Психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

Жоспары:

  1. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
  2. Психологиялық кеңес берудің басқада түрлері

Педагогикалық процесс – бұл бірқатар іс-әрекеттердің күрделі ұйымдасқан жүйесі:

тікелей оқытатын оқытушының іс-әрекеті;

оқыту тәжірибесін жалпылау іс-әрекеті (оқыту процедураларын салыстыру, оқытудың біршама тиімді тәсілдері мен жолдарын анықтау – методист іс-әрекеті);

оқу құралдары мен оқу пәндерін құруға бағытталған әдістемелік іс-әрекет;

оқу пәндерін бір тұтас етіп жалғастырудан тұратын, оқу бағдарламаларын бағдарламалау, құрастыру іс-әрекеті.

Бұрын оқытудың мақсаттары мен міндеттерін саясат пен мәдениет анықтайтын. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәдени жағдай оқытудың мақсаттары мен міндеттерін бейнелеу мен анықтау жұмыстарымен педагог-методисттер айналысуын талап етеді. Себебі, біріншіден, қазіргі кездегі өндірістік-практикалық іс-әрекет өте жиі тек маман ғана шеше алатын міндеттерді қояды. Екіншіден, қазіргі кездегі методологиялық ойлау оқу үрдістерін тиімді проекциялай отырып, сұраныс берушіден айқын және анық мақсаттарды талап етеді. Үшіншіден, қазіргі технологиялық қоғам тез және интенсивті дамуда және оқыту жүйесінен соны талап етеді, яғни кәсіби сауда-саттықты қадағалауды, қоғамға қажетті адамның қасиеттерін тез және жүйеленген түрде бейнелеуді, және оқу бағдарламаларының міндетінде оперативті проекциялауды талап етеді. Кеңірек мағынада, бұндай ойлаудың нәтижесі адам проектсі болады, ал біршама тар мағынада – маман проектсі болып табылады.

Оқыту – адамға белгілі-бір БИД (компетенциялар) беру. Бірақ білімді құры “беріп”, “алуға” болмайды. Жаңа білімдер оқытушының және оқушының өзінің белсенді іс-әрекеттерінің нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін. Оқыту – нәтижесінде оқушының бойында өзінің белсенділігі негізінде белгілі-бір БИД қалыптасатын оқытушы мен оқушы арасындағы белсенді өзара әрекеттестік үрдісі.

Педагог оқушы үшін қажетті жағдай жасайды, керекті құралдар мен ақпараттарды бағыттайды, бақылайды, береді.

Оқытудың қызметі – адамдарды іс-әрекетке деген қабілеттіліктердің қалыптасуы үшін белгілік және заттық құралдардың максималды икемделінуі. Оқытудың ең қарапайым варианты өз мұғалімінің іс-әрекетін қайта жаңғыртуға талпынған, оқушы мен мұғалімнің (кәсіби іс-әрекетті тасымалдаушы) қарым-қатынасы болып табылады; мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс немесе дұрыс емес ретінде біліктендіреді. Бұл жағдайда оқу үрдісінің тікелейлігі, бөлінбегендігі көрінеді.

Психологиялық кеңес берудің басқада түрлері

Психологиялық кеңесті әр түрлі адамдар қажет еткендіктен түрлі көмек көрсетілу негізінде психологиялық кеңес беруді клиенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты келесі түрлерге бөлеміз

Жеке (интимдік) психологиялық кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі тұлға ретінде адамды терең ойландыратын мәселелер төңірегінде өткізіледі. Мысалға, психикалық ауытқуларға ұшырағандар, психогенді ауруға шалдыққандар және де өз-өзіне ырзалықпен қарамайтын адамдар, төсек қарым-қатынасына көңілі толмайтын адамдар бұл кеңестің түрін қажет етеді.

Отбаслық кеңес беру. Кеңесудің бұл түрі жеке отбасында немесе жақындарының отбасында туындаған мәселелерге байланысты сұрақтар төңірегінде өткізіледі. Мысалға: болашақ жарын таңдау, отбасында дұрыс оптималды қарым-қатынас құру, отбасынан тыс дауды шешу, әйелі мен күйеуінің туысқандарымен қатынасы және ажырасуға байланысты себептер төңірегеінде жүгінеді.

Психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі баланы тәрбиелеу мен оқыту, педагогикалық жетекшілік ету және де балалар мен ересектер топтары мен ұжымдарын басқару мәселесі төңірегінде өтеді.

Іскерлік кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі болашақ манадық таңдау, еңбек қабілетінің ерекшеліктері және де келіссөз жүргізу сияқты мәселелер төңірегінде өткізіледі. 13

Қарым-қатынас – адамдар арасындағы күрделі, көпқырлы қатынастың орнауының және дамуының процесі, ол біріккен іс-әрекеттің негізінде туындап, ақпараттық алмасуды, өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын, басқа адамды түсіну және қабылдау секілді процестерден тұрады. Қарым-қатынастың құрылымын үш өзара байланысқан жақтар сипаттайды: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Қарым-қатынастың екі түрі бар: вербалды және вербалды емес.

Вербалды емес қарым-қатынастың түрлеріне мыналар жатады:

- позалар, жесттер, мимикалар, олар адамның эмоционалды реакциясын білдіріп кинесика деп аталады.

- паралингвистика немесе просодика – дауыстың сапасы, оның диапазоны, тональдылығы – дыбыстың ерекшеліктері, дауыстың тембрі, дауыстың қаттылығы мен жоғарылығы. Экстралингвистика – сөйлеудің темпі, сөздер арасындағы үзілістер, күлкі, жылау, күрсіну, сөлеудегі қателіктер, қарым-қатынасты ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Паралингвистикалық және экстралингвистикалық жүйелер вербалды қарым-қатынастың «қосымшалары» болып табылады.

- прок семика – қарым-қатынасты ұйымдастыру, ол қатысушы жақтардың кеңістік талаптары мен өзара бағыттылығын ескереді. Оның негізін қалаушы Э.Холл ол оны кеңістікті психология деп атаған.

- визуалды қарым-қатынас – көзбен сөйлесу.

Қарым-қатынас процессі барысында басқа адамды түсінудің негізгі механизмдеріне идентификация, эмпатия және рефлексия жатады. Идентификация - өзін оған ұқсату. Эмпатия – басқа адамға жаны ашу арқылы оның эмоционалды күйін түсіну.

Қарым-қатынастың мазмұнына жұптардың бір-біріне әсер ететін бірнеше амалдар кіреді. Оларға жататындар: жұқтыру, сендіру, көндіру, еліктеу.

Іскерлік қарым-қатынас – бұл сөйлеудің өзара байланысты және өзара әрекеттес процессі, онда іс-әрекетпен , ақпаратпен тәжірибен алмасу жүзеге асып, белгілі бір нәтижеге жетуге немесе нақты бір проблеманы шешіп, белгілі бір мақсатқа жетуге бағышталады. Іскерлік қарым-қатынастың мынадай түрлері бар: тікелей (тікелей тілдік қарым-қатынас) және жанама (кеңістікті-уақыттық дистанция болады).

Іскерлік қарым-қатынастың түрлері: іскерлік әңгіме, іскерлік келіссөздер, іскерлік жиналыстар, халық алдында сөз сөйлеу.

Іскерлік қарым-қатынастың тәжірибесі көрсеткендей, өзара қарым –қатынаспен байланысты проблемаларды шешуде, көп нәрсе жұптардың бір-бірімен қарым-қатынасты қалай реттейтіндігіне байланысты.

Іскерлік әңгіме бірқатар маңызды қызметтерді атқарады: бір саладағы қыметкерлердің өзара қарым-қатынасы, бірлесіп іздену, идеялар мен жаңалықтарды ойлап табу және оларды жүзеге асыру, басталған іс-шараларды бірлесе басқарып аяғына дейін орындау, іскерлік қарым-қатынастарды үнемі қолдап отыру, іскерлік белсенділікті қолдау.

Іскерлік әңгіменің негізгі кезеңдеріне мыналар жатады: әңгіменің басы, әріптестердің ақпаратпен қамтылуы, көрсетілген ұсыныстарды аргументтеу, шешімдерді қабылдау, әңгімені аяқтау.

Әңгімен бастаудың амалдары: текетіресті басу амалдары, «тиісу» әдісі, тікелей әдіс.

Жұптардың сұрақтары. Жұптардың бес тобы бар: жабық сұрақтар, ашық сұрақтар, риторикалық сұрақтар, бетбұрысты сұрақтар, ойлануға қойылатын сұрақтар.

Келіссөздердің кез-келген стратегиясы үш критерийге жауап беруі керек:

Мүмкін болса, саналы келісімге келу;

Тиімді болуы керек;

Екі жақтың арасындағы қарым-қатынасты реттестіруі керек, тым болғанда екеуінің қарым-қатынасын бұзбауы керек.

Келіссөздерді өткізудің уақыты мен орнына үлкен мән беріледі. Қазіргі іскер әлемде іскерлік келіссөздер мен кездесулердің жүргізілу техникасына үлкен мән берілетіні соншалықты, тіпті батыс елдерде келіссөздерді жүргізуге арналған арнайы зерттеу орталықтары жұмыс істеуде.

Іскерлік келіссөздер жүргізуде максималды оң нәтиже алу үшін төмендегі принциптерді ұстанған абзал:

- келісілген мерзімді минутына дейін дәл ұстану;

- келіссөз жүргізіп отырған әріптесіңіздің барлық қызметкерлерімен жақсы қарым-қатынас орнату, швейцардан бастап шефтің секретаршасына дейін;

- келіссөз жүргізуге жақсылап дайындалыңыз;

- әңгіменің барысна кедергі жасайтын факторлардың туындауына жол бермеу, алдын алу ( жол бермеуге тырысу).

Қолданылған әдебиеттер

1. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

3. Роббер И.Р. Психологический словарь.- Москва., 2000

4. Рогов И.С. . Настольная книга практического психолога.- Москва: Владос, 2000

5. Тутушкина М.К. Психологическая помощь и консультирование в практической психологии. СПб.: Дидактика – Плюс, 1999

Наши рекомендации