Психологиялық менеджменттің пәні
ХХ ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып есептелінбеді. Алғаш рет ол жайында Ф.У.Тейлордың 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің қағидалары» атты еңбегінің пайда болуымен айта бастады. Онда басқарушы еңбектің негізгі қағидалары көрсетілген. Сәл кейінірек ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары кен өндіруші және металлургиялық компанияның басшысы, танымал француз инженері А.Файоль менеджмент қағидаларының бір ізді жүйесін сипаттап өтті. Дәл Файольдың қолдауымен басқару ерекше іс-әрекет ретінде есептеліне бастады.
Сол уақытқа орай психология теориялық және қолданбалы бағыттарында ғылым ретінде қалыптасқан болатын. Басқару мен психологияның қосылуынан, сондай-ақ дамып келе жатқан өндірістің талаптарына жауап ретінде пән аралық қолданбалы ғылым «психологиялық менеджмент» пайда болды.
Басқару психологиясының пәні: менджер іс-әрекетінің психологиялық негіздері, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктері, адамның адамды қабылдау механизмдері және адамның бір-біріне ықпал ету механизмдері, еңбек ұжымын және ондағы тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері және тұтастай басқару іс-әрекетінің психологиялық факторлар.
Психологиялық менеджмент ғылым әрі тәжірибе ретінде басшылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, басқаруда жұмысшы тұлғасының ерекшеліктері, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған.
Басшы басқару процесінің табиғатын, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуі тиіс. Ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмысжасаудың әртүрлі жағдайларында басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі тиіс.
Еңбек ұжымының қызмет етуінің психоогиялық факторларына топтардағы психофизикалық шыдамдылық, тұлға аралық өзара әрекеттестіктің еномндері, еңбек мотивациясы, әлеуметтік-психологиялық ахуал және нақты өнімді шығару немесе қызмет көрсету бойынша біріккен еңбек іс-әрекетіне енген басқа да психологиялық құбылыстар жатады. Басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдеріне іс-әрекеттің нәтижесі немесе шешім қабылдау процесі ретінде мақсат қою жатады. Адамның тұлғасы әрі сл тұлғаны басқа адамдардың қабыладуы, үстем болу және басғыну ұмтылысы, дәреже, әлеуметтік үміттер және т.б.адамдар мен жұмыс жасаудың психологиялық факторларының негізін құрайды.
Психологиялық менеджмент практикалық психологияның ерекше саласы ретінде менеджер мамандығының және кәсіби басшылардың пайда болуымен қатар пауда болды. Психологиялық менеджмент психологияның кез келген қолданбалы саласы ретінде дамыған қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде пайда болды.
Менеджмент бөліміндегі зерттеушілер оны төмендегіше құрайды:
· Басқаруды қалайша тиімді етуге болады?
· Өндірісте адам қорын адамдарды күштемей және оларға қысым көрсетпей максималды дәрежеде қалай пайдалануға болады?
· Ұжымды басқару жүйесін қалайша жақсырақ құрып, пайдалануға болады?
Психологиялық менеджмент еңбектің максималды нәтижесінің алынуымен қатар, адамның еңбек үрдісінде өзін-өзі айқындау, еңбектің нәтижесінде туындайтын қажеттіліктерін жүзеге асыру ерекшеліктерінің айқындалуы да маңызды қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Демек, басқару жағдайының тұрғысында адамдардың өзара қатынастары мен өзара әрекеттестіктерінің төмендегідей проблемалары психологиялық менеджменттің пәні болып табылады:
1. Тұлға, оның еңбек үрдісінде өзін-өзі жетілдіруі және дамытуы.
2. Басқару іс-әрекеті және оның психологиялық тиімділік тұрғысында ұйымдастырылуы.
3. Еңбек ұжымындағы топтық үрдістер және олардың реттелуі.
Тұлға және оның өзін-өзі жетілдіруі және дамытуыбасқару үрдісінде маңызды рөл ойнайды. Осы тұста ең аз дегендеекі жағдай маңызды. Біріншіден, тұлғаның көптеген қасиеттерінің, бітістерінің, мінездемелерінің ішінде психологиялық менеджмент басқару іс-әрекетін сәтті жүзеге асыруға көмектесетіндерін анықтайды. Екіншіден, психология тұлғаны басқару үрдісінде қарастыра отырып, деректерді қарапайым сипаттаумен, талдаумен және талқылаумен шектелмейді. Білімдердің осы саласында кез келген рангтегі және басқару қабілеттердің қайсібір бастапқы деңгейі бар басшының өзінде жетекшінің қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибелі кеңестердің, ұсыныстардың жеткілікті дәрежеде үлкен көлемі бар.
Басқару іс-әрекеті нақты ережелер бойынша құрылады. Оларды ұстана отырып жетістікке жетуге болады, ал керісінше олардың еленбеуі жоғары дәрежеде жайлы жағдайлардың өзінде де ұйымның жойылуына әкелуі мүмкін. Психология бөліміндегі мамандар қарым-қатынасты басқарудың қарапайым формасы ғана емес, сонымен бірге факторы етуге мүмкіндік беретін ережелер мен техникалық тәсілдерін құрастыруда.
Кез келген ұжым бұл – ең алдымен өз мақсаттарын діттеген, міндеттерін шешкен өздерінің ресми немесе биресми дәрежесін сақтауға не болмаса өзгертуге тырысатын адамдардың тобы.
Еңбек ұжымының мүшелері бір-бірімен өте күрделі қатынастардың жүйесімен байланысқан. Кез келген ағза ретінде ұжым дамуында жайлы әрі жайсых кезеңдерді кешіруі мүмкін. Сыртқы және ішкі себептер мен жағдайлар кешенінің ықпалынан кез келген уақытта дағдарыс алуы мүмкін.
Оның салдары жағымды (ұжымның дамуында жетістіктердің орын алуы) әрі теріс (ретпен жұмыс жасап тұрған ұжым басқарылмай, ыдырап кетуімүмкін) болуы да мүмкін. Басшының деңгейі және оның кәсібилігінің дәрежесі ұжымды салыстырмалы жайлы жағдайларда қалай басқаратынымен ғана емес, сонымен бірге күрделі мезеттерде, жағдарыс жағдайында да қалайша әрекет ететінімен анықталады. Басша кез келген басқарылмайтындай көрінетін жағдайдың өзінде де басқара алу тиіс. Ал ол үшін шиеленіс және дағдарыс жағдайларында басқарудың нақты дағдылары мен білімі қажет. Кәсіби басшыны дүмше басшыдан шиеленісті басқару өнерімен ерекшеленеді. Екіншісі қол қусырып отыратын жағдайда біріншісі істі өз қолына алып, жоғары дәрежедегі пайдамен әрі аз дәежедегі шығынмен әрекет ете бастайды.