Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар және студенттің өздік жұмысының ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Дәрістер тақырыптық жоспары:

№ п/п Тақырыбы Мазмұны Сағат саны
Созылмалы бронхөкпе патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау. Амбулаторлық жағдайда созылмалы бронх өкпе аурулары бар балаларды емдеу әдістері мен принциптері. Созылмалы бронхөкпе патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және сауықтыру әдістері. Реабилитация, санаториялық-курорттық емдеу. Созылмалы бронхөкпе патологиясы дамуы мүмкін қатер тобы. Үйде және мектепке дейінгі балалар мекемесінде реабилитациялауды ұйымдастыру шарттары. Кәсіптік бағдар беру.    
  Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау.     Балалар емханасының кардиоревматология кабинеті. Кардиоревматолог дәрігердің функциялық міндеттері. Балаларда туа пайда болған жүрек ақауы дамуы мүмкін қатер тобы. Туа пайда болған жүрек ақауы бар балаларға диагноз қою, емдеу, диспансерлік бақылау және реабилитациялау хаттамалары. Операция арқылы емдеуге көрсеткіштер және қарсы көрсетілімдер. Мүгедектікті рәсімдеу. Әлеуметтік көмек. Балаларда туа біткен жүрек-қантамыр жүйесі ақаулары дамуының алдын алу.
Ревматикалық аурулары және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау. Ревматикалық аурулар дамуы мүмкін қатер тобы. Ревматизммен ауырған балаларды диспансерлік бақылау. Жүре пайда болған жүрек ақауы. Диагноз қою, емдеу және сауықтыру әдістері. Ревматикалық шабуылдардың алдын алу. Ревматикалық жүрек ақауларын операция арқылы емдеуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Реабилитациялық шаралар жүргізу. Диспансерлік бақылау тиімділігін бағалау.
Ревматикалық емес миокардит диспансерлік бақылау және реабилитациялау.     Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (ревматикалық емес миокардиттер) бар балаларды диспансерлік бақылау. Диагноз қою, емдеу әдістері, тексеру ерекшеліктері. Аурудың қайталануының алдын алу. Ауру дамуы мүмкін қатер тобы. Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар балаларды реабилитациялау және сауықтыру. Дсипансерлік бақылау тиімділігінің критерилері, есептен шығару.
Вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау. Вегетативтік тамырлық дистония. Диагноз қою критерилері, синдромның дифференциалды белгілері, емдеу-сауықтыру шараларының алгоритмі.
Дәнекер тіннің диффузды аурулары және ювенильді созылмалы артриті бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау.     Коллагенозы (жүйелі қызыл жегі, дерматомиозит, жүйелі склеродермия, түйінді периартрит) және ювенильді созылмалы артриті бар балаларды диспансерлік бақылау. Диагноз қою, емдеу, ауру қайталануының алдын алу әдістері. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Санаториялық – курорттық емдеуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Сауықтыру және реабилитация әдістері.
Зәр шығару жүйесі аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау. Созылмалы нефрит, пиелонефритпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау. Диспансерлік бақылау ұзақтығы мен жиілігі, диспансерлік науқасты тексерген кезде жүргізілетін клиникалық және зертханалық тексерулер. Амбулаторлық жағдайда жүргізілетін емдеу және сауықтыру шаралары. Санаториялық-курорттық емдеу, реабилитация, ауру қайталануының алдын алу. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіш. Дсипансерлік бақылау тиімділігінің критерилері, есептен шығару критерилері.
Асқазан-ішік жолдарының аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау. Өт бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау. АІЖ аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау. Реабилитация, санаториялық-курорттық емдеу, ауру өршуі мен қайталануының алдын алу. Ауру қайталануына қарсы емдеу принциптері. Дсипансерлік бақылау мерзімі, есептен шығару критерилері.
  Барлығы:  

Наши рекомендации