Ылмыстық-атқару құқық қатынастары
Негізгі ұғымдар: Қылмыстық атқару заңдары. Норма- ереже, мінез-құлық ережесі. Санкция нормасы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқару мен өтеудiң тәртiбiн және жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актілерден тұрады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.
Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңдарының мiндетi жазаларды өтеудiң тәртiбi мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын аныќтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғау, оларға әлеуметтiк бейiмделуге көмек көрсету деп саналады. Сотталған әскери қызметшiлердi жазалау осы Кодекске, өзге де заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi бекiткен сотталған әскери қызметшiлердiң қылмыстық жазаларды өтеу ережелерiне сәйкес атқарылады. Сотталған әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жазасын өтейдi және әскери қызметтен өтедi. Оларға осы баптың 1-тармағында аталған нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген шектеулер қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеушi сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары қолданылады.
Сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрiн атқару кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қылмыстық –атқару құқығы құрылымы жағынан қарайтын болсақ, ол әр түрлі нормативтік жарлқтардан, тікелей айтсақ, бөлімнен тұратын аталған құқық саласының құрастырылған, біртұтас жүйелі құқықтық білім. Норма- ереже, мінез-құлық ережесі. Заңдық норма заңда көрсетіліп, бекітілген мінез-құлық ережесі. Норма- құқықтың құрылымдық элементтерінің бірі. Оны құру- құқықтық реттеуді қажет ететін және осыған байланысты құқық нормасы мазмұнын білдіретін тиісті қоғамдық қатынастардың болу қорытындысы. Қылмыстық-атқару құқығының нормасы деп субъектілердің тиісті мінез-құлық үлгісін жән қатысушылардың құқықтық қатынасын айтамыз. Онда жалпыға бірдей міндетті ереже қойылады, жарлыққа байланысты
Қылмыстық- атқару құқығы нормаларын белгілейтін тәртіп ережесін өзіндік ерекшелігіне байланысты жеке-жеке түрге жіктеуге болады. Айтылған құқық нормаларының негіздері: а) реттеуші; ә) мадақтаушы; б) қорғаушы болып бөлінеді.
Реттеуші нормалар субъектілердің құқығы мен міндеттерін және басқа да қылмыстық-атқару құқық қатынастарына қатысушыларды белгілейді. Заң әдебиетінде құқықты реттеудегі тыйым салу нормасының екі тәсілі ерекшеленеді: рұқсат беру және ерік беру. Рұқсат беру-нормативтік жарлықпен тікелей көзделген рұқсат. Ерік беру-тікелей тыйым салынбағанның бәріне ерік берілген.
Қылмыстық-атқару құқығының мадақтаушы нормалары сотталғандардың заң қабылдайтын мінез-құлқына жағдай жасауға бағытталған. Қылмыстық- атқару құқығының мадақтауш нормаларының айырмашылығы – ол тек құқық қатынасының жалғыз субъектісіне, мекемесіне немесе жазаны атқарушы басқа бір орган әкімшілігіне мақтауға құқық береді. Екінші субъект – сотталғандар қосымша лайықты мадақтауға құқық беруді талап ете алмайды, ол үшін еңбек сіңіруі тиіс. Әкімшілік мадақтауға шешім қабылдағанда сотталғандардың тәртібін жақсы деп сипаттайтын мағлұматтарды басшылыққа алады.
Қорғаушы нормалар – қылмыстық жазаны атқару прцесінде пайда болатын құқық қатынастарын қорғауды қамтамасыз етуге шақыратын нормалар.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары нақты жазаны өтеу жағдайы мен тәртібін белгілей отырып, жазаны атқару жағдайында және процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды мемлект мүддесінде реттеп, оған құқық қатынастарының маңызын береді.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының есебіне кіретіндер: жазаны орындайтын мемлекет мекемелері мн органдары, бақылау комиссиялары, лауазымды адамдар, кәмелетке толмағандар туралы комиссиялар, еңбек ұжымдары, сотталғандар және олардың жақын-жуықтары.