Зін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1)Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінің негізгі компонентері кандай?
1)Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінің негізгі компонентері кандай?
2)Сынып жетекшісінің басты қызметтерін атаңыз.
3)Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің негізгі міндеттері қандай?
4)Сыныпта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атаңыз.
5)Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктері қандай?
6)Тәрбие мақсаты дегенді қалай түсінесіз?
7)"Адамның еңбекке қатынасы" дегенді қалай түсінесіз?
Здік жұмысқа арналған тапсырмалар
1)Тәрбиелік жүйенің 5 сыныпқа, 9 сыныпқа және 11 сыныпқа арналған үлгісін жасап, әңгімелеп беріңіз.
2)Сыныпта театрлық үйірме, эстетикалық тәрбие орталығын ұйымдастыру негізінде тәрбие жұмысының вариантын жасаңыз.
3) а)Эстетикалық тәрбиеге.
ә)еңбек тәрбиесіне,
б)азаматтык тәрбиеге,
в)интернационалдық тәрбиеге, т.б. арналған тәрбиелік шаралардың жобасын жасаңыз.
Реферат тақырыптары
Сынып жетекшісінің
а)басқа адамға,
ә)өзіне,
б)табиғатқа,
в)ұжымға қатынастарын қалыптастыру іс-әрекеттерінің жүйесі.
Жанұя тәрбиесінің негіздері
Мақсаты: жанұя тәрбиесінің тұтас педагогикалық
процесс ретіндс мәнін ашу.
Міндеттер:
а)Қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі жанұя тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу.
ә)Жанұяның тәрбиесін ұйымдастырудың теориялық негізі.
6)Жанұяның педагогикалық негізгі сипаттамасы мен тәрбие әдістері.
в)Мектеп пен жанұя қарым-катынасының түрлері.
Жоспар
1.Жанұя - тәрбие факторы.
2.Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі.
3.Жанұяның тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері.
4.Жанұяның тәрбиесіне сипаттама.
5.Мектеп пен жанұяның әрекеттестігі.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық және жанұялық тәрбие, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, диагностика әдістері, әрекеттестік формалары, мектеп пен жанұяның тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.
Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, педагогика. физиология, этнопедагогика, валеология байланысы.
Жанұя-тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтын тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Жанұя-болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметгік-саяси құндылықтар беріледі.
Жанұя тәрбиесініц қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығыы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық
өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономиқалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен жанұя балаларды тауар мен ақща қатынастарының мәдениетіне үйрету жқмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық жанұя мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі жанұя өмірінің тәрбиесіне "өзінше" қиындық әкелді.
Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол — балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана және бала ғана болады.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы - ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы - ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық баңыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.
Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенцияның маңызды негізгі құжат. Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының
жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек", - деп жазылған Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін" орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында "мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс" деп, ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БӘӘ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған "Бала құқығының декларациясы"; "Адам құқықтарының жалпы декларациясы" және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанұялық қатынастарды, баланың жанұя мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1.Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2.Балаларды қорғау мен тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы және міндеті,
3.Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
ҚР Консититуциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері "Неке және жанұя туралы" заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең кұқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның
құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құкығы бар". Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Жанұяның тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері. Жанұя тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында жанұя тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың жанұядағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен жанұя ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.
Жанұяның тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Жанұядағы тәрбиенің субъектілері - ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз - іс-әрекет.
Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Жанұядағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.
Баланың жанұяда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың жанұядағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне өсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Жанұяның бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Жанұя мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, еезім әсерлері негізіндегі бір біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-
әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Жанұяның тәрбиесіне негізгі сипаттама. Жанұядағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі - оқушы төрбиесіндегі жанұя мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас жанұяның педагогикалық процесінің күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады. Жанұяның педагогикалық процесі күйінің диагностикасы жүйесін № 1 кесте түрінде көруге болады.
Педагогикалық процестің сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты жанұядағы педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары, орташа, төмен).
Жоғары деңгей - барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан жанұялар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар.
Балалар белсенді, дамыған. ұйымдасқан, алдында белгілі, бір мақсаттары бар. Жанұяда оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Жанұядағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай жанұяларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиншылықтары мен жетістіктерін де біледі; баланың мектептегі жағдайы да жанұяда еркін талқыланады; ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; әкесі мен анасы баланың; сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Жанұяларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік-жауапкершілігін түсінеді. Ата-аналар жанұя айтарлықтай түзетулерді керек етпейді. Олар оның мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
Орташа деңгейде жанұяның педагогикалық процесі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиеде аз әдістерін қолданады (насихат әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Жанұядағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады. Жанұя сипатындағы ортақ нәрсе - педагогикалық процесті ұйымдастыруда әртүрлі қиыншылықтардың болуы.
Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне көңіл бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшін қиындық туғызады. Олар,
сондай-ақ, баланың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруды да қиыналады. Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ болады. Онда жүйелілік пен педагогикалық бағыттылық жоқ. Авторитарлық, оқушыға ықпал етудің педагогикалық негізі жоқ тәсілдерін қолдану, әкесі мен анасы арасында бөлісу жанұяда орын алады.
Кесте.
Негізгі критерилер | Көрсеткіштер | Диагностикалық әдістер |
Жанұяның жалпы сипаттамасы | 1. Жанұя құрылысы 2.Ауқаттылық,тұрмыстық жағдайы 3. Ата-ана туралы мәліметтер (білім деңгейі, кәсібі, әлеуметтік-мәдени құндылық бағыттары, мақсат-мүдделері) | Жеке іс құжаттарын зерттеу. Жанұяға бару (байқап- бақылау, әңгіме-сұқбат жүргізу). Құжаттарды зерттеу, сұрақ-жауап. |
Өнегелелік психологиялық атмосфера | 1. Өнегелілк мақсат-нұсқаулары 2.Жанұядағы өзара қатынас стилі 3.Ата-ананын баланың өмір әрекетінің мазмұнына көңіл белуі | Сұрақ-жауап Әңгімс-сұқбат. Оқушыларың шығармалары.Тесттер «Мен және менің жанұям» суреті. Ранжирование |
Ата-ананың педагогикалық мәдениеті | 1.Ата-ананың тәрбиенің мақсатын, міндеттерін түсінуі Тәрбиенің кұралдарын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін білу | Сұрақ-жауап Әңгімс-сұқбат. Байқап-бақылау |
Оқушының сипаттамасы | 1. Жанұя өміріне белсене араласу 2.Адамгершілік, интелектуалдық, өмірлік мақсаттар 3.Іс-әрекеттің мақсаты себеп салдары 4.Іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігі 5. Іс-әрекеттіңбілігі мен әдіс тәсілдерін игеру | Байқап-бақылау Педагогикалық жағдайлар |
Төмен деңгей жанұяның іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік, педагогикалық
сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерімі төмен, олар үшін жанұялық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтык сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен. Ата-аналар өз міндеттерін тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудың жалпы қызметтерін атқару деп түсінеді. Олар мектеппен жүйелі түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесін ескермейді. Оқушының оқудағы, тәртібіндегі ақауларды мұғалімдердің жаман жұмыс істеуімен түсіндіреді. Мұндай ата-аналардың тиісті педагогикалық мәдениеті .жоқ және, ең бастысы, педагогикалық шараларға қатысуға ынтасы жоқ. (№ 2 кестені қараңыз).
Жанұяның тәрбие жұмысын зерттеуді ұйымдастыру өте маңызды. Ол мектеп құжаттарын (оқушылар сипаттамасы, сынып журналы, медициналық карталар) зерттеу мен талдаудан басталады. Бұл әдісті қолданғанда алдын ала жоспарланған мәселелер бойынша материалдар жинау.
Жанұя жайлы алғашқы мәліметтерді "Менің жанұям", "Біздің жанұядағы демалыс күні", "Менің үйдегі міндеттерім", "Оқушының жанұядағы бір күні" атты шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Оқушыларға сұрақтар беру солардың төңірегінде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық көзқарасы, жанұяның рухани өмірі, оның мүшелерінің өзара қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы білуге болады.
Шығармадағы жанұя туралы мәліметтерді ата-анадан (ата-аналар жиналысында өткізілген) сұрақ-жауап арқылы алынған материалдармен салыстырып, қайта тексеру керек. Бұл екі әдісті (шығарма мен сұрақ-жауапты) оқушылар мен ата-анадан объективті ақпарат алу үшін бір уақытта өткізу керек. Жетістіктер мен кемшіліктердің себептері айқындалып, мектеп пен жанұяның бірлескен қызмет-әрекетінің болжамы анықталады.
Жанұя - іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір қиыншылықтар ұшырасады. Жанұяның сипаттамасы туралы мәліметтер алу мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғалімнен өте жақсы дайындықты талап етеді. Педагогтің
өте маңызды қасиеті — бақылағыштығы. Әңгімелесіп отырған адамның бет әлпетінен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйін білуге болады.
Кесте.
№ | Көрсеткіштер | Деңгейлер | ||
Жоғары | Орташа | Төмен | ||
Ата-ананың баланың мүдделері, әлеметтік-құндылық бағыттары | + | + | - | |
Ата-ананың баланың өмір әрекетіне қатынасы. | + | + | - | |
Ата-ананың өнегелілік мақсат-бағыттары | + | + | - | |
Жанұядағы өзара қатынас мәдениеті. | + | + | - | |
Ата-ананың тәрбиенің мақсатары мен міндеттерін түсінуі | + | + | - | |
Тәрбиенің амалдарын, әдістерін, тәсілдерін педагогикалық сауатты пайдалану. | + | + | - | |
Ата-ананың баланың қызмет- әрекетін ұйымдастырудан білік пен дағдыларының болуы. | + | + | - | |
Окушының жанұя өміріне араласуы. | + | + | - | |
Баланың іс-әрекетінің мақсаты мен себеп-салдарының адамгершілік негіздері. | + | + | - | |
Окушының іс-әрекетінің алуан түрлілігі. | + | + | - | |
Оқушыыың іс-әрекетінің біліктері мен тәсілдерін игеруі. | + | + | - |
Жанұя мүшелерінің ара қатынасы мәселелерін анықтаудың аталған әдістерден басқа тағы бір жолы "Менің жанұямның суреті" әдісті сәби және жасөспірім жаста өткізу тиімді. Оқушыларға "Өз жанұяңның суретін сал", "Өз арманыңдағы жанұяның суретін сал деген
тапсырмалар беріледі. Бұл әдістің артықшылығы сонда - балалар өз суреттерінде жанұя мүшелерінің ара қатынас туралы ақпаратты өз бетінше, өз қалауымен бейнелей алады. Алайда оның объективтілігі күмән келтіруі мүмкін, оғаи бірнеше себеп бар: көзбен көру-моторлық сипаттың жетіспеуі (бала адамдардың суретін сала алмайды, сондықтан өз жанұясын салудан бас тартады), кейде бала өзінің қалауларын, тілектерін шындық, ақиқат ретінде беруге тырысады (жанұяда жоқ мүшенің суретін салады — оның ата-анасы ажырасқан). Сондықган "Жанұя суреті" арқылы алынған ақпаратты басқа да әдістермен толықтыру қажет.
Осы ұсынылып отырған жанұяның диагностикасының әдістері мұғалімге объективті ақпарат алуға және бөлек алынған немесе тұтас сынып жанұяларының ұжымы ретіндегі жанұяның тәрбиелік сипатын қарастыруға, 1 оқушылардың жанұяларымен жұмысында әдетте кездесетін мәселелерді табуға, ата-аналарға бала тәрбиесін жетілдірудің белгілі бір жақтарын түзетуге көмектесуге мүмкіндік береді.
Мектеп пен жанұяның әрекеттестігі. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден- және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс және жөнді қызмет ететін ата-аналар комитеті — сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық.
күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға : саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.
Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары - оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық- педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогиқалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы -отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).
Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік
өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер
мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында,
компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды
ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда,
мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда
демеушілік көмек көрсетеді.
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері
талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бүл процестің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін керек.
Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі — ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, "жанұя суреті" ерекшеліктеріне, окушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі "жаман" тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: "Кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі
болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрынғы қалпында қалады", - дейді А.С. Макаренко.
Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақгар, т.б.). Көптеген мектептерде "Ашық есік күндері" дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бүл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.
Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі "кіші педагогикалық кеңестер", ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.
Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.