СҮЙЫҚТЫҚТЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП Қ¥Ю ҮШІН БІР РЕТ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖҮЙЕНІ ҚҮРАСТЫРУ

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тэулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дэрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды оңдеңіз, қолғапты киіңіз.

2. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін жэне ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін жэне сыртқы түрін тексеріңіз, дэрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).

4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинңетпен алыңыз.

5. Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

7. Жүйенің бүрандалы қысқышын жабыңыз.

8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).

9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін үстап, тірекке бекітіңіз.

10.Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

П.Бүрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша жэне инъекңия жасайтын инеден тамшы корінгенше жүйенің үзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

12.Бүрандалы қысқышты жауып, инъекңия жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

13.Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

+.Инені көк тамыр боыймен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың I жэне II саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.

12.Ине кок тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекңиялық түйінде қан көрінеді.

13.Сол қолмен бүрауды босатыңыз, науқастан жүдырығын жазуын сүраңыз.

14.Ине тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз.

15.Жүйенің қысқышын ашыңыз.

16.Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дэрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

17.Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, кок тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.

18.Енгізу жылдамдыгы түрақты болуын қадағалаңыз.

19.Дәрілік ертіндіні қүйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін жэне қал- жағдайын бақылаңыз.

20.Емшара біткен соң жүйедеғі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 мийутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз.

21.Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

22.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

Ескерту:

- қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекңияға арналған түйін арқылы шприңпен жүргізіледі. Инъекңия жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен кыстырылады;

- флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндеғі инені енгізеді, сосын үзын түтіктің инесін енгізеді;

- енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жүмысын қадагалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па?

- науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сүраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекңия жасаған жерде ісікті корсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.

Наши рекомендации