Ағаштар мен бұталар

Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru

ұшқат ақ сасық шетен ырғай шынар шырғанақ

Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru

Йеңкі қараған шілік тобылғы шеңгел қарағай

Ұшқат — ұшқаттар тұқымдасына жататын шырмалған бұта, кейде ағаш. Қазақстанның тау беткейлерінде, кейде шыршалы ормандар арасында, тастақты жерлер мен өзен жағалауларындағы тоғайда өсетін 21 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15—200 см. Қазақстанның «Қызылкітабына«енгізілген.

Шетен -биіктігі 10-15 метрдей болатын ағаш. Сұрғылт түсті, жылтыр қабығы бар. Жапырақтары қауырсын тәрізді, кезектесіп орналасқан. Дәрілік мақсатта жаңадан үзілген және кепкен жемістері пайдаланылады. Шетен жемісінің ағзаға дәрумен жетіспегенде, асқазан қышқылы азайғанда емдік қасиеті зор.

Ырғай -раушангүлділер тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Кейбір түрлері Қырым, Кавказ, Батыс Сібір аймақтарына таралған. Ырғай суыққа шыдамды өсімдік.Ең кең таралған түрлері - әдемі ырғай және қара түсті жемісті ырғай.

Үйеңкі - биіктігі 6 метрден аспайды. Баяу өседі. Жапырақтары ақшыл-жасыл, күзге қарай қызыл түске боялатын әдемі ағаш. Түсінің әдемілігі мен жапырақтарының алуан түсті болуы назар аудартпай қоймайды.

І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөліміндегі шөп түрлері

Тапсырма:І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын шөптерге анықтама беріңіз, слайд жасаңыз.

Шөп түрлері: еңлік, түйеқұйрық, сарыкүйік, тауқонақ, шайшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкмарал, бетеге, раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, у қорғасын, бәрпі, атқұлақ, жүлкеуір, шырыш, шытыр, мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ, сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қанжыға, қоға, сасық, аққой, таусарымсақ, қымыздық, қалақай, атқұлақ, айылқияқ, саржағал, құстаңдай және т.б.

Жер түгі

Ағашта өзің білген қарағай, тал,

Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.

Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,

Ақ сасыр, қызыл қайың, барша, шынар.

Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,

Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар,

Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,

Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар;

Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік

Сықылды ағаштардың талайы бар.

Биікте бітед шөптен сарыкүйік,

Тістеніп жатыр жұлып малы сүйіп,

Қымызын сарыкүйіктің ішеміз деп,

Албандар қоныстайды құстай биік.

Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,

Сүттіген, ендік, мейіз, киізкиік,

Аңшалғын, көкемарал, бетеге, раң,

Жапырақтеңге, бұйра қисық иық,

Балдырған, уқорғасын, атқұлақты

Елік жүр сонысында соны қиып,

Жұлкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр.

Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.

Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,

Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ,

Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,

Шоқайна, меңдуана, сора, шақпақ,

Ішінде сол қурайдың сұлу солар,

Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ,

Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып

Бөлінед жуалар мен таусарымсақ.

Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,

Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.

Өріске біткен осы өңкей сүтгің

Ішінде бір сүйкімсіз отыр бір-ақ:

Қалақай қара тарғыл ол айтқаным,

Сүйеді сүйкенгенді шымшып, бұрап.

Өзге жан өмірі оған жоламайды,

Төңбекшіп түйе жесе қалар құлап.

Шалқиды шалғын көлдің қамысындай,

Атқұлақ Тасарықтың тарысындай

Үш қырлы, сұлу сырлы айылқияқ,

Кіндігі қырғыз ерме қамшысындай.

Селтеңдеп сепсе қурай сырға қадап,

Саржағал сәлемдесед танысындай.

Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,

Шалма орап мұсылманның абызындай.

Құс таңдай самал соқса сыбырласад,

Әзілді әйел, ажын-абысындай.

Солармен судырласып ойнайды жел,

Дүрмектің көкпар тартқан шабысындай.

Неше елді аттандырған құтгы қоныс

Әлі тұр әсемдігі таусылмай.

Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,

Жерінің Жетісудың бәрі сондай!

Шөптер

Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru

еңлік шайшөп бетеге бұйрабалдырған атқұлақ

Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru

шытыр рауғаш жалбыз құлмақ шоңайна меңдуана

Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru Ағаштар мен бұталар - student2.ru

шырмауық қылша жыланқияқ қанжыға қоға сасық

Еңлік– күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда: Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының шалғынды, тастақты беткейлері мен бұлақ маңындағы сазданған дымқыл жерлерде, аршалы және шыршалы ормандардың арасында өседі .

Атқұлақ – тарандар тұқымдасы, қымыздық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстарындағы өзен жағалауларында, орманды алқаптарында және шалғынды-жайылымды жерлерінде өседі. Халық медицинасында бауыр емдеуге пайдаланады.

Рауғаш- қарақұмық тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады.Асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, зат алмасуын жеделдетеді, тіпті семіру мен күрестеде пайдаланылады.

Наши рекомендации