Азіргі тіл ғылымындағы жаңа бағыттар, ғылыми-теориялық сипаты
2. Тіл біліміндегі өріс теориясы, өріс түрлері
3. Генеративті лингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Когнитивтік зерттеулер және психолингвистика, өзекті мәселелері
Рылымдық тіл білімі (структуралық), өзекті мәселелері
3. Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырудағы тіл, мифология, мәдениет, ғылым және өнер
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Функционалдық грамматиканың өзекті мәселелері. Функционалды грамматиканың тілдік жүйе мен оның элементтерінің қалай, не үшін қызмет ететіндігін айқындауды мақсат етуі; тілдік бірліктердің сөйлеудегі жұмсалым потенциалын оны жүзеге асыратын ортамен байланыста қарастыруы; әр түрлі тіл деңгейі бірліктерінің қызметі жағынан өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі сияқты т.б. мәселелерді зерттейтіндігі. Ал дәстүрлі грамматикада грамматикалық категориялар қарастырылып, грамматикалық мағына беретін грамматикалық формалар жеке дара, ал “мазмұннан ® формаға қарайғы” бағытта мазмұнды беруге қатысатын тілдік бірліктердің жұмсалымы кешенді түрде талдауға түсетіндігі.
Мазмұнды жеткізу үшін тілдік жүйеден алынған бірліктердің өріс түзетіндігі. Тілдік бірліктер өріске семантикалық функциясының ортақтығы негізінде бірігетіндігі. Функционалды грамматика аясына енетін семантикалық функция тілден тыс объективті шындықпен сәйкестеніп, өз бойына “мағыналық мазмұн” (смысловое содержание) элементтерін жинақтайтындығы. Әр түрлі деңгейге жататын тілдік құралдардың белгілі бір мағынаны, ойды жеткізу үшін бірлесе қызмет етуі. “Тілдік бірліктердің жұмсалымы” дегеніміз, біріншіден, сөйленім мағынасын беру үшін сөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажетті тілдік құралдарды таңдауы; екіншіден, тіл жүйесінің әр түрлі деңгейіне жататын бірліктер қызметінің өзара әрекеттес келуі; үшіншіден, потенциалды функцияның нәтижелі функцияға айналуы.
2. Тіл біліміндегі эстетизм бағыты.Лингвистикалық эстетизмнің дербес бағыт ретінде қалыптасуы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ.басы болып табылады. Тілді эстетикалық тұрғыда түсіндіріп, негіздеуші италиялық интуитивист-философ Бенедотте Кроче. Кроче Гумбольдт сияқты тілді творчество деп қарады. Эстетикалық мектептің негізін салушы Карл Фослер де тілді индивидуалдық рухани творчестволық құбылыс деп қарастырды. «Тіл біліміндегі позитивизм мен идеолизм» атты еңбегі лингвистикалық жаңа бағыттың манифесі болды. Бұл еңбектегі позитивист деп отырғаны-жас граматистер, ал идеалист дегені-өздері, яғни лингвистикадағы эстетизм бағыты.Гумбольдтың ізімен:
-Тіл рухтың көрінісі, тіл-рухтық процесс, тілдің даму заңын рухтан бөлмей, соның әрекеті ретінде қарау керек.
-Тіл шығармашылық туынды дейді, сондықтан К.Фосслер индивидумдардың сөйлеу тіліне ерекше мән берген, рухани шығармашылықтың бәрі де эстетикалық құбылыс дегенді айтады.
3. Тілдің танымдық қызметі.Қазақ тіл білімінің тарихында тілдің танымдық табиғаты туралы зерттеулер Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ғалымның тіл табиғатының ерекшеліктерін, тіл қызметінің танытуға арналған ғылыми пайымдауларын екі арнаға бөліп көрсетуге болады.
А. Байтұрсынұлы еңбектері бойынша тілдің танымдық қызметін төмендегілер құрайды:
• Тілтаным теориясындағы тіл-ойлау-дүние бейнесі арақатынасына байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары;
• Поэтикалық тіл табиғатын “қарапайым” тілден айыра танытуға арналған
С.Аманжоловтың да тілтанымдық зерттеулері лингвистикалық талдаулардың өзгеше амалын құрайды, себебі автор тілдік құралдар табиғатын анықтауда құрылымдық факторды адамның ішкі ойлау, қабылдау, тану мүмкіндіктерімен, сыртқы қоғамдық-мәдени негіздермен шебер сабақтастыра білді.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Нейролингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері.XX ғасыр ғылымының тарихында асамаңызды да, қызықты да құбылыстардың бірі – нейролингвистика ғылымы болып табылады. Бұл ғылым сөйлеудің барлық жақтарын зерттейді.
ХХ ғасырдың орташенінен бастап бір емес бірнеше негізгі ғылымдардың арасында байланыс құра бастаған. Бір жағынан нейролингвистика нейроанатомия, неврология, нейропсихология, философия, психология, психиатрия жәнелогопедия тәрізді ғылымдармен өте тығыз байланыста; басқа жағынан, нейролингвистиканы әртүрлі теория, әдіс-тәсілдермен толықтыратын ғылымдар бар.
Нейролингвистиканың лингвистикалық қайнар көздері ғалым Бодуэн де Куртененің мектептерінен бастауын алады. Ол өз еңбегінде «аспанда небір қалықтап ұшып жүрген тілдер жоқ, тек қана тілдік ойлау қабілеті күшті адамдардың бар екендігін » атап өтті.
Нейролингвистика – нейрология мен лингвистика ілімдерінің тоғысын да пайда болған ғылым. Негізгі зерттеу мәселесі тіл жүйесінің ми құрылысының сөйлеу аппаратына қатысты бөлімімен байланысын қарастыру болып табылады. Сөйлеу негізінен мидың сол жақ бөлігі және ми қыртысы арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйленіске ми қыртысының сол жақ төменгі бөлігі, маңдай иірімі, Брока кеңістігі, ал сөйленісті түсіну ми қыртысының сол жақ бөлігіндегі самай иірімдері, яғни Вернике кеңістігіжауап береді.
Майкл Холл Альфред Кожибскийдің 1933 жылы жалпы семантикамен байланысты невралогиялық семантиканың мәнін арттыру мақсатында «нейролингвистика» және «нейросемантика» деген терминдерді ойлап тапқанын айтады. Ал ол терминнің ойдан құрастырылғанынынан кейін де қаншама ғылыми ізденістер мен жетістіктер болып үлгергені біз үшін әлі беймәлім нәрсе. Яғни каншалықты деңгейде қандайеңбектердің бар екендігі толыққарастырылған жоқ. Солардың біріретінде Е.И. Горошконың ми қызметінің лингвистикалық қызметіне байланысты топтамасын ұсынуға болады. Е.И. Горошко сол жақ жарты шардың қызметіне: «сөздерді топтастыру және тану; абстрактылы лексика мен квази сөздерді қабылдау; дыбысты сөйлесімнің аналитикалық кодталуы мен декодталуы; сөздердің морфологиялық мүшеленуін түсіну; сөздердің валенттілігіне қарай актуалдануы; сөздің өзгеруі; сөздің туылуы; күрделі синтаксистік құрылымдардың мүмкіндігі; грамматикалық құрылымдардың (үстеу, көмекші етістіктер, етістіктің белгілі бір формалары) қалыптасуына қатысатын лексиканың қолданылуы; сөйленімнің құрылымдылығы, қағидалылығы, тиянақтылығын, оңжақ жарты шардың қызметіне: сөйлесімнің дыбыс ырғағын жасау мен қабылдау; нақтылы лексиканы тану; сөйлесімде дайын сөз формаларының біртұтас бөлінбейтін бірліктер ретінде айтылуы, яғни номинацияның біртұтастығын қамтамасыз етеді; нақтылы мазмұнды сөйленімдердің толықтырылуы, сөйленімнің тілден тыс шындық пен жеке тәжірибеге бағыт-бағдарына жауап беретінін» жатқызады.
Қазақнейро-лингвистикасының өзекті мәселелері
Байқағанымыздай қазақ нейролингвистикасы жеткілікті түрде дамымаған, оның сұлбасын жасау үшін шетел лингвистикасына жүгіну қажеттілігі туады. Өйткені осы салада қарастырылған ғылыми- зерттеу жұмыстары, зертханалық-тәжірибелік жинақталған нәтижелер бар.
Экологияның нашарлануына байланысты қазіргі уақытта сөйлеу актісінде көптеген ауытқулары бар балалар көп, бірақ осы мәселені зерттеуге септігін тигізетін тіл білімінің бұл саласы дамып үлгермей жатыр.
Қазіргі қоғамда өз ана тілімізді білмейтін көптеген адамдар бар. Бұл қазақ нейролингвистикасының өзекті мәселесіне айналып отыр. Себебі, Б.Хасанұлының «Ана – ата мұра» атты монография сында ана тілі баланың туылғанынан бастап анасының тілінде шығатын тілі, ғалымның өз сөзімен айтқанда «ана тілі – адамның емшек сүтімен бойына дарыған өмір бойғы серігі» дейді. Ал біз де өз балаларына орыс тілінде сөйлеп, сол тілді ана тілі іспеттес үйретіп отрады. Сонымен бірге Б.Хасанұлы басқа тілді білу үшін де өз ана тілін жетік меңгеру керектігін баса айтқан.
2. Тіл біліміндегі дискурс теориясы, өзекті мәселелері.Дискурс дегеніміз экстралингвистикалық факторларға негізделе отырып жасалатын, белгілі бір жүйеге түскен, оқиғасы, қатысушылары бар, қатысушының баға беруі қажет етілетін тұтас мәтін. Осы тұрғыдан келгенде ғылыми мазмұнда жазылған материалдарды ғылыми дискурс деп тануға болады.
Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. ХХ ғасырдан бастап мәтін сөйлеу бірлігі және ерекше сөйлеу шығармашылығы ретінде зерттеле бастауы мәтін лингвистикасы пәнін дүниеге келтірді. Мәтін ұғымымен бірге оны танып-білудің жолдары, амал-тәсілдері пайда болды. Ал мәтінді тілдік жақтан тану тілдік бірліктердің қызметін, мағыналық қырларын анықтаумен пара-пар. Мәтіннің тілдік қырларын толық білу интеграциялық процеспен қатар жүреді. Ғылымдағы интеграциялық үдерістердің көбеюі интеграциялық бірлесу мен тұтасудың көрінісі мәтін талдау мен мәтінтану, мәтін құрылым мен мәтінтүзілімнен көрінетіндіктен, осы жаңа парадигмаға сай мәтін лингвистикасына, мәтінтануға, мәтін кеңістігінің семантикасы мен мәтіннің дискурстық мәселелерін қарастыруға арналған зерттеу мақаласының бағыты мен көтерген тақырыбы өзекті болып табылады. Мәтінді оқу барысында мәтіндегі ойды қайтадан ой елегінен өткізу үдерісі («перекодирование») мен жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, ұғымдардың мәтін арқылы трансформациялануы жүреді. Яғни мәтінтану мен мәтінтүзілімге қарағанда жаңа жас сала мәтін лингвистикасы мәтінді белгілі бір құрылым ретінде қарастырады.
Мәтін мен дискурстың айырмашылығы: егер дискурсты актуалды сипатта айтылған мәтін ретінде танысақ, ол кезде мәтін – айтылған ойдың абстрактылы, грамматикалық құрылымы, ал дискурсты актуалды айтылым әрекетіне қатысты сөз (речь) деп есептесек, ол кезде мәтін – тілдік жүйеге немесе формалды лингвистикалық білімге лингвистикалық компетенттілікке қатысты ұғым болып табылады.
Г.Кресс еңбектерінде мәтін және дискурс ұғымдарының аражігі айқын ашылған және оларды қолданудың шегі де нақты көрсетілген. Автордың пікірінше, дискурс – әлеуметтік салаға тиесілі категория, ал мәтін – лигвистикалық категория. Олар таралуына байланысты өзара сабақтасқан. Дискурс мәтін ішінде көрінеді. Алайда бір мәтіннің ішінде бірнеше қарама-қайшы және аяқталған дискурстар кездесуі мүмкін.
Дискурс, бір жағынан, мәтінжасау тәжірибесі, мәтінді шығару, кеңістік пен уақытта жария ету процесі; екінші жағынан, дискурс – мәтінді ой-санадан өткізу процедурасы да (мысалы, оқу барысында, конспектілеу барысында, аудару барысында және т.б.).
Қазіргі таңда дискурсты қолданыс аясына байланысты бірнеше түрге бөліп жүргендігі белгілі. Дискурс түрлеріне: ғылыми дискурс, әскери дискурс, іскери дискурс, шешендік дискурс, поэтикалық дискурс, балалық дискурс, масс-медиа дискурсы, жарнама дискурсы, экономикалық дискурс, педагогикалық дискурс, электрондық дискурс т.б. жатады. Жалпы дискурс ұғымы прагмалингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, антропология, әдебиеттану, лингвомәдениеттану, философия ғылымдарының тоғысында тұрғандықтан, оған белгілі бір категория ретінде анықтама берудің өзі де қиындық тудырады.
Кәсіби дискурсты зерттеу когнитивтік терминтанымның басты бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіби дискурс деп біз белгілі бір сөйлеу нормалары қалыптасқан, ойлау, көңіл-күй, мінез-құлық ерекшеліктері бар кәсіп иелерінің өзара қарым-қатынас үдерісі деп түсінеміз. Кәсіби дискурс түрлері кәсіби іс-әрекет саласына байланысты анықталады. Мәселен, медициналық дискурс, педагогикалық дискурс, саяси дискурс т.б. атауға болады.
Кәсіби дискурс қарым-қатынасқа түсушілердің ең болмағанда біреуінің арнайы дайындығына негізделеді және қарым-қатынас сол арнаулы сала шеңберімен шектеледі. Кәсіби сөйлеудің төмендегідей төрт өлшемін бөліп көрсетуге болады: 1) ғылым саласын кәсіби деңгейде меңгеру; 2) қарым-қатынас құралы; 3) жұмыс сапасын кәсіби бағалау; 4) қарым-қатынастың кәсіби маркерленген стратегиясы; 5) өзін-өзі танытуы.
Дискурс – пәнаралық зерттеу нысаны, оны теориялық лингвистикадан басқа компьютерлік лингвистика, жасанды интеллект, психология, философия мен логика, әлеуметтану, антропология мен этнология, әдебиеттану мен семиотика, теология, заң, педагогика, аударма теориясы мен практикасы, коммуникациялық зерттеулер, саясаттану т.б. ғылымдар зерттейді. В.И.Карасик дискурстың екі негізге типін ажыратады: жекеленген дискурс және институционалды дискурс. Бірінші жағдайда сөйлеуші тұлға ретінде сөз сөйлейтін болса, екінші жағдайда – белгілі бір әлеуметтік институттың өкілі ретінде жүзеге асады.
3. Тіл және концепт. Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда. «Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» .
Концепт ұғымы, негізінен, ағылшын тіліндегі Шенк, Чейф, Рассел, Карнап сияқты ғалымдардың еңбектерінде кездесіп, аталмыш ұғымды дұрыс аудару мәселесі туындағандықтан алынған. Ол кезде ағылшын тіліндегі concept сөзін «ұғым» деп аудару ұсынылды, алайда қазіргі таңда зерттеушілер «концепт» пен «ұғым» терминдерінің ара-жігін ашуда. Мәселен, Ю.С. Степанов ұғым мен концептің айырмашылығы туралы айтқанда, біріншісін логика мен философиямен байланыстырып, екіншісін математикалық логикаға жатқызса, кейінгі уақытта концепті «мәдениеттің ұйытқысы» ретінде анықтап мәдениеттанумен де байланыстыруда. Ғалымның пікіріне сүйенетін болсақ, концепт адамның менталды дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы,ол біріншіден, ұғымның мазмұнын қамтиды және оны мәдени факт ететін – этимология, нақты бір концептінің қысқаша тарихы, заманауи ассоциациялар, бағалар, тәжірибе және т.б. қамтиды.
Демек концепт, ұғым және мағына концепт жүйесін құратын бір-бірімен тығыз байланысты, ажырамас ұғымдар болып табылады
Е.С. Кубрякова болса, концепті халық жадысы, оның ділдік лексиконы, концептуалды жүйесі мен ми тілінің, әлемнің тілдік бейнесінің мазмұнды бірлігі ретіндегі білім кванты деп анықтаған.
Кез-келген ұғым концепт бола бермейді, тек қана кейбір күрделі, нақты бір мәдениетті оларсыз елестету, танып-білу мүмкін емес маңызды ұғымдар ғана концепт ретінде танылады. Концептосфера құрылымы В.А. Маслованың пікірінше, өзек, өзекке тамырлас аумақ және перифериядан (ассоциативті-бейнелі репрезентациялар) тұрады. Концепт өзегі мен өзекке тамырлас аумақ әмбебап және жалпыхалықтық білімдерді танытса, периферия – индивидуалды, яғни жеке тұрғысынан танытады .
Жалпы, концепт философиялық тұрғыда екі бағытта түсініледі: біріншісі – рухани мәдениеттің өзекті сөзі, екіншісі – сөздің пайда болуына дәнекер алғашқы түсінік. Концептің басты белгілерінің бірі – оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады .
В.И. Карасик концепті когнитивтік және мәдени деп ажыратып, когнитивті концептілерді қоршаған ортадағы шындықты құрылымдап және оны қайта құратын индивидуалды мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар ретінде анықтаса, ал мәдени концептілер сол мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін бекітетін ұжымдық мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар деп түйген.
Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты мәселелерді Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Н.Аитова, Ж.Жампейісова, Э.Оразалиева, Г.Мұратова, Б.Тілеубердиев т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырады.
Ғалым А. Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің, немесе образдардың пайда болуы.
Сонымен концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттың мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Қазақ тілтаным ғылымының қалыптасуындағы өзекті мәселелер.Қазіргі тілтаным ғылымындағы Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигма негізінен «тіл-қоғам-адам», «тіл-мәдениет-өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары жүргізіліп жатыр. Антропоцентризм парадигмасының негізінде пайда болған бағыттардың әрқайсысының өзекті мәселелері бар. Мысалы: Әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелері – мемлекеттік тіл мен ресми тілдің аражігі; қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелері; тіл тазалығын, тіл мәдениетін сақтау; когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері когнитивтік ұғымдардың: фрейм, гештальт, схема, сценарий сияқты түрлері әлі де зерттеуді қажет ететіні. Бүгінде концепт, когниция ұғымдары зерттелуде. Нейролингвистикадағы өзекті мәселелер – ана тілінде сөйлеу қабілеті жоғалғандармен, ми ауытқуында кемістігі бар адамдармен жұмыс жасау; лингвомәдениеттану негізіндегі мәдениетаралық коммуникациядағы өзекті мәселелелер – қарым-қатынасқа түсушінің тілін ғана білу жеткіліксіз, сол елдің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпымен, ұлттық ерекшеліктерімен, яғни этностық болмысымен танысып, хабардар болуы керек; прагмалингвистикада – дискурс түрлерінің жеке-жеке зерттеуге көңіл бөлу мәселесі, корпустық лингвистикадағы мәселелер – қазақ тілінің Ұлттық корпусын жасау, ондағы туындайтын мәселелер – сол корпусты жасау үшін ғалымдарды бір орталыққа жинау, мәтіндерді талдауда алынатын ақын-жазушылардың шығармаларынан мысал келтіруде сол шығарманың электронды нұсқасының табыла бермеуі, аннотация беруде бірізділіктің болмауы сияқты мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар тіл білімінің салалары – фонетика, сөзжасам, лексикология, морфология, синтаксис салаларындағы өзекті мәселелер де қаралады.
2.Аталым және когнитология. Атау теориясы – (номинация теориясы) табиғаттағы заттар мен құбылыстың аталу себебін түсіндіреді. Онтология (грекше ontos –болмыс) əлемдегі заттардың фундаменталды мəні табиғатын айқындаумен айналысады. Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Атау онтологиясы заттың не құбылыстың атауының денотаты, яғни атау арқылы таңбаланатын бүкіл заттардың қасиеті мен белгілерін қарастырады.Атау арқылы адам бейнесі тілде таңбаланады. Атаудың жасалуы үштік жүйеден тұрады: 1. Аталатын шындық болмыс (денотаттық мағына); 2. Таңбалардың гносеологиялық бейнесі- танымдық бейне (сигнификаттық өріс), 3. Мəні-атау (таңбалау, үлгілеу). Осындағы таңбалардың гносеологиялық бейнесі аталым теориясының когнитология ғылымымен байланысын білдіреді. Мысалы: «Мәңгүрт» ұғымы Ш.Айтматовтың шығармасында, жеке адамның өткенін, тегін,тіпті, атын ұмыттыру үшін қолданылған қатал әрекеттердің құрбаны. Ол адамның ессіз, жадысыз тіршілік иесіне, малға жұмсайтын құлға айналуы деп түсіндіріледі, қазіргі заманда дәстүрлі мәдениетті елдерде Батыстық Американдық өмір сүру дағдыларының, өнері мен музыкасының жаулап алуы процесін де осы мәңгүрттікке айналдыру құралы деуге болады (Ж.Манкеева). Ит – қазақтың танымында жеті қазынаның бірі саналып қоймай, он екі мүшел жылдың біріне енеді. Ит – жеті қазынаның бірі дей тұра халқымыз оның жағымсыз эмоциямен де ассоциациялайды. Біреуді қатты жек көргенде иттің образы алынады: иттің етінен жек көру, иттің баласы, иттен туған,т.б. Және де мінезі нашар адамды «ит мінезді», әлсізге әлімжеттік қылатын «ит ашуын тырнадан алды», қайта-қайта сәнденіп әлекке түсетіндерді – жарасын жалаған итпен салыстырады.
3. Қолданбалы лингвистиканың негізгі бағыттары. Қолданбалы лингвистика – тіл қолдану мәселелерінің практикалық әдістерін жасаумен айналысатын тіл білімінің бағыты.Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі қолданыста: жазуларды жасау, шетел сөздеріне транслитерация жүйесін жасау, зағиптарға арналған жазу жүйесін жасау, аударманы жүйелеу, тіл мәдениеті мен сөйлеу шешендігін зерттеу, арнайы лингвистикалық сөздіктер шығару, жасанды тілдерді зерттеу. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақпарат тілі. Өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап «қолданбалы лингвистика» термині жаңа мағынағы мағынаға ие болды. Ол күнделікті өмірімізге компьютерлік технологияның және автоматтық басқару жүйесінің араласуы арқылы мәтінді автоматты түрде өңдеуге қатысты көптеген қолданбалы бағыттағы тілдік бірліктерді талдау мен жинақтау негізінде тілдің танылуы мен талдану заңдылықтарын белгілеу қажеттілігінен туындайды. Тілді зерттеумен айналысатын қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: лексикография-сөздіктерді құрастырудың телориясы мен практикасы; лингводидактика-шет тілін оқыту әдістемелерін жасау жөніндегі ғылым; терминтану-ғылыми-техникалық терминдерді жүйеге келтіру мен реттеу жөніндегі ғылым; аударматану-аударма теориясы; Қолданбалы ғылымдармен байланысты қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, белгілерді автоматты айырып тану, сөзді автоматты түрде айырып тану, мәліметтерді автоматты шығару, электронды сөздіктер, тезарустар құрастыру, корпусты лингвистика, мәтіндердің электронды корпустарын құру және қолдану.
Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар дамыған кезеңде қолданбалы тіл білімінің негізгі салалары: машинамен аудару, компьютерлік лингводидактика, математикалық тіл білімі, табиғи тілдерді автоматты түрде өңдеу, квантативтік тіл білімі, статистикалық лигвистика. Қолданбалы лингвистиканыңжаңа аспектілері теориялық тіл біліміне жаңа ғана ене бастаған математикалық әдістерді, әсіресе теориялық-жиынтық,формальды-логикалық,статистика-ықтималдық әдістердің қолданылуын барынша жеделдетті. ХХ ғ. 50-70 жыл. тілдік материалдарды автоматты түрде өңдеуге қатысты күрделі проблеманың шешім табуы қолданбалы лингвистикаәрі қарай дамуына әсер етті.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. ХХ-ХХІ ғ.ғ. лингвистикалық мектептер, олардың даму бағыты.Лингвистикалық мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. XIX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестіріледі. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына "Сөздер мен заттар", "Эстетизм", ''Социологизм" деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандығымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әр- қайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды. Енді соған келейік.
Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грам- матикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұра- нын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) "Сөздер мен заттар" деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (Журнал XX ғасырдың 40 жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гюго Шухардт (1842- 1927).
Г. Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімінде бірталай тың да қиын мәселелерді көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Г.Шухардт "Заттар мен сөздер" деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат - алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол - затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау "арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қарым-қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті - соны ашу дейді
Эстетизм. XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған. Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды. Кейде бұл мектеп неофилология немесе идеалистік неофилология деп те аталады. К.Фосслердың зерттеулерінің көпшілігі әдебиеттану ғылымына жатады. Солармен бірге тіл мәселелеріне арналған "Лингвистикадағы позитивизм мен идеализм" деп аталатын еңбегінде Фосслер позитивистер деп жас грамматистерді атайды да, идеалистер тобына өзін және өзінің жолын қуушыларды жатқызады. Бұл еңбектің ең түйінді мәні - жас грамматикалық бағыттың позитивизмін қатал сынай отырып, тілді эстетикалық туынды, тіл білімін эстетикалық ғылым деп жариялау. К.Фосслер өзінің эстетикалық концепциясын негіздеуде идеалистік философия мен өз дәуірінің атақты тіл ғалымдары В.Гумбольдт пен Г.Штейнталь еңбектеріне сүйенген. В.Гумбольдттың ізімен К.Фосслер де тілді шығармашылық туынды, тіл – шығармашылық дейді. Бұл - оның бүкіл концепциясының негізі. Тілді шығармашылықеп санағандықтан, К.Фосслер индивидумдардың сөйлеу әрекетіне ерекше мән береді. Ол рухани шығармашылықтың барлығы да эстетикалық құбылыс. Шығармашылық болғандықтан тіл де эстетикалың қарауына жатады. Ал объектісі эстетикалық құбылыстар қатарына жатқандықтан, тіл білімінің эстетикалық болмасқа әдісі жоқ деп есептейді. Олар тілдің экспрессивтік қызметін зерттеуге баса назар аударады, тілді тарихи-мәдени туыңды деп санайды.
Неолингвизм (гр. нео - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек лингвист етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Боифанте, (1904), В.Пизан (1899 ) т. б
Неолингвизмнің тілдердің географиялық орнына шешуші мән беретіндіктеріне қарап кейде оны ареалдық лингвистика деп те айтады. Ареалдық линвистика немесе лингвистикалық география - тілдік құбылыстардың тараған аймағын, шекарасын зерттейтін ғылым. Неолингвизм өкілдерінің бір табысы - лингвистикалық география ілімінің принциптерін айқындап, жетілдіріп, оны тіл біліміне ендіріп таратты. Жас грамматистер тілді бір ғана диахронды тұрғыда зерттесе, неолингвистер оны синхрондық тұрғыда да зерттейді. Жас грамматистер тіл білімінің міндеті сөйлеу тілі фактілерін зерттеу дегендерімен, іс жүзінде жазба тіл фактілерін көбірек зерттеді. Неолингвистер сөйлеу тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеуге ерекше мән берді. Неолингвизмнің ең басты кемшіліктері - тілдің жүйелік, құрылымдық сипатына жеткілікті мән бермей, экстралингвистикалық мәселелерге көп көңіл бөліп, тіл өміріндегі индивидумдар ролін асыра бағалаулары болды.
Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығын, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮШ-ХІХ ғасырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан. Дегенмен, бұл мәселе XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Мектептің социологиялық деп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл - қоғамдық, әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыста қаралу керек деп санайды
Структуралық лингвистика. XX ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи тіл біліміне оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі-сыртқы себептері бар. Ең негізгісі - XX ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. XIX ғасыр ғалымының негізгі сипаты тәжірибие арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, XX ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған объектің құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердін ара қатынасын, бір-бірімен байланысын, бір- біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.
2. Аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері.Онтология-философиялық атаулар, қазіргі кезде жаңа атауларды мысалға келтірсе болады. Мысалы, ғарыш, зымыран, смартфон, яғни мұнда ұлттық, минталитеттік нақыштар көрінбейді. ТҮсіндіре алмаймыз.
Гнесеология – танымдық атаулар, яғни адамның дүниетанымына сәйкес атаулар.
Қазақ лингвистикасының таным əрекетіне яғни тіл мен этносқа қатысты мəселелер А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінен бастау алады. Этностың жекелеген тілтанымдық қырлары Ə.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, М.Атабаева, Э.Оразалиева, Ғ.Сағидолла т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылды. Алайда тіл білімінің кейінгі жылдары жаңа қарқынды дамуы, жаңа тілдің басқа бағыттармен ұштастыра зерттеуді осы саласының міндеті, зерттеу əдісі жəне нысаны, тіл мен этностың даму тарихын тексерудегі мəні мен маңызын, өзге де қыр-сыры қазіргі кезеңде басқа қырларынан таныла бастады. Когнитивтік лингвистиканың қазір халқымыздың жалпы рухани өмірін, салт-дəстүрін, өзіндік қасиеттерін, ұлттық дүниетаныммен қайта қарастыру ерекше мəн-маңызға ие болды. Оның өзіндік ерекшелігі, мазмұндық сипаты жан-жақты саралана, зерделене бастады. Өйткені соңғы кезде когнитивтік лингвистикада тілдік аталым бірліктері кешенді мəселелерді алға қойды.
Тұрмыс-салт лексикасында туыстық атауларға байланысты күрделі аталымдар көп. Сондықтан да қазақ халқы – халық болып қалыптасқаннан бері жиі қолданылатын күрделі аталымдар. Мағына жағынан тануға, талдауға келгенде біріккен сөздер (оның ішінде, кіріккен сөздер) қиынға түседі. Қазақ ұлты өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған атажұртын қастерлеп жеті атасын жадында тұтуды парыз деп санады. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» деген сөзді салмақтап, қазақ халқы тегін айтпаған болар. «Қырық рулы еліміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берісті, құда-жекжат, жамағайын-жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.Осы туыстық атауларға байланысты тілдегі қалыптасқан күрделі зат аталымдарының ең үлкен тобын құрайтындар – тіркесті күрделі зат аталымдары. Олар: нағашы апа, нағашы ата, нағашы іні, нағашы аға, қарын бөле, немере бөле, қайын бике, қайын сіңілі, қайын ата т.б. Күлделі зат аталымдарының ендігі бір тобы қосарлы аталымдар: ағайын-туған, туған-туыс, іні-бауыр, жақын-жуық, жақын-жақыбай, жақын-жұрағат, ата-баба, үрім-бұтақ, өрен-жаран, ағайын-аймақ, жекжат-жұрат, құда- жекжат. Яғни тек бір ұлтқа тән атаулар, бұлар гнесеологиялық атаулар.
3. Қолданбалы лингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері.Қолданбалы лингвистика – тіл қолдану мәселелерінің практикалық әдістерін жасаумен айналысатын тіл білімінің бағыты.Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі қолданыста: жазуларды жасау, шетел сөздеріне транслитерация жүйесін жасау, зағиптарға арналған жазу жүйесін жасау, аударманы жүйелеу, тіл мәдениеті мен сөйлеу шешендігін зерттеу, арнайы лингвистикалық сөздіктер шығару, жасанды тілдерді зерттеу. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақпарат тілі. Өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап «қолданбалы лингвистика» термині жаңа мағынағы мағынаға ие болды. Ол күнделікті өмірімізге компьютерлік технологияның және автоматтық басқару жүйесінің араласуы арқылы мәтінді автоматты түрде өңдеуге қатысты көптеген қолданбалы бағыттағы тілдік бірліктерді талдау мен жинақтау негізінде тілдің танылуы мен талдану заңдылықтарын белгілеу қажеттілігінен туындайды. Тілді зерттеумен айналысатын қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: лексикография-сөздіктерді құрастырудың телориясы мен практикасы; лингводидактика-шет тілін оқыту әдістемелерін жасау жөніндегі ғылым; терминтану-ғылыми-техникалық терминдерді жүйеге келтіру мен реттеу жөніндегі ғылым; аударматану-аударма теориясы; Қолданбалы ғылымдармен байланысты қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, белгілерді автоматты айырып тану, сөзді автоматты түрде айырып тану, мәліметтерді автоматты шығару, электронды сөздіктер, тезарустар құрастыру, корпусты лингвистика, мәтіндердің электронды корпустарын құру және қолдану.
Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар дамыған кезеңде қолданбалы тіл білімінің негізгі салалары: машинамен аудару, компьютерлік лингводидактика, математикалық тіл білімі, табиғи тілдерді автоматты түрде өңдеу, квантативтік тіл білімі, статистикалық лигвистика. Қолданбалы лингвистиканыңжаңа аспектілері теориялық тіл біліміне жаңа ғана ене бастаған математикалық әдістерді, әсіресе теориялық-жиынтық,формальды-логикалық,статистика-ықтималдық әдістердің қолданылуын барынша жеделдетті. ХХ ғ. 50-70 жыл. тілдік материалдарды автоматты түрде өңдеуге қатысты күрделі проблеманың шешім табуы қолданбалы лингвистикаәрі қарай дамуына әсер етті.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Лингвомәдениеттану, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. Лингвомәдениеттанулатынның Lingua- тіл, Gultura –мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттану мәселелерінің ұштасуынан қалыптасқан, тіл арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін, өзіндік мақсат-мүддесімен, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің үлкен саласы. Ол ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне ықпалы, адам дүниені қалай көреді, мәдениеттегі тілдік бейненің рөлі, ғасырдан-ғасырға жетіп, ұлт тілінде сақталған халық қазынасы фразеологизмдердің, нақыл сөздер, мақал-мәтелдердің рөлі қандай, олардың адам баласына қажеттілігі неде деген сияқты мәселелерді қарастырады. Ол екі пәннің тоғысуынан пайда болғандықтан халықтың мәдени қазынасын, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы ретінде зерделенеді. Оны зерттеуді көп қажет ететін жас ғылым саласына жатқызамыз. Осы саланы зерттеп жүрген В.В.Воробьев лингвомәдениеттану пәніне: «Мәдениет тек тілдің қызмет етуіндегі өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін зерттейтін, бұл үдерісті жүйелі әдістер көмегімен және қазіргі құндылықтар мен мәдени анықтамаларға бағытталған тілдік және тілдік емес мазмұн бірлігін де біртұтас бірліктер құрылымы ретінде бейнелейтін жинақтаушы түрдегі кешенді пән», - деп анықтама береді. Лингвомәдениеттану тек дәстүрлі мәдениетті емес, қазіргі мәдениетті де қамтиды. Мәдениеттану идеялары қазақстандық ғалымдар Н.У.Уәлиев, Г.Н.Смағұлова, А.М.Алдашева, А.Д.Сейсенова, А.И.Ислам т.б. тілші-ғалымдар еңбектерінде жарық көрді. В.Маслованың: «Лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану түйісуінен пайда болған тілде бейнеленген және бекіген халық мәдениетінің көріністерін зерттейтін ғылым» деуі мәдениетті тілмен байланыстыра зерттеудің маңыздылығын аша түседі. Лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениеттің өзара байланысының тілдегі бейнесін сипаттайды. Ол бұл үдерісті «тілдік және мәдени мазмұнды тұтастай құрылым, біртұтас тұлға ретінде кешенді тәсілдер жәрдемімен және де қазіргі заманның негізгі ағымдары мен мәдени ұстанымдарына сәйкес зерттейтін жинақталған біртұтас ғылым болып табылады», - деген тұжырым жасаймыз.
2. Дискурс және мәтін, өзекті мәселелері. Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. ХХ ғасырдан бастап мәтін сөйлеу бірлігі және ерекше сөйлеу шығармашылығы ретінде зерттеле бастауы мәтін лингвистикасы пәнін дүниеге келтірді. Мәтін ұғымымен бірге оны танып-білудің жолдары, амал-тәсілдері пайда болды. Мәтін лингвистикасының өзіндік ерекшеліктері арқылы қалыптасқан екі бағыт бар:
-мәтіндік құрылыстың дұрыс құрылуы арқылы коммуникацияның дұрыс жетуін көздейтін және талдайтын бағыт бойынша мәтінді айтылымның коммуникативті бағдарлы компоненттері, морфологиялық тұлғалар, шылау сөздер мен есімдіктер, модаль сөздер, етіс түрлері мен акцент, яғни ерекше логикалық екпін түсетін бірліктердің қолданысы құрайды,
-мәтін арқылы жететін астарлы мәнді, зерттеуші ашып беруге тиісті импликациялық, жасырын жоларалық ойды түсіндіру тілдік бірліктер арқылы жеткізілуге тиісті күңгірттенген ойдың, хабардың дұрыс, дәл, өзгеріссіз жетуін қадағалайтын екінші бағыт нақты бір мәтіннің терең мағыналық қырларын ашуға бағытталады.
Дискурс дегеніміз – экстарлингвистикалық факторларға негізделе отырып жасалатын,
белгілі бір жүйеге түскен, оқиғасы, қатысушылары бар, қатысушының баға беруі қажет
етілетін тұтас мәтін. Осы тұрғыдан келгенде, ғылыми мазмұнда жазылған
материалдарды ғылыми дискурс деп тануға болады. Мәтін мен дискурстың тепе-тең ұғым
емес екендігі ақиқат. «Тіл мәтінде орналасып, дискурста жанданады, туындайды» деген
пікірге сүйенсек, мәтін мен дискурс қатынасы дискурстың динамикалық, ал мәтіннің
«тұрақты, қозғалыссыз) сипаттары арқылы танылады деп түсінеміз. Мәселен, қандай да бір автордың көркем шығармасы біз қолға алып оқығанға дейін «тыныш күйінде» тұрып, мәтін ретінде танылса, оқырман қолына тиіп, коммуникациядағы тілдік құрылым – мәтіннің динамикалық күйіндегі сипатын дискурс деп тануымызға болады. Бұл жерде де тікелей болмаса да, автор мен оқырмен (адресат пен адресант) арасында «хабар алысу» жүреді.
3. Тіл ғылымындағы жіктелу және интеграция үдерістері.Тілдердің генеологиялық (туыстық) жіктелуі деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға (топтар тармақтарына) топтастырылады. Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады.