Органикалық түйсіктер
Органикалық түйсіктерге аштықты, шөлдеуді, тоюды денсаулықты, ауру жағдайды, сергектікті, шаршауды түйсінулержатады. Бұл түйсіктердің рецепторлары ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан: өңеште, карында, ішекте, қантамырларында, өкпеде, және т.б. Органикалық түйсінулер көпжағдайда эмоциялық толығумен ерекшеленеді. Мысалы: аурудытүйсіну немесе аштыкты түйсіну ерекше қолайсыз жағдайдағыкөңіл күйде болады, ал денсаулықты немесе тоюды түйсінуде өтежағымды жағдай ретіндегі көңіл-күйді бастан кешіреміз.
Адаптациядеп түйсік мүшелерінің сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге бейімделуін айтады.
Тітіркендіргіштің әрекетінің өзгеруімен сезгіштік те озгереді. Күшті тітіркендіргіштерде сезгіштік артады, ал әлсіз тітіркендіргіштерде сезгіштік азаяды. Сондықтан да адаптация жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Күшті адаптация сипай сезу түйсіктерінде немесе әлсіз қысымда байқалады. Біз көп жағдайда киімнің ауырлығы мен қысымын сезбейміз, көзілдіріктің қысымын түсінбейміз. Кейде көзде тұрған көзілдірікті іздеп әуре боламыз. Адаптация көру,температуралық, иіс және сипай сезу түйсіктерінде күшті болады,ал есту және ауыру түйсіктерінде әлсіз байқалады.
Түйсінулердің қарқындылығы тек тітіркендіргіштің күшіне ғана байланысты емес, рецептор адаптациясының деңгейіне, сонымен қатар қазіргі кезде басқа да сезім мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезім мүшелері тітіркендіргіштерінің әсерімен анализатордың сезгіштігініңөзгеруін түйсінулердің өзара әрекетідеп атайды.
Сенсибилизациядеп анализаторлық және жаттығулардыңөзара әрекет ету нәтижесінде сезгіштердің (лат. «еn»іbі1і» - қазақша сезімтал мағынасында қолданылады) артуын айтады.
Сенсибилизация- тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйкеорталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық қүбылыс.
Синестезия(гректің сөзі - «уnаі» tһе «і», қазақшасы - қосарласқан түйсік). Кейбір адамдардың түйсінулеріндесинестезия деп аталатын құбылыс байқалады. Бұл екі түйсіктің біртұтастүйсікке бірігуі. Синестезияның ерекше жиі кездесетін түрлерінің бірі «түсті есту» деп аталатын түрі, онда дыбысты түйсіну - шу, тон, музыкалық аккорд - көру бейнесін шақырады, жарықты немесе түсті елестету.
§2.2 Қабылдаудың негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдау механизмдері (биологиялық ритмдері)
Қабылдау дегеніміз- дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Мысалы, үйді, қаланы, ағашты, музыканы, суретті қабылдаймыз. Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз түсі, иісі, түрі, температурасы және т.б. қасиеттері бар белгілі заттарды қабылдаймыз. Біз сонымен қатар заттар мен құбылыстарды кеңістік пен уақытта кабылдаймыз. Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін жекелеген заттар мен құбылыстарды ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализтік-синтездік қызметі болып табылады. Қабылдау түйсіктер сияқты, осы негізгі мүшелері бойынша көру, есту, дәм және т.б. түйсіктерге жіктеледі. Біздің өмірімізде негізгі рөлді атқаратын көру және есту қабылдаулары. Сонымен қатар аралас қабылдауларболып бөлінеді. Олардың бірдей мәні бар, біреу емес, екі немесе үш сезім мүшелері жұмыс істейді. Аралас қабылдауға мысал ретінде дыбысты кинокартинаны, теледидардынемесе операны көру-есту қабылдауын айтуға болады. Әрбір қабылдаудың құрамына түйсіктермен бірге бұрынғы тәжірибе мен қалыптасқан білім кіреді. Сонымен, қабылдау үрдісіне ес қызметі де қатысты. Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Кез-келген қабылдау пікір арқылы іске асады. Мысалы: «бұл адам», «бұл кітап», «бұл үй» және т.б. Адамның қабылдауы- заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне әсер еткен жай бейнесі ғана емес, сонымен қатар бар тәжірибенің негізінде ой елегінен өткен, талқыланған бейнесі болып табылады.
Қабылдауда эмоциялық көңіл-күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдауды құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойларымен байланысты сезімдер жатады. Сондықтан да біз «көңілді» немесе «көңілсіз» пейзаж, «қайгылы шөл дала», «қуанышты», «күлімсіреуді» және т.б. қабылдаймыз. Сезімдер қабылдаудың белсенділігін арттырады. Қабылдау үрдісінде зейінерекше рөл атқарады, ол қабылдауды белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын (толықтық дәлдік және анықтылық) дамытады. Зейін сияқты қабылдау даерікті және еріксізболып бөлінеді.
Еріксіз қабылдау деп алдымызға алдын ала мақсат қоймай, нысанды алдын ала таңдамай іске асатын қабылдауларды айтады.
Ерікті қабылдау деп алдын ала мақсат қойылып, қабылдау нысаны таңдалып іске асатын қабылдауларды айтады.
Белгілі бір саладағы заттарды ерікті түрде жүйелі және ұзақ қабылдауды бақылау деп атайды. Мысалы, біз біраз уақыттың ішінде алма ағаштарының гүлдеуі қалай іске асатындығын бақылайтын болсақ, баланың тілінің дамуын бірнеше жыл бойы бақылауға болады. Адамның бір жүйелі, ұзақ жоспарлы қабылдауларға қабілеттілігін бақылағыштық деп атайды.
Апперцепция - қабылдаудың жеке тұлғаның ерекшеліктеріне,оның өткен тәжірибесіне, мамандығына, қызығуына тәуелділігі. Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау үрдісі сыртқы әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттердің бірі. Бұл адамның сыртқы қабылдау кезіндегі психикалық күйіне де байланысты. Адам қабылдауының құрамына енгізілетін психиканыңмазмұның апперцепция деп атайды.
Қабылдау қоршаған ортаның заттары туралы абсолюттік түрде дүрыс тусінік бере бермейді. Кейде заттарды біз теріс, өзгерген түрінде қабылдаймыз. Осындай теріс, өзгерген түрде қабылдауды иллюзиядеп атайды.
Иллюзиядан галлюцинацияны айыра білуіміз қажет. Иллюзия қабылданатын затты теріс қабылдау, ал галлюцинациялар - бұл жалған қабылдаулар. Галлюцинация - жоқты бардай қабылдау, жалғанқабылдау.
Кеңістік пен уақыт - материя дамуының негізгі түрлері, заттар мен құбылыстар кеңістіктен орын алады да уақытқа байланысты өзгереді. Біз кеңістікті қабылдау туралы айтқанымызда, заттардың кеңістіктегі түрлерін қабылдау туралы, олардың кеңістіктегі көлемін қабылдау және кеңістіктегі қатынастарды қабылдау жөнінде айтқымыз келеді.
Монокулярлық қабылдау(бір көзбен қарау) төмендегіше іске асады. Заттың көз сәулелеріне әсер етуі, бұл заттың бейнеленуі, хрусталик арқылы сынады және көздің торында фотоаппарат сияқты кері бейнелеу пайда болады. Кеңістікті монокулярлық кабылдау толық еместігімен, дәл еместігімен ерекшеленеді.
Көп жағдайда біз заттар мен құбылыстарды екі көздің көмегімен қабылдаймыз. Оны бинокулярлық қабылдау деп атайды. Кеңістіктің тереңдігін ондағы заттардың жағдайын қабылдауда бинокулярлық қабылдаудың маңызы ерекше. Тек екі көзбен көру арқылы ғана тереңдікті дұрыс қабылдауға болады. Көбінесе адамдар бағдарды - беталысты күнге, жұлдызға, айға, ағаштың жапырақтарына, желдің соғуына тағы да сол сияқты заттарға қарай ажырата алады. Кәсібі кеңістікпен байланысты адамдар (малшы, керуенші, жүргізуші т.б.) кеңістікті күндіз де, түнде де, не боранды күнде де дұрыс қабылдай алады. Жақын жерді қараған кезде хрусталик шар тәріздес, ал алыс қашықтыққа қарағанда ол тегіс болады. Осындай көздің өте жақсы көруге бейімделуі аккомодация деп аталады. Көздің аккомодациясы үш өлшемді- қашықтықты, тереңдікті, жер жағдайын қабылдағанда ерекше мәні зор. Екі көздің көмегімен кеңістіктегі қатынастар толық және дәл қабылданады. Мысалы, бинокулярлық үшінші өлшем өте дәл қабылданады. Үшінші өлшемде (қашыктык, тереңдік) бинокулярлық қабылдауда (екі көзбен) көздің конвергенциясыныңүлкен мәні бар.
Конвергенция- бақыланатын объектінің бейнесі екі көзге бірдей мейлінше жақсы көрінетін алаңға келетіндей етіп көздердің қиысуы.