Тақырып. Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары

1. Шет елдердегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жергілікті органдар жүйесі.

2. Жергілікті мемлекеттік органдардың түрлері. Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Олардың өкілеттіктері мен құрылымы.

3. Мемлекеттің орталық және жергілікті органдарының арақатынасы.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлу түсiнiгi. Бiрлiктердiң бөлiнуi: екi звенолық-облыстар және қауымдар /общиндер/. үш звенолық: облыстар, аудандар, қауымдар /общиндер/. Төрт звенолық: аймақ, облыстар, аудандар, қауымдар /общиндер/. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару түсiнiгi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жүйесi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi. Англосаксондық, романо-германдық, иберистiк жүйе. Муниципалдық құрылымдардың табыс қайнар көздерi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында сайланған муниципалдық кеңес немесе комиссия. Аумақтық басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қатысты мемлекеттiк бақылау.

Көптеген мемлекеттерде жергiлiктi iстердi басқару жалпы, тең тiкелей сайлау құқығы негiзiнде құпия дауыс берумен қалыптасқан, сонымен қатар орталықтан тағайындалған арнайы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен жүзеге асырылады.

Жергiлiктi және муниципальды өзiн-өзi басқару – нақты бiр елдiң әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiндегi тұрғындарды тiкелей көрсететiн, жергiлiктi iстердi арнайы сайланбалы органдармен жүзеге асыратын басқару жүйесi.

"Әкiмшiлiк-аумақтық бөлу" терминi мемлекеттiк билiк өкiлдерi тағайындалатын аумақтық бiрлiкте қолданылады.

Әкiмшiлiктiң сайланатын кеңесi және сайланатын басшылары бар бiрлiктер муниципальды құрылым деп аталады. Бiрақ, көптеген шетелдерде қалалардың сайланған префектiлерi мен мэрлерi мемлекеттiк билiктiң өкiлдерi ретiнде бекiтiледi, ал жалпы құзыреттi чиновниктермен тағайындалған бiрлiктер, аумақтық ұжымдар ретiнде қарастырылады.

Мемлекеттiң аумағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге бөлiнедi. Бiрлiктердiң бөлiнуi:

екi звенолық, облыстар (губерниялар, округтер, провинциялар), қауымдар (коммуналар, муниципалитеттер);

үш звенолық: облыстар – аудандар – қауымдар;

Төрт звенолық: аймақ – облыстар – аудандар – қауымдықтар.

Бұл бiрлiктердiң қай-қайсысында болсын оны басқаратын тағайындалған лауазымды тұлға немесе тағайындалған лауазымды тұлға мен азаматтардың кеңесiмен сайланған тұлға (префект немесе бас кеңес) немесе сайланған кеңес.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару түсiнiгi мемлекеттiк билiктiң бiр бөлiгiн регламенттейтiн және заң шеңберiнде әрекет ететiн, тұрғындардың мүдделерiн қорғау әрi жалпы заңнамалар бойынша анықталған әрекет жасау мүмкiндiктерi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару – жергiлiктi қауымдастықтың қоғам iстерiнiң белгiлi бiр бөлiгiн бақылай алатын, халық мүддесi үшiн және өз жауаптылығы шеңберiнде оны басқаратын құқығы және нақты қабылеттiлiгi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару концепциясы мынаған негiзделген, тұрғындардың жергiлiктi қауымдастығы демократиялық режимнiң негiзгi элементiн көрсетедi, сонымен қатар азаматтардың қоғамдық iстердi басқаруға қатысуы демократиялық қағидалардың құрамдас бөлiгi болып табылады (Жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы Хартияға негiзделген).

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару заңмен материалдық және қаржылық жағдайларды жүзеге асыруы үшiн жеке мемлекеттiк өкiлеттiктерге ие болуы мүмкiн.

Қорыта келгенде - жергiлiктi өзiн-өзi басқару- құқықтық жағынан билiк түрi болып табылады. Бұл билiк мемлекеттiк билiктен былай ерекшеленедi: аумақтық шектелуi; тұрғындардың өз аумағын басқаруға тiкелей қатысу нысанының (жиылыс, конференция түрiндегi тiкелей ерiктiлiк көрсету, сайланған лауазымды тұлғаларды керi шақыру институты және т.с.с.); жергiлiктi органдардың автономдығы.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ерекше субъектiсi муниципальды құрылым, басқару объектiсi жергiлiктi маңызға ие болатын мәселелер.

Әр муниципальды құрылымдарда конституцияға, федеральдық заңдарға, федерация субъектiлерiнiң заңдарына сәйкес келуге тиiстi, белгiленген тәртiппен тiркелген, өзi қабылдаған жарғысы болады. Ол жарғыда муниципальды құрылымның аумақтық құрамы, шекаралары, жергiлiктi маңызды мәселелерi, органдардың құрылымы және қалыптасу тәртiбi, олардың құзыретi, тұрғындардың жергiлiктi мәселелердi шешуге тiкелей қатысу тәртiбi және кепiлi көрсетiледi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары бастапқыда қоғамның ауқатты азаматтарымен күрделi ценздық барьерлары (бiлiмдiлiк, тұрғылықтылық, мүлiктiк) қанағаттандыратын шектелген сайлау құқығы негiзiнде қалыптасқан. Кейiннен бұл жүйе демократизациаланып, жалпылыққа, яғни тұрғындарға қатысты өзгердi.

Қазiргi кезеңде шетелдерде жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың белгiлерi – әмбебапты сайлануы және жергiлiктi мәселелердi шешудегi өзерiктiлiгi. өзерiктiлiк – муниципальды меншiкке сүйенуi, жергiлiктi салық салу және т.с.с.. Мысалы, Германияда – коммунада өзiн-өзi басқарудың қағидалары: басқа жергiлiктi коммуналардың функцияларды жүзеге асыратын органдардан тәуелсiздiгi; жергiлiктi қоғамдық мәселелердi шешудегi жеке жауаптылығы; өзiн-өзi басқару субъектiсi қауымдық құқық субъектiсi болып табылады.

Жергiлiктi жерде қауымдық билiктi жүзеге асырудың 4 жүйесi қарастырылады:

англосаксондық – тұрғындармен кеңес сайланады, олармен қатар лауазымды тұлғалар тiкелей сайланады, атторней – әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң соттағы өкiлi, Австрия. Мэрлер: күштi (өз лауазымын азаматтармен тiкелей сайлануы арқылы алуы) және әлсiз (сайлаған кеңеске тәуелдiлiгi);

романо-германдық, жергiлiктi органдардың сайлануы және тағайындалуы (Италия, Франция, Турция);

Ибериялiк жүйе, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тұрғындары кеңестi және лауазымды тұлғаларды сайлайды (алькальд, регидор);

Кеңестер жүйесi, мемлекеттiк билiк органдары атқарушы комитеттердi сайлайды.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесi қазiргi шетел мемлекеттерiнде – елдi әкiмшiлiк-аумақтық бөлумен құрылады. Ол көптеген елдерде консервативтiк сипатқа ие болады. Елдiң әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi – географиялық, экономикалық, әлеуметтiк және демографиялық факторлардың, жағдайлардың әсерiмен құрылады. АҚШ, ГФР, Италияда әкiмшiлiк-аумақтық бөлу жүйесi 19 ғасырда қалыптасқан.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары - жоғары органдардың өзара қатынасымен орталықтандыру деңгейi бойынша ерекшеленедi:

төменгi органдардың жоғары органдарға тiкелей бағыныштылығы (Франция, Италия);

автономиялы жүйенi ұстанушыларда - тiкелей вертикальды бағыныштылықтың болмауы (АҚШ, Ұлыбритания).

Кей елдерде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте - үкiметтiң уәкiлеттi өкiлдерi тағайындалады. Франция, Италия, олар әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырады (қабылданған актiлердiң заңдылығын тексеруi, кей жағдайларда Үкiмет өкiлдерiнiң қарап шықпауынсыз заңды күшiне енбеуi).

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмдер әр түрлi – тарихи, әдет-ғүрып, экономикалық сипаты. Америка штаттарында – графстволар, олардың саны 3000-нан артық, кей штаттарда графстволар: тауны және тауншипы.

Ұлыбританияда аумақ графствоға, ол округке бөлiнедi.

Италияда әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс – облыстар, провинциялар, оларға қалалық және ауылдық коммуналар енедi. ГФР-де – жерлер – округтер – аудандар – қауымдар.

Жапонияда – префектура, тұрғындар саны жарты миллионнан 12 миллионға дейiн айырмашылықта болады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қалыптасу тәртiбi арнайы сайлау заңдылықтары мен муниципалитет туралы заңдармен реттеледi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды сайлау жалпы, тең, сайлау құқығы жабық түрде құпия дауыс берi қағидаларымен жүзеге асырылады. Бәсең сайлау құқығы – 18-25 жас. Латын Америкасында алькальд немесе муниципалитет кеңесшiсi болу үшiн – ценздер: сайлау құқығына ие болады, сәйкестелген муниципалитетте тууы немесе 2 жыл тұруы, сайлау регистрiне тiркелуi, сотпен қылмысы үшiн сотталмауы керек. Перуде – олар 3 жыл, екiншi мерзiмге қайта сайланбайды. Ұлыбританияда – елде тұратын барлық 18 жастағы азаматтары қатыса алады. Сайлау округтерi: бiр мандатты және көпмандатты. Сайлау жүйелерi: мажоритарлық (2 тур бойынша) және пропорциональдық. Саяси партиялық тiзiмнен баллатировкаға түсуi мүмкiн. Императивтiк мандат болмайды. Муниципалитет кеңесiнiң сайлану мерзiмдерi әр түрлi. Ұлыбританияда – 4 жыл, АҚШ-та 2-4 жыл. Ерекше талаптар: әскери қызметке жарамдылығы; жергiлiктi өзiн-өзi басқару аумағында тұруы немесе жұмыс iстеуi; жергiлiктi салық төлеуi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары құрылымы бойынша – бiр палаталы. Муниципалитет органдарының құрылымы, оның сандық құрамы тәрiздi аумақтық мөлшерiмен және тұрғындардың санымен анықталады. Олардың негiзгi қызмет нысаны – сессия; сессия төменгi аумақтық бөлiмшелерде сессияның өтуi жиi, АҚШ-та айына екi рет, Ұлыбританияда – ай сайын, ал жоғары органдарында кварталына немесе жарты жылда бiр рет өткiзiледi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз құзыретi шеңберiнде шешiм қабылдайды, қорытынды бередi, ұсыныстар жасайды. Негiзгi қағидасы – олар заң шегiнде өз қызметiн жүзеге асыруда еркiн әрекеттер жасай алады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының шешiмдерi соттық тәртiпте даулануы мүмкiн. Мысалы: Италияның заңнамасында, егер жергiлiктi сайланған органдардың әрекеттерiнде қолданымдағы заңнамаларға, конституцияға қайшылықтар болатын әрекеттер жасаса немесе Үкiмет қаулыларын орындаудан бас тартса, олар таратылуы мүмкiн. Сонымен қатар олардың жұмыстарының нәтижесi болмаса немесе депутаттардың жалпылай орнын босату кезiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары таратылады. Италияда мұндай шешiм арнайы мәселе үшiн құрылЈан Парламенттiң комиссиясының баяндамасын тыңдағаннан кейiн Республика Президентiнiң декретiмен қабылданады.

Аймақтық өзiн-өзi басқару және басқару органдары:

тағайындалған чиновниктер (губернаторлар, басқарушылар), кеңес органдары құрылуы мүмкiн. Чиновниктер оларды өз қалауынша құрады (дирекция, секретариат);

романо-германдық, бiр мезгiлде мемлекеттiк билiктiң жоғарыдан тағайындалған өкiлi және сайланған кеңес;

Үштiк жүйе, сайланған кеңес, алқалы атқарушы орган және тағайындалған үкiметтiк комиссар (басқармалық функциясы болмайды, тек кеңес пен джунттық әрекеттердiң заңға сәйкестiгiн бақылайды);

Испан тiлдi елдерде кеңестер де және атқарушы билiк өкiлi де сайланады. Жергiлiктi кеңес төрағасы болып сайланғаннан кейiн ғана олар мемелекеттiк билiк өкiлi болып табылады. Олар тек жергiлiктi iстердi шешу өкiлеттiктерiне ие болады. Мысалы: Мексика конституциясында муниципалитеттер мыналарға құқылы: тұрғындарды ауыз-сумен, дәрiгерлiк қызметпен қамтамасыз етуге, статистика жүргiзу, мәдени, дене шынықтыру iс шараларын ұйымдастыру, тазалық сақтау, жергiлiктi құрылыс және т.с.с.. Сондықтан: мексикалық муниципалитеттерде штаттарға сәйкес, олардың заңдарына қарсы келмейтiн қызметтер: қоғамдық қауiпсiздiктi және транспорт қызметi; көшедегi жарық беру қызметi және т.с.с.. Қалалар мен поселкелер көп болған сайын жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының азаматтарға көрсететiн қызметтерi де көбеедi.

Американың қалалық жергiлiктi өзiн-өзi басқару құрылымын, оның арнайы Хартиясымен анықталады. Хартия: муниципалитеттердiң шекарасы, функциялары, лауазымды тұлғаларды тағайындау және сайлау жүйесi көрсетiледi. Қалалық Хартияларда тұрғындардың өмiр сүру бойынша басты мәселелер жөнiнде референдум өткiзу азаматтарға құқық бекiтiледi. Бiрақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары саяси сипаттағы әрекеттердi жасай алмайды.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi – қоршаған ортаны қорғау; жергiлiктi пункттердегi құрылыс, жергiлiктi көлiк жүйесiн дамыту және оның қозғалысын реттеу тәртiбiн анықтау және т.с.с. басшылық жасау негiздерi Канада, Франция, АҚШ-та жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қолында жергiлiктi полиция күштерi болады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару басқару органдарының маңызды өкiлетi - бюджеттiк қаржылық сала. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы Еураполық Хартияға сәйкес жергiлiктi қауымдастықта мемлекеттiң экономикалық саясаты шеңберiнде өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшiн пайдаланатын жеке ресурстарға құқылы.

АҚШ-та графстволарды басқару органдары – тұрғындармен сайланатын кеңестер. Олар – графстволардың салық түрлерiн анықтап, оның түсуiн, шығынын бақылап отырады. Америка жүйесiнiң ерекшелiгi: 1-шi нысаны – графстволарда кеңестi басқаратын лауазымды тұлғалардың болмауы; 2-шi нысаны – кеңес графстволардың әкiмшiлiк аппаратын басқару үшiн лауазымды тұлғаларды тағайындайды; 3-шi нысаны – графство кеңесi – сайланған басқарушы – графство кеңесiнiң төрағасы – графство басшысы мәртебесiне ие болады. Яғни, кеңес шешiмiне вето бере алады, бюджет жобасын жасайды.

Наши рекомендации