І студенттіҢ дӘрістік оҚу баҒдарламасы

АЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

пәні бойынша оқу әдістемелік кешені

«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтарының І курсына арналған

Семей –2013 ж.

Құрастырушы: Ақтанова А.С.

Қазақ әдебиеті кафедрасы

«____» ________________2013 ж. ________ кафедра отырысында № ____ хаттамада бекітілген.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к.: _______ Ақтанова А.С.

Қазақ филологиясы факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен

№___ хаттама ____ _________2013 ж. талқыланған.

Филологиясы факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

№_____ хаттама «_____» ____________ 2013ж

ОӘК төрайымы ________

(қолы)

Филологиясы факультетінің

деканы, ф.ғ.к.: Қадыров А.Қ.

МАЗМҰНЫ

Дәріс сабақтарының тезисі...................................................................................

Семинар сабақтарының тезисі..............................................................................

Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын жұмыстарына әдістемелік нұсқаулықтар..........................................................................

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарына нұсқаулықтар.............................................................................................

Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары .............................................

Курс бойынша тест тапсырмалары ..............................................................................

Курс бойынша емтихан сұрақтары .............................................................................

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Қазақ халық ауыз әдебиеті»пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Оқу әдістемелік кешенге түйіндеме

ОӘК және әдебиеттану жөніндегі ғылыми- қолданбалы ақпарат осы заманғы әдебиеттану ғылымының теориясы негізінде терең де ауқымды берілген. Пән мақсаты әдеби көркем шығарманың құрылымы мен мазмұны, тектері мен түрлері, сөз өнерінің қыр-сырын меңгертуді мақсат етеді. Осы ОӘК жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.

І СТУДЕНТТІҢ ДӘРІСТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

1.Жалпы мәліметтер:

1.1Қазақ фольклоры (қазақ халық ауыз әдебиеті) пәні

1.2 Қазақ филологиясы кафедрасы

1.3 Оқытушы – Ақтанова А.С.

1.4Қатыстық ақпарат: телефон –56-14-47 354558;

1.5 Жүргізілу орны - №3 оқу ғимараты

1.6Несиелер саны – 2

1.7 Оқу жоспарынан көшірме:

Курс Сем естр Кредит Дәріс Семи- нар СОӨЖ Рей- тинг Бар- лығы Бақылау формасы
8,1 53,1 Емтихан

1.8 Пәннің пререквизиттері:

Қазақ фольклоры (ауыз әдебиеті үлгілері) мектепте оқытылатын ана тілі, әдебиет пәндері мен факультативтік сабақтарда барлық сыныптарға арналған оқу бағдарламары негізінде жүргізіледі. Сондықтан мектеп бағдарламасына сай алған білімдері негізінде студенттер қазақ фольклоры (қазақ халық ауыз әдебиеті) пәнін оқу үшін халық мұраларының синкретті түрі: тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз-әңгімелер, ертегілер, эпостар, тарихи жырлар, айтыс өнері мәтіндерімен; сарындамалар (ғұрып фольклоры үлгілері): салт сөзі, қалып сөзі, ғұрып сөзі халық өнерінің түрлерімен таныс болуы керек.

1.9.Пәннің постреквизиттері:Бұл пән бойынша алынған білім кейінгі семетрлерде оқылатын әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы пәндерін меңгеру үшін қажет. Сондықтан студенттің болашақ мамандығына қажетті теориялық және практикалық білім осы пәнді оқу барысында беріледі.

2.Пәннің қысқаша сипаттамасы:

2.1 Пәнді оқытудың мақсаты:

Қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді.

2.2 Пәнді оқыту міндеттері:

- фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру;

- ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру;

- қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;

- қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклор туралы ғылымның ХVIII ғасырда қалыптаса бастауы жайында мәлімет беру;

- қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір саласы фольклордың аса құнды рухани байлық екенін түсіне білуге баулу.

2.3 Курс мазмұны:

Бұл пән бойынша мынанадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері. Тұрмыс-салт жырлары, Лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.

Курс аяқталған соң студент:

· Фольклордың өзіндік табиғатын меңгереді;

· Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

· Қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.

· Қазақ фольклорының жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан-жақты білім алады.

· Қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы туралы хабардар болады.

· Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

· Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі және жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалын бағамдай білуге үйренеді.

· Қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерімен таныс болады.

· теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

· зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

· кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

3. Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:

Жұмыс түрі   Тапсырма мақсаты мен мазмұны Әдеби- еттер Орындау ұзақтығы Баллдар (рейтинг- шкала бойынша Бақылау формасы Тапсыру мерзімі
Ауызша жұмыс: мәтінді жатқа тапсыру   Студенттер-дің өткен материалды естерінде қайта жаңғырту білімнің сақталу деңгейін бағалау. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру 1 - 34 5-6 апта 5 балл Коллоквиум Мәтіндік сынақ алу 7-апта-да
Жазбаша жұмыс: реферат. Студент-тердің ғылыми-теориялық еңбектермен жұмыс істей алу, түйінді ойларды жіктеп ала білу дағдысын бағалау. 1 - 34 1-7 апта аралығында 8-15 апта аралығында   4 балл;     Реферат – 10 балл. 1-кредит: бақылау жазу; 2-кредит-реферат қорғау. 7-апта-да     15аптада.
Жазбаша жұмыс.     Студенттердің өткен материалды игеру деңгейін бағалау. 1 - 39 13-14апта 20 балл Тест тапсыру 15 апта

3.1 Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. І,ІІ т. Алматы, 2003,2004.

2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1990.

3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-Алматы,1974.

4. Садырбаев С.Қазақ халқының әдебиеті. Хрестоматия.-Алматы,1990.

5. Қазақ әдебиетінің тарихы. Iт.1 кіт-Алматы,1960.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т.2кіт.-/Алматы,1964ж/

7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. /Алматы, 1991ж/

Қосымша әдебиеттер:

8. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. -Алматы, 1983.

9. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы.-Алматы, 1984.

10. Каскабасов С. Казахская волшебная сказка.-Алматы, 1972.

11. Марғұлан Ежелгі жырлар, аңыздар.-Алматы, 1985.

12. Тұрсынов Е. Генезис казахской бытовой сказки в аспекте связи с первобытным фольклором. - Алматы, 1973.

13. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. - Алматы, 1987.

14. Қазақ фольклористикасының тарихы. - Алматы, 1988.

15. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.-Алматы, 1976.

16. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. -Алматы, 1974.

17. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. - Алматы, 1983.

18. Сейдімбеков А. Мың бір маржан. -Алматы, 1989.

19. Тал бесіктен жер бесікке дейін.- Алматы, 1996.

20. Қазақ бақсы-балгерлері. -Алматы, 1993.

21. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. -Алматы, 1959,2003.

22. Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы, 1976.

23. Қазақтың халық жұмбақтары. - Алматы, 1959.

24. Әлімбаев М. Жұмбақтар.-Алматы, 1978.

25. Әлменұлы Б. Шешендік сөздер.-Алматы, 1969.

26. Ысмаилов Е. Ақындар. - Алматы, 1956.

27. Әуезов М., Собалев Л. Қазақ-халқының эпосты мен фольклоры.//Уақыт және әдебиет. - Алматы, 1962.

28. Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. -Алматы, 1973.

29. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991.

30. Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы, 1991.

31. Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі халық поэзиясы. - Алматы, 1974.

32. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.-Алматы, 1993.

33. Ғабдулин М. Сыдыков Қ. Қазақ халқының батырлар жыры. -Алматы, 1972.

34. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. -Алматы, 1958.

35. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары.-Алматы, 1976.

36. Ақ сандық, көк сандық. Балалар фольклоры.-Алматы, 1988.

37. Радлов В.В. Алтын сандық. Алматы, 1993.

38. Қосымова Г. Қазақ ешендік өнерінің негіздері және тілдік таным. Алматы, 2005.

39. Наурыз: жаңарған салт-дәстүрлер. Алматы, 1991.

40. Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 1994.

41. Боздағым: қазақтың жоқтау жырлары. Алматы, 1990.

42. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1967, 2002.

43. Абылқасымов Б. Фольклор шындығы. Алматы, 1990.

44. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы, 1982.

45. Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы, 1974.

46. Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жырлары. Алматы, 1972.

47. Дүйсенбаев Ы. Қазақ лиро-эпосы. Алматы, 1973.

48. Шаңырақ (энциклопедия). І-ІІІ том. Алматы, 1993.

49. Әуезов М. Жұмбақтар туралы. Қазақ жұмбақтары. Алматы, 1993.

50. Әлменұлы Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1993.

51. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. Алматы, 1974.

52. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. Алматы, 1992.

53. Сейітжанұлы З. Тарихи эпос. Алматы, 1994.

54. Оразақын А. Қара өлең. Алматы, 1997.

55. Қазақ фольклорының типологиясы.Алматы, 1981.

56. Өмірәлиев Қ. Абай офоризмдері. Алматы, 1993.

3.2 Баға қою жайлы мәлімет:

Рейтинг- шкала

Наши рекомендации