Білімалушылар білімін бақылауды ұйымдастыру
Кредиттік жүйе кезінде білімалушылардың білімін бақылау мен бағалау баллдық-рейтингілік жүйе (БРЖ) жолымен жүзеге асырылады БРЖ-де ағымдағы, аралық бақылау, өздік жұмыстың орындалуын бақылау және аралық аттестациялық бақылау жүргізіледі.
Аталмыш жұмыс түрін жүргізу мөлшерін жоо өзі белгілейді. Бұл жағдайда ағымдағы және аралық бақылауға 60% және қорытынды бақылауға жалпы бақылаудың 40% қалдырылады.
Білімалушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін бақылау мен аттестациялаудың әр түрі қолданылады. Бақылаудың барлық жиыны мен білімалушы білімін бағалауда ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестация жүргізіледі.
Білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі
Пайыздық мөлшері | Баллдардың сандық эквиваленті | Таңбалық жүйе бойынша баға | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
95-100 | 4.0 | A | өте жақсы |
90-94 | 3.67 | A- | |
85-89 | 3.33 | B+ | Жақсы |
80-84 | 3.0 | B | |
75-79 | 2.67 | B- | |
70-74 | 2.33 | C+ | Қанағаттанарлық |
65-69 | 2.0 | C | |
60-64 | 1.67 | C- | |
55-59 | 1.33 | D+ | |
50-54 | 1.0 | D | |
0-49 | F | Қанағаттанарлықсыз |
Ағымдағы бақылау — оқытушылар өткізетін ағымдағы сабақта білімалушылардың білімін жүйелі тексеру пәнді оқыту кезінде білімалушылардың ағымдағы білімін бақылаудың әр түрін қарастыруға болады.
1) ауызша сұрау – пән бойынша бір немесе бірнеше бөлімнің материалын өткеннен кейін сұрақтарға жауап және тақырыпты талқылау:
2) жазбаша сұрау — қойылған сұрақтарға, есептерді шешуге, жағдаятты талдауға жазбаша жауап, сондай-ақ курстың кейбір бөлімдері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау;
3) аралас сұрау — бір немесе бірнеше тақырып бойынша білімді бағалауды ауызша және жазбаша бақылау;
4) үй тапсырмасын қорғау мен тұсау кесер — үй тапсырмасы дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында жеке және топтарға бөлініп, үй тапсырмасын, өткен материалды тексеру, өткен тақырыпты қорытындылауға үйрету, курс тақырыптарын байланыстыра білуге үйрету;
5) дискуссия, тренингтер, дөнгелек үстелдер, кейс-стадтар және т.б. — мәселелік сипаттағы сұрақтарды көпшілік (топ) болып талқылау, өз ойы мен дағдыларын көрсету, дұрыс шешім қабылдауға дағдылау;
6) тесттілер — пән бөлімдері бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша түрі;
7) тәжірибелік дағдылар (ОҚПЕ, ОҚКЕ).
Ағымдағы бақылауды тьютор тәжірибелік және зертханалық сабақтар шегінде және білімалушының өздік жұмысын бақылау арқылы оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады (Office Hours).
Аралық (рейтингілік) бақылау тьютор белгілеген кесте бойынша фармация факультетінде 8-ші (АрБ1) және 15(АрБ2) аптада өткізіледі. Ағымдағы және аралық бақылауды ұйымдастыруды деканат, оқу бөлімі жүзеге асырады.
Оқытушының ұсынысымен жүргізілетін аралық бақылау түрлеріне жазбаша бақылау жұмысы мен зертханалық жұмыс, тестілеу немесе ауысша тыңдау – коллоквиум, конференцияға қатысу және т.б. жатады.
Аралық бақылаудың нәтижелері «оқытушы жұмысын есептеу журналына» және «Рейтинг ведомосы» журналына жазылып, ол емтихан сессиясы басталар алдында Тіркеуші Офисіне тапсырылады.
Рейтингтік бақылаудан кейінгі бір-үш күн ішінде оқушы апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияға өтініш деканның атына беріліп және кафедраның пәндік апелляциялық комиссиясы қарайды.
Алғашқы және екінші аралық бақылаудың қорытындылары бойынша
АрБ = (АрБ1+АрБ2)/2 50% кем болса, сондай- ақ оған себептері бойынша қатыспаған оқушы емтихан сессиясы басталғанға дейін оқу жұмысы бойынша проректордың рұқсатымен жеке кесте бойынша аралық бақылауды тапсыруға құқылы.
Университеттік күнтізбеге сәйкес күндізгі бөлімнің студенті бір оқу жылында 2 емтихан сессиясын тапсырады (қысқы және жазғы). Күндізгі оқу түрінің қорытынды бақылауын өткізуге екі апта беріледі. Емтихандар кестесін тіркеуші офисі жасайды.
Комплекстік емтихандарға дайындалу үшін кемінде үш күн беріледі.
Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау — емтихан, диф.сынақ өткізіледі. Емтихан өткізу түрлері: компьютермен немесе тест бланкісімен жазбаша немесе ауызша болады. Білімалушыға емтиханды қай тілде тапсыру таңдауы беріледі.
Емтихан кешенді түрде өтуі мүмкін, бір мезгілде өзара байланысты 2-3 пәннен.
Егер оқушы емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алса, онда оның қорытынды бағасы есептелмейді, ведомосқа F деген баға қойылады.
Барлық бақылау қорытындысы бойынша оқу үлгерімін бағалау:
Ағымдағы бақылау үлгерімі, аралық аттестациялау (емтихандар) және мемлекеттік қорытынды аттестациялау баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жүргізіледі ( ҚР білім беру мемлекеттік стандарты 5.03.006- 2006)