Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуы
Мектепке дейінгі кезең - А.Н.Леонтьевтің айтуы бойынша, «Жеке тұлғаның» алғашқы қалыптасу кезеңі. Дәл осы уақыт негізгі жеке тұлғалық механизмдер және білімдер қалыптасу кезеңі. Бір-бірімен тығыз байланысты эмоциялық және мотивациялық аймақтар дамиды, өзіндік санасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңге жалпы эмоциялық тепе-теңдік, күшті аффекті жағдайдың және болмашы нәрсеге дау-дамайдың болмауы тән қасиеттер. Осындай жаңа, біршама тұрақты эмоциялық фон бала динамикасын анықтайды. Образдық елестердің динамикасы - сәбилік кезеңдегі аффективті қабылдау үрдісімен салыстырғанда бос және жұмсағырақ болады. Бұрын баланың эмоциялық өмірі ол қосылған жағдай ерекшеліктері меңгерілген: ол қызықтыратын заттарды игеріп немесе оны ала алмайды, ойыншықтармен жақсы әрекет етеді немесе еш нәрсе болмайды, үлкендер көмек береді ме, әлде жоқ па? және т.с.с. Енді елестердің пайда болуы балаға қажеті жоқ алдануына мүмкіндік береді, балада уайымдау пайда болады.
Сонымен, эмоциялық үрдіс тепе-тең бола бастайды. Мектепке дейінгі кезендегі бала күні эмоцияларға, толы болғадықтан, кешке оның шаршап шалдығуы мүмкін.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілегі талаптануы оның елестерімен беріледі. Талаптарына ыңғайлана бастайды. Бала әрекеті енді тартымды заттармен тікелей байланысты емес, заттарды елестету, керекті нәтижелер, келешекте оған қол жеткізу негізінде болады.
Эмоциялық алдын-ала білу механизмі А.В.Запарожец еңбектерінде көрсетілген. Жалпы мінез-құлық құрылымында аффектінің функцияналды орны қалай өзгеретіндігі, оның зерттеулерінде көрсетілген. Сәбилік кезеңдегі және мектепке дейінгі кезеңдегі бала мінез-құлқын тағы да салыстырып көрейік. 3 жасқа дейін жеке әркеттерінің ерекше салдары уайымдалады, олардың үлкен адамның бақылауы — яғни, баланың орындағаны үшін мадақтау немесе жазалау. Уайымдау, әрекет мадақтауға немесе жазалауға ие болады, ол неге алып келеді, деген пайымдаулар әрекет кезінде де, алдын-ала пайда болмайды. Бұл жағдайда аффект соңғы орында болады.
Бала өз мінез-құлқының әрекеттерін жақсы, әлде жаман екендігін алдын-ала біледі. Егер, ол тиісті мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейтін, нәтижелерді алдын-ала болжаса, мүмкіндігінше жазалау немесе мадақтау, балада эмоциялық жағдай - аландаушылық пайда болады және керек емес әрекеттерді тоқтатуға қабілетті болады. әрекеттің тиімді нәтижелері алдын- ала білу және үлкендер тарапынан ынталандыру эмоцияларымен байланысты. Үлкен балаға керекті эмоциялық образды жасауға көмек бере алады. Мысалы, бала-бақшада тәрбиеші балалардан қызу ойыннан кейінгі бөлмені тез арада ретке келтіруді талап етудің орнына, олардан кейін, таза әдемі ойын бөлмесіне келген кіші топ үшін, олардың жинағандары қандай қуаныш әкелетіндігі жөнінде айта алады. Балалардың саналылығынан гөрі, олардың эмоциялық қиялына бағытталған тілектер тиімді болады. Осының негізінде, мектепке дейінгі кезеңде іс- әрекеттің басынан аяғына дейін аффект байқалады. Аффект (эмоциялық образ) мінез-құлық құрылымында алғашқы блімі болады. Іс-әрекет салдарынан болатын эмоциялық механизмнің алдын-ала білу, бала әрекстінің эмоциялықрегуляциясыныңнегізінде болады.
Бұл кезеңде эмоциялық үрдістердің құрылымы да өзгереді. Сәбилік кезеңде олардың құрамына вегетативті реакциялар қосылған болатын: ренішті уайымдау, бала жылады, төсекке құлайтын, бетін қолымен жапты, байланысы жоқ сөздерді айқайлайтын, ашу үстінде ол қызаратын, қолына түскен затты сындырады және т.б. Осы реакциялар мектепке дейінгі кезеңде де сақталады, бірақ көп балалардың эмоциясын сыртқа шығаруға ұстамдырақ бола бастайды. Эмоциялық үрдістер құрылымына вегатативті компоненттерден бөлек енді қабылдаудың күрделі түрі, образдық ойлау, қиял кіреді. Бала дәл сол сәтте орындалып жатқан ісіне қуанып немесе ренжіп қоймайды, сонымен қатар енді орындалатын іс-әрекетіне де қуанып немесе ренжитін болады. Пайымдау күрделі әрі терең бола бастайды. Аффектілер мазмұны өзгереді - балаға тән эмоция шеңбері кеңейеді. Әсіресе мектепке дейінгі балаларда басқаға аяушылық, көңіл-күйіне ортақтасу сияқты эмоциялардың пайда болуы маңызды, оларсыз балаларда қарым-қатынастың күрделі түрі және бірлескен іс- эрекеттің болуы мүмкін емес. Эмоциялық аймактың дамуы елестетудің дұрыс қалыптасумен байланысты. Баланың образдық елестері эмоциялық сипатқа ие, және оның барлық іс-әрекеті эмоцияға бай болып келеді. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың барлық әрекеті - ойын, сурет салу, құрастыру, мектепке дайындық, үй шаруасында анасына көмек беру және т.б.
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың өзіндік санасы. Сәбилік кезеңде бала бойында өзіндік сананың тек ұшқындарын ғана байқауға болатын еді. Өзіндік сана мектепке дейінгі кезеңнің соңында жеке тұлғаның және ақыл-ойдың қарқынды дамуына байланысты қалыптасады, ол мектепке дейінгі кезеңнің жаңа білімінің орталығы болып табылады.
Өзіндік бағалау кезеңнің екінші жартысында алғашқы таза эмоциялық бағалау («Мен жақсымын») және басқаның мінеі- құлқын рационалды бағалау негізінде пайда болады. Бала алдымен басқа балалардың әрекетін бағалай бастайды, содан кейін - өзінің жеке әрекеттерін, адамгершілік сапаларын назар аударады. Адамгершілік сапаларын бала өз мінез-құлқы бойынша, отбасында және қатарлас құрбыларының ұжымындағы норма- лармен сәйкес немесе бұл қатынастар жүйесіне кірмейтін негізгі түрлерімен салыстыра бағалайды. Оның өзіндік бағалауы сол себептен, әрдайым сыртқы бағалаумен, ең алдымен - жақын адамдарының бағасымен сәйкес келеді.
Тәжірибелік біліктілігін бағалай отырып, 5 жасар бала өз жетістіктерін шектен тыс мақтайды. 6 жаста өзін-өзі жоғары бағалаусақталады, бірақ бұл уақытта балалар өздерін бұрынғыдай ашық түрде мактамайды. 7 жаста көпшілігінің өзіндік бағалауы тепе-тең бола бастайды.
Жалпы мектепке дейінгі кезеңде өзіндік бағалау өте жоғары, бұл балаға іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге көмек береді. Мектепке дайындық сияқты оқу түрлеріне ешқандай күмәнсіз, қорқынышсыз қосылады. «Мен» тепе-тең образы бала білімінде қалыптасады. Бала өзінің жеке тәжірибесінен (мен не істей аламын, мен қалай істедім) және ол үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау негізінде қалыптасады.
М.И.Лисина мектепке дейінгілердің өзіндік санасының дамуы отбасы тәжірибесінің ерекшеліктеріне байланысты деді. Өзіне сенімді балалар, ата-анасы жеткілікті көңіл бөлетін отбасында тәрбиеленеді: ақыл-ой және дене бітістері жақсы бағаланады, бірақ басқа құрбыларына қарағанда олардың даму деңгейі жоғары деп есептелмейді; мектепте үлгерімі жақсы болады деп болжайды. Мұндай балаларды көбінесе мадақтайды, бірақ сыйлықтармен емес, қарым-қатынастан бас тарту негізінде жазалайды. Өзіне сенімсіз балалар, оларға қөңіл аз бөлінетін отбасында өседі, төмен бағалайды, жиі жазалайды, кейде тіпті бөтен адамдардың көзінше; мектепте жетістіктерге және келешекте маңызды жетістіктерге жетеді деп сенбейді. Өзін-өзі жоғары бағалайтын балаларды отбасындағылар оларды құрбыларынан гөрі аса дамыған деп есептейді; балалардың және үлкендердің көзінше жиі мақтайды, анда-санда жазалайды. Ата-аналар, олардың мектепте өздік оқушы болатындарына сенімді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі бала оны тәрбиелеуші үлкендердің көзқарасы бойынша өзін бағалайды. Егер де отбасының бағасы баланың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда оның өзіне деген сенімі төмен болады.
Дамудың тағы бір жолы - өзіндік сана өз уайымын сезіну. Сәбилік кезеңде ғана емес, мектепке дсйінгі, кезеңнің алғашкы сатысында балада әртүрлі дайындаулар болады. Оның эмоциясы мен сезімін былай жеткізуге болады: «Маған куанышты», «Мен ашу». Мектепке дейінгі кезеңнің соңында, ол өзінің эмоциялық жағдайын болжап оларды сөзбен жеткізе алады: «Мен қуаныштымын», «Мен ашулымын».
Бұл кезеңге жыныстық сәйкестендіру тән: балалар өзінің ұл немесе қыз екенін түсінеді. Ұл балалардың көпшілігі күшті, батыл, ренжімеуге және бір жері ауырғанда жыламауға тырысады; қыздардың көпшілігі — тиянақты, қарым-қатынас кезінде кербездеу болады. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында ұлдар мен қыздар барлық ойынды бірге ойнамайды, оларда тек қана ұлдарга және тек қыздарға арналған ойындарды ойнай бастайды.
6-7 жасар баланың өзінің бұрығысы есінде, өзінің осы кезеңін сезінеді және өзінің келешекте қандай болатындығын елестете алады: «Мен кішкентай болғанда», «Мен үлкен болғанда».
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың өзіндік санасына негізгі компоненттері: өзіндік бағалау, өз уайымдарын сезіну, жыныстық сәйкестендірілу, өзін уақытта сезіну болып табылады.
Мектепке дейінгі кезең - адамдардың қарым-қатынасын тану кезеңі. Бала оларды, оның негізгі әрекеті болып табылатын сюжетті-рөлдік ойында бейнелейді. Ойын арқылы ол өз құрбыларымен карым-қатынас орнатуды үйренеді.
Мектепке дейінгі кезең - шығармашылық кезеңі. Бала сөйлеуді шығармашылық тұрғыда меңгереді, шығармашылық қиялы пайда болады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада өзінің елестік- образдық динамикасына бағынатын ерекше логикалық ойлауы болады.