ПӘнніҢ оҚу баҒдарламасы

Лттық құқық жоғары

мектебінің

Директоры

з.ғ.д., профессор Ү.Ш.Шапақ

_______________

Ж.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Пән: «Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы»

Пәннің қысқартылған атауы мен шифрі: UIPRK 3213

Мамандық: 5В030300 - «Құқық қорғау қызметі»

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2

Курс: 3

Семестр: 6

Дәріс: 20 сағат

Семинар: 10 сағат

СОӨЖ: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

Емтихан: 6 семестр

Ағымдағы бақылау саны: 2

Жалпы сағат көлемі: 90 сағат

Астана – 2013 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және типтік бағдарламаға сәйкес құқық магистрі, аға оқытушы Керімқұлов Әділ Темірұлы дайындады

ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында талқыланды:

«____»___________ 2013 жыл Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі: з.ғ.к, доцент Серікбаев А.М.______________

Ұлттық құқық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды:

«____»___________ 2013 жыл Хаттама № 1

Төрағасы: _________________

Мазмұны

I. Пәннің силлабусы

II. Глоссарий

III. Қылмысты саралау негіздері курсын оқыту бойынша әдістемелік
нұсқаулар

IV. Курс тақырыптары бойынша материалдар кешені (дәріс конспектілері,
ұсынылатын әдебиеттер тізімі, СӨЖ тапсырмалары, тест сұрақтары)

V. № 1 Аралық бақылау

VI. № 2 Аралық бақылау

VII. Студенттердің білімін қорытынды бақылау

VIIІ. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы

«Бекітемін»

Ұлттық құқық жоғары мектебінің

Директоры

з.ғ.д., проф., Ү.Ш.Шапақ

_______________

"____" ____________ 2013 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пән: «Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы»

Пәннің қысқартылған атауы мен шифрі: UIPRK 3213

Мамандық: 5В030300 - «Құқық қорғау қызметі»

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2

Курс: 3

Семестр: 5

Дәріс: 20 сағат

Семинар: 10 сағат

СОӨЖ: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

Емтихан: 5 семестр

Ағымдағы бақылау саны: 2

Жалпы сағат көлемі: 90 сағат

А С Т А Н А 2013ж.

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Керімқұлов Әділ Темірұлы– құқық магистрі, ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы.

1996 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тамамдаған.

1998 жылы аталған Университеттің магистратура бөлімін аяқтаған.

Оқытушының ғылыми ізденістері:қылмыстық құқық теориясының күрделі институттарының бірі қылмысқа қатысушылық нысандарының өзекті мәселелері.

Тіл меңгеру деңгейі:қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын

тілі сөздікпен.

Кафедра туралы мәліметтер:Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы, 216 каб., тел.70-30-23

Пререквизиттер:Аталған курсты оқыту басталғанға дейін «Философия», «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР Әкімшілік құқығы», «ҚР Қылмыстық құқығы» /Жалпы және Ерекше бөлімдер/, «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерін оқып-үйренген соң, яғни юриспруденцияны оқып-үйрету кезектілік логикасына қарай студентер алдын-ала тиісті білімді менгергеннен кейін, жұмыс оқу жоспарында 3-4 курста қою ұсынылады.

Постреквизиттер:оқыту аяқталғаннан кейін «Құқықтану» мамандығы студенттеріне «Құқықтық статистика негіздері», «Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері» курстарын оқып-үйрену қажет.

Пәннің жалпы сипаттамасы:бұл курс студенттердің қылмыстық жазалардың барлық түрлерінің орындалу саласындағы теоретикалық және әдістемелік проблемаларды зерттеуді, студенттерге сотталғандарды ұстауда ізгілік және адамгершілік сезімдерді қалыптастыруды көздейді. Бағдарламаның жапы бөлімінде жазалардың орындауының теориялық мәселелері зерттеледі. Ерекше бөлімде қылмыстық жазалардың нақты түрлерінің атқарылу тәртібі мен жағдайы қарастырылады.

Пәннің мақсаты:«ҚР қылмыстық-атқару» құқығы пәнініңмақсатықазіргі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жаңа әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық жағдайда студенттерді жазаларды өтеудің жүйесі және тәртібімен таныстыру болып табылады. Бұл курсты оқыту соңғы жылдары еліміздегі жүзеге асып жатқан экономикалық және құқықтық реформалар үрдісін ескере отырып, қылмыстық-атқару саласындағы өзгерістердің мәні мен мазмұнына негізделе отырып орындалады.

Пәннің міндеті:студенттердің қылмыстық-атқару саласында қолданылатын келесі түсініктерді меңгеруі болып табылады: еліміздің қылмыстық-атқару саясатының негізгі ережелері, түзету құралдарын қолдану, қылмыстық-атқару құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі функциялары, сотталғандардың құқықтық мәртебесі және т.б.

Сабақтарды өткізу уақыты мен орны сабақ кестелеріне сай белгіленеді.

Наши рекомендации