Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»

Желтоқсан.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Шыршамызға арнаймыз» Мақсаты: музыкалық театр арқылы әндерді, би қимылдарын еркін орындауға үйрету, көңілді мереке сыйлау. Қолданылатын көрнекі – құралдар: шырша, шам, лента, әшекей – жылтырақ, сәбіз, сыпырғы, шелек. Сөздік жұмыс: Шырша, аязата, Қаршақыз, аққала.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық- қозғаушылық. Қаршақызбен топтарды аралап, мерекеге шақыру. «Арша»(муз. Б.Қыдырбек. сөзін жазған И.Сапарбай)Әнмен балалар музыка залына қолдарына түрлі - түсті әшекей – жылтырақтар ұстап кіреді, шырша айналасына тұрып билейді. Қаршақыз: Келіңдер, келіңдер! Ертегіге өлең айтып, би билеп, сыйлық алып көріңдер! Балалар көптен күткен мерекеге сәнді киімдерімен келеді.   Көңілді ән ырғағымен балалар шыршаны айналып жүреді. Қаршақызға қарап, қуаныш сезімдері оянады.
  -Кәнеки, балалар, шыршамыздың шамдары жана ма екен, сұрап көрейік. БАлалардың шапалақты қатты ұруларын сұрайды: Бір, екі, үш – әсем шырша жана ғой! Қаршақыз: Келіңдер, балалар, «Швршамызға арнаймыз» әнін бірге айтып, бәріне сыйлайық (муз. Е.Тиличева, сөзін лайықтаған Г.Абдрахманова). Қаршақыз: Балалар қалың орманды «Түлкі мен қояндар» өмір сүріпті. Ентіге жүгіріп залға Түлкі кіреді. -Ор қояндар, шығыңдар, ән айтыңдар, тойлаңдар!- деп балалалрды ортаға шақырады. Балалардың басына қояндардың баскиімдері кигізіледі. Түлкі: Ал, ұояндар, бастаңдар! «Қояндар мен қу түлкі» әнін бірге айтуға шаұырады. (муз. Г.Филировский, сқзін лайықтаған Г.Абдырахманова) Соңғы шумағында қояндар қашады, түлкі қуады, бірақ жете алмайды. -Қояндар, тыңдаңдаршы, бізге дауыс естіліп жатыр ғой (Аязатаның дауысы алыстан естіледі) -Балалар: «Аязата келіңіз, бізге сыйлық беріңіз!» - деп шақырайық. Аязата: Айналайын балалар! Кімде өлең тақпақтар бар? Қаршақыз: «Билейміз Аязатамен»әнін тыңдаймыз, билейміз,- деп балаларды ортаға шақырады, бірге жүріп ырғақтарды, қимылдарды жасауға талпындырады. Қаршақыз: Аязата, мен қар ұлпаларымен «Көңілді ленталар» биін билеп берейін,- деп қыздарға ленталарды ұсынады, билейді. Аязата: Мен де құр келген жоқпын, ұлдарыма әкелген сыйым бар. Сандықтарым сиқырлы, Әсем сазды әні бар, Бұл қай әуен табыңдар «Шамшырақтар» музыкасы күйсандықта ойналады (муз. А.Матмен, өңдеген Р.Рустамова, сөзін лайықтаған Г.Абдырахманова) Аязата балаларға риза болып, сандығын ашады, ішінен шамшырақтарын алып шығады, үлестіреді. Аязата: Менңмен бірге жүріңдер, шыршаға жақындайық. Қаршақыз: Менің дорбамда бір ойыншық қалып қойыпты. Кім ұстап көріп атын айтса, бізде қызық ойын басталайын деп тұр. (Бір баланы ортаға шақырады. Ойыншықтың атын тапқанша бірнеше баланы шақыруға болады). Қаршақыз: Ойлаңдар да ойнаңдар, Сәбіз мұрын кімде бар. Шелек киген басына, Айтыңдаршы балалар. Жұмбақ – жаттығу «Аққала» әуенімен жалғастырылады. Әуен ырғағымен Аққала кіріп келеді. Қаршақыз: Аққала, амансың ба? Аққала: Міне осы балалар менң кеше ғана тұрғызып еді, жалғыз қалдырып қашып кетті. Енді еріп бара жатыр едім, дауыстарын естіп келдім.     едім, дауыстарын естіп келдім.         Балалар қосыла қайталап, шапалақты бірге қағуға тырысады.     Қаршақызбен қояндар шеңберге тұрып, әуендә қимылдармен айтуға тырысады.   Балалар ортаға шығады. Түлкі қуады, қояндар қашады. Балалар, дауысын естіп шақырады.   Аязата келіңіз бізге сыйлық беріңіз! Балалар Аязатаны қуана шапалақ ұрып қарсы алады. Әнді, қимылдарды орындауға тырысады.     Қыздар ленталармен билеуге тырысады.     Балалар Аязатаның сандықшасынан шыққан әуенді тыңдайды.     «Шамшырақтар» әнін естеріне түсіреді. Балалар қуана шамдарды алып, Аязатаның соңынан еріп жүреді.   Балалар қызығып дорбаға жақындайды. Ойыншықты табуға тырысады.     Айтамыз, айтамыз. Аппақ қардан ждетеді.асаймыз. Шыдайды ол аязда, Көңілді ол Аққала- деп әндетеді.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік Едім, дауыстарын естіп келдім. Мүмкін мен бұларға керек емес шығармын? Қаршақыз: Менің сендермен ойнағым келіп тұр, көңілім көтеріліп қалды. Қаршақыз: Ойнаймыз, ойнаймыз, Ойынға бір тоймаймыз! Ойын – жарыс: «Аққаланы кім жылдам киіндіреді». Балалар Аққаланы тұрғызғандарын , қашпағандарын айтып, «керексің» деп шулайды. Балалар Аққаланы ортаға алып әндетеді. Балалар ойынға белсене қатысады.    
Рефлексия лық – түзетушілік. Аязата, Аққала, Қаршақыз: -Ал балалар! Сыйлықтарды алыңдар!- деп сыйлықтарды үлестіреді. Тосынсый түрінде келтіру: Іздеу, адасу, ұрлатып алу, сиқырдың әсерін білдірту. -Сендерге келер жылы тағы да келерміз. Сау болыңдар! – деп балаларды өнерлері үшін мақтайды. Қоштасады. Балалар сыйлыққа жақындап, қолдарына алады, ерекше сезімге бқленіп, рақымет айтады, қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Музыка ырғағы арқылы әуендерді ажыратуды, тыңдап еске түсіруді, сөзіне мән беруді.

Игереді: Музыка ырғағы арқылы лентаны ұстауды, шамдарды ұстауды, сәбіз, шелек, сыпырғышты ұстауды..

Меңгереді: Ертеңгілікке қойылған билерді еркін орындауды.

Наши рекомендации