Абілет пен табиғи нышандар және темперамент
Бір немесе бірнеше іс-әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктердеп айтамыз.
Кабілеттіліктер әруақытта да белгілі бір іс-әрекетті орындау тұрғысынан қарастырылады. Кез-келген қабілеттілік белгілі бір істі орындауға бағытталады: оқу пәндеріне, еңбектің түрлеріне қабілеттілік аңғартады. Мысалы, музыканттың қабілеттілігі текжақсы музыкалық есту кабілетімен шектеліп қоймайды. Бір ғана-құрастырушылық қиялдың болуы қабілетті инжинер-конструкторболу мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмайды. Кез-келген іс-әрекетті ойдағыдай орындау қабілеттіктердің қиысып келуінебайланысты. Мұғалімге оқу материалын қызықты түсіндіру үшінұйымдастырушылық қабілеттілік, педагогикалық тәлім жәнекөптеген басқа да қабілеттіліктер қажет. Қабілеттіліктер жалпыжәне арнаулыболып бөлінеді. Мысалы, ойдың сапасы неме естің сапасы сияқты психикалық қасиеттер көптеген іс-әрекетте кеңінен қолданылады.
Жалпы қабілеттіліктергежеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық жатады. Сонымен қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс-әрекетпен ойдағыдай айналыса
алады. Мәселен, қабілеттілікті менгерген мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс-әрекетті ойдағыдай орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу өнері саласында және тағы басқа қабілеттілік қалыптасу мүмкін. Қабілеттіктердің бұл екі негізтүрінен басқа үшінші түрін - практикалық іс-әрекетікеқабілеттілікті ерекше атауға болады. Бұл түріне құрастырушылық - техникалық, ұйымдастырушылық педагогикалық қабілеттіліктер жатады.
Қабілеттің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөліқандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқымарқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды.Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын-ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттіңдамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялы факторлардың белгілі дәрежедегі рөлін мойындайды, жоққашығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.
Демек туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшелік, тек нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да дамудың нэтижесі.
Нышандар- мидың, жүйке жүйесінің, анализаторлардың кейбір туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттіліктің табиғи алғышарттары болып табылады және оның қалыптасуы мен даму үрдісіне әсер етеді. Нышанның болуы қабілеттіліктің қалыптасуына ерекше қолайлы жағдай жасайды, оның дамуын жеңілдетеді. Нышандарға туа біткен көру және есту анализаторларының кейбір ерекшеліктері жатады. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері нышанның қызметі ретінде қатысады, оған уақытша жүйке байланыстарының құрылу ерекшеліктері, оның беріктігі шоғырланған зейіннің күші, жүйке жүйесінің шыдамдылығы, ақыл-ой қабілеттілігі байланысты. Нышандар - бұл тек қабілеттіктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышанын әрі қарай дамытпаса, оған қолайлы жағдайлар жасалмаса, ол сөніп қалуы мүмкін.
Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын типологиялық ерекшеліктер нышандар немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Типологиялық ерекшеліктердің жан-жақты мәні зор. Олар қабілеттіктер мен мінездің табиғи алғышарттарын құрайды. Жалпы типтердің ерекшеліктері қабілеттіліктерді ұйымдастыруға әсер етеді.
Қабілеттілік адамға ерте де, кеш те берілуі мүмкін. Атақты
композиторлар Н.А.Римский-Корсаковтың музыкалықдарындылығы 2 жасында, М.И.Глинка мен С.Прокофьев қабілеттері 7 жаста, әйгілі суретшілер И.Е.Репин мен В.А.Серовтың қабілеттілігі 3 жаста байқалған. В.Моцарт 3 жасында музыка аспаптарында ойнап, 4 жасында музыкалық шығармаларды орындаған, ал 12 жасында опера жазған.
Нышандар - тек қабілеттіліктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышаны, ғажайып дарындылық туралы мысал келтіретін болсақ, 1951 жылы Америкада кибернетиканың атасы, ұлы математик Ноберт Винердің ғүмырнамалық деректерінің I томы жарық көрді, кітап «Бұрынғы вундеркинд» деп аталды. «Вундеркинд» - неміс сөзі, wunder -ғажайып, kind - бала деген екі сөзінен құралған. Одан оның өмірінің таңғажайып деректерін көруге болады: 9 жасындакішкентай Норберт ерекше дарындылық байқатып, 8 жылдықмектепке бармай, орта мектепке оқуға түсті. 12 жасында университет студенті, 14 жасында бакалавр ғылыми дәрежесін, ал 18 жасында ол Гарвард университетінің филологияғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алып шығады.
Қабілеттіліктердің негізгі көрсеткіштерінің бірі - ертеберілуімен қатар кеш те беріледі. Жас кезінде қабілеттіліктің байқалмауын болашақта дамыту мүмкін емес деген түсініктумайды. Ерекше қабілеттіліктер мен таланттың өте кеш берілуі туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.
Көрнекті жазушы В.Шишков мысалы, еңбектерін 40 жасында жариялай бастады. Белгілі шығармасы «Угрюм-реканы» 60 жасында жазды. «Емельян Пугачев» кітабын 72 жасында аяқтады. Мысалы, Симбирск губерниясының алыста орналасқанселосында дүниеге келген Е.И.Гусева жасы 40-қа келгендесауатын ашқан. Одан кейін жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, өзінің баласымен бірге жоғары оқу орнын бітірген, кейін ғылым кандидаты, ал 73 жасында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады.