Басқару нысаны ұғымы және түрлеріне сипаттама
Мемлекет нысаны мемлекеттік биліктің құрылымы мәндік жағынан әртүрлі сипаттармен анықталады:мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылу және ұйымдастырылу тәртібі,мемлекеттің аумақтық құрылымының тәртібі, орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынасының белгілі тәртібі,мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.Мемлекет нысаны үш негізгі элементтен құралады:басқару нысаны,мемлекттік құрылым нысаны,саяси режим.Басқару нысаны– жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі.
Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады. Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі. Монархия (грек тілінен — жалғыз билеуші) — басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады — монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархия — ол жоғарғы билік бір адамның қолында және бүл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның билігі өзінің түсінігі айтып тұрғандай, мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе тиюі. Сондықтан, оның билігі мұрагерлік билік. Монархия озбырлық жолмен де көшуі мүмкін, яғни соғыс арқылы. Монархияның көшуінің үшінші түрі де бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды. Монархтың бір қасиеті ол өзінің билігіне құдайдан басқа ешкімге жауапты емес, себебі ол мемлекеттің басшысы, оның атынан сот, заң, құқық қабылданады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті.
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Монархияның өзі де екіге бөлінеді: Шексіз және Шектелген монархия болып. Осы тұрғыда монархияның екі түріне түсінік беріп өтейік.
Шексіз монархия — монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында, бірақ оның да бірнеше түрі бар. Ең бірінші шексіз монархия — Шығыс диспотиясы. ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы — Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархиялардың көбі шектелген монархияға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір адаммен немесе заңмен шектеледі.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік — өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұргындары, басқаша айтқанда буржуазия. Сословиялар өздерінің мүдделерін қоргайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару нысан «сегунат» деп аталады. Жаңа кезендерде шектелген монархия Конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Бірақ тарихи процесс объективті түрінде парламента жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды.
Монархтың билігі жоғары және тәуелсіз болғандықтан ол өмір бойы билік ете алады. Бұл тұрғыда біз басқару нысанының бірінші түрі, яғни монархияны қарастырып өттік, ал ендігі басқару нысанының екінші түрі республикаға түсінік беріп өтейік.
Республикада монархия тәрізді ежелгі мемлекет нысаны болып қалыптасқан. Бірақ республикалық басқару нысанын халық сайлаған адам басқарады және оны белгілі бір уақытқа сайлайды.
Республикалық басқару нысаны — бұл ұжымдық басқару болып саналады. Республика деген сөз коне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік басқарушы адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар Республикада болмайды. Жаңа кезеңде Республиканың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар.
Республиканың белгілеріне:
— өкіметтің сайлануы;
— белгілі уақытқа ғана сайлау;
— сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) — Президент пен Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік Республика — Республика бірлігінің, тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі Парламенттің келісімімен тағайындайды. Республиканы президент басқарғанымен, мемлекеттік заң шығару билігі парламенттің қолында және парламент белгілі қызметкерлерді және Жоғары сотты тағайындаған уақытта да келісімін береді. Парламенттің зандары бір ауыздан қабылдана қоймайды, оның зандары екі рет тексеріледі, содан барып президент вето құқығын қолданып, қабылданған зандарға қол қояды. Конституциялық сот заңның конституцияға сәйкестігін тексереді, ал сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері Президенттік Республикада белгілі уақытқа немесе өмір бойы тағайындалады.
Президенттен кейінгі республика ол Парламенттік, осы тұрғыда Парламентке тоқталып өткенді жөн көрдім. Парламенттік Республика — бұл мемлекеттік басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер — министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Үкімет Парламенттің алдында жауапты. Парламенттің басқару нысанында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек үкімет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі Парламенттегі партиялық көпшілік негізінде қүрылады. Күшті Үкімет, әлсіз Президент.
Парламенттік республикада — үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық олардың сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысанының арасында басқару нысаны маңызды элемент болып саналады.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекет билігінің әдісін ашады, оның органдарының өзара қарым қатынасын және халықпен қатынасын, тұрғындарды белгілі нысанға келтіру дәрежесін анықтайды.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
— мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
— жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
— жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
— жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет .