Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз

Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз

Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі:

А) Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі.

Ә) Билік және басқару өнері.

Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.

В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.

Менеджмент мағынасы – материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.

Менеджмент түсінігі:

1. Қызмет түрі

2. менеджер = басқарушы, жетекші. Директорлар кеңесі

3. білім саласы

Менеджмент = ғылым+тәжірибе+өнер, шеберлік.

Менеджер дегеніміз қол астындағы жұмысшылар саны бір немесе одан да көп адам.

Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.

Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Друкердің түсіндіруінше – жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз

20 ғ. 1-ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады.

> ғылыми басқару мектебі;

> классикалық мектеп;

> адалдық қатынастар және мінез-құлық ғылымының мектебі;

> басқару ғылымының мектебі.

Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жж.) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор, Френк және Милли Пельберг Генрий Ганк құрушыларының ойынша өлшеуді, талдауды, логиканы пайдаланып қол еңбегін көптеген операцияларын олардың неғұрлым тиімді орындалуын қол жеткізе отырып жетілдіруге болады.

Фредрик Тейлор басқарудың ғылыми мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның мақсаты еңбекті және басқаруды дұрыс ұйымдастыру принциптерін қалыптастыруда болады. Негізгі назарды ол физикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырып принциптерінің қалыптасуына бөлді. Оның ойынша кәсіпорында өзінің жеке тәжірибесі негізінде еш нәрсе істелмеуі керек. Ол жұмыстың барлық элементі алдын-ала мұқият оқылып және ғылыми негізделуі керек деп есептеді. Тейлордың жүйесі төмендегі негізгі ережеге тіреледі:

> империкалық тәсілді жұмыс элементтерінің ғылыми зерттеулерімен ауыстыру;

> тәсілдер мен жұмыс жағдайларын жақсарту;

> өндірістік үрдіспен қатар басқаруда да функциялардың мамандандырылуы;

> ғылыми анықтаушы белгілер негізінде қызметкер таңдап алу және оларды оқыту мен жаттықтыру;

> әрбір қызметкерге белгіленген нұсқаулық;

> жұмысқа жоспарлау және дайындау;

> жұмыстың барлық түрлерін есепке алу және бақылау;

Тейлордың жүйелік философиялық негізін экономикалық адам деп аталатын тұжырымдама құрады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оларды қозғалтушы жалғыз стимул олардың утелитарлық қажеттіліктері б.т. Тейлордың тұжырымдауынша еңбекке төлеудің тиісті жүйесінің көмегімен жұмысшылардың еңбектерін шегіне дейін интенсивтендіруге және осының негізінде ең жоғарғы еңбек өнімділігіне қол жеткізуге болады.

Тейлордың қағидасы:

> қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау(физикалық интеллектуалды дамыған адамдарды);

> жалақы, еңбекақы төлеуде жұмысшыларды ынталандыру үшін әділетті жалақы төлеу.

Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форт (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919)т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен, Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа

Наши рекомендации