Дау-жанжалдар. Дау-жанжалдық жағдаяттарды шешу тәсілдері

Жанжал: Жанжал бұл – алауыздықтардың, көзқарастардың, мүдделердің, мақсаттардың сәйкессіздіктерінің болуын ашатын жағдай. Жанжалдың балаға әсері: Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала пси­хикасына әсер етеді, жанұядағы түсініспеушілік баланың бойында орнықсыз эмоциялық жайттарды тудырады. Негізінен бала қай жағынан болса да әлсіз болады. әрбиедегі жа­ғым­сыз әрекеттер әлсіз қар­сы­лық­ты күшейтеді де, ата-ана тара­пынан болатын әртүрлі жазалар баланың көңіл күйінде эмоциялық орнықсыздықты тудырады, олар содан келіп өмірлік қиындықтарды көтере алмайды.

Жанжалдың себептері: Р.Дарендорф жанжалдың туындау себептерін 4-ке бөлді: 1) әрбір қоғам әрқашан өзгеріс күйінде болады; 2)әрбір қоғамда әрқашан жалпы жанжалға әкелетін келіспеушілік элементтері өмір сүреді; 3) қоғамның әрбір элементі оның интеграциясы мен өзгерісіне ықпал ете алады; 4) кез келген қоғам, үнемі өзінің қанаушылыққа түскен жайына қарсы күресетін қоғам мүшелерінің басқа қоғам мүшелеріне деген зорлығына негізделеді.

ЖАНЖАЛ ТҮРЛЕРІ: Жеке адамның арасындағы жанжал Жеке адамдар арасындағы жанжал Жек адам мен топ арасындағы жанжал Топ аралық жанжал

ЖАНЖАЛДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ:

· Бәріңіз білетіндей, дауды шешудің ең жақсы әрі жеңіл жолы – одан қашу. Алайда қырсық адамдарға жолыққанда:

· Жинақы және сыпайы болыңыз

· Бірінші кезекте нақты дәлелдер

· Сенімге ие болу

· Қулық танытыңыз

· Жағымпаздақ

· Ретті пікір бірлігі

· Әңгімені қауіпті тақырыптарға бұрмаңыз

· Әрбір ұсақ нәрсені бақылап отырыңыз

· Адамдар пайда мен тиімділікті сүйеді

· Күтпеген жерден ілтипат танытып, құрмет көрсетіңіз

13.Педагогикалық техника.Педагогикалық техника -педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені.Педагогикалық техника дегеніміз:дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі, интонация, сенім туғызуы);жест және мимиканы, пантомимиканы қолдана білу икемділігі;өзінің психикалық жағдайын – сезімдерін, көңіл-күйін - басқара алу икемділігі;өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі (әлеуметтік перцепция).Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.Мимика –беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды, көңіл-күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі.Педагогикалық техника педагог іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды:Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек;Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек;Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек

14.Қарым-қатынастағы кері байланысты орнату Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі; қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Басқа адамдармен қатынасының ерекшеліктерін түсіне білгісі келген адам, олардың нақты жағдайдағы өзінің қылықтарына қатысты әсерін білген жөн, яғни өз мінез-құлқының нәтижеге әкелетіндігін ескеруі керек./36/Өзара сенім кері байланыстың кепілі қарым-қатынастағы кері байланыс бұл басқа адамға, менің оны қалай қабылдағаным жайлы, оның мінез-құлқы менде қандай сезімдарді туғызатындығы жайлы ақпараттың жетуі (хабар алмасу).Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: Сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар көзі ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді.Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құраса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды. Яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Адамның маңдайы, қасы, аузы ( еріні, көзі, мұрыны, иегі ) оның түр негізі эмоцияларын анықтайды.Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлуметтік рөлдері бар. Осындай рөлдер жеке адам жайлы толыққанды ақпарат берумен қатар, оны кейбір тұстарын жасыруы да мүмкін. Алайда қандай рольді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты.

16.Педагогикалық шеберлікПедагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

17.Педагогтың зерттеу позициясы. Педагогтың позициясы –бұл тұлғаның белсенділігінң көзі болып табылатын оның педагогикалық ақиқатқа, педагогикалық қызметке, дүниеге деген интеллектуальды, еріктік және эмоциональды-құндылықты қарым-қатынастар жүйесі.Педагогтың әлеуметтік позициясыныңнегізі жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікірлер, көзқарастар, сенімдер, құндылықты бағдарларға негізделеді. Педагог - әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының бірі – әдіскерлік мәдениетін өзін - өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер – педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі дамытуға бағдарлама құрғанда жалпы - мәдени, философиялық - әдістемелік, тәрбиелік, дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор. Педагог өз оқу орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға, конференцияларда қатысу белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына қатысады.Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып табылады.

Наши рекомендации