Интерактивтік жағы-адамдардың бір-бірімен араласуы.

Cеминар сабағының тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы.

Жоспар:

1. Қарым-қатынас туралы түсінік.

2. Қарым-қатынас жасау - ақпарат алмасу әрекеті.

3. Сөйлеудің атқаратын қызметі.

4. Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері.

5. Қарым-қатынас - өзара әрекет ету және адамдардың бір-бірін қабылдауы.

Сабақ мақсаты:Студенттерге қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы жайлы мағлұмат беру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Қысқаша теориялық мәліметтер: Қарым-қатынас бұл - тіл арқылы пікір алмасу. Тіл дегеніміз–адам қоғамының рухани өміріндеобъективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып саналады. Сөйлеу дегеніміз –тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі.Психологияда сөйлеуді сыртқы және ішкі деп екі формаға бөледі. Сыртқы сөйлеудің құрамына ауызша сөйлеу (диалогты және монологты) және жазбаша сөйлеу кіреді.

Сөйлеудің ең байырғы түрі- ауызша диалогтық сөйлеу. Диалог дегеніміз- екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы.

Монолог дегеніміз-бір адамның өз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы.

Іштей сөйлеу – адамның өзімен-өзі сөйлесуі. Іштей сөйлеуде ой ағымы болады, әлдебір шешім туындап, әрекет жоспарланады. Іштей сөйлеу сыртқы сөйлеу негізінде қалыптасады.

Қарым-қатынастың құрылымы:коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік.

Коммуникативтік жағы– мәліметтермен алмасу.

Перцептитік жағы –адамдардың бірін-бірі қабылдауы.

Интерактивтік жағы-адамдардың бір-бірімен араласуы.

Қарым-қатынастың түрлері:

1.Жеке бастық қарым-қатынас – достық, жолдастық, жақындық қатынастарды білдіреді.

2.Ресми қарым-қатынас – басшы мен оның қарамағындағылардың қарым-қатынасы.

3.Көпшіліктік қарым-қатынас – көпшілікпен араласу (мейрам, митинг және т.б.)

Қарым-қатынастың деңгейлері:

1.Макродеңгей –ең құнды қарым-қатынастар;

2.Мезодеңгей – бір немесе бірнеше рет деңгейдегі қарым-қатынас;

3.Микродеңгей- сәлемдесу, көз қысу, мимика және т.б.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

-Қарым-қатынастың адам өмірі үшін маңызы туралы пікірталас;

- Сіздің өміріңіз үшін қарым-қатынастың ролі қандай? тақырыбында шығарма жаздыру;

- «Қарым-қатынас» тақырыбында кроссворд шешу;

- Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері;

-Қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қарым-қатынас дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

2.Қарым-қатынастың түрлерін атаңыз. Коммуникативті, интерактивті (өзара ықылас-ынта), перцептивтік (сезімдік) қатынастарға сипаттама беріңіз.

3. Сөйлеудің атқаратын қызметі туралы не айтар едіңіз?

4. Сөйлеудің сигнификативтік қызметі дегеніміз не? Сипаттама беріңіз.

5. Сөйлеудің коммуникативтік қызметіне сипаттама бере отырып, түсіндіріңіз.

6. Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу іс-әрекеті қандай түрлерге бөлінеді?

7. Ауызша және жазбаша сөйлеу дегеніміз не? Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

8. Бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады?

Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері:

1. Адамдар арасындағы сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұратын қатынас атауы:

а) қоғамдық қатынас;

б) топтық қатынас;

в) жеке қатынас;

г) қызметтік қатынас;

д) әлеуметтік қатынас.

2. Әлеуметтік ортаның көңіл-күй үйлесімділігі:

а) өмірлік тәжірибе;

б) кәсіптік дәреже;

в) ересектер қатынасы;

г) бала-шаға жанжалы;

д) табиғи факторлар.

3. Жеке қатынастар әр адамның тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді, себебі олар:

а) субъективті сипатта;

б) объективті нышанда;

в) нақ мазмұнға сай;

г) қатынастардың дәл бейнесі;

д) жоспарлы.

4. Жеке және қызметтік қатынастар арасындағы байланысты сипаты:

а) тәуелсіз;

б) дербес;

в) өзара тәуелді;

г) бейтарап;

д) қайшылықсыз.

5. Амбивалентті қатынастар мәні:

а) бірдің екіншіні ұнатуы;

б) өзара жек көру;

в) бейтарап болу;

г) ұнату мен жек көрудің бірге жүруі;

д) дау-дамайлы.

6. Ресми байланыстардың кедергісі:

а) үйлесімділік;

б) үйлеспеушілік;

в) бейтараптық;

г) амбиваленттілік;

д) остранизм.

7. Жоғары дамыған рефлекстік қабілет мәні:

а) әсерлерге бейтарап қалу;

б) қатынастарды орынды сезіну, бағалау;

в) кездейсоқ пайым;

г) табиғи қасиет;

д) импульстік әрекеттер.

8. Адамзаттық қауымдардың: мемлекет, ұлт, ұлыстың түзілуіне негіз болған басты себеп:

а) қатынастардың тұрақты орнығуы;

б) қатынастар динамикасы;

в) қатынастар қайшылығы;

г) қатынастардың екі ұштылығы;

д) қатынастар бейтараптығы.

9. Адамаралық қатынастардың тұрақтала бастаған кезеңі:

а) балалық шақта;

б) бозбалалық шақта;

в) ересектік шақта;

г) кемел жаста;

д) кәрілікте.

10. Екінші адамның тұлғалық бейнесін жасауға негіз болар фактор:

а) сыртқы пішіні;

б) психологиясы;

в) әрекет-қылығы;

г) сөзі;

д) бәрінің байланысынан,

11. Мінез бітістері бойынша адамдарды біріктіретін типтер саны:

а) екеу;

б) төртеу;

в) үшеу;

г) біреу;

д) бесеу.

12. Адамда тұрақты сақталатын қасиет:

а) әдет;

б) көңіл-күй;

в) ниет;

г) қажеттілік;

д) зейін.

13. Адамның өз мінез бітістері жөніндегі мәліметтерінің әрқашанғы сипаты:

а) ұнамды;

б) ұнамсыз;

г.) ұнамды да, ұнамсыз да;

г) бейтарап;

д) белгісіз.

14. Адамның басқалар реакциясына объективті баға беріп, өз әрекетін байқастыру қабілеттерінен айрылу жағдайы:

а) аффекттік;

б) эффекттік;

н) ашық сана;

г) астар сана;

д) эмоционалды.

15. Адамның образын ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай түзу:

а) бітіс тану;

б) алғашқы әсер;

к) жаңалықты әсерлену;

г) болжай әсерлену;

д) асыра сілтей әсерлену.

16. Адамның өзі сезбейтін, екінші адамға баға беруде қате пікірге ұшырататын қасиеті:

а) тәкәппарлық;

б) өзімшілдік;

в) менмендік;

г) енжарлық;

д) босбелбеулік.

17. Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателіктің себебі:

а) мәліметтер толық;

б) ақпарат үстірт;

в) деректер нақты;

г) мазмұны айқын;

д) жұмыс жоспарлы.

18. Ізгі адамгершілік сипатты байланыстардың психологиядағы атауы:

а) амбивалентті;

б) альтуризм;

в) конфликт;

г) үйлесім;

д) бейтарап.

19. Жас деңгейіне орай адамдардың бір оқиғаға болған қатынасы:

а) бірдей;

б) алшақ;

в) бейтарап;

г) жақын;

д) екіұшты.

20. Адамаралық қатынастар төркіні:

а) жеке бастың қалауы;

б) өмірлік қажеттілік;

в) инстинкт;

г) интеллект;

д) биологиялық мұқтаждық.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.

2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.

3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.

5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. Алматы, 1992.

6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002.

7.Жақыпов С., Бердібаева С. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. Алматы, 1998.

8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992.

9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.

10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.

Қосымша:

1. Кан-Калик В.А.Учителю о педагогическом общении. М., 1987

2. Бодалев А.А. Восприятие и понимание человека человеком. МГУ., 1982

3. Бодалев А.А. Личность и общение. М., 1983

4. Добрович А.Б.Воспитателю о психологии и психогиене общения. М., 1987

Наши рекомендации