Тапсырма. Тау-кен мамандығына қатысты төмендегі синонимдес сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІ БОЙЫНША

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы

5В070700 – «Тау-кен ісі» мамандығының студенттеріне арналған

ККТ 3218 «Кәсіби қазақ тілі» пәні

Til 4 Тілдік модуль

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша практикалық (семинарлық)

сабақтарға арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ТАҚЫРЫП. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАУ-КЕН ІСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ. ГРАММАТИКА.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы. Грамматика (осы тақырыптарды толықтыру, еске түсіру, студенттерге сұрақтар қою).

2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).

Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы

Адам баласының даму тарихы тау-кен ісімен байланысты: күрек пен қайла, балға - бірінші тау-кен ісінің құралдары осы уақытқа дейін тау-кен жұмыстарында қолданылады.

Жердің бетінен барлау жұмыстары жер қыртысына тереңдеген сайын әр жерлерде жаңа технологиялық және техникалық әдістер қолданыла бастады.

Тау жыныстарын копару үшін бірінші атылғыш зат ретінде XIV ғасырда Қытайда оқ дәрі жасалды. Басында оқ дәріні соғыста қолданды, кейін тау-кен саласында қопару жұмыстарында қолдана бастады.

XV ғасырда Европа елдері тау-кен ісінде, Ресейде профессор Зимин жасаған - динамит деген дәріні қолданды.

Оның патентін Нобель сатып алып 50 жыл бойы Европа елдеріне зауытта жасап сатып отырды.

ХVІІІ ғасырда Америкада тау-кен ісі дами бастады.

ХІХ ғасырда Европа елдерінің қол астындағы Африка, Азия және Австралия мемлекеттерінде тау-кен өндірісі дами бастады.

Қазіргі заманның талабына сай жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіруде табиғатты қорғау және жер бетін ежелгі қалпына келтіру мәселелері адамзат тіршілігі саласынан орасан зор орын алатындығы белгілі. Сондықтан, жер қойнауындағы әр түрлі пайдалы қазындыларды қосқабат өндіріп, олардың өндіру және байыту барысында ысырапқа ұшырамауы көзделуге тиіс. Сонымен қатар, су көздерінің сарқырап қалмауы және олардың әр уақытта таза болуы да табиғат қорғау мәселесінен тиісті орын алулары қажет. Бұл мәселенің орасан зор маңызы бар екендігі - өндірілген кен көлемінің жыл сайын 3%-ке аса түсуге кепіл бола алатындығы. Мысалы, IX жер жүзілік халықаралық тау-кен Конгресінің түжырымы бойынша 1973-1974 ж.ж. аралығында 220-225 млд. АҚІІІ долларына пайдалы қазындылар өндірілген. Ал X тау-кен Конгресінің есебі бойынша 1979 жылы бүкіл жер жүзінде 450-470 млд. АҚШ долларына пайдалы қазындылар өндірілген.

Әдебиет:

Her.: 1 [441-465], 22 т

Қос.: 1 [485-493], 3 т

Бақылау сұрақтары:

1. Қалайы заманына дейінгі тау-кен ісінің даму тарихы.

2. Қандай құралдар қолданылды?

Қалған дэуірлердегі тау-кен ісінің даму тарихы.

Қандай техника мен технологиялар колданылды?

1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыздар:

дүниежүзілік - всемирный

барлау жұмыстары - разведочные работы

даму - развитие

қыртыс - залежь

тау-кен ісі - горное дело

әдістер - методы

тығыз байланысты - тесно связано

қопару - подрывка; выворачивать

күрек - лопата

атылгыш зат - вещество взрывчатое

қайла - кирка

оқ-дәрі - боеприпасы; заряд; порох

балға – молоток

сала – отрасль

Тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тау-кен ісінде ең алғаш қандай құралдар қолданылды? 2. Жердің бетінен барлау жүмыстары терендеген сайын қандай әдістерді қолдана бастады? 3. Тау жыныстарын қопару үшін атылғыш зат ретінде не жасалды? 4. Европа елдерінде тау-кен өндірісі қай кезеңнен дами бастады? 5. Пайдалы қазбаларды өндіруде не мәселе көзделуде? 6. Жер жүзінде кен өндіру қалай дамыған?

Тапсырма. Мәтіндегі көптік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі: Егер сөздер дауысты және үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса, онда: -лар, -лер жалғаулары жалғанады. Мысалы: қазба+лар, қазынды+лар, үй+лер т.б.

Тапсырма. Мәтіннен тау-кен саласында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мысалы: жер қыртысы, пайдалы қазындылар, тау-кен ісі, тау жыныстары т.б.

Тапсырма. Тау-кен саласы бойынша мамандықтарға негізделген терминдердіц мағынасын есте сақтаңыздар. Көптік жалғауларын тауып, олардың сөйлемдегі кызметін түсіндіріңіздер.

Ірі сепкілді кен - крупновкрапленная руда. Сепкілдікті ірі не ұсаққа жатқызу шартты ұғым. Мыс.: қара металл кендерінде бағалы минералдардың ірілігі 10-20 мм, не одан да ірі болып кездеседі де, 1-2 мм болса сепкілдікке жатады. Ал түсті металл кендерінде минерал түйшіктерінің размері 1 мм болса, олар ірі сепкілді кен деп аталады.

Көбікті флотация - пенная флотация. Флотациялау процесінің ең көп тараған түрі.

Аралас кен - руда смешанная. Бағалы зат сульфидті жэне тотықты минералдар түрінде кездеседі. Әдетте мұндай кендердің байытылу дәрежесі жоғары болмайды жэне әр түрлі процестерді қолдануға мәжбүр етеді.

Кен қаттылығы - твердость руды. Ұсату және ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалық қасиеті.

Ұсақ сепкілді кен - тонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074 мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мүндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.

Пайдалы қазбаларды байытудың су-шламды сұлбасы - водношламовая схема обогащения полезных ископаемых. Байыту технологиясының сұлбасында судың қандай операцияларға түсірілетіні және қанша түсірілетіні көрсетіледі.

Зумпф - зумпф (на фабрике). Пульпалы өнім бір операциядан екінші операцияға тасымалдау мақсатымен айдағышқа (насосқа) берілу алдында жинағыш сыйымдылыққа түседі. Онда пульпа деңгейі бір қалыпта болады да, айдағыштың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалады. Зумпф бетоннан не металдан жасалуы мүмкін.

Сөздік:

тотық - окись; ржавчина; коррозия

ұсату - колоть

тотық түсті - ржавого цвета

айдама желдеткіш - вентилятор нагнетательный

ұнтақтау - перемалывание; размельчение

байытылу - обогащаться; обогащение

тапсырма. Тау-кен мамандығына қатысты төмендегі синонимдес сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Кен жұмыстарынын дамуы, кен жұмыстарының өркендеуі, кен жұмыстарының игерілуі, кен жұмыстарының табысты жүргізілуі, кенді шығару, кенді конвейерге тиеп жоғары көтеру, кен институты, тау-кен жоғары оқу орны, кен ісі институты, кен орнын игеру, кен орнын тиімді қазу, кен орнын тасымалдауға дайындау, кен орнын тазалау, кен даярлау жұмыстарын жүргізу

Наши рекомендации