Төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
Азақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
2008.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларыме
24.11.04 ж. №604-II ҚР Конституциялық Заңымен актінің нысаны және тақырыбы өзгертілді
I тарау. Жалпы Ережелер
II тарау. Республика Конституциялық Кеңесiнiң. Төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
III тарау. Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi
IV тарау. Конституциялық iс жүргiзу
V тарау. Республика Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi
VI тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
I ТАРАУ
Жалпы Ережелер
1-бап. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:
1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды;
2) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
2-бап. Конституциялық Кеңестiң құрамы
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
3-бап. Конституциялық Кеңестi құру тәртiбi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті қызметке тағайындайды, Конституциялық Кеңеске екі-екі мүшеден Парламент Палаталары төрағаларының ұсынуы бойынша тиісінше Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жанартылып отырады.
4-бап. Конституциялық Кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды.
5-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгi алты жылға созылады.
2. Шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады.
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi қызметтерiне адамдардың шығып қалған немесе осы қызметтерде болу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр ай iшiнде тағайындалады.
4. Егер Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерiне өкiлеттiк мерзiмi олардың қатысуымен Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселенi қарау кезеңiнде аяқталса, онда олардың өкiлеттiгi қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн сақталады.
6-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң анты
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнен олар тағайындалғаннан кейiн Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында салтанатты жағдайда Республика Президентi мынадай мазмұнда ант қабылдайды: Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.
7-бап. Конституциялық Кеңестiң отырыстары
1. Конституциялық Кеңестiң отырысы егер оған Конституциялық Кеңес құрамының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы болады.
2. Конституциялық Кеңестiң отырыстарын қажетiне қарай Конституциялық Кеңестiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы шақырады.
8-бап. Конституциялық iс жүргiзу
Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша iс қарау мен шешiмдер қабылдау Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген конституциялық iс жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
9-бап. Конституциялық Кеңес туралы заңдар
1. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, құзыретi, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi Республика Конституциясымен және осы Конституциялық заңмен белгiленедi.
2. Конституциялық Кеңес өз қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiнiң Конституциямен және осы Конституциялық заңмен реттелмеген мәселелерi бойынша Конституциялық Кеңестiң регламентiн қабылдайды.
II ТАРАУ
Республика Конституциялық Кеңесiнiң
Төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
10-бап. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары ретiнде
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары болып табылады, олардың мәртебесi Конституциямен және осы Конституциялық заңмен, сондай-ақ Конституция мен осы Конституциялық заңда реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
11-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актiнiң олар үшiн сөзсiз мiндеттi күшi болмайды.Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
2. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ.
3. Қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн Конституциялық Кеңестiң қарауына арқау болып отырған мәселелер бойынша ешкiмнiң де пiкiр немесе кеңес сұрауға, ал Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң отырысынан басқа кезде, пiкiр айтуға немесе кеңес беруге хақы жоқ.
4. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн, осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болмайды.
5. Егер Конституциялық Кеңестiң қарауындағы мәселеге тiкелей жеке немесе жанама мүдделiгiне байланысты өзiнiң әдiлдiгiне күмән тууы мүмкiн болса, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшесi бұл мәселенi қараудан бас тартуға мiндеттi, мұны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиiс.
6. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң сотта немесе өзге құқық қолдану органдарында, заңды өкiлдiктен басқа, қорғауды немесе өкiлдiктi жүзеге асыруға, құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттерден босату iсiнде қандай адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.
12-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасалған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк органның басшысы ғана қозғай алады. Iстi тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры жүзеге асырады, ол Парламентке Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм беру туралы ұсыныс енгiзедi. Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi Республика Жоғарғы Соты қарайды.
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмайды.
4. Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкiлеттiгi тоқтатыла тұрмаған болса, Конституциялық Кеңестiң отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.
13-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқықтарының теңдiгi
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселелердi қарауда және олар бойынша шешiмдер қабылдауда, осы Конституциялық заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тең құқықтарға ие болады.
14-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгiн Конституциялық Кеңестiң өтiнiшi бойынша оны тағайындаған адам, мынадай жағдайларда егер ол:
1) дәлелдi себептерсiз кемiнде қатарынан үш рет Конституциялық Кеңестiң отырыстарына қатыспаса;
2) денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз мiндеттерiн орындай алмаса;
3) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылса, тоқтата тұруы мүмкiн.
2. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгi сол сияқты, егер заңда белгiленген тәртiппен оны қамауға алуға, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану туралы тиiстi шағым қозғауға келiсiм берiлген жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
3. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм өкiлеттiктi тоқтатуға негiздер байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қабылданады.
4. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгi осы өкiлеттiктi тоқтата тұруға негiздер дәйексiз болып қалғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
15-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтату
1. Тиiсiнше:
1) Конституциялық Кеңес Төрағасының өкiлеттiгiн Республика Президентi тоқтатады;
2) Конституциялық Кеңес мүшесiнiң өкiлеттiгiн оны тағайындаған Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі тоқтатады.
2. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгi:
1) орнынан түсуi туралы өтiнiшiнiң қанағаттандырылуы;
2) Жоғарғы соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмiнiң болуы;
3) заңды күшiне енген сот шешiмiмен оның iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылуы;
4) заңды күшiне енген сот шешiмiмен оның өлген деп танылуы;
5) оның қайтыс болуы;
6) осы Конституциялық заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген шарттардың сақталмауы;
7) антты бұзуы, Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңның талаптарын орындамауы, оның жоғары мәртебесiмен сыйыспайтын атына кiр келтiретiн қылық жасауы;
8) Конституция мен осы Конституциялық заңда белгiленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы;
9) қызметте болуының Конституцияда белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы;
10) 2008.17.06. № 41-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды
11) саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партияға немесе өзге де қоғамдық бiрлестiкке кiруi нәтижесiнде тоқтатылады.
16-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнiң жалақыны Республика Президентi Республика Конституциясының 44-бабының 9)-тармақшасында анықталған тәртiппен белгiлейдi.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн тұрғын үймен, көлiкпен және өзге де қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу Республика Президентi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
III ТАРАУ