Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.

Негізгі ұғымдар: ерекше іс жүргізу.

Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖК-ң 31-38-тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды .

Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға мына талаптарды орындауы қажет ;

1.Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі;

2.Арызда;

- арыз беретін соттың атауы;

-талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері банктік реквизиттері, сондай-ақ , егер арызды оның өкілі берсе , өкілдің атауы мен мекен жайы;

-жауапгердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер жауаупкер ұйым болса , егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері;

-талап қоюшылардың құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

-талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән- жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

-арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс;

3.Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы керек.

4.Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінімде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ, заңға немесе өзге де нормативтік актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағжайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюымен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тірклуге тиіс.

5.Арызға талап қоюшы неиесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.

Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі.

2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер- сот азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

Сот мынадай фактілерді анықтайды:

1) адамдардың туыстық қатынастарын;

2) адамның біреудің асырауында болуы;

3) тууды, бала асырап алуды, некелесуді, ажырысуды және қайтыс болуды тіркеу;

4) құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі;

5) мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және оған билік ету;

6) жазатайым жағдай;

7) азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән- жайларда қайтыс болуы;

8) мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны;

9) егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, басқа да заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарайды.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар.

Сот арыз берушінің осы фактілерді куәлландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа берілетін, бұған жылжыиайтын мүлік орналасқан сотқа берілетін жылжымайтын мүлікті менші, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және оларға билік ету фактісі қосылмайды.

Арызда арыз берушінің қандай фактіні және қандай мақсатпен анықтау қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалға құжаттарды қалпына келтіру мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

Соттың шешімі фактіні растайтын құжат болып табылады, ал мемлекеттік органдардар тіркеуге тиісті фактіге қатысты алғанда оны тіркеу немесе ресімдеу үшін негіз болып табылады, бұл орайда сол органдар беретін құжаттарды ауыстырмайды.

Дәріс 15.

Наши рекомендации