Аттестаттауды өткізу
16. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау педагогикалық қызметкерлер қызметі қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау арқылы бір кезеңде жүзеге асырылады. Сонымен қатар мыналар анықталады:
1) білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды орындау;
2) мәлімденген біліктілік санаттарға сәйкес педагогикалық қызметкердің біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау;
3) өзінің кәсіби қызметінде білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындау;
17. Педагог қызметкер біліктілік санатын (растау) беру үшін аттестаттаудан бес жылда бір рет өтеді.
18. Педагог қызметкерді аттестаттау білім туралы дипломда көрсетілген, штаттық кестеде және көрсетілген еңбек шартында, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта белгіленген мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Білім туралы дипломда көрсетілген пәнді оқыту кезінде бір мамандық ретінде педагог қызметкерді аттестаттау дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес пәндерді көрсетумен негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
19. Педагог қызметкерді аттестаттау білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті қосымша төлем есептеуге «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы негіздеме болып табылады.
20. Шағын жинақталған мектептің педагог қызметкерлер дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда жеке куәлігі немесе тиісті біліктілік берілген қайта даярлау курсында кәсіби оқу туралы сертификаты негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
21. Педагог ЖОО немесе колледжде мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пән бойынша сабақ берген жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады, ал аттестаттау біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификат болған кезде жалпы негіз бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білімі туралы дипломда көрсетілген біліктілік бойынша аттестаттаудан өтеді. Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) білімі туралы дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазым бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша және білім беру ұйымдарында қайта даялаудан өту нәтижесінде алған сертификат негізінде аттестаттаудан өткізіледі.
Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және қосымша пәндер (арнайы педагогика, арнайы психология және т.б.) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ескере отырып, аттестаттаудан өткізіледі.
Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
22. Білім беру ұйымдарының педагогтері өз еркімен өтініш негізінде мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге:
1) ) екінші біліктілік санатына:
жоғары оқу орнын «үздік» бітірген тұлғалар педагогикалық қызметтің бірінші жылы ішінде;
«Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген тұлғалар педагогикалық қызметтің бірінші жылы ішінде;
Орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын «үздікке» бітірген тұлғалар педагогикалық қызметтің бірінші жылы ішінде;
кемінде үш жыл өндірістік жұмыс өтілі бар, өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар педагогикалық қызметтің бірінші жылы ішінде;
деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар үміткер болады.
2) бірінші біліктілік санатына:
педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес және магистрдің академиялық дәрежесі бар білім беру ұйымдарына ЖОО-дан педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлға педагогикалық қызметтің бірінші жылы ішінде;
облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстар, педагогикалық олимпиадалар қатысушылары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорт жарыстарының, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтық) қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар үміткер болады.
3) жоғары біліктілік санатына:
республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорт жарыстарының, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтық) қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстар, педагогикалық олимпиадалар, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтық) жеңімпаздары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
аралық аттестаттау кезінде магистр, (PhD) философия докторы, сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесін алған бірінші біліктілікті санаты бар тұлғалар;
3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі бар ЖОО-дан, біліктілікті арттыру институтынан, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар;
магистр, (PhD) философия докторы, сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша ғылыми дәрежесі бар білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар;
деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар үміткер болады.
23. Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысу кезінде пән бойынша біліктілік санаты бар әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
24. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер екі кезеңді аттестаттаудан өтеді:
1) бірінші кезең – біліктілік тестілеу;
2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау;
Тестілеу сұрақтарының саны 60-ты құрайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу – 20 сұрақ;
2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
3) пәндік білім негіздері – 20 сұрақ.
Жалпы тестілеу уақыты 120 минутты құрайды, математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерін тестілеудің жалпы уақыты 150 минутты құрайды.
Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша - 50%, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша - 50% болса оң деп есептеледі.
25. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, білім беру ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әдістемелік қызметкерлер, білім беру бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, қосымша қызмет бойынша сабақ беретін басқа тұлғалар жалпы негізде оқытатын пәні бойынша аттестаттаудан өтеді.
26. Педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы сақталады.
Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
27. Келесі оқу жылында аттестаттаудан өтуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша, арнайы, түзету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
28. Аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру органның алқалық шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады.
29. Өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігіне аттестатталатын педагог қызметкерлердің қызмет қорытындысына талдауды сараптама топтары жүргізеді:
екінші біліктілік санатқа – білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары жүргізеді, оның құрамына: әдістемелік бірлестіктердің, пәндік-циклдік комиссиялардың, кафедралардың өкілдері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог қызметкерлері, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығы өкілдері кіреді;
бірінші біліктілік санатқа – аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, тәжірибелі аудан (қала) педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру жүйелері, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығы өкілдері кіреді;
облыстық маңызы бар білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің бірінші біліктілік санатына және жоғары біліктілік санатына облыс деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері кіреді. Білім беру саласындағы уәкілетті органның сараптама топ құрамына (республикалық ведомстволық ұйымдар үшін): әдістемелік кабинеттердің/орталықтардың әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйесінің өкілдері, тәжірибелі педагогтер кіреді.
30. Педагог қызметкердің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтауды жыл сайын 1 қаңтардан 31 наурыз аралығында сараптама топтары жүргізеді.
31. Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметтің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына мынадай құжаттар:
1) барлық аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:
1. аттестаттауға өтініш;
2. жеке басты куәландыратын құжат;
3. білімі туралы диплом;
4. еңбек кітапшасы;
5. бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;