Ата-аналармен жекелей әңгімелесу
Тақырыбы: «Көздің көруін қалай сақтауға болады?»
Сіздің отбасыңызда көзі нашар көретін бала өсіп келеді, оған ертеден-ақ алуан түрлі жоспарлы ақпараттар алуға мүмкіндік беру керек. Көздің көруі – біздің сыртқы әлем туралы біліміміздің ең күшті қайнар көзі, тірі табиғаттың ең бір күрделі, таң қаларлық және тамаша қасиеті, ақпараттардың 80%-ы көру канал байланысы арқылы түседі. Мамандардың айтуынша, қоршаған әлемді ми «көреді», ал көз торындағы оптикалық бейнелер түрінде жарық толқындарын ретпен қабылдау жүзеге асырады. Қоршаған ортаның бүкіл тамашалығын көру қабілеті адамдардың туа біткен қасиеті болып табылмайды.
Бала өмірінің алғашқы аптасында тек жарық пен қараңғы арасындағы күрт құламаларды ажыратады және 1 метр қашықтықта айқын контурларды қабылдай алады. Көздің көруі ең жылдам және басты фазалардың дамуы өмірінің бірінші жылдарында болады, бірақ бала өмірінің барлық кезеңінде «көруге» үйренеді, тек 7-8 жаста көздің көруі «толық жетіледі» және ересек адамдардыкы сияқты болады. «Көздің көруінде терең бұзылуы бар» балалардың көбінде көріп қабылдауы да дамиды, бірақ оның сапасы мен даму деңгейі нормаға жетпейді. Қазіргі заманғы медицинада оларды әр түрлі әдістермен емдеуге болады. Емделудің нәтижесінде кейде ұзақ мерзімді және үнемі көздің көруі қалпыдай болып келеді.
Көздің көруін сақтау баланы оны рационалды пайдалануға үйретеді – бұл отбасы жағдайында ата-аналарының ең басты міндеті. Баланы 2 жасынан бастап көзге арналған әр түрлі жаттығулар, оларды ойынға айналдыра отырып үйрету керек, сосын бұл ойындарды әдетке айналдыру керек. Көзге арналған барлық жаттығулар шамамен баланың жекелей ерекшеліктерін есепке ала отырып, офтальмолог-дәрігерлермен талқыланады (көз ауруының диагнозы, операциядан кейінгі кезең, емделу кезеңдері және т.б.).
Балаңыздың көздің-қимылы реакцияларының ерекшеліктерін білгеніңіз маңызды. Егер ол машинамен, қуыршақпен ойнағанды ұнатса, осы атрибуттарды қолданып ойнайтын ойындарды таңдау және ойлап табу керек. Қарапайым ойындардан бала мынадай «қимылды бағыттау» сияқты түсінікті игеруі қажет, көзқарасын байқау, тіл бағытына қарай заттарды жылжыту - бұрылыс, қарама-қарсы бағыт.
Мұндай ойындар үстел басында өткізген жақсы. Осы сияқты ойындар баланы объекті қимылы көзқарасымен «басқаруға» біртіндеп үйретеді. Балалармен кеңістік ұғымдары игеріледі: «көз алдында, солға қарай, оңға қарай, өзінен, кері, өзіне» және басқалар.
Ойын кезінде үнемі түрлі түсті ойыншықтарды қолданып, мейірімді атмосфера тудыру керек, баланың мінез-құлқын, оның көз қимылын, кеңістіктегі қимылсыз объектілерді қалай бөліп қарайтынын бақылаңыз.
Мынаны ұмытпаған жөн, көздің көру гимнастикасының негізгі принциптері келесілер болып табылады: жас кезеңін есепке алу, көздің көруінің бұзылуы, денсаулық жағдайы, үнемі жүргізуде біртіндеп қысымды көбейту.
Ерте жастағы көз көруінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің қалыптасуына және баланың жеке басына да теріс әсер етеді. Ерте адекватты, коррекциялық оқыту және тәрбиелеудің болуынан осы бұзылулар азаюы немесе тіпті жеңуі де мүмкін. Қалған көріп қабылдауын қалыптастыру және дамыту, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы осыған байланысты.
Нашар көретін мектеп жасына дейінгі балалар арнайы балабақшаларда немесе жалпы даму типті балабақшаларындағы арнайы топтарда тәрбиеленуіне болады. Сіздің балаңызға коррекциялық көмек көрсету, тифлопедагогпен бірге жұмыс істеу қажет. Сізге балабақша педагогымен жиі кездесіп тұру керек. Педагог Сізге балаңыздың қиыншылығы мен жетістіктері туралы айтады.
Балаға Сіздің махаббатыңыз бен қамқорлығыңыз қажет, ол сіздің оны жақсы көретініңізді білуі қажет. Онымен үнемі атын атап әңгімелесіңіз, себебі атының дыбыстары оған белгі болуы үшін. Оның қандай жақсы екенін айтыңыз, түскі тамаққа, кешкі тамаққа не әзірлейтіңізді, ауа райы туралы үнемі әңгімелесіңіз.
Тақырып: «Ерекше бала»
Сіздің отбасыңызда Дауна синдромы ерекшеліктеріне тән айталықтай бір-біріне ұқсас туылғанда бірден пайда болатын ұл бала дүниеге келді.
Сіздің ұлыңыз дамуы үшін не қажет? Ерте дамыту оқытуы. Бәріне белгілі бала миы балаға оқытуда көмек көрсетілу жағдайы кезінде өте нәтижелі және жылдам дамуына қабілетті.
Сізге жағымды эмоциялық қарым-қатынасты дамытуға тырысуы қажет. Баламен әңгімелесе отырып, уақытша өзіңіздің қиыншылықтары мен жағымсыздық сәттеріңізді ұмытуға тырысыңыз, Сізге балаға өз стресстік жағдайыңызға берілмеу үшін тынышталуыңыз, босансуыңыз қажет. Балаңыз сізбен әңгімелесу үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады: көзқарасы, ым, жымиюы мен дыбыстары. Ұлыңыздың осы коммуникативті белгілерін байқау, түсіну және жауап беруіңіз маңызды. Балаға сөйлегенде көзіне қараңыз және күлімсіреуге тырысыңыз, басқа да отбасы мүшелерін баламен әңгімелесуге назарын аудартыңыз. Сіздің оған (сөздер, жесттер, ымдары) арқылы қатынасыңыздың мағынасы бар екенін, оның осы белгілерге белгілі бір мінез-құлықпен жауап беруді үйрету. Оны өте ұғынықты, қарапайым сөзбен, ұғынықты екпінмен айтуға үйрету. Осының нәтижесінде баланың сөздік қорын дамытуға көмектесесіз, балаңызға жақындағанда міндетті түрде есімін атап шақырғаныңыз жөн. Ойын кезінде және онымен бір нәрсе жасап жатқанда оның есімін жиі қолданыңыз.
Ересектермен біріккен іс-әрекет сөздің дамуын көтермелейді, оған үнемі ересектерден бір нәрсе қажет, яғни алу, алып беру, көрсеті, ойнау. Заттың атауын, әрекетті түсінуге үйретіңіз, оған суреттегі заттарды және суреттегі сюжеттік әрекеттерді көрсетуге үйретіңіз. Арнайы заттық-дидактикалық ойыншықтардың танымдық белсенділігін ынталандыру үшін ерекше маңызы бар, олардан құрастыруға, қорапты ашып, жабуға, шариктерді жинауға және жайып қоюға, пирамидадан сақинаны алып тастауға және тізуге болады. Сіз бала үшін сезімдік елестетулердің дамуында дидактикалық ойыншықтардың пайдалы екенін түсінуіңіз қажет, дегенмен олар тек заттың көлемі, формалары туралы ғана емес, сонымен қоса заттың байланысы мен қатынасу туралы нақты элементарлы ұғым, олар қоршаған ортамен өзара әрекеті туралы жалпы ақпарат береді.
Сіздің балаңыздың психикалық дамуы құрбыларынан айтарлықтай артта қалуда. Ұлыңызға түрлі әрекеттерді көрсете бастаңыздар: допты домалату, машинаны жүргізу. Допты бір-біріне қалай домалату керектігін көрсетіңіз. Машинаны алдыға-артқа жүргізуде қандай да бір дыбыстарды қолданып жүргізу, «др-р» немесе «би-би» секілді, егер ұлыңыз бірден сіздің допты домалату және машинаны жүргізу арқылы әрекеттеріне еліктемесе, онда оның қолын ойыншыққа қойып, дөңгелетіңіз, ойын кезінде 2 доп және 2 машина қолданыңыз, себебі біреуі сізге, ал екіншісі балаңызға. Машинаға әр түрлі заттарды (кубиктер, катушкаларды және т.б.) қаттап салуды және сосын қандай да бір жерге апарып, қай жерге төгетінін көрсетіңіз.
Пирамида сатып алыңыз, сақинаны оқтамаға қалай кигізу керектігін оған көрсетіңіз. Пластиктен жасалған, бір-біріне кигізілетін стақандарды ойнауға беріңіз. Оған міндетті түрде қалай жасалатынын көрсетіңіз және оған осылай ойнау керектігін айтыңыз. Балаға ойыншықтарды жәшікке салуды үйретіңіз, оған қолыңызбен ойыншықты көрсетіп «ал» деп айтып, сосын жәшікті көрсетіп «жәшікке апарып сал» деп айтыңыз. Пәтер бойынша баламен саяхат жасап жүріп, оған әр түрлі заттарды көрсетіп «мынау мамаңның туфлиі» т.б. деп айтыңыз.
Балаңызды сөзді түсінуге және айтуға үйретіңіз. Оны киіндіру кезінде оған көмектесуін сұраңыз: «Басыңды көтер», «Қолыңды бер» және т.б. Оған оңай, түсінікті әрекетті орындауды сұраңыз. Мысалы: ал, орнына қой, бер, көрсет, тербет және т.б.
Ойыншық пен заттарды қолмен көрсетіп және оларды атаңыз.
Ит немесе мысықты көрсетіп, бұл ит – ав-ав, мысық – мяу деп айтыңыз.
· Балаңызды барлық қасиетімен қабылдаңыз және жақсы көріңіз, үнемі оны жақсы болу үшін тілектерін марапаттаңыз.
· Балаға қалыпты сөздік ортаны құрыңыз.
· Белсенді, пассивті сөздік қорды жинақтаңыз.
· Форманы, түсті, көлемін, кеңістікті, қимылды қабылдауды қалыптастырыңыз.
Іс-әрекеттің продуквтиті түрлерін дамытыңыз (сурет салу, балшықтан жасау, құрастыру) және Сіздің жігеріңіз балаңыздың дамуына өз үлесін қосады әкеледі.
Тақырып: «Сіз балаңыз – басқа»
Сіз енді білген шығарсыз, отбасы үшін басты қиындық кезең – баланың туғаннан кейінгі алғашқы 3 жылы. Ал бала үшін – жеке тұлға болып қалыптасу кезеңі өте маңызды. Осы жаста балаларда заттық әлем туралы алғашқы білім қалыптасады, «жақын ортасымен» өзара әрекеті жасқара түседі: туыстарымен, отбасы, достарымен. Осы жаста әлемді тану қаншалықты нәтижелі болады, оның қоршаған ортамен қатынасы қалай қалыптасады – оның нәтижелілігі болашағына байланысты болады ма?
Баланың осы жасында негізгі процестерді дені сау баладан психофизикалық бұзылуларымен айрықшаланады. Сізге жаңа, ертеде кездеспеген өмірде міндеттерді шешуге тура келеді, ал баланың әрбір жасы өмірінің өз ерекшеліктері бар. Ал бала өмірінің әрбір жылының өзінше ерекшеліктері болады. Қағидаларға сәйкес дамуында ақауы бар балаларды үйге әкелмес бұрын баланы перзентханада ұзақ уақыт болған, онда оның өмірін, күн тәртібін дәрігерлер анықтаған. Мен білемін, Сіз белгіліге қарағанда белгісіздіктен көп қортыңыз. белгісіздікке қарағанда нақты диагнозын білу және болашақ перспективасы жеңіл ауысады. Жақын туыстарыңызға балаңыздың мәселесі туралы хабардар етуіңіз керек. Жақындарыңыздан өз сезімдеріңізді жасырмаңыз, науқас балаңыздың проблемасына тұйықталып қалмаңыз, басқа балалармен сөйлесіңіз, достарыңызбен кездесіңіз. Күнделік бастап, балада болып жатқан жағдайдың барлығын жазып отырыңыз. Күнделікке қоршаған ортаға реакцияларын, оның мінез-құлқының ерекшеліктерін жазып отырыңыз. Онымен қоса олардың қабілеттерін ынталандыру:
- Ересектердің сөздерін түсінуін дамыту;
- Адамдардың айтқан сөздерді түсінуге, тұрмыстық сипатта қолданылатын заттарды, элементарлы әрекеттерді түсінуге, сондай-ақ қарапайым сөздерді үйрету.
Бала өзінің есімін, жақын адамдардың есімдерін, бірнеше оған таныс жануарлардың, тұрмыстық процестерді (жуыну, ішу, жеу, ұйықтау, киіну, серуендеу), сондай-ақ заттың атауын білдіретін (үлкен доп, қызыл жалау) сөздерді білуі қажет, түстерді айыруға үйрету. Осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуы жүреді, өзі туралы ұғым қалыптасады. Ол өзінің тілектерін қалаймын деп айта алады. Оның өз бетінше болып келе жатқанын байқайсыз. Осы кезеңде барлығын жоғалтып алмаған жөн, себебі балада өзіне деген сенімділік пен сыйласымдылық дамиды. Егер бала өзін жақсы көріп, сыйласа, онда ол басқаларға солай қатынасады. Танымдық іс-әрекетін пирамида, мұнаралар, матрешкалар, машиналар және т.б. ойыншықтарымен ойнау арқылы дамытыңыз.
Бірінші аптада үлкен және кіші заттарды көрсетіңіз, үлкен және кіші қадамдар жасаңыз, үлкен және кіші қадамға секіртіңіз және т.б.
Ойында біртіндеп рөлдік позицияларды енгізіңіз: әке, жүргізуші, дәрігер және т.б.
Баланы эмоционалды қолдау, оларға таңдану өте маңызды. Онда өзін-өзі сыйлау және жоғары өзіндік бағалау дамиды. Балаға көңіліңіздің толмауын қажет кезінде көрсетіңіз, бірақ оны жұмсақ, қылықтары қаншалықты нашар болса да жасаңыз. Баланы мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларына үйрету өте маңызды. Бұл дегеніміз бала белгілі бір тәртіп кезеңдерін орындау қажет (ойыншықтарды жинау, ұйықтау). Ол өз тілегі мен қызығушылығын, басқалардың қызығушылығын ескере отырып байланыстыру.
Сондықтан ересектер өздері балалармен қалай сөйлесетіні, эмоцияларын қалай көрсететіні, бір-бірімен қарым-қатынаста өзін қалай ұстауы өте маңызды. Осы мінез-құлық модельдерін есінде жинақтап, бала оларды өмір барысында қолданылады. Психофизикалық дамуы артта қалған балаларға арналған балабақшаларда немесе жалпы дамытушы түрдегі балабақшалардағы арнайы топтарда тәрбиелене алады. Сіздің балаңыз педагогикалық ұжымның ерекше назарына мұқтаж. Оған максималды мүмкін көлемде коррекциялық көмек көрсету керек (қосымша сабақтар ұйымдастыру, психолог, логопед, педагог мамандарымен біріккен жұмыс).
Қандай жағдайда болмасын, Сіздің балаңызға адекватты коррекциялық көмек, жекелей жұмысты қоса қажет етеді. Сізге балабақша педагогымен жиі кездесуіңіз керек, ол Сізге балаңыздың дамуының жетістіктері және қиыншылықтары туралы айтады.
Көңіліңізді түсірмеңіз, егер барлығы болмай жатса, ертелі ме, кеш пе, әйтеуір сіздің біріккен күш-жігеріңіз өз нәтижесін береді.
Өз балаңызды сол қалпында жақсы көріп, қабылдаңыз, сонымен қоса оның жақсы болу тілегін әрқашанда марапаттаңыз.