ТергеушініҢ Қызметіндегі Қолданылатын тактикалыҚ тӘсілдердіҢ жалпы сипаттамасы

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдеме-лердің обьективтігін тексеру үшін әртүрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді.Тәжірибе-ақиқат өлшемі және дүние танымның қайнар көзі. Сондықтан тергеу кезінде жиналған дәлелдемелердің және кейбір іске керектігі дәлелдемелердің ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осығын байланыстыҚазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік кодексінде осы айтылған жағдайларды тексеру үшін арнайы тергеу эксперимент жүргізу көрсетілген.

Тергеу эксперименті дегеніміз қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, осы тексерілетін құбылыс ( әрекет ) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арнайы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының обьективтілігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайдағы сәйкес жағдайда өткізілуіне тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйі қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, эпизодтары ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы қайталанады.

Курстық жұмыстың мақсаты.Тергеу эксперименті іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті қолданудың айрықша түрі. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жағдайда жәйіттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжамын нықтай түседі.

Курстық жұмыстың міндеттері. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары қойылады: тергеу эксперименті кезіндегі мұндай тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге, эксперимент осы тергеу әрекетіне қатысып жүргендердің құқығын бұзбайтындай, оларды қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің, мәліметтердің шындығы ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірленушінің, куәнің, айыпталушының жауаптарында, сондай-ақ басқа да қосымша деректерде келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжамдарына көз жіткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орындалу механизмі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі.Тергеу эксперименті-өз алдында дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеттері. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланыста болып, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті іске қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар.

Курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары. Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді:

Эксперименттің бірінші түрі-кейбір құбылыстың не әрекеттің айтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау.Яғни, белгілі бір затты, нәрсені айтылған жағдайда айтылған адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір қашықтықта көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның қолынан келе ме, қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне осындай толып жатқан сұрақтар төңірегіндегі шындықты анықтау;

Тергеу экспериментінің екінші түрі-белгілі бір жағдайда қащықтықта болған оқиғаны, құбылысты қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма соны анықтау.

Эксперименттің үшінші түрі-із қалдыру сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментінің бұл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан криминалистикалық сараптамалардың кейбір түрлеріне жуықтайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың қажеті жоқ болғанда ғана эксперимент әрекеті шеңберінде тергеушінің өзі жүзеге асырады.

Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, қажет болған жағдайларда, басқа да адамдар шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенің мән-мазмұнына, эксперименттің түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мұндай адам тәжірибе жүзінде жәбірленушіні, айыпталушыны, куәні алмастырған болса ол тиісінше алмастырылатын адамға барлық белгілермен ( бойымен, салмағымен, есту, көру қабілетімен және т.б.) міндетті түрде ұқсас болуы тиіс.

Тергеу эксперименті-бұл арнайы жасалған жағдайларда қандай да бір обьектілерді, құбыдыстарды және сол сияқтыларды қабылдау мүмкіншілігін немесе іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауда белгілі бір нәтижесі бар қандай да бір әрекеттердің істелетіндігі тәжірибелік жолмен тексеру.

ТЕРГЕУШІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Наши рекомендации