ТҰйыҚ етістіктіҢ емлесі
1. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, і дыбыстары түсіп қалады: оқы – оқу, тоқы – тоқу, бекі – беку, жібі – жібу;
2. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -ужұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбыстары ұяң б, ғ, г дыбыстарына өзгереді: жап – жабу, тақ – тағу, сеп – себу, төк – төгу,
үк – үгу;
3.Етістіктің түбірі и,й, ідыбысына біткен жағдайда тұйық етістіктің -ужұрнағы жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы өзгереді: ки – кию, той – тою, кейі – кею, үй – үю;
4.Жу, бу, қу етістіктеріне тұйық етістіктің -ужұрнағы жалғанғанда жуу, буу, қуу,түрінде жазылады.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ
Шақ –етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категорияшақдеп аталады. Шақтың үш түрі бар: 1) осы шақ, 2) өткен шақ, 3) келер шақ.
Осы шақістің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанынкөрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: 1) нақ осы шақ және
Ауыспалы осы шақ.
Нақ осы шақіс-әрекеттің сөйлеуші сөзімен бір мезгілде орындалып жатқанынкөрсетеді.Нақ осы шақ көбінесе отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктеріарқылы жасалады. Мысалы: оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр, ұйықтап жатыр.
Ауыспалы осы шақістің қимылдың дағдылы түрде болып тұруынкөрсетеді.Ауыспалы осы шақ түбіргекөсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауыныңжалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау –а- ды, күн күркіре -й- ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, мен келіспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т. б.
Келер шақіс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынынбілдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ.
Болжалды келершақіс-қимылдың орындалуын болжам түріндекөрсетеді.Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне -ар, -ер, -ржәне болымсыз етістікке -сжұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: қуан- ар -сың, жет-ер-сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, өкпелетпе-с, т.
Мақсатты келер шақіс-қимылдың орындалуы мақсатты түрдеайтылады.Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пекжұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, тапсыр-мақ, үйрен-бек, келіс-пек, ақылдас-пақ, сұран-бақ, келтір-мек, т. б.
Ауыспалыкелер шақіс-әрекеттің орындалуын бірде осы шақтық, бірде келер шақтық мағынадакөрсетеді.Ауыспалы келер шақ сол сөйлемдегі мезгіл мәнді сөздер арқылы айқындалады. Мысалы,
Ауыспалы осы шақ | Ауыспалы келер шақ |
Мен дос туралы шығарма жазамын. Біз қала сыртына тал егеміз. Жаңбыр жауады. | Мен ертең шығарма жазамын. Біз көктемде қала сыртына тал егеміз. Кешке жаңбыр жауады. |
Өткен шақістің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанынкөрсетеді. Өткен шақ мағынасына жәнетұлғалық белгілеріне қарай үшкебөлінеді: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ және
Ауыспалы өткен шақ.
Жедел өткен шақіс-қимылдың таяу уақытта орындалғанынбілдіреді.Етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -тіқосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз-ды, көр-ді, жаттық-ты, тербет-ті.
Бұрынғыөткен шақіс-қимылдың сөйлеп тұрған уақыттын бұрынорындалғанын тұжырымды түрде көрсетеді.Бұрынғы өткен шақ -ған,-ген, -қан, -кенжұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: оқы-ған, жеткіз-ген, жаттық-қан, тербет-кен, т. б. Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі үш түрлі жолмен жасалады:
1. Болымсыздық мәнді -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пежұрнақтары жалғану арқылы: жеткіз-бе-ген, орында-ма-ған, үйрет-пе-ген, т. б.
2. Өткен шақтық етістіктен соң жоқ, емескөмекші сөзінің тіркесуі арқылы: тапсырған жоқ, көрген емес, т.б.
Ауыспалыөткен шақіс-қимылдың бірде осы шақта, бірде өткен шақта орындалуынкөрсетеді.Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтінжұрнақтары арқылы жасалады: хабарлас-атын, түсіндір-етін, қоста-йтын, т. б.
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ
Іс-әрекеттің орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктіңрайыдеп аталады.Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар: 1) ашық рай, 2) қалау рай, 3) бұйрық рай, 3) шартты рай.
Ашық райіс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді. Мысалы: Қар жауып тұр.(Осы шақ) Ертең хабарласарсың.(Келер шақ) Қырғыз елінде болғанмын.(Өткен шақ)
Қалау райістіорындаушы адамның тілегін, ынтасынбілдіреді.Қалау райдың жасалу жолдары:
1)-қы, -кі, -ғы, -гіжұрнақтарына келкөмекші етістігі тіркесу арқылы: сұра-ғы-сы келді, айт-қы-сы келмеді, демал-ғы-м келді, жүр-гі-м келмейді;
2) етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кейжұрнақтары жалғану арқылы: байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-қай-сың, т. б.
3) -са, -се тұлғалы шартты райға игі еді, ғой сөздерінің тіркесуі арқылы: тезірек келсе ғой, аман-есен жетсе игі еді.
Бұйрық райіс-қимылдыңорындалуын талап ету мағынасындаайтылады.Бұйрық райжақпенбайланысты айтылады.Мысалы,тыңда, орында, хабарлассын,т.б.ІІІ жақтағы бұйрық райға-сын, -сінжұрнақтары жалғанады: хабарлас-сын, жеткіз-сін, көрсетпе-сін, тоқтатпа-сын, т.б.
І жақтағы бұйрық райға көсемшенің -а, -е, -йжұрнақтары жалғанады: жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық, т. б.(мен, біз- І жақ).
Бұйрық райдан кейін -шы, шіжұрнағы жалғанып та айтылады: орындайық-шы, келіңдер-ші, айтпаңдар-шы, отыр-шы, т.б.
Шартты райіс-әрекеттіңорындалу не орындалмауының шартынбілдіреді.Шартты рай етістіктің түбіріне -са,-сежұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Көп оқысаң, көп білесің. Кешікпей келсең, көрер едің.