Тапсыруға арналған сұрақтар
· Саясаттану пәні.
· Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер.
· Платонның саясаттану бойынша еңбектері.
· Аристотельдің саясатқа көзқарастары.
· Марк Туллий Цицеронның еңбектеріндегі саяси ойлары.
· Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
· Фома Аквинискийдің саяси көзқарастары мен еңбектері. Ф.Аквинский – орта заман саясаттың діни-этикалық түрін қалыптастырушы, мемлекеттің теологиялық теориясын негізін салушы.
· Никколо Макиавелли шығармалары мен әйгілі қағидалары.
· Жаңа Заман саяси ойы.
· Томас Гоббтің саяси көзқарастары. Томас Гоббстың «Азамат туралы», «Левиафан» еңбектеріндегі саяси ой пәкірлері.
· Қоғамдық келісім теориясының қалаушылары Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо еңбектеріндегі саяси ой.
· Шарль Луи Монтескье саяси шығармалары.
· Жан Жак Руссо идеялары.
· Томас Джефферсонның Америка халқының демократиясына қосқан үлесі.
· Г.Спенсердің мемлекетті «саяси агрегат», «саяси қоғам» деп салыстыруы.
· Иманнуил Канттің еңбектеріндегі саяси пікірлері.
· Сен-Симон, Фурье, Оуэн утопиялық көзқарастары. Саяси утопия ұғымы. Ф.Фурьенің коммунисттік және утописттік көзқарастары.
· Марксттік саяси идеялары.
· В.Лениннің коммунизмнің революциялық ағымын басқаруы.
· Саясаттағы марксизм теориясы.
· Александр Гамильтон - 18 ғасырдың американ саяси ойшылы, мемлекет қайраткері.
· Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
· Әл-Фараби философиялық трактаттарындағы саяси көзқарастары.
· Жүсіп Баласағуни негізгі еңбектері.
· Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі саяси көзқарастары.
· Ыбырай Алтынсаринның еңбектеріндегі қазақтардың болашағы туралы ой.
· Абай Құнанбаев саяси ойлары.
· Элитаризм теориясы.
· Макс Вебердың плюрализм идеясы.
· Саяси билік.
· Биліктің телеологиялық анықтамасы. «Билік Құдайдың құдіретінен» деген қағидаға негізделген діни концепция.
· Биліктің үш тармаққа бөлінуі.
· Демократия.
· Диктобланда: демократизациясыз пайда болған либерализм түрі ретінде.
· Демократура: либерализациясыз пайда болған демократия туралы.
· Демократияның тарихи теориялары.
· Антикалық демократия.
· Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы.
· Демократия түрлері. Тікелей, өкілетті, плюралисттік демократия.
· Қоғамның саяси жүйесі.
· Саяси жүйенің құрылымы.
· Мемлекет пайда болу теориялары.
· Қоғамдық келісім теориясы.
· Мемлекеттің түрлері.
· Монархиялық мемлекет.
· Республика мемлекеті.
· Парламеннтік мемлекет.
· Унитарлы мемлекет.
· Федерация және конфедерация.
· Азаматтық қоғам.
· Саяси партиялар.
· Саяси партиялардың жіктелуі.
· Көппартиялық мемлекет.
· Екіпартиялық мемлекет.
· Бірпартиялық жүйе.
· Қазақстандағы көппартиялық қалыптасуы.
· Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар.
· Кәсіподақ.
· Саяси қызмет.
· Саяси элита.
· Саяси элитарлардың қалыптасуы мен жіктелуі. Гильдия жүйесі, антрепренарлық жүйе.
· Саяси қайраткерлер; саяси серкелер, популисттер.
· Никколо Макиавелли – Қайта Өрлеу дәуірінің-саяси ойының итальяндық ойшылы. Макиавелли бойынша, өткенді түсіндіретін, осы күнгіні басқаратын, болашақты бағдарлайтын саясат – тәжірибелі ғылымы.
· Саясат пен адамгершілік жайындағы Н.Макиавеллидың ойы.
· АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясы.
· Адам Құқытарының халықаралық деклациясының қабылдануы.
· Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жүктелуі.
· Дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы.
· Ұлттық суверенитет ұғымы. Жан Боденнің абсолютті суверенит теориясы.
· Ұлттық саясат.
· Геноцид түрлері.
· Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері.
· Саяси сана.
· Саяси психология.
· Идеология ұғымы.Саясаттану пәнінде 19 ғасырда пайда болған «идеология» термині.
· Қазіргі идеологияның түрлері.
· Джон Локк, Шарль Монтескье классикалық либерализм теориясына қосқан үлесі.
· Жаңарған либерализм.
· Консерватизм идеологиясы.
· Жаңарған консерватизмнің өкілдерінің әрекеті.
· Коммунисттік идеология.
· Коммунизм идеологиясының революциялық ағымы.
· Коммунизм идеологиясының реформисттіқ ағымы.
· Фашизм идеологиясы.
· Саяси мәдениет.
· Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер.
· Субмәдениет.
· Саяси шиеленіс.
· Саяси процесс.
· Саяси процесстің жіктелуі.
· Саяси процесске қатысу түрлері: референдум, бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл.
· Саяси даму және бейімделу.
· Әлемдік саясат ұғымы. Халықаралық саяси институттар.
· Сыртқы саясат.
· Ұлттық қауіпсіздік.
· Қазіргі заманның глобалды мәселелері.
· Халықаралық ұйымдардың негізгі мақсаттары: БҰҰ, ЕҚЫҰ. ШЫҰ, ДҚҰ, НАТО, МАГАТЭ, ЕО.
Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
1.1. Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.
Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.
Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.
Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.
Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.
Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.
1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.
Емтихан материалдары (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.
ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.
1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
Дәріс – білім беру көзі, студенттерді мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында оқытылады, оқыту қызметін жүзеге асыратын қажетті бөлігі. Дәрістер тұжырымдамалармен идеяларды студенттерге жеткізу үшін, сонымен қатар сыни ойлау жүйесін ынталандыру мақсатында қолданылады. Дәріс – бұл мәліметті беру әдісі ғана емес. Білікті оқытушының қолындағы дәрістер серпінді және әмбебап оқыту жүйесімен жүргізіледі. Тақырыпты оқытудағы тиімді жинақталған дәрістер мазмұны жағынан мынандай сипаттамаларға бөлінеді:
· жүргізіліп отырған пән бойынша мәліметтердің санын шектен тыыс асырмау керек, өйткені студенттер мәліметтерді қабылдап естерінде сақтаулары тиіс.
· студенттердің оқу үрдісіне белсенді қатысулары үшін әртүрлі әдістерді қолданады.
Егер дәріс оқытушысының мақсаты - білімді студентті дайындап шығару болса, ол оларға тақырыпты толығымен меңгеру мүмкіндігін (жұмыс жасау қағидаларын түсіну, тәжірибиеде қолдану, жоспарлар құру, бұл шындықты қалай қолдану керек) мол ақпарат беру арқылы жеткізу керек. Оқытушының тағы бір басты бір міндеті - дәрістерді дайындау барысында кілтті бөлімдерді бірнеше рет қайталап отыру әдісін қолдана отырып әзірлеу керек.
Басты қағида - дәрісті құру болып табылады, дәріс тақырыптарын оқытуда жаңа бірегей тәжірибелі әдісті игеру ұсынылады. Тәжірибиеде қолданылмаған 10 жаңа әдісті қолдансаңыз да қолжетімді көрсеткішті бермейді өйткені бұл өте тиімсіз.
Дәрістер қысқа да нұсқа болу керек. Дәрістердің құрылымы жағынан басы өте қызықты басталып, ортасы сенімді ойлармен және аяғы маңызды аяқталуы тиіс.
Студенттерге терең ой салып басталынатын дәрістер студенттердің оқытылып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, мұндай дәрістер аудитория назарын оңай баурап алуға тиімді. Оқытушы оқытылатын материал жөнінде мынандай шолу жасау керек: аталған пәнді неліктен оқу керек және әрқайсысы үшін маңызы қандай, осы берілген білім студенттің кедергілерден өтіп, алдына қойған мақсаттарына жеткізе ала ма, материалды жоғары деңгейде меңгерту үшін қандай тәжірибиелік сабақтарды жүргізуге болады.
Сенімді ой пікірлерге толы дәрістің ортаңғы бөлімі дәрістің негізгі өзегі болып табылады. Бұл дәрістің – сүбелі ой тұжырымдары, белгілі бір бағытта дамуына негіз бола алады. Дәріс кезінде ең маңыздысы - KISS принципін ұстану керек. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: таныс сөздерді қолдану, екімағыналы терминдермен анықтамаларды қолданбау, көрнекілік құралдарын пайдалану, ой тудыратын картинкалар, деректер және мысалдарды қолдану. Деректерді келтіргенде статистика өте сенімді әдіс болып табылады. Айтылған деректерді бәр ауыз дерексөздер келтіру арқылы түйіндеп отыру қажет.
Дәрісті оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып оқытуға болады, мысалы, сұрақт-жауаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, кестелерді, жобалық аппараттармен фильмдерді. Осының барлығы сабақтың әртүрлі өтуіне және студенттің ақпаратты толығымен қабылдауына жағдай жасайды. Пәнге қатысты оқып білуге үлестіріліп берілген сабақ материалдары, студенттерді пікірталасқа тартуға көмектеседі.
Дәрістердің соңғы бөлімі кілтті сөздермен аяқталады және студенттерге бірнеше әдісті ұсынады, соның арқасында олар оқығандарын өмірде жүзеге асырады. Дәрістің осы кезеңінде студенттермен жеке жеке немесе топ бойынша сабақтан қандай әсер алғандары жөнінде ой бөліскен өте пайдалы. Дәрісті аяқтау кезінде қайталап шолу жасау тақырыпты толықтай меңгеріп келесі тақырыпты жалғастыруда тиімді қызмет атқарады.
Сәтті оқылған дәрістер - яғни бұлар мұқият жоспарланып үш принципте құрылғандар: біріншіден, олар өте қысқа, жаңа идеялармен құралған ақпарат көздері «аз мөлшерде» ақпараттандыру; екіншіден, сәтті жоспарланған дәрістер қызықты бастамалардан, сенімді ортаңғы бөлімінен және нәтижелі қорытындыдан тұрады; үшіншіден, оқытушылар дәрістерді оқыту барысында студенттердің белсенді қатысуларына мүмкіндік жасау керек.
1.4. Семинар, СӨОЖ сабақтары бойынша және СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
Кредиттік технология бойынша интерактивті оқыту жүйесіне басты назар аударады. Аудиториялық сағаттарда, дәріс немесе семинар, СӨОЖ сабақтарында дәстүрлі әдісті және интерактивті сабақ үлгісін жүргізуге болады. Интерактивті оқыту жүйесі студенттердің қабілеттілігін дамытады:
· Өз пікірін қалыптастырып айта білу;
· Өзгенің пікірін құрметтеу;
· Оқу материалын мұқият меңгеру;
· Материалды орындауда шығармашылық қабілетті таныту;
· Үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеу;
· Алынған мәліметтерге анализ жасау;
· Табысты жұмысы мен өзіндік ізденушілігін дамыту; Жеке даралығын көрсете білу;
· Әртүрлі ситуациялардан өту арқылы өмірлік тәжірибие жинау.
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу.
Дискуссия (талқылау) – оқытылып отырған тақырып бойынша студенттер арасында ой пікірлерді талқылау. Студенттердің ой пікірлерді талқылауға қатысуы – білімді естерінде сақтау мен сіңірудің кілті болып табылады. Дискуссия – бұл студенттерді оқыту үрдісіне тартудың серпінді әдісі болып табылады.
Рөлдік ойындар – студенттерді сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын тудыратын көпжақты оқыту әдісі.
«Аквариум» - топты командаға бөлу арқылы оқыту әдісі. Команданың бір тобы тапсырманы талқылаумен немесе шешумен айналысса, осы уақытта келесі топ жүріп жатқан процессті зерттеп жазып алады. Қорытындысы белгіленген ереже шешіміне дейін талқыланады.
Топтық нұсқау - оқытушы кілтті деректерді немесе «тақырыптың негізгі кезеңдерін» береді, осының негізінде бұдан әрі сабаққа қатысты сұрақтармен жауаптар қалыптастыру.
Топтық талқылау - аудитория дәрістен кейін, топқа бөлініп өзіндік ой пікірлерімен, көзқарастарымен, сұрақтарымен және қорытынды пікірлерімен топ көшбасшыларымен бірге талқылау өткізу .
Кейс - әдісі- білім беру әдісі, студенттерге тиімді ойлауға көмектеседі. Топқа нақты жағайдға негізделген, сонымен бірге кейбір мәселелерді талқылауға ұсынылып, жағдайларға сараптама беріп және нұсқауларды жасап шығаруға бағытталған нақты ақпарат беріледі. Кейсттер әр түрлі әдістермен беріле алады. Олар ұзақ және бүкіл ақпаратты көрсете алады немесе қысқа болуы мүмкін, қандай жағдайда болмасын олардың мақсаты бір – студенттердің берілген фактіге қандай да бір ой тұжырымға келу.
Кейс-әдісі сонымен қатар топтық дискуссия түрінде өте алады. Әдетте кейс-әдісі екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезеңде қатысушыларға кейс беріліп, оны қажетті уақыт аралығында оқып бүкіл материалды түсіну керек. Дискуссияны мадақтау үшін студенттерге сұрақтарды таратып беруге болады. Екінші кезеңде қатысушыларды кейстерді талқылауды сұрайды. Барлық қатысушылар өз пікірлерін айтуға мүмкіндігі болуы тиіс, өздерінің ой тұжырымында логикалық негіздеме беруі керек. Бұл процестің нәтижесінде дискуссия барысында оқытушы қатысушылардан кейстердің фактіден белгілі бір қорытынды жасауды сұрайды. Бұл әдістің артықшылығы – студенттердің басқарушылық, белгілі бір шешімдерді қабылдау, бақылаушылық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Жақсы дайындалған студенттер өздері кейсті жаза алады.
Презентация- білім беру әдісі, презентация арқылы студент кез келген тақырыпты таңдап алып, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алады. Презентация уақыты – 8-10 минут. Презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.
Сыни жағдайды өңдеу әдісі — сыни жағдайды өңдеу әдісі зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс нақты жағдайды моделдеуге негізделген, студенттерге белгілі бір сыни жағдайдың негізгі ақпараты беріліп, сосын өзара сұрақтар қойып және ақпаратты талап етуге болады. Әдіс мәселені анықтау үшін тиімді қолданылатын әдіс болып табылады.
Қатені анықтау әдісі – студенттер үй жұмысын алып, болатын дәрістің мазмұнымен танысады. Оқытушы оқу материалына өзгерістер енгізіп, қате кеткен мәліметтерді қайтадан құрастырады. Оқытушы дәріс оқу барысында студенттер қателерді анықтау қажет. Бұл әдіс студенттердің бүкіл оқу барысында критикалық тыңдау қабілеттілігін жетілдіреді.
«Миға шабуыл» әдісі – интерактивтік оқытудың ең қарапайым және тиімді әдістерінің бірі, шығармашылық ойлау қабілеттігін, топтарды құрастыру және белгілі бір мәселені шешу дағдыларын жетілдіретін әдіс. Шығармашылық пікірлерді жетілдірудің тәсілі, ал қатысушылар болса бұл тәсілдерді әрі қарай қолдануын ұсынады.
Өткенді қайталау– бұл әдіс тақырыпты талқылауда, қорытындылау кезінде қоданылады, бұл тақырыпты студенттер толығымен меңгеріп, арасында қолданылуын қамтамасыз ететін әдіс. Бұл әдіс бірнеше мақсатқа жетуді көмектеседі: студенттердің топ ішіндегі әрекетін ояту, кейбір тәжірибеге бағыт беру, аталған материал бойынша студенттердің қабылдауын қандай дәрежеде екенін анықтау, студенттер мен оқытушылар арасында қатымды байланысын көрсететін әдіс және т.б. Өткенді қайталаудың әр түрлі түрлері кездеседі.
«Дөңгелек үстел әдісі» - жылдам, әрі тиімді әдіс, әр бір студенттің өз пікірін айта алуы мысалы, «бүгін мен үш нәрсені білдім», «мен пән жөнінде білдім...» және т.б.
Ақырын ойлану - әдетте жазбаша түсініктеме беру, сұрақтар ьойынша тақтада немесе қағазда көрсету.
Топтық ойлану – шағын топтарды өткен тақырыпты қайталау және басқаларға айту әдісі.
Білдіретін әңгімелесу әдісі – студенттің сабақта ашық немесе сұрақтармен мен құрылымын баяндап беруі.
Хатты құрастыру әдісі –белгілі бір материалдымеңгеруге бағытталған әдіс, бұл әдісте негізгі сөз берілген, осыдан хат сызба түрінде құрастырылады, осы сызба негізгі сөздің мағынасын ашып береді.
Тәжірибелік (семинар сабақтарын) СӨОЖ және СӨЖ сабақтарын өткізу келесі формалары ұсынылады:
o Кез келген танымды анықтау, шағын эссе жазу – 1-1,5 бет.
o Тақырып бойынша жалпы шолу – ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық рессурс басылым мен Интернеттен шағын әдеби шолу (эссе) жазу. Глоссарий жазу – терминдердің шағын түсініктемесі және берілген тақырып бойынша түсінік беру, сөзжұмбақтарды қолдануға болады.
o Презентация – студенттің берілген тақырып бойынша өз презентацияны жасау барысында, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алауы, презентацияда қарастырған кейбір аспекттерді қарастыру. Презентацияның уақыты - 8-10 минут, презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.
o Іскер ойын – рольдік немесе топтық, болашақ кәсіби қызметі үшін іскерлігін және дағдылануды өндірту.
o Топтық жоба – топта 4-5 адамнан артық болмау керек, әр бір топ өзінің жобасын құрастырып, оны қорғау керек.
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық баяндама, таңдалған тақырып бойынша мамандардың еңбектері, аталған бағыт бойынша әдебиеттерге шолу. Осындай шолу оқырманға кез келген мәселе бойынша қазір заманға сай болуы, мамандардың пікірін қосып қарастыру.
Рефераттың мақсаты – басқалардың жетістіктерін ижалпылау, фактілер базасында әдебиет бойынша мәселені өзіндік сараптама жасау.
Жоғарыда көрсетілгендей, реферат – бұл оқылғанның қысқаша мазмұндауы, жауапты жұмыс, автордың өте ұқыпты дайындығының нәтижесі болып табылады. Және ғылыми жұмыс тән маңыздырақ оқу-әдiстемелiк мақсаттар рефераты ғалымдар қатар танысуды басты мiндетiмен зорға ескертемiз. Бұл – алдын ала ойластырылған тақырып, библиографиялық ізденіс, ғылыми әдебиеттердегі фактілердің сараптау және таңдау, олардың топтастырылуы, реферат авторының өз бағалауы және жоспарға сәйкес логикалық мазмұндамасы, анықтама аппаратын құрастыру, (сілтемелер және қолданылған әдебиеттер) және бүкіл тексті рәсімдеу. Рефератпен шұғылдана, ғылыми әдебиеттiң талдауының дағдылары студент, ғылыми зерттеудiң әдiстемесi және жазбаша жұмыстың әзiрлеуiнiң негiздерiмен ие болуға тауып алуға мүмкiншiлiк алады. Әрине, таңдап алынған ғылыми тақырыпқа рефераттың жазуы тиiстi тарихи мерзiм жататын материалдармен танысуға тым тереңiректерiне көмектеседi, табандатқан кiтаппен жеке алғанда өз алдына жұмыс iстейтiн қасында пайдалы дағдыларды меңгеруiне мүдде айқындалып және болуы мүмкiн ары қарай ғылыми жұмыстардың шеңберiн анықтауға көмектеседi мүмкiндiк туғызады.
Рефераттың көлемі 20-30 бет.
Конспект – жүйелік, оқытылатын материалдың мазмұны логикалық сабақтастығы, жоспарды біріктіретін, көшірмелер немесе осы аталған екі әдістің қосындысы.
Көшiрмелерге қарағанда және мазмұнның ашылуы конспектiнiң тезистерiнiң ол оқылатын көзде ұсынылатын мазмұндаманың тiзбектерiнде көрсетілгендей.
Конспектті құрастыру үшін ең маңызды және қажетті ақпарат алынады.
Бас жағдайлар көрінеді, аталы сөз, тiркестердi асты сызылады. Әрбiр жаңа ой жаңа жолдан басталады. Конспектте автордың фамилиясы, қайнар көздiң атауы, оның шығаруы, беттiң орын, уақыты көрсету керек.
Қайнар көздермен жұмыс жасау:
- кiтап немесе тараудың атауына ұғыну, оның мағынасын түсiну;
- тексті ынтамен оқып шығу және негізгі ойларын оқу барысында қысқаша жазу;
- бiр ойды басқа ойға бөлiңiз, олардың тезис түрiнде жазып алыңыз;
- негізгі категорияларды және түсініктерді көшіріп алыңыз, кең
- педагогикада қолданылуын, және олардың басқа ғылымдарды қолданылуын анықтап алу;
- жұмысты аяқтағаннан соң барлық қайнар көздерін көшіріп алыңыз.