Дәріс 7. Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу
Жоспар:
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың негізгі принциптері мен түрлрі
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбек ету жағдайлары және оған төлеу
Негізгі ұғымдар: Азап шектірмеу талабы. Жеке өндіріс әрекеті.
Сотталғандардың еңбек проблемасы көп аспектілі, сондықтан мұны қараудың белгілі бір өзіндік қиындығы бар. Бұл туралы ТМД елдерінде сотталғандардың еңбегін пайдаланудың орындылығы жөнінде әрдайым айтыс, талас пікірлер болып жүр.
Сотталғандардың еңбегін пайдалануда қарсылары төмендегідей негізгі дәлелдерді келтіреді:
а) бұрынғы елдерінде сотталғандардың еңбегі қалыптан тыс ұлғайтылып көрсетілген. Егер де ол заңда ресми түрде мәлімденіп және сотталғандардың түзеудің негізгі амалы ретінде қаралған болса, ал тәжірибеде еңбекпен түзеу колонияларының барлық әрекеті шын мәнісінде өндірістік тапсырмаларды орындауға бағынған болатын. Еңбекпен түзеу мекемелері өндірістік кәсіпорын ретінде жұмыс жасап, жоспар орындап және пайда әкелуге міндетті болған. Бірінші орында қалай да болса өндіріс жоспарын орындау міндеті қойылған, ал түзеу мақсаты екінші орынға ысырылған;
ә) сотталғандар істейтін кәсіпорындары шығарған өнімдердің сапасы көбінесе төмен болды. Сондықтан нарықтық экономикалық қарым-қатынасқа көшкенде оның көбі талап етілмей қалды, кәсіпорын өнім көлемін кенеттен төмендетіп алды.
Негізгі принциптерінің бірі- ол сотталғандар еңбегі, оларға азап шектірумеу талабы. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы заңдарында да белгіленген. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің жалпы бөлімі нормаларында бұл жағдай жанама түрде ескерілген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару кодексінде сотталғандарды еңбекке жұмылдыруды ұйымдастыру туралы жеке тарау берілген. Онда сотталғандарды түрліше еңбекке тарту жөнінде бірқатар баптар берілген. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру үлгілерін зерттеу мақсатында бұл заң бөлімінің мазмұнынын баяндау орынды сияқты. Ол сотталғандардың еңбек әрекетінің келесі түрлерін белгілейді.
- түзеу мекемелерінің кәсіпорындары жүйесінде;
- қылмыстық-атқару жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорындарында;
- әр түрлі меншік нысанындағы мекеме аумағында немесе сыртындағы кәсіпорын объектілерінде;
- мекемедегі жай шаруашылық қызметтерінде;
- дербес еңбек қызметімен айналысуды.
Түзеу мекемесінде жазаны өтеп жүрген адамдардың аптадағы жұмыс күнінің ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы белгілеген нормадан аса алмайды. Демалыс пен мейрам күндері сотталғандар жұмыстан босатылады, ал оларды бұл күндері жұмысқа тарту қажет болса, онда оларға демалыс күндері бір айдың ішінде беріледі.
Бас бостандығынан айрылған адамдардың еңбегі, оның саны мен сапасына сәйкес нормалармен халық шаруашылығы салачсында ұқсас күші бар бағаға тиісті төленеді.
Сотталғанның еңбегін сыйлық жүйесімен төлеу, жұмысшыларға тариф арқылы еңбек мөлшеріне қарай төленетін, мамандықтар мен жұмыстардың тізімінде көрсетілген ыссы, ауыр, зиянды, өте зиынды жағдайдағы жұмыстарда істейтін, осыған лайықты халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін коэффиценттер мен еңбек ақыға қосымша төлеудің басқа түрлері бұларға да таратылады. Бірақ көп жыл сіңірген еңбегі үшін сый берілмейді.
Ең аз мөлшердегі еңбек ақыны сотталғандардың есеп бетіне түсіру үшін ай сайын жасақ бастығы цех бастығымен немесе аға шебермен бірлесе отырып және еңбекті ұйымдастыру мен еңбек ақысының бөлім бастығы тексергеннен кейін түзеу мекемесінің бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.
Сотталғандардың еңбек ақысынан ұсталымдар алынғаннан кейінгі қалғандары оның есеп бетіне кіргізіледі және белгіленген ретпен аудару есебі арқылы олар пайдалана алады.
Дәріс 8. Жазаны өтеуден босату. Түзету әсерлерінің қорытындысын баянды ету.
Жоспар:
Жазаны өтеуден босатудың құқықпен реттеу, оның түрлері мен негіздері
Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі