АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. жөніндегі орындасары
СЕМЕЙ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орындасары
_________ О.И.Мачахина
«_____»_______2016 ж.
Педагогика пәнінен ашық сабақтың жоспары
Жалпыгуманитарлық пәндер
ПБК отырысында қаралды
Хаттама №__________
«_____»_______2016 ж.
Дайындаған педагогика пәнінің оқытушысы
А.К.Уразбаева
2015-2016 оқу жылы
Топ
Күн
ДШ 21
12.04.16.
ПәнПедагогика
Сабақтың тақырыбы:Дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің маңызын түсіндіру, өздігімен жаңа тақырып бойынша ойын бекітугі дағдыландыру; танымдық белсенділіктерін жоғарлату, пед.технология элементтерін тиімді қолдануды үйрету.
- Тәрбиелік: таңдаған мамандығын мақтан тұтуға, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз білімдерін жетілдіруге, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.
Сабақтың типі: дәстүрлі:аралас сабақ
Сабақтың түрі: жұмбақ- сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар:дамыта оқыту технологиясы элементтері, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, проблемалық оқыту технологиясының элементтері, практикалық, сөздік әдістер
Пәнаралық байланыстар:этнопедагогика, жаңа педагогикалық технологиялар,дене тәрбиесі, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Сабақтың жабдықталуы:карточкалар, асық түрлері, мультимедиялық проектор.
Қолданылатың әдебиеттер: Ж.Қоянбаев «Педагогика», Ш.Құрманалина «Педагогика», А.Жайтапова «Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту», Ж.Уанов «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі»
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (9.55.-10.00)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 20 мин (10.00-10.20)
ІІІ. Жаңа сабақ 20 мин (10.20-10.40)
ІІІ.Жаңа материалды бекіту 12 мин (10.40-10.52)
ІҮ. Қорытындылау 12 мин (10.52-11.04)
Ү. Үйге тапсырма 3 мин (11.04-11.07)
ҮІ. Рефлексия 5 мин (11.07-11.12)
ҮІІ. Бағалау 3 мин (11.12-11.15)
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (9.55.-10.00)
- Қайырлы күн, студенттер! Біздің халықта таңертең ең бірінші бір-бірінің көңіл-күйін сұрайды, аталарымыз салған сара жолмен мен де сіздіердің көңіл-күйлеріңіздің қандай екенін білгім келеді. Қалайсыздыр?
- Ендеше кезекті сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабақты жұмбақ-сабақ түрінде өткіземіз. Өйткені сабақ басынан аяғына дейін жұмбақтар, сұрақтардан құралған. Ал әр жауаптарыңызға бонус жинайсыздар. 1 бонус - 1 асық. Алтын асық –толық жауап, күміс асық – толық емес, сүйек асық – кредит асық ( келесі сұраққа жауапты толық бруге уәде беремін). Ал жаңа сабақтың тақырыбы сіздерге әзірге жұмбақ, оны сабақ барысында анықтаймыз.
- «Білім беру стратегиясы» әдісі:
-Үйде педагогика бойынша не істедің?
-Қандай дайындықпен келдің?
-Қандай оймен келдің?
ІІ. Білімді өзектілендіру кезеңі: 20 мин (10.00-10.20)
-Студенттер біз біраз уақыт балалық шағымызда ойнаған ойындарымызды еске алайық. Ұлдардың көп ойнайтын ұлттық ойыны қандай? (асық)
-Дұрыс айтасыздар. Ендеше біз үйге берілген тапсырманы асық ату арқылы орындайық.
Алдарыңызда үш түрлі сақа тұр, қандай сақаны атсаңыз соның бағасына қарай тапсырманы орындайсыз. Егер асықты ата алмасаңыз мақал-мәтел, өлең жолдарын орындайсыз. Жұмбақ шешесіз. Іске сәт!
І деңгейдегі тапсырма:
1. Экология дегеніміз ...
2. Эстетика дегеніміз...
3. Адамгершілік касиеттері?
4. Экологиялық тәрбиені іске асыру формалары?
5. Еңбек түрлері?
6. Экономикалық тәрбиенің маңызы?
7. Саналы тәртіпке тәрбиелеудің әдістері?
ІІ деңгейдегі тапсырма:
1. Еңбекке тәрбиелеу туралы мақал:
2. Эстетикалық тәрбие туралы мақал:
3. Адамгершілік тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл сөз
4. Экономикалық тәрбиеге арналған мақал-мәтел
5. Ақыл-ой туралы мақал-мәтел
ІІІ деңгейдегі тапсырма:
Кроссворд шешу
П
Е
Д
А
Г
О
Г
И
К
А
1. Адамгершілік қасиет (парасаттылық)
2. Ұлы дидактиканы жазған кім? (Коменский)
3. Эстетика құралының бірі (әдебиет)
4. Экология сөзінің аудармасы (баспана)
5. Өз-өзіне қызмет көрсету-бұл не? (еңбек)
6. Саналы тәртіпке тәрбиелеу әдісінің түрі (әңгіме)
7. Еңбек тәрбиесінің құралы (үлгі)
Ребус
3. Эстетикалық тәрбие бойынша өлең жолдары
4. Ақыл, сана туралы Абайдың өлеңдерінен үзінді
5. Экологиялық тәрбие турлы өлең жолдары
6. Еңбек тәрбиесі туралы Абайдың өлеңдерінен үзінді
7. Адамгершілік тәрбиесі туралы Абайдың өлеңдерінен үзінді
Осымен өткен сабақтарда алған білімдерімізді «Алтын сақа» ұлттық ойыны арқылы өзектілендіріп алдық.
Әр дұрыс жауапқа бонус-асық беріледі
ІІІ. Жаңа сабақ 40 мин (10.00-10.40.) 20 мин (10.20-10.40)
Енді мен сіздерге ертегі оқып берейін, сіздер мұқият тыңдаңыздар!
Ерте, ерте ертеде ешкі жүні бөртеде Ерназар деген шал мен кемпірінің тоғыз ұлы болыпты. Ұлдары ер жетіп, ел қоғауға аттаныпты. Көп жылдар ұлдарынан хабар болмай, зар жылап жүргенде Ерназардың кемпірі дүниеге торсықтай ұл әкеліпті. Ұлдың атын Ертөстік қойыпты. Ертөстіктің анасы «өс-өс» жасап, қозғалмалы ойындар ойнатып, өлең оқып, ән айтып өсіріпті. Бала күн сайын емес, сағат сайын өсіпті мыс. Бір күнде ер жетіп жігіт болып шыға келіпті. Жігіт болғанда алпауыт батыр болыпты. Содан ата-анасының арманын орындайын деп ағаларын іздеп шығыпты.
Студенттер, сіздердің ойларыңызша бұл ертегіде қандай тәрбиенің түрлері жасырынып тұр? (ақыл-ой, эстетикалық, экологиялық, адамгершілік, дене тәрбиесі)
Ия, бала тәрбиесінде біздің халық тәрбиенің барлық түрлерін баланың дүние есігін ашқаннан қолданады. Сондықтан біздің елдің азаматтары ақылды да батыр, парасатты да жігерлі, өнерлі де еңбекқор.
Енді ертегіден қазіргі заманға көшейік. Барлықтарыңызда мобильді телефон бар, сол телефондарыңызды қолдарыңызға алып, тақтада көрсетілген цифрларды баса отырып хабарлама (сообщение) жазыңыздар. Жақшада неше рет басу керек саны жазылған. Сонда бүгінгі жаңа тақырып шығады.
3(1) 3(2) 5(2) 3(2) 0 6(3) 2(1) 6(1) 2(2) 4(1) 3(2) 6(2) 4(1)
Жауап: Дене тәрбиесі
- Өте жақсы.
Дамыта оқыту технологиясы бойынша «Бұлақ» әдісімен студенттердің жаңа тақырып бойынша білетін білімдерінің көзін ашу жұмысы.
- Дене тәрбиесі деген ұғымды сіздер қалай түсінесіздер?
- Баланың тәрбиесіне қандай қатысы бар?
- Халық педагогикасы дегеніміз не?
- Сіздер балабақшада тәжірибеде болдыңыздар, сонда сіздер дене тәрбиесінің қандай әдістерін қолдандыңыздар?
Жақсы енді жаңа тақырып бойынша конспект түртіп алайық дәптерге.
Халықтық педагогиканың түрлі қырларын сөз еткенімізде дене тәрбиесі туралы айрықша тоқталудың өзіндік себебі бар. Өйткені, адам баласы ең алғаш дүниеге келген күннен бастап алдымен дене тәрбиесі қолға алынады.
Сөз жоқ адамның жан-жақты жетілген, қоғам талабына сай жеке басының қалыптасып, саналы азамат болуы үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Ата-бабамыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Мұнан біз жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен бастау алатын процесс екендігін көре аламыз. Қай кезде де ұрпағының аман-сау, дене күші мығым азамат болып өсуін армандаған халық нәресте жаңа дүние есігін ашқан сәттен алақанға салып, ең алдымен дене күтіміне көңіл бөлген. Сәби дүниеге келген күннен бастап халық өміріндегі атқарылатын дәстүрлер мен ырымдардан да аға ұрпақтың баланы қалай күтіп-баптағанын байқаймыз.
Мәселен, жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде аналардың келіндеріне ақыл-кеңестер беруі, нәрестені тұзды сумен шомылдыруы, денесін майлап, қол-аяғын созып, буындарын шынықтыруы, шала туған балаға айрықша қамқорлық жасауы, түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі т.т. көптеп айтуға болады.
Дене тәрбиесі туралы айтқанда қазақ халқының әсіресе қыз баланың дене сымбаттылығына, оның көрікті болуына айрықша көңіл бөлгендігін көреміз. «Аттың көркі – жал, қыздың көркі – шаш» деп ұққан аналар қыз баланың шашының күтіміне, оның әдемі де жақсы болып өсуі үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен жудырған. ... «қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» екіншіден, халық ару-қыздарының киім-киісіне де бақылау жасап отырған, айрықша мән берген. «Қыз өссе – елдің көркі», «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшәт бөрік, қос етекті көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сондай-ақ ең асыл заттары - әшекейлер де қыздарына тағылған, әсіресе күмістен, алтыннан жасалған сырға, шашбау, шолпы, жүзік, білезік сияқты бағалы бұйымдар қыздарға тағылған. «Қыздың көркі қызылда» деген халық мақалы қыздардың әшекей заттарға үйірлігін айтады.
Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде оның маңызын ерекше түсінген қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» деп ой топшылаған. Бірінші байлық денсаулық деп, денсаулықтың болуын баға жетпес байлыққа теңеп, ұрпағына ескерткен. Қазақ халқы өмір сүру тарихында ауру-сырқаумен халықтық ем-дом арқылы күрескен. Халықтық медицина тәжірибесіне сүйенген ата-ана бала ауырса халықтық емдерді қолданған. Тіс аурыса меңдуана басқан, іш ауырып, салқын тисе қойдың тұздалмаған құйрық майымен сылаған.
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
-гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегібілімді хабарлау.
Ал, дене тәрбиесінің құралдарына келсек, халықтық рәсім, наным – сенімдер, ырымдардағы жан-тән тазалығы, дене тәрбиесінен көрініс береді. Мысалы, бесікке салу, сүндетке отырғызу т. б.
Дене тәрбиесінің тағы бір құралы – ұлттық ойындар (балалар, жастар, спорттық ойындар). «Асық ойнау», «Аударыспақ», «Көкпар», «Қазақша күрес» және т.б. тәрбиелік мәні зор.
Халық ойындары баланың көркемдік-эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Әсіресе балалар, спорттық ойындарда жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру сияқты халықтық тілектер және ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жетуге талпынысы айқын аңғарылады.
Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оныңатқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілікеңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. кұндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі.
Ал, осы дене тәрбиесінің халықтық әдістері тартыспақ, атыспақ, шабыспақ, алыспақ, жаттықтыру, түсіндіру, еліктеп-қайталау т.б. болып табылады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 12 мин (10.40-10.52)
ІҮ. Қорытындылау кезеңі 12 мин (10.52-11.04)
Жаңа тақырып бойынша теориялық материалды жеткілікті алып түсінген сияқтымыз. Сіздер дене тәрбиесінің мұғалімі мамандығын таңдағандықтан, мықты спортшыларсыздар, сондықтан сіздердің шапшаңдықтарыңызбен тез ойлау қабілеттеріңізді дамыту мақсатында орталарыңызға доп тастаймын. Допты бір-бірлеріңізге лақтыра отырып дамыта оқыту технологиясының «Сен білесің бе...» тағы бір әдісімен жаңа меңгерген сабақ материалы бойынша достарыңызға сұрақ қоюларыңызды сұраймын. Мысалы: Сен білесің бе «этнопедагогика сөзінің мағынасын?
1. Сен дене тәрбиесінің баланың дамуындағы маңыздылығын білесің бе?
2. Сен дене тәрбиесінің міндеттерін білесің бе?
3. Халық педагогикасындағы дене тәрбие әдістерін білесің ме?
4. Дене тәрбиесінің құралдары?
5. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің орны?
Ү. Үйге тапсырма. 3 мин (11.04-11.07)
Үйге тапсырма 3 деңгейде беріледі. І деңгей - алған теориялық материалды толықтыру. Ж.Қоянбаев «Педагогика», Ш.Құрманалина «Педагогика» оқулықтарынан конспектіні толықтыру
ІІ деңгей – жаттықтыру («тренировочный) – ұлттық ойынның өткізу әдістемесін жазу
ІІІ деңгей – шығармашылық тапсырма ребус, кроссворд дайындау «Дене тәрбиесі» тақырыбына.
ҮІ. Рефлексия 5 мин (11.07-11.12)
Дамыта оқыту технологиясының «Білім беру стратегиясы» әдісі бойынша:
- Бүгінгі сабаққа келген ойларыңыз іске асты ма?
- Сабаққа көңілдеріңіз толды ма?
- Білім қоржынын толтыра алдыңыздар ма?
- Сабаққа тілектеріңіз?
- Бүгінгі жұмбақ-сабақтың шешімін таптық па? Ол қандай екен? (Дене тәрбиесі)
ҮІІ. Бағалау 3 мин (11.12-11.15)
Сабақта кім қандай асықтан және қанша жинағанына байланысты баға қойылады.
Алтын асық- «5»
Күміс асық – «4»
Сүйек асық –«3»
Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!