Зін-өзі тану сабағы бойынша конспект-жоспар құрастырыңыз.

Конспект-жоспар – бұл, білім негіздерін шығармашылық жолмен игеруге оқушылар қызметінің белсенділігін арттыруға ықпал ететін мұғалімнің шығармашылық ойлауының айнасы. Әр сабақ бойынша жоспар оқып жатқан материалдың көлемі мен мазмұнын, сабақтың кезеңдерінің ретін, оқушылар қызметінің түрін, жабдықталуын, үй жұмысының көлемін көрсетеді. Оның құрылымы мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктеріне, оның жұмысына, оқушылар санына тәуелді. Жоспарды конспект, тезис түрінде құруға болады, формасы мұғалімнің өзіне ыңғайлы болуы тиіс. Осында кеңестер мен ұсыныстар беруге болады, талап мазмұнға беріледі, онда бәрі ойластырылуы тиіс.

Сабақ тақырыбы: (ол күнтізбелік- тақырыптық жоспардан алынады, нақты, түсінікті, белгілі болуы тиіс).

Сабақ мақсаты:

БІЛІМДІЛІК МАҚСАТТАРЫ: білімді тереңдету, оқығанды қайталау және жаңа лексикалық негізде қолдану, білік дағдыларға үйрету.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ: мұғалім оқушының қалай дамуын іздейді: байқау, ойлау, аналитикалық-талдау үрдістерін дамыту, салыстыруға үйрету, шығармашылық қиалдауын дамыту.

ТӘРБИЕЛІК МАҚСАТТАР: эстетикалық, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, пәнді оқуға сүйіспеншілік. Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыс мәнін тәрбиелеу. Тәрбиелік міндеттер оқу материалының мазмұнынан шығады, олар барлық сабақ жүйесінде орындалады, оқушының санасына белгісіз, бірақ айшықты түрде әсер етеді.

Барлық міндеттер жоспарды құрғаннан кейін шығарылады (орын қалдырыңыз), олар сабақтың мазмұнын көрсетеді.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: көрнекі құралдар, ТОҚ, жазушылар мен ақындардың тілдік материалдары, экскурсиялар, қосымша материалдар.

САБАҚ БАРЫСЫ: мұғалімнің қызметі, оқушының іс-әрекеті, әдістер, тәсілдер.

I. АКТУАЛИЗАЦИЯ (көкейтестілендіру)(5-7 минут).

1. Сабақта білуді талап ететін, оқытылған материалмен байланыс.

2. Оқушылардың белсенді ойлауын, білімін талап ететін өзіндік жұмыс.

3. Мұнда эмоционалдық көңіл күйді, еңбек ету құлшындылығын қалыптастыруға болады. Барлығын қызметке араластыру. Қызығушылықты сұрақпен немесе тапсырмамен құрастыруға болады. Оқымаған материалды ашу қажет және оқушыларды жаңаны қабылдауға дайындау.

4. Бақылау нысаны белгіленеді.

II.ЖАҢАША ТҮСІНІКТІ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНУ (оған уақыттың біраз бөлігі беріледі - 25-30 минут).

Мұғалім сабақтың осы кезеңіне әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, байқатпай келуі тиіс (жартылай-ізденіс жағдайы және т.б.).

Жаңа материал мысалдар арқылы шығармашылық жүйеде ой елегінен өткізіледі. Балалар белгісіздікті шешуі тиіс (салыстыру, жинақтау,қорытындылау). Осыдан кейін оқушылардың шешімдері оқулықпен салыстырылады, өзіндік жұмыстың түрлері ойластырылады.

III. БІЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ:

1. сұрақты қоя және жауап бере білу;

2. практикада білімді саналы қолдану, өз бетімен жұмыс істеу түрлері және типтері, ойлау қызметін белсендетумен фронталды және дифференциялы қолдану;

3. кері ақпарат (карточкалар, өзіндік тексеру сигналдары, фронталдық тексеріс).

IV. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: үй тапсырмасының 300-ден астам түрі бар. Ол осы материалды оқушының түсінуін көрсетеді. Міндетті түрде түсіндіру қажет.

V. САБАҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: жаңаны игергенін қортындылайды, бұл есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.

VI. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ: комментария беру арқылы оқушының білімі бағаланады (әуелде нашарлар және олардың жетістіктері).

Бағалар қойылады.

ЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНЕН ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНЕ 1 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету

Дамытушылық мақсаты:өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты:татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:аралас

Көрнекілігі:буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

· Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

· Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

· Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Гіме

Ш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:

– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.

– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

– Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:

– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

· Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

· Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық деп ойлайсыңдар.

Наши рекомендации