Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.
Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар: ол адамдарды өзіне тарта білуі, олардың сеніміне ие бола білуі және жауаптардың шынайы болуына қол жеткізе білуі тиіс. Арнайы теориялық білімдерсіз, практикалық психодиагностика жоғары дәрежеде жүзеге асырылмайды. Себебі, біріншіден психодиагностикалық тесттердің көпшілігі адам санасына бағытталған сұрақтар тізімін енгізген бланкілік әдістемелерді білдіреді. Сондықтан егер де, сынаудан өтіп жатқан адам психологиялық тұрғыдан ашық болмаса және де психологқа деген сенімі болмаса, ол қойылған тиісті жауаптарға жауап бермейді. Ал егер де одан өзге жағдайда мәселен, ол өзіне деген қатынастын салқынқанды екенін сезсе қойылған сұрақтарға жауап беруден тіптен бас тартуы мүмкін немесе тіптен тәжірибе жүргізушіні әуре сарсаңға салатындай жауаптар беруі мүмкін.
Психодиагностиканың кәсіптік – этикалық бағыттары (аспектілері).
Кез келген салада қызмет ететін психолог психологиялық көмек көрсету барысында этикалық принциптерді қолда-нады. Психологиялық көмек көрсету бары-сындағы «психодиагностика» бағыты елеулі орынға ие. Өйткені, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу барысында этикалық принциптерге арқау артпаса, онда психолог психодиагностикалық жұмысы-ның адекваттылығына ешқандай кепілдік бере алмаймыз.
Сондықтан да психологиялық диаг-ностиканың этикалық-құқықтық аспек-тілері психологтың назарын талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Жалпы алғанда, психодиагностика - жеке адамның даралық-психологиялық, даралық-психофизиологиялық ерекшелік-терін тану және бағалаудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін психологияның бір саласы болмақ және психологиялық диаг-ноз қоюдың ғылымы мен практикасы бо-лып табылады.
Психодиагностик кәсіби іс-әрекеті этика-лық нормалар мен талаптар аясынан шықпауы керек. Яғни, психолог психоло-гиялық зерттеу әдістерін және әдісте-мелерін жақсы білуі қажет және оларды тәжірибеде қолдануда кәсіби-этикалық принциптерді білуі және сақтауы маңызды.
Білім саласындағы психологтың мін-деттері және құқықтары мынадай:
- Баланың қызығушылықтарын бел-сене қорғау;
- Өзінің құзыреттілігі негізінде кәсіби шешімді өзбеттілік қабылдау;
- Егер балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері баланың қызығушы-лықтарына сәйкес келмесе әрі зиян келтіретін болса, онда араласуға міндетті;
Психодиагностиканың оқыту пәні.
Психодиагностика - психологиялық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық психологияның негізгі формасы болып табылады. Практикалық психология адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін жасауы және қолданылуымен байланысты. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, психодиагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер,яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз.
Психодиагностика бір жағынан ғылыми-теоретикалық пән, сонымен қоса психолог атқаратын дәстүрлі тәжірибелік әрекеттердің бірі. Яғни, психодиагностика теория мен практиканы, тұлға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеуді байланыстыратын «көпір» деп айтуға болады. Осы жайлы Шмелев А.Г. былай деп жазады: «Психодиагностика- бұл ғылым саласы және адамның жеке дара ерекшеліктерін айқындау әдістерін жасап шығаратын және қолданатын психологиялық тәжірибенің өте маңызды формасы». Психодиагностиканың психологиялық тәжірибе түрі ретінде мақсаты – адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін айқындап, өлшеу болғандықтан, психодиагностиканың дифференциалды психологиямен байланысы түсінікті.
Билет
1.В. К. Гайде, В. П. Захаров бойынша психодиагностикалық əдістер топтамасы:
1. Сапалық көрсеткіштеріне қарай: стандартты жəне стандарт- ты емес. 2. Қолданылу мазмұнына қарай: - жалпы диагностикалық (Р. Кеттелл жəне Г. Айзенк жеке адам типін зерттеу тесті; интеллектіні зерттеу тесті); - кəсіби қолайлылық тесті; - арнайы қабілеттілікті зерттеу тестері (техникалық, əуендік, ұшқыштарға арналған тестер); - жетістіктерді зерттеу тестері; 3. Зерттенушінің тірек материалдары бойынша: - бланктік; - заттық (КООС кубиктері, «Векслер жинағындағы пішіндерді жинау»); - аппараттық (зейін ерекшеліктерін зерттеуге арналған құралдар). 4. Зерттеушілердің санына байланысты: дара жəне топтық. 5. Жауап беру формасы қарай: жазбаша, ауызша 6. Бағыт-бағдарды тексеруге байланысты: жылдамдықты, күшті анықтауға арналған тесттер, аралас тесттер. Тесттегі тапсыр- малар күрделі жəне оны орындау уақыты шектеусіз; зерттеушіні жетістікпен қатар, тапсырманы орындау тəсілі де қызықтырады. 7. Тапсырманың біртектілігіне байланысты: гомогенді жəне гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас, белгілі бір тұлғалық жəне даралық қасиеттерді өлшеуде қолданылады). 31 Гетерогенді тест тапсырмалары əртүрлі интеллект сипаттарын анықтауға арналған. 8. Жинақтылығы жағынан: оқшаулаған тесттер жəне тесттер жинақтары. 9. Тапсырмаларға жауап беру қасиеті бойынша: жауаптары бар немесе еркін жауап қайтаруға болатын тесттер. 10. Психиканы қамту ауданы: жеке тұлғаға бағытталған жəне ақыл-ой тесттері. 11. Ақыл-ой əрекеті сипаты бойынша: вербалды, вербалды емес.