Екция 1. Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің есептерін шешудегі адам-оператордың ролі.
Өндірісті басқару жүйелеріндегі техникалық процестерде адамның атқаратын ролі мейлінше сан алуан. Автоматтандырылған жүйелерді басқарудағы адамның ролі оның атқаратын іс-әрекетінің мақсаты мен басқару объектісінің қызметімен тікелей байланысты. Жалпы жағдайда күрделі объектінің басқару жүйесі басқару объектісінің ағымдағы параметрлерінің мәнін анықтайтын датчиктерден (Д) тұрады. Яғни, объектілерден x(t) ақпаратты алуға мүмкіндік беретін датчиктерден тұрады. Екінші бөлігі БО моделі (М). Модель жалпы жағдайда объектінің ағымдағы қалып күйін ғана емес оның даму динамикасын және объектіге қоршаған ортаның әсерін де ескереді. Модель объектіні басқару шешімін шығарғанда объектінің күйін талдау үшін қажет. Д-ден қызметімен x(t) ақпараттарын ала отырып, сонымен бірге M[x(t), yn(t)] моделдің өзгерісін бақылай отырып, басқарушы орган (Дербес жағдайда адам-оператор) басқару шешімінің баламалы нұсқаларын ойластырады және басқару мақсатындағы тиімді нұсқасын таңдайды. Соңғы әрекет басқару жүйесінде шешім шығару (Р) блогына әкеледі. Yn(t) – мүмкін болатын басқару әрекеттері. Тиімді шешім таңдалғаннан кейін басқару әрекеті U(t) орындаушы органдарға (U) жіберіледі.
Процесс көп қайталанады, себебі: сыртқы әсер ету (Ғ) өзгеруі мүмкін. Жазылған процестің құрылымының сызбасы мынадай түрде көрсетіледі:
1-сурет БЖ-ң құрылымының сызбасы
Басқару жүйесінің 3 ерекшелігі бар:
1. Басқару жүйесінің принциптік ерекшеліктері. Оның нақты уақыт масштабында жұмыс істейтіндігі. Бұл – шешім шығару объектіден берілгендер немесе мерзімінде бірден орындауды білдіреді.
2. Басқару жүйесін құрудағы 2-ші ерекшелік басқарылатын объектінің моделін құру қажеттілігі. Модель құрылғанда ғана нақтылы басқару мүмкіндігі туады.
3. Басқару жүйесінің 3-ші ерекшелігі оның тұйықтығында, шынында да басқарушы әрекеттер басқару объектісіндегі өзгерістерге әкеледі. Яғни, оның параметрлерінің өзгерісіне әкеледі. Бұл өзгерістер датчиктердің көрсеткіштерін өзгертеді. Яғни, басқарушы әрекеттер мен объектінің қалып күйінің өзара кері байланысын өзгертеді.
Міне, бұл кері байланыстың барлығы жүйенің тұйықтығын көрсетеді. Адамның араласуына байланысты басқару жүйелері 2 түрге бөлінеді:
1. Автоматтандырылған;
2. Автоматтандырылмаған.
Автоматтандырылмаған басқару тікелей адамның сезім мүшелерін қабылдаушы және оның тікелей объектіні басқару органдарына әсер етумен жүзеге асады. Автоматтандырылмаған жүйенің құрылымының сызбасын сызайық.
Автоматтандырылған басқару жүйесі жоғарыдағы жүйеге қарама-қарсы. Оның құрылымының сызбасы.
Бұл жүйеде датчиктерден түсетін ақпараттар негізінде қоймаға алдын ала енгізілген объектінің моделі (М) басқарушы шешім шығарады және орындаушы органдарға басқару әрекеті жіберіледі. Бұл жүйедегі адамның ролі бақылаушыға ғана. Басқару процесіне адамның қатысуына байланысты бір-біріне қарама-қарсы жүйелер арасына басқарудың автоматтандырылған жүйелері орналасады. Мұнда басқару контурында адамның қатысуы міндетті. Бұл жүйеде басқарудың біршама функциясын техникалық құралдар атқарады. Яғни, аппаратты-бағдарламалық кешен, ал қалған бөлігін адам атқарады. Адамның басқарудың автоматтандырылған жүйесіндегі ролі, оның автоматтандырылу дәрежесіне байланысты.
Қарапайым басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде объекті жөніндегі ақпараттарды жинау және оларды адам-операторға беру автоматтандырылған. Объекті туралы мәліметтер оның ағымдағы қалып күйінің ақпараттық моделі (М) түрінде адам-операторға беріледі. Осы ақпараттық моделдің негізінде адамның сапасында объектінің концептуалды моделі құрылады. концептуалдық моделдің арқасында ол объекті жағдайларды ескеріп білімі мен кәсіби шеберліктің нәтижесінде басқару әрекетін, басқару пулті арқылы орындаушы органдарға береді. Осылайша жүйенің қызметі процесіне араласады. Мұндағы жүйелердің мысалдары ретінде технологиялық процестерді басқару электростанциялардағы жылу және энергетикалық агрегаттарды басқару.
Басқаруды автоматтандыру жүйелерінің типтік есептерін шешудегі адам-оператордың атқаратын жұмыстарының негізгі этаптары:
1. Оператор басқару объектісі жөнінде мағлұматтарды қабылдау;
2. Алынған ақпараттарды бағалай білуі, оларды талдай отырып басқару параметрлерімен салыстыра білуі. Бұл этапта адам-оператор басқару органдарының қалыпты кезеңдерін анықтайды және объектіге қызмет етудің кезегін қоя білуі керек;
3. Адам-оператор басқару стратегиясын құра білуі қажет.
екция № 2.
Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынас интерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы
Компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстары. Интерфейстердің анықтамасы. Интерфейстер өзектілігі.
Соңғы жылдарда компьютерлік жүйені көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен бағдарламалық қосымшаның өзара қатынас интерфейсінің ролі зор. Жалпы алғанда интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың түрлі салаларында қолданылады.
Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе – пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің бағдарламалы – аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы мәселелерді толығымен, жан – жақты қарастыру қажет.
Пайдаланушылық және бағдарламалы – аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.
Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке болуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:
- пайдаланушының клиенттік бағдарламамен өзара қатынас деңгейдегі интерфейспен;
- клиенттік машина мен сервер машына арасындағы өзара қатынас деңгейдегі интерфейспен;
- сервердің шеттік бағдарламамен немесе басқа сервермен өзара қатынас деңгейдегі интерфейспен.
Мысалға, Web-қосымшаны құрған кезде, 1-ші интерфейс WUI (Web user interfase) компонентін тандау жане негіздеумен іске асырылады. Ал 2-ші серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, 3-сі CGI (Common Gateway interfase) пайдаланумен немесе SQL сұраныстарды қолданумен іске асырылады (1-сурет).
| |||||||||||
| |||||||||||
| |||||||||||
| |||||||||||
| |||||||||||
Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін атайық. Қатынас интерфейсі қандай да бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭEМ арасында сенімді қатынасты қамтамасыз ететін, аппаратты-бағдарламалық, аппаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу хаттамаларының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында не орталық процессор арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады.
Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамасыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс мәселесінің маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы Адам компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human Computer Interfase Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа елде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.
Осы ұйымдардың не жұмыс тобының көбісімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру принциптері бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Аталмыш курста қандай интерфейс қарастырылды?
2. Әртүрлі деңгейдегі интерфейстер қалай ерекшеленеді?
3. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің анықтамалары қандай?
4. Пайдаланушы интерфейстер мәселелерімен қандай ұйымдар айналысады?