Тазарту клизмасын Қою

Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту жэне нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен жэне желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дэрілік жэне майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зэр бөліну жэне кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек жэне анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операңия жасаганнан кейінгі бірінші күндерде, анус аймагындагы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаган гсморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: үштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолгапты, мақта немесе дэке тамнондарын, пинңетті, шылапшынды, дэрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дагы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, эжетханалық қагазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюга арналган контейнерді (ҚЖАК).

Іс-эрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты кермемен (агаш рамаларга матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Эсмарх крушкасына 20-22°С температурасындагы 1,5-2 л суды қүйып, қысқышты жабыңыз.

6. Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған үштықты кигізіңіз, оның үшына вазелин майын жагыңыз.

7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

Ю.Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушегка бойымен созылган болуы керек.

ІО.Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, қүйғыш кайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сүйықтықты шылапшынға қүйыңыз.

П.Қүйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

12.Қүйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы үшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.

13.Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.

14.Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

15.Сифон клизмасына арналған жүйені жэне қүйғышты зарарсыздандыру ертіндісіне салып қойыңыз.

16.Қолгапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналган контейнерге салыңыз.

17.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДНЦННАЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ТӨС СҮЙЕК

ПУНКЦИЯСЫНА ДАЙЫНДАУ

Мақсаты: диагностикалық: қаи ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.

Қарсы корсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма үстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта жэне дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, 70% спиртті, 5% спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рүқсатын алыңыз.

2. Дэрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

3. Төс сүйегі ІІІ-ІУ қабырға аралық деңгейде тесіледі.

4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дэрігерге комектеседі.

5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

6. Науқасты беліне дейін шешінуін сүраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен копшіксіз жатуына көмектесіңіз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бүғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5% спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70% спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

9. Жүмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2% новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІУ қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.

10. Кассирскийдің пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине үшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

11. Дәрігер тос сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке қүяды.

12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спирттелген йод немесе 70% спирт ерітіндісімен оңдеңіз, залалсыздандырылған дэке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.

14. Қолғапты шешіңіз.

15.Қолданған қолғаптарды, шприңтерді жэне мақта шариктерін қауіпсіз жоюга арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды сабындап жуып, қүрғатыңыз.

17. Науқасты палатаға апарыңыз.

18.Материал кепкеннен кейін заттық эйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.

Ескерту: Кассирский инесі - бүл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен жэне қалқаншадан түрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.

СИФОН КЛИЗМАСЫН қою

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышгы, улы заттарды, нәжісті шығару жэне ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда жэне ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда наукасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек жэне анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операңия жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны қүйғышты, 20-22°С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз үшына 30-40 см үзындығына вазелин майын жағыңыз.

6. Сол колдың I жэне II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз үшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

7. Резеңкеге қүйғышты жалғастырыңыз, қүйғышты еңкейткен қалыпта науқастың боксе деңгейінде үстаңыз.

8. Дайындаған қүйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

9. Қүйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), қүйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.

П.Сол қолдың I жэне II саусақтарымен бокселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алгаш 3-4 см кіндік багыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

12.Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастаганда науқасты ішпен терең дем алуын сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын озгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нэтижесі болмаса, үштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

13.Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен үштықты шығарып алыңыз.

Н.Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сүйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте үстауын сүраңыз.

15.Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

16.Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

17.Қолданылған үштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

16..Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

19.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға

арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:

- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нэжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;

- агониялық іш қатуда судың температурасы 12-20°С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық - жоғары (37-42°С-қа дейін), іш қатуда - 20-25°С;

- егерде науқас нэжісі аз молшерде гек сумен ішекті босатса, онда наукасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау кажет.

Наши рекомендации