Оқу әдістемелік кешен,силлабусты қолдана білу.
Оқу бағдарламасы – жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру мамандықтарының МЖМБС сәйкес пәнді оқыту мақсатын, міндетін, мазмұны мен технологиясын анықтайтын құжат (міндетті компонент үшін).
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте (РОӘК) мамандықтың МЖМБС құрамдас бөлігі болып табылатын типтік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, ПОҚ оқу бағдарламасын құрастырады.
Жұмыс-оқу бағдарламасы – типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған және мамандану бағыты мен ЖОО компоненті пәнінің мазмұнына сәйкес толықтырылған нақты ЖОО-ның жұмыс құжаты.
Жұмыс-оқу бағдарламасына білім беру мазмұнының өзгерісіне және жұмыс берушілердің ұсыныстарына қатысты өзгертулер енгізіледі.
Бағдарламаны бекіту алгоритмі:
- бағдарлама кафедра отырысында қаралады.
- оны факультеттің әдістемелік кеңесі ұсынады.
- факультет деканы бекітеді.
Оқу үрдісін ұйымдастыру жағдайында несиелік (кредиттік) жүйемен оқыту бағдарламасы екі түрде жасалады: студенттер үшін (syllabus) және оқытушылар үшін.
Силлабус - пәннің мақсаты мен тапсырмалары, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың ұзақтығы және тақырыбы, өзіндік жұмыс тапсырмалары, қосымша сабақ уақыты, оқытушы талабы, бағалау критериі, бақылау мен әдебиеттер тізімі көрсетілген пәнді оқыту бағдарламасы.
Силлабус типтік оқыту бағдарламасы, типтік оқыту жоспары және мамандықтың МЖМБС негізінде құралады.
Пассивті (селқос) әдіс-тәсіл дегеніміз – оқытушы негізгі ықпал етуші тұлға және сабақ барысының басқарушысы, ал студенттер оқытушыға тәуелді, селқос тыңдаушы рӛлін атқаратын оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынас формасы.
Белсенді әдіс – сабақ барысында оқытушы мен студент ӛзара бірлесе әрекет ететін және бұл жерде студент пассив (селқос) тыңдаушы болып қалмай, белсенді түрде қатысып отыратын, оқытушы мен студенттің ӛзара әрекеттесу формасы. Егер пассивті әдісте негізгі әрекет етуші және сабақ менеджері оқытушы болса, бұл жерде оқытушы мен студент тең құқыққа ие.
Интерактивті әдіс. Интерактивті («Inter» - ӛзара, «act» - әрекет ету) - ӛзара әрекет ету,
сұхбаттасу режимінде болу, біреумен әңгімелесу дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, белсенді әдістерден айырмашылығы сол, интербелсенді әдіс студенттің оқытушымен ғана емес, бір-бірімен де ӛзара кеңірек қарым-қатынасқа түсуіне бағытталған және студенттің оқу үрдісіндегі белсенділігін арттыруға негізделген. Интерактивті оқытуда оқытушының орны студенттің іс-әрекетін сабақтың мақсатына жетуге бағыттауға арналады.
Иммитациялық емес әдіс ретінде – жұмыс орнында тәжірибеден өту, бағдарламалық оқыту, проблемалық дәрістерді, оқуды бітіру жұмыстарын түсінеміз.
Бағыты бойынша олар: танымдық іс-әрекеттердің уәжділігі, оқу ақпараттарын хабарлау; кәсіби шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, үздік тәжірибелерді игеру, оқыту нәтижелерін бақылау болып ажыратылады.
Тапсырманың шешімін іздестіруде қатысушылардың әрекеттерінің түрі бойынша мына әдістер ажыратылады: пәндердің немесе әрекеттердің белгілері бойынша дәрежелеу; үрдістер мен құрылымдарды оңтайландыру; әрекет ету тактикасын таңдау, ұрыс-керіс жағдайында тіл табысу; зерттеу, басқару немесе әлеуметтік-психологиялық тапсырмаларды шешу; назар аудару, ойлап табу.
Интерактивті оқыту формасын енгізу – медициналық ЖОО-да студенденттерді даярлауды жетілдірудің маңызды жолдарының бірі. Негізгі әдістемелік инновация бұл күндері интерактивті оқыту әдістемелерімен тікелей байланысты. Оқытудың интерактивті әдістемелерін пайдалану – «сәнге айналған» үрдістерге бой ұру емес, бұл – уақыт туғызған қажеттілік.
Кәсіби шеберлік дегеніміз – науқастар мен қоғам кәсіби міндеттерін орындау барысында маманнан талап ететін білім, дағдылар, ұстанымдар мен өзін-өзі ұстау ережелері; бұл ұғымға сондай-ақ өзінің білімін үнемі толықтырып отыру мен қажетті кәсіби деңгейден төмендемеу де жатады.
Презентация үғымы өзінің толық мағынасында (лат. ргаеяепіо тапсырамын немесе ағыл. ргезепі — үсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені үсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін үсыну — бүл әрдайым презентация.Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпка байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі қосақтаса жүретін материалдар — презентация жоспары, баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.
Конспект - қысқа, және атап айтқанда дәйекті мәтіннің сол байланыстың мазмұндамасының жеткізілуі. Конспект 2-ге бөлінеді: еркін конспект, мәтіндік конспект.
Реферат – (латынша referat- баяндасын, refero- баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми ақпараттық сипатта болады.