Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл – ой мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз үрдісі деп атап көрсетті.

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып, оқушы-ның білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл – ой қабіле-тін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат – мүддесін айқын-дауға, жеке басылық қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі осы үздіксіз тәрбие үрдісінің ғана жемісі болмақ.

Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.

Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындау- дың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінің, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігіген кездеседі.

М.М. Мұқанов өзінің «жас және педагогикалық психология» деген еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілетінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру үшін берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның мәтіні беріледі. Осы мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып, бала оны жаттап алады.

Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс - әрекетінің дамуына көмегін тигізеді. Біздің зерттеу жұмысымыздың қарастырып отырған негізгі объектісі бастауыш сыныптағылардың оқыту үрдісіндегі танымдық іс-әрекетті дамыту болғандықтан:

· Оқыту үрдісінің ерекшелігі;

· Оқыту арқылы жаңа және қызықты білімді меңгеру;

· Оқыту ақыл береді;

· Білім алу топпен бірге өтеді;

· Оқыту білімділік пен сауаттылық береді;

· Оқыту мұғалімнің жеке ерекшелігі негізінде көрінеді;

· Жақсы баға алумен көрсетіледі.

Қандай іс - әрекет болмасын қиын құрылымнан тұрады. Іс - әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды.

Бастауыш мектепте оқыту іс - әрекеті жетекші болады. Сондай – ақ танымдық іс - әрекеттің үрдісінің жүйелі қалыптасатын кезеңі. Бастауыш мектеп жасының ерекшелігі мен маңыздылығын терең зерттеген психолог ғалымдар Д.Б Эльконин, В.В Давыдов, олардың ісін жалғастырушылар Л.И. Айдарова, А.К. Дусавский, Г.А. Цукерман және тағы басқалары.

Д.Б. Эльконин мектепке баланың қатынас жүйесі әлеуметтік ортаға байланысты құрылады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік қатынасының екі ортасын көрсетті: «бала - ересек» және «бала - балалар». Бұл жүйелер ойын іс - әрекетіне байланысты. Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, И.С. Славина осыны эксперименттік жолмен көрсетті. Біріншіден, үлкендер баладан: «Сен қалай оқисың?» деп сұрайды. «Бала - мұғалім» жүйесі біртіндеп бала өмірінің негізгі ортасы болады, өмір шарттарының барлық жағымды жақтары осыған байланыстырады. Яғни «бала - мұғалім» жүйесінде бірінші «бала - қоғам» қатынастары жүзеге асады. Осындай қарам – қатынастардың барысында белгілі нақтылы жағдай іс - әрекетке қатысушылардың талқысына түседі. Бұны С.М. Жақыпов еңбегінде «нақты жағдайларды талдау» деп көрсетіп, оны әр түрлі тұрғыдан байқайтындығын айтқан. Бұл әлеуметтік ситуация баланың дамуы үшін ерекше іс - әрекетті талап етеді. Бұл іс - әрекет оқыту іс - әрекеті деп аталады. Ал, бірақ осы іс - әрекеттің орындалуының мәні мен мағынасы танымдық іс - әрекеттің негізінде қабылданады.

Сөйтіп, «қандай да болмасын оқу үрдісінің нәтижесін оқушылардың өз бетінше танымдық іс - әрекетінен, оқытушы мен оқушының біріккен іс - әрекеті арқылы оқу мен оқыту үрдісінің органикалық үйлесуі пайда болады» деп көрсеткен. Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата – аналар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс - әрекеттердің ішінде ойлаудың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден «сен мүлдем тырыспайсың» деген сөз естиді. Бірақ ол «тырысу» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшін де өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі.

А.В. Скрипченко бастауыш мектеп оқушыларының математикалық ойлауы қабілеттік пен талдап қорытуға байланысты, ол эксперименттік жолмен 2 – ші сынып оқушылары 3 – ші, 4 – ші сыныптарға қарағанда қабілеті жоғары болады деп көрсетті. 2 – ші сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетіне ересектер жақсы әсер етсе, олардағы білім болашақта соғұрлым терең және тиянақты болады.

В.В. Давыдов пен Д.Б. Элькониннің еңбектерінде оқыту іс - әрекеті мынадай компоненттерден тұрады: 1. Оқыту тапсырмасы. 2. Оқыту әрекеті. 3. Бақылау .

Осы компоненттер арқылы оқушының психикалық дамуы жетекші роль атқарады. Бастауыш мектеп оқушыларының теориялық білімінің шеберлііне сүйсініп іс қылуын меңгеру («оқи алу - шеберлігі»), болашақтағы ғылымның негізі болады.

Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қана қоймай, өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды.

А.С. Выготскийдің теориясымен басқа психологтарда 6-7 жастағы бала өміріндегі дағдарыс кезең болып табылады, - деді. Бұл жастаға балалардың танымдық іс-әрекетінің дамуын педагогикалық – психологияның статусына жоспарлаудың мазмұны 4 – кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1. Танымдық іс - әрекет аймағы, ойлаудың даму деңгейі, оқыту әрекеті арқылы ақыл – ой әрекетінде ішкі жоспарын құру, тілдің даму деңгейі бастауыш сынып оқушыларының жазу мен сурет салу моторикасын дамыту;

2. Бастауыш сынып баланың танымдық іс - әрекетін қарым – қатынастың тигізетін ерекшелігі: құбылыстармен араласу арқылы коллективтік іс - әрекетке, келіспеушіліктерді достық жолмен шешуге үйренеді, педагогпен қарым – қатынасы, мұғалімге деген құрмет, әлеуметтік және этикалық өлшемдерді сақтау;

3. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшелігінің аймағы, оқу мотивациясының жеке ерекшеліктері, мектепке тұрақты эмоциялық қалыпты сақтаудың әсері;

4. Оқушы іс - әрекетінде мектептің жүйелілік принципінің тигізетін әсері, мектеп туралы, мұғалім туралы оқытудың маңыздылығы туралы дұрыс сезімнің қалыптасуы арқылы әсер ету.

Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш мектеп оқушыларының психикасын дамыту мәселесі.

Зерттеулерде бұл мәселені психология ғылымының дәстүрлі анықталған жолдарымен қарастырады: бастауыш мектеп оқушыларының психикалық даму заңдары мен шарттарын балаларда жүйелілік бақылау жодарымен оқыту, тәжірибе жүргізу жолдары арқылы танымдық іс - әрекеттің нақты ерекшеліктерін бала жасының бір қалыптасқан жас кезеңінен екіншісіне өткен даму кезеңін анықтайтын жолдар көрсетті.

Осы жолдар арқылы оқытуда баланың танымдық іс - әрекетін салыстырып және зерттеуден алған нәтижелердің сапасындағы өзгерістер дамудың дұрыс жағын көрсетеді.

Түсініктемелер негізінде психологиялық теориялар құрылады. Басқа сөзбен айтқанда бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері:

1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау;

2. Оқытуға дейінгі сақталу прпинципінің деңгейін анықтау;

3. Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой – пікірлердің байланысын зерттеу.

Оқыту үрдісіндегі танымдық іс - әрекеттің дамуы бастауыш мектептің жас ерекшелігіне байланысты теориялық білімнің мазмұны жетекші іс - әрекет болып табылады.

С.Л. Рубинштейн адамның білімі ойлау әрекетімен (абстрактілі, талдап қорыту және т.б.) бірлікте көрінеді. «Білім субъектінің танымдық іс - әрекетінің қатынасынсыз туындамайды және танымдық іс - әрекетінсіз дәлелсіз болады».

Сондықтан да білім бір жағынан, ойлау әрекетінің нәтижесі ретінде, екінші жағынан осы нәтижені алған үрдіс ретінде қаралады.

Д.С. Смирнов танымдық іс - әрекетті жүйе ретінде қарастыра келе былай деді: Танымның қандай болмасын нақты актілері танымдық іс - әрекет барысында басталады, мысалы, дүние туралы негізгі көзқарас, оны бейнелеу кейіннен тиянақтау, толтыру, түзету.

Танымдық іс - әрекеттің негізінде берілген білім баланың есінде ұзақ сақталып, өз нәтижесін көрсете алады.

Д.Б. Элькониннің «Жас өспірімдердің психикалық дамуын қандай іс - әрекет алға бастайды» деген мақаласында мынадай үш түрлі қағиданы негізге алады: «жетекші іс - әрекет», «психикалық жаңа білім», «жас дағдарысы». Осы ұғымдарды бастауыш мектепке баланың танымдық іс - әрекетінің дамуына әсер етуі, біріншіден, жетекші іс - әрекеттің мазмұнына және осы жастың негізгі бағытының дамуына байланысты деп қарастырады. Екіншіден, жетекші іс - әрекет бастауыш мектепте оқыту болғандықтан оларда психологиялық жаңа білім қарастырады. Үшіншіден, мектепке түскен бала үлкен дағдарысты бастан кешіреді.

Жоғарыда айтылған мектепке бейімделу бірінші жарты жылдықта болады. Бұл жаста мынадай бейімделулерден өтеді:

· Мектепке баланың әлеуметтік – психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасауы (сынып коллективіне үйренуі, балаларға қойылатын бірдей талапқа, құрбалары мен мұғалімнің қарам – қатынас мөлшерінің қалыптасуына) керек;

· Оқыту үлгеріміне балалардың психологиялық дайындығын көтеруге, білімді меңгеруге, танымдық дамуына көмектеседі;

· Оқыту бағдарламасына бейімделеді.

1 - ші сынып соңында баланың мектепке бейімделуі аяқталып, баланың танымдық әрекетінің дамуы 2 - ші сыныпта басталады. Сыртқы даму іс - әрекетінің және оқытудың барлық түрінің әсері ішкі логикалық ақыл – ой операциясының қалыптасуына танымдық іс - әрекеттің дамуы арқылы қол жеткізеді.

Наши рекомендации