағат апталық тренинг және олар «кездесу топтары» болып айына 1 рет кездесіп тұра алады