Дістемелік нҰсҚау
БЕКІТЕМІН
Педагогикалық факультет
деканы________Сапарбекова Г.Ж.
«Қазақ әдеби тілінің тарихы»
Білімгерлердің өзіндік жұмысын орындау үшін
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» Педагогикаылқ
кафедрасының мәжілісінде қаралған факультетінің әдістемелік бюросында
Хаттама №_____________мақұлданған Хаттама №______________
«___» ____________________20___ж. «___» ___________________20___ж.
Кафедра меңгерушісі______________
Тараз 2013 ж.
Әдістемелік нұсқау «Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курстың өзіндік жұмыс тақырыптарын орындауға қажетті мәліметтер берілген.
Әдістемелік нұсқау 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білімгерлеріне арналған.
Құрастырған: ф.ғ.к. Ақбердиева Б.Қ.
1. СӨЖ мақсаты мен міндеті
СӨЖ орындауға білімгер өзіндік жұмысын жетілдіріп, танымдық қызметін арттырады. Өзіндік жұмысты орындау барысында білімгердің ақпарат дерек көздерімен жұмыс істеуі, білімді меңгеруде жеке әдісі, сараптау, талдау және шығармашылықпен ойлауы, үнемі білім алу дағдысы қалыптасады.
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәнінен СӨЖ орындауда білімгер қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму процесінде әр дәуірдегі жазба әдебиетіміздің, ақын-жазушыларымыздың, бай ауыз әдебиетіміздің, сондай-ақ әр кезеңдегі түркі жазба әдеби тілінің ролі, қазіргі әдеби тіліміздің нормалары мен олардың әлеуметтік мәні мен стильдік тармақтары, қазақ әдеби тілінің жалпы халақтық тілдің басқа түрлерімен (ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті тіл ерекшеліктері, қарапайым сөйлеу тілі т.б.) қарым-қатынас сияқты әдеби тілдің басты-басты мәселелерін меңгергендігін практикада қолдануға дағдыланады.
СӨЖ дайындауда тақырып, бөлім, пәнге байланысты қажетті ақпараттар жинау, сараптау; Пәннің арнайы оқулықтары мен оның даму тарихына қатысты деректер бойынша зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми еңбектерді талдауға, түсініп, саналы түрде оқуға үйренеді, қазақ әдеби тілінің тарихы мәселелерінен білім алады, топтық жұмыс арқылы жаттығумен жұмыс жасайды, өзіне қажетті нақты деректер мен түсініктерді сұрыптап қолдана білуге дағдыланады.
Болашақ мамандық иелерін әдеби тіліміздің өзіндік тарихын меңгертіп, оның зерттелуіне үлес қосу мақсатында заңдылықтарды өз еркімен тани, талдай алуға, жалпы халықтық сипаттағы қазақ әдеби тілінің қоғам дамуындағы ролінің күшеюіне өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.
1.1. СӨЖ түрлері
1. Коллоквиум тапсыру (ауызша сұрау);
2. Бақылау жұмысы;
3. Реферат қорғау;
4. Семестірлік тапсырма
2. СӨЖ календарлық-тақырыптық жоспары
№ р/с | Сабақ тақырыбы | СӨЖ тақырыбы | Тапсыру мерзімі | Ұсынылатын әдебиеттер |
Әдеби тіл туралы ұғым | «Әдеби тілдің сипаты» | 1 апта | 1. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1970; 2. Аманжолов С.А., Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы-Ата, 1959, 1997; | |
Әдеби тілдің қалыптасуы | «Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері» | 2 апта | 1. Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. 2-жартысындағы қазақ әдеби тілі, Алматы, 1982; 2. Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы.// Әдебиет және искусство. 1951 №4 | |
«XV- XVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі | «XV- XVІІ ғғ. қазақтың әдеби тілі» | 3 апта | 1. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1968. 2. Жұбанов Қ.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. | |
Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дами түсу дәуірі | «XV-ғасырдағы ақын-жазушылардың шығармалары тілінің лексикасы, грамматикалық сипаты» | 4 апта | 1. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 1996. 2. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976. | |
XVІІІ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби тіл | «XVІІІ мен ХІХ ғ. 1-жартысы аралығындағы қазақ әдеби тілі» | 5 апта | 1. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000. 2. Ибатов А. ХІV ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. Алматы, 1997. | |
ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі | «ХІХ ғасырдағы қазақ хандарының, старшиналардың әр алуан эпистолярлық стильдің ерекшеліктері» | 6 апта | 1. Ибатов А. ХІV ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. Алматы, 1997. 2. Исаев С. қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989, 1996. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998. | |
ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі | «ХІХ ғ. 2-жартысы мен ХХ ғ. 20 жылдары аралығындағы қазақ әдеби тілі» | 7 апта | 1. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы, 1983. 2. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995. | |
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі | «ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақ тілінің зерттеле бастауы» | 8 апта | 1. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995. 2. Ысқақов А. Абай және қазақ әдеби тілі//Абай тілі сөздігі. Алматы, 1968. | |
ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі | «ХХ ғ. 20-жылдарынан бергі (Кеңес дәуіріндегі) қазақ әдеби тілі» | 9 апта | 1. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 1996. 2. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976. | |
ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі | «Қазақ тілінде алғашқы мерзімді баспасөздің шығуы» | 10 апта | 1. Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. 2-жартысындағы қазақ әдеби тілі, Алматы, 1982; 2. Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы.// Әдебиет және искусство. 1951 №4 | |
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі | «Өткен ғасырдың 2-жартысындағы қазақ жазуының мәселелері» | 11 апта | 1. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1970; 2. Аманжолов С.А., Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы-Ата, 1959, 1997; | |
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасып, дамуы | «Қазақ даласындағы «кітаби» әдебиеттің шығуы» | 12 апта | 1. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы, 1983. 2. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995. | |
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі | «ХХғ. бас кезіндегі қазақ тілі мен жазуы» | 13 апта | 1. Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. 2-жартысындағы қазақ әдеби тілі, Алматы, 1982; 2. Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы.// Әдебиет және искусство. 1951 №4 | |
ХІХ ғасырда қазақ тілінің зерттелуі және оның жазуы мен емлесі туралы мәселелер | «Алғашқы оқулықтар мен оқу құралдары» | 14 апта | 1. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1970. 2. Аманжолов С.А., Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы-Ата, 1959, 1997; | |
ХІХ ғасырда қазақ тілінің зерттелуі және оның жазуы мен емлесі туралы мәселелер | «ХХғ. 20 ж-ғы мерзімді баспасөз, ғылыми әдебиеттер арқылы тілдің нормалануы» | 15 апта | 1. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы, 1983. 2. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995. |