Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың микросанын заманауи жабдықтармен сараптау әдісі.

Зертханалық жұмыс

Құрал -жабдықты әдіс - заттардың физикалық сипаттамаларын анықтауға арналған, арнайы құрал-жабдықтар пайдаланылатын сараптау әдісі.

Физикалық әдіс- сарапталатын заттың физикалық қасиеттерін тікелей анықтау әсдісі.

Құрал-жабдықты әдісті заттардың органикалық және бейорганикалық сараптауына химия, экология, биология, технология салаларында кең пйдаланады.

Кұрал жабдықты әдіс сараптау негізіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
- спектральді
- хроматографиялық
- электрохимиялық
- радиофизикалық
- радиометрикалық
- масс-спектроскопиялық

Анықталатын концентрация диапазонына қарай:

макроәдіс 1-100%
полумикроәдіс 0,1 – 1%
микроәдіс 10-6 – 0,1%
ультрамикроәдіс 10-9 – 10-6%

Сараптамаға қажетті сынақ үлгісінің көлеміне байланысты:
макроәдістер (0,1 – 1) г; (0,1 – 10) мл
жартылаймакроәдістер (0,01 – 0,1) г; (0,1 – 1) мл
микроәдістер (10-3 – 0,01) г; (0,01 – 0,1) мл
ультрамикроәдістер (10-9 – 10-6) г; (10-3 – 10-4) мл

Құрал жабдықты әдіс келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Сезімталдылық - 0,95 сенімділік көрсеткішімен, ең аз мөлшердегі сараптау концентрациясын анықтай білу

Селективтілік - әдістің сараптамалық сигналдарын бір бірінен ажырата білу

Жүзеге асыру - параллельді бірнеше нәтижелердің сәйкес келуі

Нақтылық - нақты нәтижелерге алынған нәтижелердің сай келуі, систематикалық қателіктерді анықтай білуі

Сараптау-бұл кейбір сұрақтарды,шешімдерді зерттеу арнайы бө-

лімдерді керек етеді,дәлелденген қортынды шығарылады. Сараптау- дың өткізу сараптаушыларға жүктеледі.

Сараптаушылар тәжирбелі мамндар,ғалымдар,арнайы білімдері бар мамандық дәрежелермен анықтау мен тауарларды салыстыруға жарайтын.Срапшылар зерттейтін өнімдерді жақсы білуі керек,олардың қасиеттерін бағалауға тіжірбиелері жеткілікті болуы керек.Сақтауды өткізуге коммисия құрылады,олар екі бөлімнен тұрады:

1).Сараптаушы бөлім.

2).Жұмыс бөлімі.

Бұл тауардың құрамындағы мамандардың саны мен құрамы, олар- дың ұйымдастыру принциптері қойылған мақсатқа байланысты бо- лады,нормалық құжаттар бойынша белгіленеді.Сараптаудың негізгі бөліктері:

-субъект

-объект

-белгі

-әдістер

-орындау тәртібі

-нәтижесі

Сараптау объектісі-бұл тауарлардың тұтыну қасиеттері, субъекті- мен арақатынасы.

Субъект-бұл адамдар тұтынушылар.

Белгілер жалпы және нақты болып бөлінеді.

Жалпы белгілер-бұл қоғамда қалыптасқан нормалар мен құндылық-

тар осылар бойынша сараптаушылар тауардың тұтыну қасиеттеріне баға береді.

Нақты белгілер-ол отандық және шетелдік нормалық құжаттарда жазылған тауарларға қойылған нақты талаптар.

Сараптауды жүргізу әдістері екі негізге сүйеніп топталған:

1).Класстау негізі-бұл объектінің ерекшеліктеріне байланысты анықталатын жобалау және пайдалану кезінде анықталады.

2).Мамандардың мақсатын орындау ерекшелігіне және орындау құралдарына байланысты ерекшеліктер.Сондықтан жалпы әдістер комплексті және жедел,сараптық,әлеуметтік,есептік әдістер болып бөлінеді.

Сараптық әдіс негізгі болып табылады,оны бөлек сұрақтарды шешуге және жалпы сараптауды өткізуге қолданылады,әсіресе қортынды шешімдерді алуға.Мұнда екі неізгі түрлері қолданылады, олар сараптаушылардың құрамы бойынша бөлінеді:

a).Топтың негізгі сарапшысы әдісі.

b).Комиссиялық әдіс.

Тұтыну тауарларын сараптау екі сатыда өткізіледі:

a).Анализ-сараптаушыларды тауардың барлық қасиеттері туралы анықтамамен жабдықтау.

b).Бағалау-анализдің қортындылары бойынша беріледі,тауардың төтыну деңгейі жөнінде анықтама береді және дәлелденеді.

Сараптау тәжірибесінде комплекстік және жедел сараптаулар жобалау кезінде өткізіледі.

Комплекстік сараптау көптеп шығарылатын,бір немесе бірнеше, се- риялық өндірістегі,жалпы тұтынушыға арналған тауарларға жүргізі- леді.

Жедел сараптау-комплекстік сараптау нәтижесі бойынша тұтыну қасиеттерін сараптау,керекті сараптау талаптарын сақтай отырып са-

тау уақытын кемітуге болады.

Сараптаудың түрлері: -экологиялық

-экономикалық

-тауарлық

-технологиялық

-кедендік

-сот-құқықтық

Экологиялық сараптау-экологиялық көрсеткіштерді анықтау үшін жүргізіледі,тауардың адамға қоршаған ортаға әсері.

Экономикалық сараптау-сараптаушының білім экономикалық білім негізінде құқықтық байланыстар кезінде туындайтын жағдайларды есептеп шығару.

Тауарлық сараптау-сараптау объектілері бойынша екіге бөлінеді:

1.Азық-түлік тауарларын сараптау.

2.Азық-түлік емес тауарларды сараптау.

Тауарлық сараптау кезінде анықталады:

1.Тауардың сапасының мемлекеттік стандарттарға,сатушы мен алу- шының арасындағы келісім шарттарға сәйкес болуы.

2.Тауардың сортының шығару және тасымалдау кезінде төмендеуі.

3.Тауардың сапасының бағаға сәйкес болуы.

4.Бағаны өзгерту некеміту дұрыстығы.

5.Тбиғи кему мөлшері.

6.Тауардың жарамсыз болуы.

7.Бүлінген тауарларды есептен шығару

Тауарлық сараптама кезіндеоргонолептикалық және құжаттық әдістер қолданылады.

Технологиялық сараптама-зерттейді:шикізатты өңдеу технология- сы,технологиялық режимдерді сақтау.Одан басқа технологиялық процесстердің реті,керекті жабдықтар мен құралдарды таңдау.

Кедендік сараптама-кедендік тексеру кезінде жүргізіледі.Ол кезде анықтау химиялық, класстық, технологиялық, сертификаттық, мате- риалдық,тауарлық,бағалық,экологиялық,минералдық,криминалдық, мәдени сараптама жасалады.Бұл сараптамалар кедендік лаборатория- ларда керегінде мамандардыбасқа мекемелерден қосу арқылы өткізіледі.

Соттық-құқықтық сараптама-бұл тексеру заң тәртібінің талабы бо- йынша өткізіледі.Азаматтық және қылмыстық істер бойынша фактілер табуда қолданылады.

Сараптаушылардың қортындысы 3 бөліктен құралған: кіріспе, зерттеу және қортындылар.Кейде 4 бөлім синтездік.

Кіріспе бөлімде көрсетіледі-істің нөмірі мен аты,сараптаудың белгілеу себептері.

1.Сараптаманың аты мен нөмірі.

2.Сараптаманы белгілеген мекеме туралы мәліметтер.

3.Сараптаманы өткізудің құқықтық негіздері.

4.Материалдардың сараптамаға берілу күні,қортынды шығару күні.

5.Сараптама және сараптаушылар жөнінде мәліметтер.Аты жөні, білімі,мамандығы(жалпы және сараптаушылық),ғылыми атағы,дәрежесі,жұмыс орны.

6.Сараптамаға түскен материалдар тізімі.

7.Әкелу тәсілі,орау түрі,тексерілетін объектілердің реквизеттері және кейбір сараптау түрлерінде сараптама кезінде қатысқан адам- дар туралы мәліметтер(Аты-жөні,өске қатынасы).

8.Сараптаушының өзі қойған және өзі шешетін сұрақтар осы кіріспе бөлімінде келтіріледі.

Егер сараптау үстеме,қайта,комиссиялық немесе комплекстік болса кіріспе бөлімінде айырықша аталады.Үстеме және қайта сараптама болса,бұрынғы сараптаудың қортындысы келтіріледі және үстеме қайта сараптама белгілеудің себептері жазылады.

Кіріспе бөлімде эксперттің үлгілер алуда,салыстырмалы тексеруге, орынды көруге қатынасқаны көрсетіледі.

Зерттеу бөлімінде-сараптық зерттеу,оның нәтижесі және анықтал- ған фактілердің ғылыми түсініктемесі беріледі.Бұл жерде зерттелген объектілердің жағдайы,зертьеу тәсілдері,техникалық жағдайларды қолдану,анықтама нормалық материалдар көрсетіледі.

Синтездеу бөлімінде-беріледі:жалпы суммалық өткізілген зерттеуді бағалау,сараптаушылардың қортындысын дәлелдеу.Мысалы иденти- фикациялау зерттеуінде бірдей және әртүрлі болатын белгілерді ба- ғалауы беріледі,ол белгілердің тұрақты немесе тұрақты емес екен- дігін анықтайды.Синтездеу бөлімі әрқашанда бөліне бермейді,кейде оны зерттеу бөлімінің аяғында келтіреді.Бұл әсіресе біркелкі сарап- тамаларда кездеседі.

Қортынды дегеніміз қойылған сұрақтарға жауап болып табылады. Әрбір қойылған сұраққа жауап болуы керек,немесе жауап болу мүм- кіндігі жоқ екені дәлелденеді.Қортынды зерттеудің қортынды бөлігі- нің негізгі мәні болып табылады.Логикалық тұрғыдан қортынды-ол эксперттің ой-пікірі,істелген зерттеу жұмыстарының,белгілі білім деңгейін пайдаланады.Эксперттің қортындысының қандай болуына қойылатын талаптар:

1).Жоғары шеберлік принципі –бұл дегеніміз сараптаушы тек жоғары шеберлікті керек ететін қортындылар жасау керек.Ал егер шешілсе ол дәлелдеу ретінде есептелмейді.

2).Анықтық принципі-бұл дегеніміз екіұшты жауаптар болмауы керек немесе әртүрлі түсінетін қортындылар.

3).Мүмкіншілік принципі-бұл бойынша дәлелдеу кезінде қолданылған қортындыларды ерекше білім қолданбай түсінуге бола- тын болу керек.

Инденсификациялау зерттеулерінде екі түрлі қортындылар бола- ды: жеке ұқсастық,топқа жатқызу.Екінші жағдай егер жеке мүмкін болмағанда беріледі.

Классификациялық зерттеу-объектінің қай классқа,топқа жататы- нын анықтау.Классификациялық қортынды беріледі.

Ситуациялық зерттеулерде-(анaлиз бір жұмысқа немесе процесске жасағанда)қортындыны істің механизмі,кейбір бөліктері, жағдайы, уақыты,жері,қашықтығы,кезегі жөнінде беріледі.

Диагностикалық зерттеулкрде-мынаны анықтайды:бъектінің жағ- дайы,нормаларға сәйкес болуы(транспорттық-техникалық жағдайы, темір бұйымдарды ашық жерде сақтау жағдайы т,б).

Қортындылар логикалық формалар бойынша былай бөлінеді:

-нақты жауап және болуы мүмкін

-мүмкіндік және болған

-бір жауапты,альтернативті

-шартты және шарттсыз

-жақтайтын,қарсы

Құжаттарды жазу.Қортынды сараптаушы немесе сараптаушы- лардың қолы қойылған болу керек.Егер сараптау сараптаушы меке- меде жасалса осы мекеменің мөрімен расталады.Қортындыға қосым- шалар(фотосуретттер,чертеждар,фонограммалар,спектограммалар, хронограммалар т,б)сараптаушының қолы қойылып мекеменің мөрі басылады.Мұндай қосымшалар сараптаушылардың қортындысына иллюстрация болып табылады және оның бір бөлігі болады.

Қортындының әрбір бөлігіне сараптау өткізген адамның қолы қойылу керек.егер қортындыларды әртүрлі сараптаушылар жасаса әрбір қортындыға бөлек қол қойылу керек.Қортындыдан басқа,сараптау нәтижесінде қортынды шығаруға мүмкіндік жоқ екендігіне хабарлама берілуі мүмкін.Егер мұндай құжат қойылған сұрақтарды шешуге мүмкіндігі жоқ екені белгілі болса(зерттеу жүр- гізілмейді)жазылады.Зерттеу жүргізілмегендіктен сараптама өткізіл- меген деп есептеледі,ешқандай қортындыны сараптаушы бермейді.

Сараптаманы белгілеген мекемеге берілетін құжат болып, сарапта- ма жүргізу мүмкіндігі жоқ екендігіне хабарлама болып табылады.

Егер қойылған сұрақтар сараптаушының арнайы білім арнасынан шықса немесе берілген материалдар жеткізіліксіз болса,жазбаса түрде сараптау мүмкіндігі жоқ екендігі жазбаша түрде хабарланады

Дебиеттер тізімі

1. Степень Р.А., Паршикова В.А. Экология: Экологические проблемы товароведения. Учебное пособие для вузов. [Текст] - М.: Академия. – 2004. – 240 с.

2. Технический регламент Таможенного Союза "О безопасности продукции легкой промышленности" ТР ТС 017/2011, 2011г.

3.Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании"

4.Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности химической продукции".

5. Закон РК «О защите прав потребителей» от 04 июня 2010 г.

Наши рекомендации