Тақыры 3. Қр баланың құқықтары туралы заңы.
1. Балалардың тең құқықтығы.
2. Баланың құқықтарына тыйым салу.
3. Балалардың құқықтарын қорғаудағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттары.
4. ҚР - дағы жергiлiктi жəне орталық атқарушы органдардың мемлекеттегi баланы қорғаудың сұрақтары өкiлеттiктері.
1.Балалардың тең құқықтылығы.Тегiне, нəсiлiне жəне қай ұлтқа жататындығына, əлеуметтiк жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға жəне ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мəн- жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. Некеден де жəне некесіз де туған балалар тең əрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
2.Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу.Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары
Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:
1. балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;
2. балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;
3. бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;
4. балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани жəне имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық жəне бейбiтшiл сезiмдердi тəрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дəстүрлерi, ұлттық жəне əлемдiк мəдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жəрдемдесу;
5. кəмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мəдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
6. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады жəне:
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
2) балаларға толымды тəрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға;
3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге жəне сақтауға;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген.
Азақстан Республикасы орталық жəне жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мəселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi
1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне:
1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау;
2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн, оның денсаулығы мен имандылығын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң басым бағыттарын таңдау;
3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу жəне қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттарды белгiлеу;
5) бюджет қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
6) баланың құқықтарын қорғау мəселелерi бойынша мемлекеттің халықаралық мiндеттемелерiн орындау жəне халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн білдiру;
7) тəрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мəдениет, дене тəрбиесi мен спорт, əлеуметтiк қызмет көрсету жəне отбасын əлеуметтiк қорғау саласындағы балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiн айқындау;
8) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тəуекел дəрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын əзірлеу жəне бекіту;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:
2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, отбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттiк, жергiлiктi бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
3) балаларға арналған əлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тəртiбiн белгiлеу;
5) тəрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мəдениет, дене тəрбиесi мен спорт, əлеуметтiк қызмет көрсету жəне отбасын əлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тақырып 4.Кəмелетке толмағандардың конституциялық-құқықтық мəртебесі
1. ҚР баланың конституциялық-құқықтық мəртебесі
2. Баланың жеке құқықтары мен бостандықтары
3. Баланың саяси құқықтары мен бостандықтары
4. Баланың əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени құқықтары мен бостандықтары
Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері. Баланың денсаулық сақтауға құқығы.
1. əрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. мемлекет дені сау баланы тууды қамтамасыз ету үшін ананың денсаулығын сақтау жөнінде жағдай жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1) баланың денсаулығын сақтау саласында ҚР заңдарын қабылдау:
2) балалардың салауатты өмір салтын насихаттау жəне ынталандыру;
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қолдау;
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау жəне балалар ауруларының алдын алу;
5) білікті медициналық көмек көрсету;
6) баланың дені сау болып өсіп жетілуіне қажетті қолайлы қоршаған орта жасау;
7) балалар үшін сапасы тиісті деңгейдегі тағам өнімдерінің өндірілуіне жəне сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
4. ҚР заңдарына сəйкес балаларға тегін медициналық көмектің көлеміне кепілдік береді.
5. Баланың өміріне, денсаулығына жəне қалыпты өсіп-жетілуіне зиян келтіретін кез келген ғылыми тəжірибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйм салынады.
Баланың даралық ерекшелікке жəне оны сақтауға құқығы:
Əрбір бала туған сəтінен бастап аты, əкесінің аты, ұлты жəне азаматтығы болыуна құқылы жəне ҚР заңдарына сəйкес оларды сақтауға құқылы.
Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне жəне жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы:
1. Əрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір- қасиетіне жəне жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар;
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тəнін жəне жанын жəбірлеуден, адамдық қадір қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікмен қорғаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы əрекеттерден, баланы қылмыстық іс-əрекетке жəне қоғамға жат əрекет жасауға тартудан жəне оны адам мен азаматтың ҚР Конститутциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
Баланың сөз жəне ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқылы:
1. Əрбір баланың сөз бостандығына жəне өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сəйкес ақпарат алуға жəне оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына жəне ҚР заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға өз еркімен қатысуға құқығы бар.
2. Мемлекеттік органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейімділігін, ғылыми техникалық жəне көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншігін қорғауды, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мəдениет ескерткіштерін қорғауды өзіне мақсат тұтатын, қайырымдылық істеріне қатысатын, мəдени жəне спорттық өмірге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жəрдемдеседі.
Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы:
1. Əрбір баланың дене бітімінің, психикасы мен жан дүниесінің толымды дамуы үшін қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайы болуға құқығы бар.
2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын əлеуметтік жəне экономикалық шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етеді.
Баланың мүліктік құқықтары. Əрбір баланың заңмен белгіленген тəртіппен жəне мөлшерде өз ата-анасынан жəне отбасының басқа да мүшелерінен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жəрдемақылар жəне басқа да əлеуметтік төлемдер ретіндегі тиесілі соммалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі жəне олар баланы күтіп-бағуға, оған білім беруге жəне оны тəрбиелеуге жұмсалады.
Əрбір баланың заңдарда белгіленген тəртіппен өз бетінше немесе өзінің заңды өкілдері арқылы мəмілелер жасауға, банктерде салымы болуға жəне жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне жəне интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды иемденіп, алуға жəне оларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Баланың тұрғын үйге құқығы. Əрбір баланың ҚР Тұрғын үй заңдарына сəйкес тұрғын үйге құқығы бар.
Баланың білім алу құқығы. Əрбір баланың білім алуға құқығы бар жəне ҚР білім туралы заңына сəйкес оған тегін бастауыш. Негізгі орта жəне жалпы орта білім жəне конкурстық негізде тегін техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім алуға кепілдік беріледі.
Баланың мемлекеттік көмекке құқығы. Мемлекеттік көмек оны алуға құқығы бар əрбір балаға тағайындалады. Мемлекеттік көмектің мөлшері жəне оны көрсетудің шарты мен тəртібі ҚР заңдарымен белгіленеді.