Нақты әлеуметтік психологиялық құбылыстарды зерттеу әдістемесі
Әлеуметтік психологиялық феноменнің көптүрлілігі және күрделілігі оларды зерттеу үшін әдістердің үлкен санының болуын қамтамасыз етеді. Осымен қатар, оларды нақтылы сыныптарына байланысты жіктеуге болады.
Р/с | Әдіс сипаттамасы | Әдіс түрі |
Әлеуметтік қатынас пен өзара қарым-қатынас әдістері | - Социометрия; - Э.Болгардаустың әлеуметтік арақашықтығы шкаласын салыстыру әдісі; - В.Шутц пен А.А.Рукавишников жеке даралық қарым-қатынас сауалнамасы; - Т.Лирн бойынша жеке-даралық қарым-қатынастарды диагностикалау әдістемесі; - В.Смикала мен М.Кучердің жеке тұлғалық бағыттау сауалнамасы; - Адамдардың коммуникативтік және іскерлік бағытын анықтауға арналған О.И.Комиссарованың тобында нормативті құжаттарды зерттеу әдістемесі; - Ф.Филер, Ю.Ханиннің топта психологиялық климатты зерттеу әдістемесі; - Топтық импатиялық сандық бағалау әдістемесі; - В.Е.Залюбовской тобының жеке тұлғаны қабылдау әдістемесі. | |
Қарым-қатынас жасаудың әр түрлі түрлерін зерттеу әдістері | - И.В.Липсин бойынша адамдардың жалпы қарым-қатынасын өлшеу әдістемесі; - Ю.Орлов, В.Шкурин қарым-қатынас қажеттілігін өлшеу әдістемесі, адамдардың өзара байланысын межелуге мүмкіндік береді; - М.Снайдер тестеі (бұл әдістеме адам басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда өзін қалай ұстайтындығын бақылауға мүмкіндік береді); - Х.Зелен, Д.Шток «Q-сорттау» әдістемесі (Шынайы топта адамның қарым-қатынасының: адамдармен араласу деңгейі, жатырқаушылығы, тәуелділігін анықтауға мүмкіндік береді); - Адамдардың ауызша қарым-қатынасын зерттеу әдістемесі (бұл әдіс арнайы тест қолдану арқылы анықталады); - «Кадр артынан» әдістемесі құрылымдық-лингвистикалық, сипаттау суреттеу. | |
Әлеуметтік қақтығысты диагностикалау әдісі | - К.Томас қақтығысты қарым-қатынасты зерттеу әдістемесі; - Г.Келлер бойынша жеке тұлға ішіндегі қақтығысты анықтау әдістемесі, бұл 3 саланы анықтауға мүмкіндік береді: отбасылық, серіктестік, өндірістік жұмыс кезінде; - А.Баса, А.Дарки тұлғалардың агрессивті тұлғалық деңгейін анықтау жөніндегі сауалнамасы, мұнда басқыншылық, жаугершілік реакциялардың әр түрлі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді; - Б.Кросби, Д.Шерер сауалнамасы, бұл мекемедегі психологиялық климат индексін анықтауға мүмкіндік береді. | |
Адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері | - Л.Дробижева және Г.Старовойтованың этнопсихологиялық сауалнамасы, әр ұлттың өзіндік құндылықтарын, психология ерекше ықыласын, әдет-ғұрыптарын анықтауға мүмкіндік береді; - А.Асмалов, Е.Шлягина жеке тұлғасының этнопсихологиялық өзекті статусын анықтау әдістемесі; - В.Петренко бойынша көптеген идентификациялық әдістемесі нақтылы ұлттық қоғамның мүшелерінің этномпецификалық мәліметтерін зерттуге арналған; - Д.Левинсонның этноцентризмге межелеу әдістемесі, этникалық қоғамға жеке басының қарым-қатынасын анықтауға бағытталған; - А.Катц пен У.Юрэйди «шексіздікті таңдау» және «еркін сипаттау» әдістемесі. Бұл әдістің көмегімен ұлттық психологияның түрлі сипаттарын анықтауға болады; - В.Столиннің жеке тұлғаның өзіндік қатынасының этно бейімделген сауалнамасы (өзіндік «мен» деген бағытталған нақтылы этникалық қоғамның сезімін сипаттауға мүмкіндік береді); - К.Томас мақсатына қол жеткізу үшін уәжді бағалауға арналған бейімделген сауалнама ұсынады; - В.Крысько бойынша көп ұлтты ұжымның жетекшілеріне арналған сауалнама. Мұнда білімін, дағдысын, ұлтаралық қарым-қатынастарды басқаруды анықтауға мүмкіндік береді. | |
Отбасылық қарым-қатынастарды анықтау әдістемесі | - Е.Шефер мен Р.Делли PARI әдістемесі «ата-аналардың, ең алдымен аналардың отбасылық өмірінің барлық жағындағы қарым-қатынасы және өзінің отбасылық рөлін орындауды зерттейді»; - «Түрлі жанұялық жағдай» әдістемесі (жанұялық қарым-қатынастың түрлерін анықтайды: тұрақсыз, құрамалы, деструктивті); - Р.Бернс пен С.Кауфманның «Жанұяның кинетикалық суреті» тесті (Баланың көзқарасымен жанұяішілік қатынасты диагностикалауға арналған); - В.Столин мен Т.Романова және Г.Бутенко бойынша некеге қанағаттанушылық бойынша жүргізілетін тест-сауалнама (қанағаттанушылық және некеге қанағаттанбаушылықты жедел зерттеуге арналған, сонымен бірге, сол және басқа әлеуметтік топтар арасындағы келісім дәрежесі, некеге келіспеушілік); - В.Левкович бойынша аралас некеде ерлі зайыптылар қатынасын зерттеу әдістемесі (түрлі этникалық ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді). | |
Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық диагностикалау әдістемесі | - Б.Дононов бойынша тұлғаның эмоционалды бағытын диагностикалау әдістемесі (оның қажеттілігінің 10 түрін зерттеуге мүмкіндік береді); - А.Мехрабиан және М.Магомед-Эминов бойынша жетістіктер мен қосылу уәждерін зерттеу әдістемесі (жетістікке жету және сәтсіздіктен қашуды диагностикалау үшін қолданылады); - Е.Климовтың «қызығушылық картасы» және «дифференциалды диагностикалық сауалнама» әдістемесі (тұлғаның жалпы қызығушылығы мен кәсіптік бағытын зерттеу үшін қолданылады); - «Кос» әдістемесі (Коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттілігін анықтау үшін қолданылады); - Психологиялық байқауды диагностикалау әдістемесі («Мінез-құлық бейнесі», «Тұлғалық кескін тізімі», А.Эткинда «Эмоция суреті», В.Лабунской); - Д.Рассель, Л.Пепло, М.Фергюссонның «Жалғыздық межесі» (мазасыздануы, әлеуметтік оқшаулану, күйзеліс, зерігу нәтижесіндегі жалғыздықты анықтауға мүмкіндік береді); - М.Люшердің тесті (тұлғаның сол және басқа да жұмысқа бағытталуын, оның функционалдық жағдайын, көңіл-күйін, сонымен қатар тұлғаның ең тұрақты кескінін түсінуге мүмкіндік береді). | |
Әлеуметтік психологиялық құбылыстардың жаппай болуын зерттеу әдістемесі | - Қоғамдағы өмір сүру салты мен сапасын диагностикалау (әлеуметтік қолайлылығы, өмір салты көрсеткіштерін талдауға негізделген); - Абырой мен юеделді бағалау әдістемесі (әрбір қоғамда болатын маңыздылығы және беделдігі бойынша көзқараспен бөліп қарағанда мамандығы, статусы, ұстанымы бойынша көптеген бөлінулерді анықтауға негізделген); - Сыныптық идентификациялаудың «Өзіндік бағалау» әдісі (әр түрлі конфессионалдық шынайы және алдамшы мүліктік және әлеуметтік психологиялық өзін сезінуді анықтауға бағытталған); - Қоғамдық пікірді және көңіл-күйді зерттеу әдістемесі (қоғамның әрбір топтарының жаңалықтарға, деректерге, адамдар үшін өте маңызды болып табылатын әлеуметтік қызығушылықтарға, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өзара қарым-қатынас жасауға, өз ойын еркін білдіре алуды анықтауға бағытталған әдістеме болып табылады); - Адамдардың әлеуметтік өзін-өзі сезінуін зерттеу әдістемесі; - Р.Лайкерт «Ұйымдастырушылық мінездеме профилі» және Л.Константин «Ұйымдастырушылық парадигм межесі» (көсемдікті, топтық қарым-қатынас, топтық әріптестік, уәждеме жасау, коммуникация, басқару үрдісінде маңызды шешімдерді қабылдауды анықтауға бағытталған). |