Дәріс жоспары

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Тақырып: «ҰЙҚЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ»

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама _____________ 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

Дәрістің тақырыбы : Ұйқының физиологиясы

Дәрістің мақсаты: Ұйқының адамдар мен жануарлар тіршілігінде маңызын көрсету. Ұйқының пайда болуын және оны реттейтін механизмдерін түсіндіру.

Дәріс жоспары.

1. Ұйқының адамдар және жануарлар тіршілігінде маңызы.

2. Ұйқының түрлері.

3. Ұйқының кезеңдері.

4. Ұйқы кезіндегі ми қызметінің өзгеруі

5. Гипноз және иландыру.

¥йқы. Адамдар мен жануарлар тіршілігінде үйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тэулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мүндай үйқы біркезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда үйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалы) үйқы дейді. Сонымен бірге маусымдык үйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар эсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.

Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мэселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында канайналымы артады. Соның нэтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау үлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.

¥йқыға мұқтаждық адамның жасына жэне жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас үлғайған сайын тэуліктік үйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент - 21; 6 айлық жэне 1 жастағы бөбектер шамамен -14; 2-4 жастағы сәбилер -16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы естиярлар -10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер -8-9; ал ересек адамдар тэулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

¥йқының бірнеше түрі бар: қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік жэне шартты рефлекстік.

¥йқыға мүқтаждықтықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың үйқысының мерзімі эртүрлі келеді, тэулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық үйқысыз адамдар да байқалады.

Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тэулік ұйықтатпаса (деп-ривация) жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалык әсерленіс нашарлап, парасатты іс-эрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.

¥йқы мен сергектіктің жаратылысы туралы бірнеше үғымдар бар.

1 . Қанайналымдыц кагида бойынша, үйқы мен сергектік ми та-мырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды,

І.Гистологияяыц кагида үйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.

З.Химиялык цагида - үйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тілдерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды. Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы үйқы туғызады.

4. Гуморалдыц цагида үйқы кезінде қанда және жүлын
сұйықтығында "дельта-пептид заты" пайда болатынын анықтады.
Сонымен қатар, эдейі үйықтатпаған жануарлардың
миында "үйқы түрткісі" түзілетіндігі байқалды. Оларды басқа
жануарларға еккен кезде үйқы сы үзартылады.

5. Шартты рефлекстерді толып жаткан зерттеулер нэтижесінде
үйқыға кету жэне ояну кезеңдерін бақьілаудан, үйкының
мицыртыстыц цагидасы жасалды. Әсіресе, элсіз
тітіркендірулер, үзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды
сигналдар, үйыктату эсерін туғызатындығы дәлелденді.

И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді. Қорганыстыц тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе үзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен катар, ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалык жэне химиялық жаратылысы бойынша, біртекті күбылыстар деп тұжырымдайды. Олардың айырмашылығы., ішкі тежелу - жеке зоналарға бөлінген шала үйқы, ал нағыз үйқы - ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. Тәжірибелер арқылы үйқының тежелуге ауысатындығы, ал ішкі тежелудің (эсіресе кешігетін түрі) жануарларды үйықтататындығы анықталды.

¥йқы мен ішкі тежелудің жайылу және шоғырлану жылдамдықтар ы да өзара үқсас. Әдетте, адамда ішкі тежелудің жайылуымен шоғырлануы сияқты үйқыга кету мен ояну бірнеше минутқа созылады. Үйқы ішкі тежелу сияқты, оны туғызатын жағдайлар жиі-жиі қайталанса күннен-күнге тезрек пайда болады.

Ең ақыры, бүл екі қүбылысқа индукция бірдей тэн қасиет үйқылық қалып басталғанда, кейде қысқамерзімді қозу толқындары лап етіп, қимылдатқыш белсенділік қоса білінеді. Одан кейін терең ұйқы басталады. Осы қүбылыс балаларда, кейде үлкендерде де үйықтар кезде байқалады.

¥йқы мен сергектік арасындағы етпелі қалыптың аса зор маңызы бар. Бүл бірнеше кезден түрады, оның әрқайсысы рефлекстің шама-сына тітіркендіру күштің өзгеше қатынасымен сипатталады. Олар парабиозда байқалатын кездік қүбылыстарды еске салады, сондықтан аттары да үқсас.

Тецдеулік кез - бұның қалыпты сергектік жағдайдан айырмашы-лығы сол, күшті немесе элсіз, жағымсыз шартты сигналдар бірдей нэтиже шығарады.

Парадоксалды кез - бүрмаланған күштердің қатынасымен сипатталады: күшті шартты тітіркендірулер нашар, ал әлсіздері күшті жауап тудырады.

Ультрапарадоксалды кез - қарама-қарсы

эсерленістермен сипатталады. Жағымды тітіркендіргіш, шартты рефлексті тежейді, ал жағымсыз, керісінше шартты эсерленіс тудырады.

Наркотик кез - бұл ең алдымен элсіз тітіркендіргіштерге төмен шартты өсерленіс ісэрекетінің басылуы.

Тежегіш кезі - шартты рефлекстік іс-әрекеттің толык тежелуі (тер е ң ұ й к ьі) .

Мүндай кездер үйқы мен сергектік арасындағы өтпелі жағдайда ғана емес, жоғары жүйке іс-эрекетінің ауытқулары мен гипнозда да байқалады.

6. Үйцы орталыгы цагидасы мидың қыртысасты қүрылымында ұйкы мен сергектіктің арнайы орталықтары барлығын мақүлдайды. Өйткені, торлы қүрылымның белсендіруші эсері тиылған кезде жану-арлардың ұйқыға кететіндігі байқалады (П.К. Анохин). Ал, гипота-ламустың белгілі беліктерін тітіркендіргенде үйқыдағы жануарлар оянып, сергек жануарлар, керісінше, үйықтайтындығы анықталды (В.Гесс).

И.П. Павлов қыртысасты құрылымдарды тітіркендіргенде тэжірибелік үйқы келегіндігін көптеген деректермен дэлелдеді. Осы мәліметтер бойынша ұйқының белсенді тежегіш үрдісі түрінде жэне селқос, мида сезгіштік депривация (ұйықтатпау) нэтижесінде шығатын түрлері бар.

¥йқы мен сергектіктің жаратылысын тексерудің келесі кезеңі элек-троэнцефалография эдісінің дамуымен байланысты. Ол үйқы жэне сергектіктің мінездік көріністері -мен олардың электрофизиологиялық бейнелеуінің өзара қатынасын ажыратты. Сөйтіп, қалыпты ұйқы баяу және жылдам сатыдан тұратыны анықталды.

Баяу жэне жылдам ұйқы. ¥йқының баяу кезі үйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік жэне электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) белгілерімен сипатталады.

І(қалғу). Босаңсыған сергектіктен қалғи бастағанда басталып, 1-7 минутқа созылады. Бұл уақытта ЭЭГ-да айнымалы тербелісте оқтын-оқтын пайда болатын жэне жоғалатын альфа-ритм байқалады. ЭЭГ иректері тегістелуі, альфа-ритм жоюылуы, тета- жэне бета- толқын-дардың жэне жеке дельта- ритмдердің қабаттасуымен сипатталады.

Осы мезгілде көздің баяу (1-2 с) қимылы байқалады жэне бүлшыкет потенциалының шамасы азаяды.

Щсергек үйқы). Жиілігі 14 Гц (12-18 Гц), үлкен (200 мВ) тербелі-стер пайда болуымен көзге түседі. Осы кезде дельта- жэне тета-толқындар жазыла береді, бета- белсенділік көрінеді. Көздің қимылы болмайды, бүлшықеттің электр шамасы (ЭМГ) одан эрі төмендейді, бүл түнгі үйқының 50% -ін алады.

ІЩтерең үйқы). Электр көріністері К-кешендері мен ырғақты бел-сенділік (5-9 серпін/сек.) және шайқалу шегі 75 мкВ-тан жоғары дельта-толқындар (0,5 - 4 Гц) пайда болуымен үйлеседі, көздің қимы-лы мен үйқылық үлкен тербелістер толық жойылады. Мүны дельта-ұйқы дейді, оның ұзақтығы ұйқының осы сатысында 20%-тен 50%-ке дейін созылады.

ІҮ(жылдам үйқы). Жылдам үйқы сатысы - бет жэне мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тиылуымен ерекшеленеді, көздің шап-шаң қимылдары (0,5-1,5 с) кездеседі. Үйқының бүл жылдам саты-сында ЭЭГ-ның сыртқы көрінісі тек "қалғу" сатысындағы сияқты болады. Өйткені үйқы мінездік белгілері бойынша, бұл кезде терең болады да, адамды ояту, баяу сатыға қарағанда, оңай болмайды.

"Баяу-жылдам ұ_йқы" оралымы түнгі ұйқыда бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп, өзіне тэн биологиялық ырғақ жасайды. Үлкен адамда бұл ырғақтың кезеңі - шамамен 90-100 минутқа тең. Түнгі 7'/2 сағат-тық у_йқы кезінде осындай 4-5 оралым болады.

Жылдам үйқы да, дельта-үйқы да мидың қалыпты жағдайына өте қажет. Егер адамды үйқыдан айырса, қайтадан калпына келтіру кезеңінде ең эуелі дельта-ұйқының кемдігі толтырылады, одан кейін ғана жылдам үйқы қалыптасады. Сондықтан дельта-үйқы мидың қалыпты жағдайына ең бағалы, қажетті кезең. Жылдам үйқының қажеттілігі дельта-ұйқыға мүқтаждық қанағаттандырылғаннан соң айқындалады. Оның үзақтығы жалпы түнгі үйқының 15 - 25%-ін құрады, ал баяу ұйқы сатысы - 75 - 85%-ке созылады.

¥йқы құрылымы жас кезеңдеріне қарай өзгереді: мэселен, жаңа туылғандарда (тіршілігінің алғашқы аптасында) жылдам ұйқы сияк-ты жасына үйлес белсенді ұйцы кездеседі. Одан кейін жас ұлғайған сайын жылдам үйқының жалпы мерзімі қысқарады, сөйтіп мектеп жасында үлкен адамның нормасына (шамамен жалпы ұйқы уақытының - 20%-і) жетеді. Мүнда дельта-үйқының үзақтығы 20-30 жасқа дейін ұлғаяды, содан кейін жасқа қарай біртіндеп, оның үлесі азаяды. Ал 60 жаста жылдам ұйқының мерзімі көп өзгермейді, кейін ақырындап төмендейді.

Адамда баяу үйқы кезінде өзінше ерекшелігі бар белсенді психи-калық қүбылыстар байқалады. Сомиамбулизм немесе, үйқылы-ояу жүру, санасыз әрекет жасау, тек үйқының баяу сатысында кездеседі, ол кезде ЭЭГ-да дельта-толқындар жазылып алынады.

Бірнеше тэулік толық ұйықтамаған адамның мінезі біршама өзгереді: көмескі сөйлеу, жиі қателесу және қайталау, элсіреу, ықыласты талап ететін тапсырмаларға жоламау, істеріне немқүрайлы қарау кездеседі.

Ал егер тек жылдам үйқыдан айырса, онда кейігіштік, асқа заукы көтерілу, гиперсексуалдық күй туады, галлюцинация (елестеушілік) жэне сылтаусыз үрей пайда болады. Демек, жылдам ұйқы өнімсіз абыржу эсерленістерінен сақтайды.

¥йкының эрбір сатысыңда ми құрылымдарының әртүрлі электр белсенділігі байқалады. Жылдам сатысында - таламус, гипоталамус, орталық мидың торлы күрылымы, гипоками жэне ми қьіртысының көру аймағындағы нейрондар белсенділігі артады. Ал, баяу сатыда -сопақша мидың торлы қүрылымында, бадамша кешенінде электр белсенділігі өте күшейеді.

Сонан, үйқы сергектік жоқтағы, селқос қүбылыс емес, ол ми қүрылымының белгілі ісэрекеті нәтижесінен туатын белсенді үрдіс. Олар өзара иерархиялық байланыс жасап, біреуі үйқыға, басқасы -сергектікке жауапты жүйелер қүрайды.

Соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша, үйқы ми ісэрекетінің төмендеуінен пайда болмайтындығы, оның өз алдына мидың белсенді күйі екендігі дэлелденді, ұйқының эрбір түріне мидың белгілі құрылымдары жауап береді. Олар үйқыны үйымдастырып, мидың басқа бөліктерінің, оның қыртысы белсенділіктерін қадағалап отырады. Үйқьідан соң қысқамерзімді зерде, эмоциялық түрақтылық, психологиялық қорғаныс жүйесінің өзгерістері қалпына кел ед і.

Сондықтан үйқы мидағы "жайылған тежелу" емес. Ол - бел-сенділікті қайта күрып жалғастырып, сергектікпен салыстырғанда, ней-рондар жүмысын басқа режимге ауыстыратын, эрі жылдам жэне баяу ұйқыда эртүрлі болатын құбылыс.

Баяу үйқының, сергектік пен жылдам үйқыға қарағанда, ми қыртысы деңгейінде, таламус деңгейінде түпкілікті ерекшеліктері болады.

Сергектік жэне үйқы жағдайлары мидың эралуан деңгейінде орна-ласқан күрделі жүйелердің эрекеттесуі арқылы жүзеге асырылады. Сергектік күйді сақтау үшін ми қыртысына белсенді эсер ететін торлы қүрылымның түтастығы қажет. Сонымен бірге ми көпірінің алдыңғы бөлімінің ортаңғы, аралық мидың жэне лимбия жүйесінің амандыгы керек.

Сергектікте гипоталамус маңызды қызмет атқарады. Оның арнайы жерлерін тітіркендіргенде ұйықтап жатқан жануарлар оянады да, ал сергектері үйқыға кетеді.

¥йқының баяу сатысы сопақша мидың жік ядросыныц серотонин-с е з г і ш нейрондарының кьізметімен қамтамасыз етіледі. Ал үйқының жылдам сатысының көрсеткіштеріне ми көпірінің эртүрлі қүрылымы жауап береді. Егер ондағы көк дақты екі жағынан да бұзса, еттің тонусы төмендейді.

Үлкен ми сыңары қыртысы да үйқыны белсенді үйымдастырады. Ми қыртысы үйқының баяу сатысынсақтайды, ұйқының жеке сатыларын алмастыруға қатысады, үйқы кезеңіндегі кейбір қүбылыстарға ө з үлесін қосады. Ең ақыры ол ояну үрдісіне әсер етеді. Сөйіп, үйқы -организмнің бүкіл мидың түтас эректі жэне оны үйымдастыруга ортал ы қ жүйке жүйесінің эртүрлі құрылымдары өз үлесін қосады.

Түс көру. Түс көру - бүл адамның қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылкаулар айтарлықтай толық түс көрмейді. Бүл түс керудің ми қыртысы аркылы болатындығын дэлелдейді.

Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі - жүйкелік іздер теориясы. Егер И.М. Сеченов түс көруді "үйреншікті эсерлердің эдетте болмаған қисындасуы" деп есептесе, И.П. Павлов бойынша, "түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған бейнелік ізден туады". К. Юнгтың айтуынша, "түс көру - үйқы кезіндегі психиқалык эрекеттің калдығы жэне өткен күннің ой әсері мен кеңіл күйі". Түс көру барлык адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс керу жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді, кебнесе жыныстық сезімдермен үйлеседі.

Жылдам үйқы және онымен байланысты түс керу ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды орын алады. ¥йқының парадоксалды кезі бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзеге асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивациялық үрдістер тудырады. Адам дельта-үйқы кезінде де түс көреді, түсінде сейлейді.

Физиологиялык көзқарас бойынша, түс көрудің себептері - сергектік жағдайдағы психикалық іс-эрекетті іске қосатын мэдилік қүбы-лыстар.

Ал 3. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйесінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) ісэрекетінен туады.

Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы енделген оқиғалардың сөзсіз мэні барлығын дэлелдейді.

Түсінде оқыту кезінде үйқы шала, сергек болғындықтан адам жиі оянуға мәжбүр болады. Демек, бүл пайдалы болмайды, өйткені қалыпты үйқы адамның жұмысқа қабілеттілігі бұрынғы жағдайына келуі үшін қажет. Сондықтан қазіргі кезде гипнопедия жиі қолданылмайды.

¥йқы мен сергектікті ұйымдастыру. ¥йқы мен сергектіктің алм а с у ы -тарихи қалыптасқан ырғақ. Мүнда адамның үйқысы түнгі кезеңнен жэне қараңғылықпен, ал сергектік - күндізгі кезеңмен жэне жарықпен сэйкес келіп отырады.

Бүлай белінудің негізінде белгілі физиологиялық; түрткілер, яғни тіршіліктік жэне биохимиялық көрсеткіштердің заңды тербелістері жатыр.

Адамның жұмыскерлігі, тіршіліктік көрсеткіштерінің ең жоғары мөлшері тэуліктің белгілі бір кезеңіне сәйкес келеді. Сондықтан адамдардың еңбек істеуін дүрыс үйымдастыру үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек.

¥йқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен эрекеттерден тікелей тэуелді. Жағымды еткізген күн қалыпты ұйқыға барлық жағдай жасайды. Сонымен бірге жағымды жэне жағымсыз сезімдердің сай келуі, болып жатқан оқиғаларға шатт а н а қарау - ұйқы үшін өте маңызды.

Қалыпты ұйқыға ой жэне дене жүмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жа-татын және түратын дағдылар үйқы мен сергектіктің дүрыс режимі қалыптасуына эсерін тигізеді. Қалыптасқан режимнін, уақытша жэне сирек бүзылуы үйқыға қатерлі зарар етпейді.

¥йқы организмді сақтау жэне оны бүрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу ү ш і н ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады.

Гипноз және иландыру.Гипноз дегеніміз иландыру аркылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі. Оның мэнісі жағынан эдеттегі ұйқыдан өте көп айырмашылығы бар.

Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомноленция (ұйцышылдьщ) - адам ауызша иландыруға элі де қарсылық етуі және кезін ашуы мүмкін.

Гипнотакция немесе жеңіл үйцы (транс) - қол-аяғы козғалмайды - каталепсия, көзін аша алмайды, илануға бейім, бірақ гипноздан шыкқанда амнезия (үмыту) байқалмайды.

Сомнамбулизм (терең үщы) - гипноз жасаушыға толық бағынуымен сипатталады жэне оянғаннан кейін адамдар бэрін үмытып қалады.

Сонымен гипноз қүбылысының үйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мэліметтер іріктеліп барып өңделеді. В.М. Бехтеревтің айтуынша, гипноз - санаға ену немесе оған, эдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз жэне ықыласынсыз, эрі көбінесе иландыруға үғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту.

И.П. Павловтың пікірі бойынша, гипноз кезінде сөз ми қыртысы-на, оның тежелуі жэне тонусы төмендеген жағдайда эсер етеді. Бұл жағдайда ми қыртысында пайда болатын қозу толқыны теріс индукция арқылы мидың көрші жерлерінде тежелу күбылысын терендетеді. Сондықтан сөз гипноз кезінде сыналатын адамға эдеттен тыс күшті ықпал жасайды да, үзақ із сақтайды, себебі гипноздық иландырудың емдеу нэтижесін қамтамасыз етеді.

Иландыру - адамдардың өзара бір-біріне ықпалы, адамдардың өзара қатынасының нормасы - ол адамды бала кезден иландыратын ақиқаттар. Адамзат қоғамында эрбір сөз, ой, пікір, сана кеңінен тарайды жэне иландыру кезінде көптеген адамдарға дайын рухани байлықтарды пайдалануға мүмкшдік туғызады.

Әртүрлі иландырудан басқа, өзін-өзі иландыру болады. Мұнда са-наға тек бір жағдай емес, сонымен бірге шартты түрде эмоциялык эсерленушілік енеді.

Жалпы барлық адамдардың гипноз ықпалына 20% - оңай, 55% -орташа, ал 25% - қиын көнеді. Гипнозға қабілеттілікке жоғары жүйке іс-эрекетінің типтік ерекшеліктері ықпал жасайды. Мэселен холериктер, меланхоликтер жэне флегматиктер.

Ауызша иландыру арқылы жоғары жүйке қызметін өзгертуге болады. Гипноз кезінде иіс, дәм сезудің, көрудің сапасы, қарқыны мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер гипнозбен иландыруды науқастарды емдеу шаралары ретінде жиі қолданады. Сонымен қатар эртүрлі эмоциялык жағымды немесе жағымсыз, парасаттық өнегелі немесе әсемдік (эстетикалық) сезімдерге иландыруға болады.

Гипноздық жағдайда адамның қимыл эрекеті жэне ойлау қабілеті өзгереді. Алайда ол бүл жағдайда "бүйырғанмен" жөнсіз немесе өнегесіз қылык жасамайды.

Бүгінге дейін гипноз бен иландыру тетігі толық ашылған жоқ. П.В.Симоновтың пікірі бойынша, гипноз үйқылы тежелу немесе ұйқы мен сергектік арасындағы күй емес, бүл сергектіктің бір түрі. Жалпы алғанда, гипноз бен сергектіктің айырмашылығы - ми құрылымдары арасында өзге эрекеттік байланыстардың пайда болуында. Басқа эрекетгік байланысты ауыстырып қосу, ми аймақтары қызметінің салыстырмалы қарым-катынасы үзілу арқылы жүзеге асырылады.

Сөйтіп, сергектік күйден гипнозға ауысу үйқының жеңіл сатысын-да (сомноленция) ми қүрылымдарының қарым-қатынасын үзіп, сергектіктің эрекеттік себептестік байланыстарын элсіретеді. Бұл кейбір (шамасы лимбияда) жүргізгіш (тригерлік) тетіктер қозуынан мидың өзара бірігіп эрекеттесуін қайта үйымдастыруға экеліп соғады.

Гипнозды көбінесе адам психикасының жүмбақты қүбылыстарына жатқызады. Оған парапсихологтар зерттейтін эртүрлі экстрасенстік түйсіктер, телепатия, сәуегейпік, проскопия (зерделік), болжампаздың (біреудің болашақ ойын немесе келешек оқиғаларын сезу), психокинез ("ой күшімен заттарды орнынан козғалту" кабілеті), пара-диагностика тағы басқалар қосылады.

Қазіргі кезде бүл парапсихологиялық қүбылыстардың болуын теріске шығарушы зерттеушілермен қатар жақтаушылар да көбейді. Алай-да бүл күбылыстардың болатындығына қазіргі кезде күмэнсіз, қанағаттанарлықтай психологиялық және физиологиялық түсініктер жеткіліксіз.

Иллюстрациялық материал:

1.Кестелер

2. Кодокарталар

3. Слайдтар

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұйқының ағза тіршілігінде маңызы қандай ?

2. Ұйқының қандай түрлері бар ?

3. Ұйқы дамуында қандай кезеңдер болады ?

4. Гипноз және иландыру деген не ?

Наши рекомендации