Тысқа шығып- кіргенде

Мағжан поэзиясындағы құбылту (троп) және оның түрлері.

Троп грекше tropos – иін, иірім сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп айту дегенді білдіреді. Оның түрлері көп.

Әдеби тілдегі басты құбылтулардың бірі – ауыстыру (метафора)

І. Ауыстыру, (метафора) дегеніміз екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнынын тереңдетіп, әсерін күшейту.

Арыстанмын айбатыма кім шыдар?!

Жолбарыспынқайратыма кім тұрар?!

Көкте – күнмін, жерде – желмінгулеген

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?!

(“Мен кім?”)

...Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,

Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей

Жұлдыз – жүзік, айды- алқағып берейін...

(Жұлдыз-жүзік...)

...Махаббат – бір тікенек,

Жүрекке барып қадалар...

...Махаббат – бір тәтті у

Ішер жүрек, төгер жас.

(“Махаббат не?”)

Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп,

Қалың ой- қара жылан жүректі еміп,

(“Сарғайдым”)

...Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,

Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.,

...Ерте күн- ертегідей ерке күн ғой,

Өткен күн - ұстатпайтын сұлу сағым,

(“Қорқыт” поэмасы).

... Қарт сонда күңіреніп “Аманбысың,

Кенежан, елдің ері жолбарысым,

... Балауса жас жолбарыс-інің Науан.”

(“Ертегі”поэмасы).

ІІ. Кейіптеу дегеніміз - көркем шығармада жансызға жан бітіріп, тірінің әрекетімен ауыстырыла суреттелуді айтады.

Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл.

Күбірлей бастады енді "Мұның не?"-деп.

Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,

Асығып екі жастың қанын ішті...

Жып-жылы адам қаны бүлкіл қағып,

Қуалап жылжи берді ойдан ойды.

Құшақтап ақ селеуді жылады жел...

Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен.

(“Батыр Баян”поэмасы).

...Ызғарлы жел долданып,

Екі иінінен дем алып.

Іштен тартып осқырып,

Кейде қатты ысқырып.

Аңдай ұлып бір мезгіл

Біресе сақ - сақ күледі...

(“Қысқы жолда”).

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқынмен толқын жарысад.

Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен,

Жарысып жарға барысад.

Толқын мен толқын сырласып,

Сырларын еппен ұрласып,

Толқынға толқын еркелеп,

Меруерт көбікке оранып,

Жыландай жүзге бұралып.

Жарға жетер ентелеп...

(“Толқын”).

ІІІ.Алмастыру (Метонимия)-дегеніміз өзара шектес заттар мен құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.

... Япыр-ау, осындай-ау адам-дағы,

Бірі күшті, біреуі жаман-дағы,

Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң,

Дүние де жақсылықтан аман-дағы.

Күшсіздер, сорлыларға атар таң жоқ...

(“Бір күні”).

... Қара көз, таста кестеңді,

Үйде отырып қуарма.

Тысқа шығып- кіргенде

Екі бетің - екі алма.

(“Жаз келеді”).

...Батырлар десті жалғыз “Баян бала-ай !“

Көкшенің бауырында өңшең көкжал

Күңіреніп күтіп жатты күндер талай.

...Көкшеде өңшең көкжал аялдаған,

Қырандар қанаттарын жая алмаған.

Жолбарыс жортып кетті бетін түзеп...

Арыстан айдалада дүбір салды...

Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап.

Жүз бөрі аз дамылдап алысты да.

Жүз қыран мың сан қолға араласты.

(“Батыр Баян” поэмасынан).

ІҮ. Мегзеу (Синекдоха) дегеніміз - бүтіннің орнына бөлшекті немесе бөлшектің орнына бүтінді қолдану

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.

Алаштың аруы боп кетсе - дағы,

Жанымен өз жұртынан айрылмаған...

... Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ,

О дағы бір саған туған жұрт болмай ма ?

... Батырлар қатар түзеп келіп қалды.

... Тартты қол. Қалды өрлер. Қалды белдер.

... Сол кезде қара бұлттай қалың қалмақ...

... Қалың қол ортасында батыр Баян....

(“Батыр Баян” поэмасынан).

Ү. Астарлау (Символ)- дегеніміз бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа теліп, ойды ашық айтпай тұспалмен жеткізуді айтады.Символ шындыққа әсем ажар, философиялық астар береді.

Жабыны тұлпар қылам деп,

Қарғаны сұңқар қылам деп,

Талайдың ісі шала ғой.

Болса “гүлсіз”,

“Бұлбұл” үнсіз

Үнсіз “бұлбұл” - бір сұр құс .

Үнсіз өмір-

Сөнген көмір,

Отсыз жүрек бос қуыс.

(“Болса гүлсіз..”).

Қолды қардан оқ үзді,

Ордаға байрақ байлатпай.

Өлер өмір, сөз қалар

Молаға қойған сайғақтай.

(“Жігер, шіркін, желінді”).

ҮІ. Аллегория. Символ секілді астарлау түрінде айтылады. Бірақ ондағыдай екіұшты пікір болмайды. Автордың айтпағы белгілі болып тұрады.

Өмірде қулық, зорлық, момындық, батырлық, аярлық секілді адамға тән мінездерді дерексіз жай ұғым қалпында тұрғанда түсінуге болғанымен көзбен көре алмаймыз. Сондықтан ақын оны деректі нәрселерге көшіріп көрсетеді. Мысалы, аңдар бейнесінде көрсетеді.

Сары аю ойнайды екен таспен атып,

Бөрісі бөкен жортқан түнде қатып,

Топ шүйебөрі бір құлжаға жабылмақшы-

Қозыны жамыратып жібергендей.

(“Алатау”).

Жыршы құс бақырайған бақа көрсе,

Бақылдап тырбық бақа әнін бөлсе,

Ойласаң таң қаларлық дәнеңе жоқ,

Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе...

(“Тұранның бір бауында”).

...Керді теке көкірек,

Көрінді оған жақын көк,

Сүзейін деп ойлады.

“Меке-ке”- деп кекірді,

Тұқырып басын секірді,

Қора ішіне құлады.

(“ Көк теке”).

Мағжан поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің түрлері.

І. Көркемдегіш сөздердің бір түрі Теңеу деп аталады. Жазушы немесе ақын бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін оны екінші бір нәрсемен салыстыра суреттейді.

Олар зат есімге, есімшеге -дай,-дей,-тай,-тей,-дайын,-дейін,-тайын,-тейін жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады

...Өткізген балаусадайбөбек күнім,

Барқыттай белес-белес белім жатыр.

Айбынды арыстандайқұмды кезген,

...Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр...

Жігер, шіркін, желінді,

Болат жеген қайрақтай.

Мешеу болды жүйрік ой

Кететін орғып айдатпай...

Жазды күні сұр құлын

Сұлу еді сүліктей.

Құрық көрсе құлдырап,

Зытушы еді еліктей...-

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандайкүшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

Жаралы жолбарыстайкүңіренді,...

Ақылға алғыр құстай ашу төнді...

Дауылдайталмай есіп, желдей ұшып....

Кілегей қара бұлттайтөнді Баян.

Сұңқардай сорғалаған келді Баян.

Барыстай ойын салған сар далада...

Майданда жолбарыстайжалғыз ойнап....

Сан қолға аш бөрідей кірген еді.

(“Батыр Баян” поэмасынан).

ІІ. Айқындау (эпитет) деп адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қяилына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздерді айтады.

Қанды ор боп ақын жолы қалады да.

Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі- меруерт.

Сұм сұлу анадайдан ағатайлап.

Билеген асау жүрек, қайнаған қан.

Шомылып қанды ыстық көз жасына.

Бәрі де болат тұяқ бедеу мініп.

" Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным"-деп.

(“Батыр Баян” поэмасынан).

Сөзің - сиқыр, есті тұман басқандай,

Ессіз жүрек дария болып тасқандай.

Күлкің Күнім күндей күміс табаққа

Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.

(“Жұлдызды жүзік...”).

...Сылдырлап сылқ-сылқ күлген терең сайда,

Ерке өзен жанын өртеп, жармен ойнап,

Сүйгізіп ақ бетінен күміс Айға.

Сондай бір жібек кеште жаны өртеніп,

(“Батыр Баян” поэмасынан).

Мағжан поэзиясындағы айшықтаудың

(фигураның) түрлері.

Айшықтау (фигура) (латынша fіgura- келбет, бейне)- сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, оқырманға әсерін күшейту

1. Арнау- адамның, не ақынның өзіне не өзгеге,жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.

А.Байтұрсынов арнауды үшке бөлген: жарлай арнау,

сұрай арнау, зарлай арнау

а) Жарлай арнау

Қазағым, таянды ғой қылта мойын,

Жер, мал кетіп бос қалды біздің қойын.

Қарашы өзіңе-өзің көз жүгіртіп,

Жараспас енді өзіңе күлкі-ойын.

(“Қазағым” ).

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,

Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.

Қамаған қалың жаудың ортасында,

Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.

(“Алыстағы бауырыма”).

ә) Сұрай арнау

Болмаса басыма да бармас па екен?

Атымды аузына да алып тұрмас па екен?

Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған

Молама көз қырын да салмас па екен?

(“ Жан сөзі ” ).

Сұрасақ, тілек қабыл болмас па екен?

Жолымыз жылап шеккен оңбас па екен?

Кеше ұшқан басымыздан бақыт құсы,

Тағы да қайта айналып қонбас па екен?

(“Айға” ).

б)Зарлай арнау.

...Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?

Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды

Наши рекомендации