Зимницкий бойынша байҚауҒа зӘрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлыгын жэне бөлінуін зерттеу; тэуліктік, күндізгі жэне түнгі диурездерді анықтау. Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: сыйымдылыгы 500 мл кең мойынды 8 таза, құргақ шыны банкілерді жолдаманы жазып эрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зэрді зерттеуге жинау тэртібі туралы науқасқа нүсқау жүргізіңіз:

зерттеуді жүргізу алдында зэр шыгаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тэулікте 1,5 литрге дейін сүйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің кобейуін жэне зэрдің салыстырмалы тыгыздыгының біршама төмендеуін болдырмауын;

зэр жинау кезінде бір тэулікте ішілген сүйықтық есепке алынады.

2. Таңертең сагат 6-да науқас қуыгындагы зэрді унитазга босатуы керек.

3. Жеке нөмірленген банкілерге эрбір 3 сагат сайын зэрді жинаңыз. №1 порңия - сагат 6-дан 9-га дейін

№2 порңия - сагат 9-дан 12-ге дейін

№3 порңия - сагат 12-ден 15-ке дейін цг

№4 порңия - сагат 15-тен 18-ге дейін

№5 порңия - сагат 18-ден 21-ге дейін

№6 порңия - сагат 21 -ден 24-ке дейін

№7 порңия - сагат 0-ден 3-ке дейін

№8 порңия - сагат 3-тен 6-га дейін

4. 24 сагаттан таңертеңгі 6-га дейінгі кезеңце зэрді жинау үшін мейірбике наукасты оятып отыруы керек.

5. Келесі күні таңертең зэрдің барлық 8 порциясын зертханага апарыңыз.

Ескерту:

- дайындалган банкага зэр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткага белгіленеді «қосымша зэр порциясы №»;

порцияның біреуінде зэр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.

Зимницкий байқауы - бүл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, молшерін анықтауга жэне зэрдің салыстырмалы тыгыздыгын 3 сагат аралыгындагы 8 үлесті бір тэулік ішінде аныктауга негізделген. Бүл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды жэне оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарга кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін жэне алынған бір үлестегі зэрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зэрдің жеке үлесінің молшерін салыстырып отыра жэне эрбір зэрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптагы бүйрек кызметіне тэн:

- Тэуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

Күндізгі диурез түнгі диурезден едэуір артық болуы.

Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

Зэр мөлшері жеке үлесінде жэне меншікті салмағында бір тэулік ішінде едәуір тербеледі.

НЕЧИПОРЕНКО ӘДІСІМЕН ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Дайындаңыз: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғак шыны банкіні, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (болімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зэрді зерттеуге жинау тэртібі туралы науқасқа нүсқау жүргізіңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолгапты киіңіз.

3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпсн жуыңыз.

4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде боліп шығаруы тиіс және зэр шығаруды ұстап тұруы қажет.

5. Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдіц ортаңгы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.

6. Жиналған зэрді зертханаға апарыңыз.

7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: тэуліктің кезкелген уақытында зэрге зерттеуді жүргізуге болады.

Нечипоренко тәсілі - бұл эдісте зэр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит жэне цилиндр молшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл эдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит жэне пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бакылау жэне жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.

Формалды элементтердің қалыпты корсетілімдері:

- лейкоциттер - 1 мл-де 4000-ға дейін;

- эритроциттер - 1 мл-де 1000-ға дейін;

- цилиндрлер - жоқ.

Наши рекомендации