Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне

байланысты:

Құрметтеу(басқаның пікірін тыңдау және бағалау); Жеке қарым-қатынас(кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым- қатынас); Құзыреттілік(басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу); Адалдық(өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас).
Осы Екінші деңгей бағдарламасында негізінен «көшбасшылықты бөлу мәдениетіне» артықшылық беріледі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ) жетекшіліктің бұл түрінің кең тарағаны болып табылады. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер: • іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу; • оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау; • деректерді бірлесіп жинау және қолдану; • кәсіби білімді қалыптастыруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.

МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ)Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады. Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам –өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғынумен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл

жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Мектеп әкімшілігінің мектеп құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте маңызды. Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдердеайқындалады.

1-кезең. Құндылықтарды анықтау.

2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау. 3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.

4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.

5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.

6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.

7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік

қоғамдастықтағы жұмыс.

Дәл осы жерде желілік қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта желілік қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз бұдан келесі жаңа идеяларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы

жұмысты жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады. HertsCam-да (Хертс Кэм)бұл

Network Eventsжелілік қоғамдастығының семинарлары мен «Мұғалімнің көшбасшылығы»және «Дауыс»журналдарындағы жарияланымдар арқылы өтеді. Либерман және басқалар (2007) көшбасшылықты қолдау және мұғалімді дамыту мақсатында ойдағыдай қолданылып жүрген төрт стратегияға сипаттама берген. Мұғалімдер МКДЖ тәсілі ретінде өз беттерінше немесе әріптестерімен бірлесіп оларды жекелеп те, бол-маса әртүрлі нұсқада ықпалдастырып та қолдана алады.

Lesson study

Lesson study-дің кең тараған түрі төрт кезеңнен тұрады: 1-кезең:Әріптестеріңнің немесе тәжірибелі мұғалімдердің кеңесіне сүйеніп, жеке немесе бірлесіп, топпен сабақтың мақсатын анықтау және оны дайындау.2-кезең:Lesson study өткізу және Lesson study-ға қатысушылардың оны бақылауы. 3-кезең:Lesson study-ға қатысушылардың барлығы: сабақ бергендердің де, оқыту үдерісін бақылаған адамдардың да табысты тұстарды, сондай-ақ жетілдірілуге тиісті жерлерді талқылауы. 4-кезең:Талқылауды жалғастыру және Lesson study-ді жақсарту жөніндегі дамыту жолда-

рын анықтау үшін бейресми кездесу өткізу.

Наши рекомендации