АзаҚстан республикасы білім жӘне Ғылым министрлігі

ОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

азаҚстан республикасы білім жӘне Ғылым министрлігі - student2.ru

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТК АТ 4308, ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ

Мамандығы: 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті

Кредиеттер саны - 3

Ызылорда, 2014 жыл.

АЛҒЫСӨЗ

ЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Оқу бағдарламасын жасаған Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айман Айтбаева

РЕЦЕНЗЕНТТЕР

Әбілов А – филол., ғ. к., доцент Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

Медетбаев Т – филол. ғ.к., доцент Қызылорда «Болашақ» университеті

БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің Оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитетінің 2014 жылғы «......»...................№........хаттамасы

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік білім беру стандартына (2010ж.), 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиетімамандығына арналған «Әдебиет теориясы» пәнінің типтік бағдарламасына (Бағдарлама авторы: ҚазҰПУ проф. С.Мақпырұлы), қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары отырысында қаралып, элективті курс ретінде ұсынылған (Хаттама№1. 17.09.2014ж.) .

АРАЛҒАН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН

Оқу бағдарламасы «Қазақ тілі мен әдебиеті және журнаилистика» кафедрасының ғыоыми-әдістемелік семинары отырысында

2014 жылғы «..... »................... №........хаттама

ТҮСІНІК ХАТ

Бұл пән.соңғы курс студенттерін әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік-эстетикалық танымын дамыту, көркем туындьшы талдау, бағалау жолдарына машықтандыру мақсатын көздейді.

Лекциялық жэне семинарлық сабақтар барысында әдебиет туралы ғылымның тарихы жайлы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, өнердің халықтығы, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркемдік әдістер мен бағыт, ағымдар, стиль мәселесі, т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби- теориялық білімінің тереңдей түсуіне мүмкіндік жасалады.

Пәннен сабақ (дәріс, семинар) жүргізу барысында тарих, тіл білімі, философия, эстетика, халықтық педагогика, психология, т.б. ғылымдармен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы. Әдебиет тарихы саласының мақсат-міндеттері. Әдебиет сынының объектісі - өз тұсындағы әдеби процесс екендігі, сынның әдеби-эстетикальщ функциясы, міндеті, жанрлары. Сыншы тұлғасы. Әдебиет туралы ғылымның аталған үш саласының өзара бірлік-байланысы.

Әдебиет теориясы - әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мэселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін, тілін, т.б. қарастыратын сала.

Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих, тіл білімі, т.б. өзге ғылымдармен байланысы мен өзіндік ерекшелігі.

Қазақ әдебиеттану ғьшымы мен сынының туу, даму тарихына қысқаша шолу.

Әдебиет, өнер туралы ғылымның даму тарихьшда маркстік-лениндік эстетика мен әдебиет теориясьшың маңызы және оған қазірғі көзқарас.

Көркем әдебиет

Әдебиет - сөз өнері. Өмір мен өнер. Өнердің туу себептері. Өнер және оның түрлері: мүсін, сәулет, саз, сурет және сөз өнерлері, т.б. Бұлардың жеке өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері, шындық болмысты таныту жолдары және қоғамдық-әлеуметтік ортақ функциясы. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы.

Сөз өнері - әдебиеттің объектісі - өмір шьшдығы, предметі - адам. «Әдебиет - адамтану ғылымы» (М.Горький). Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту ерекшелігі, оның бейнелеу құралы тіл екендігі. Образдылық, сөздегі сурет, өмір болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстінде жанды бейнелеу тек сөз өнерінің құдіреті, еншісі болатьшдығы.

Көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі.

Әдебиеттің халықтығы

Өнер және қоғамдық шындық. Суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы. Өнер туындысын бағалау критерийлері. Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы, оның тарихи категория екендігі. Халықтық ұғымының әр кезеңдегі әдебиеттегі көрінісі. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар. Сыншы В.Г.Белинскийдің әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-тұжырымдары. М.Әуезов Абайдың халықтығы жөнінде. Кеңестік әдебиеттану ғылымы өнердің, әдебиеттің халықтығы туралы. Мәселеге бүгінгі кезқарас.

Көркем шығарма

Көркем шығарманьщ мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Мазмұн мен пішін бірлігі

- көркемдік шарты. Көркем туындының мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принңипі екендігі.

Көркем шығарманың тақырыбы. Тақырып туралы түсінік. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі, проблемалылығы.

Көркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен байланыстылығы. Шығарма идеясының оқиға дамуы, кейіпкерлердің іс-әрекеті, тартыстың шешімі арқылы танылатындығы. Идеяның түрлері, негізгі өзекті идея және объективті идеялар. Халықтық мұрат, ұлттық асыл қасиет-мінездерді, адамдық ізгі арман-аңсарды бейнелеу - шығарманың озық идеялылығының белгісі.

Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.

Көркем бейне және оның жасалу жолдары

Көркем бейне туралы түсінік, оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні. Көркем бейне және авторлық дүниетаным, идеал. Көркем бейненің әдіс түрғысьшан (реалистік образ, романтикалық образ), тек (эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ), тәсіл (юморлық, сатиралық, трагедиялық, т.б.) түрғысынан жіктелуі және олардың ерекшеліктері. Басты және басқа кейіпкерлер.

Өнердегі типтілік мәселесі, типтендіру процесі. Тип және прототип арақатынасы. Типтік бейне ерекшелігі. Белинский, Горький тип туралы.

Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері. Портреттік тәсіл және оның түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері (тура және жанама мінездеу) және олардың характерді айқындаудағы мәні.

Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Ішкі монолог - психологиялық талдау тәсілінің бір түрі. Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті. Композиция туралы түсінік. Композиңиялық бүтіндік. Композицияның көркем шығармада оқиғаларды жүйелеудегі, образдарды тұтастырудағы, мазмұнды қиыстырудағы атқаратьш рөлі.

Сюжет туралы үғым.

Горький сюжет туралы. Сюжеттің көркем шығарма мазмұнын құрайтьш оқиғалар жүйесі, характерлердің қалыптасу тарихы екендігі.

Сюжеттік элементтер немесе сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезеңдері: экспозиция, сюжеттік байланыс, ситуациялық жағдай, оқиғаның (тартыстың) шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі. Бұлардың сюжет дамуы мен тартыстың өрбуіндегі, шешіміндегі, характерді танытудағы маңызы.

Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог, эпилог, бұлардың шығарма идеясына қатыстылығы. Композиция мен сюжеттің бірлігі мен айырмашылығы.

Көркем шығарманың тілі

Тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Тілдің жалпы халықтық қасиеті. «Әдебиеттің бірінші элементі - тіл» (Горький) екендігі, оның мәнісі. Ауызекі тіл мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілінің, яки поэтикалық тілдің ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар. Л.Толстой, М.Шолохов, Ғ.Мүсірепов, т.б. жазушы тілі туралы.

Жазушының тіл байлығын игеру жолдары.

Поэтикалық тілдің көркем шығармада кейіпкер тілі және автор (баяндаушы) тілі үлгісінде қолданылуы. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.

Тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы.

Троптар. Оның эпитет, теңеу, метафора, символ, т.б. түрлері. Бұлардың жасалу жолдары мен көркемдік қызметі. Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар мен қайталаулар. Бұл тәсілдердің идеялық- көркемдік қызметі, түрлері.

Әдебиеттің тектері мен түрлері

Әдебиеттің үпі текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі, мұның өмір шындығын бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты екендігі.

«Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні. Жанрлық жіктеудің шарттылығы. Эпостық шығармалардағы лиризм, лирикада сюжет болу мүмкіндігі, драмадағы лирикалық жэне эпикальщ сипаттардың қатар көрінуі, т.б.

Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов әдебиеттің текке, түрлерге (жанрларға) бөлінуі жайлы.

Эпикалық тектің жанрлық түрлері: ертегі, мысал, әңгіме, новелла, поэма, повесть, дастан, батырлар жыры, роман, роман-эпопея. Қазақ әдебиетіндегі роман жанры. Роман-эпопеяның жанрлық ерекшеліктері.

Лирикалық тек. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі. Белинский, Байтұрсынов лирика туралы. Лирикалық қаһарман сыры.

Лирикалық тектің кейбір жанрлық түрлері: ода (мадақ), элегия, сонет, сатиралық лирика, ән өлеңі, мадригал, т.б. Бұлардың тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық шығармаларды тақырыпқа қарай бөлудің шарттылығы.

Драмалық тек. Драмалық бейнелеу тәсілдерінің ерекшеліктері. Драматургия және театр. Белинский драмалық поэзия жайлы. А.Байтұрсьшов, М.Әуезов драма ерекшелігі хақында.

Драмалық жанрлар: трагедия, комедия, драма. Бұлардың өнер тарихындағы туу, қалыптасу жайы және өзіндік ерекшелігі. Драмалық туындыдағы тартыс және кейіпкер. Трагедиядағы қасірет, комедиядағы күлкі, драмадағы тартыс сыры. Қазақ драматургиясында бұл жанрлардың туу, қалыптасу тарихы. Аралас жанрлар ерекшелігі.

Әдеби процесс

Өнер дамуының қоғамдық өмірмен байланыстылығы. Әдеби дамудың тарихи сипаты. Әдеби проңестің үздіксіздігі және ұлттық ерекшелігі.

Әдеби проңестегі көрнекті жазушы мен талантты сыншының рөлі. .

Әдеби даму заңдылықтары. Өнердегі дәстүр жалғастығы, оның үш салада: идея мен тақырып, образ, көркемдік шеберлік тұрғысьшан дамытылуы.

Дәстүр және жаңашьшдық мәселесі. Әлем жэне орыс эдебиеттеріндегі озық дәстүрлердің қазақәэдебиетіне ықпал-әсері. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы.

Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар

Көркемдік әдіс туралы ұғым. Көркемдік әдістің негізі дүниетаным екендігі. Аристотель, Белинский көркемдік әдіс жайлы. Өнер дамуының әр кезеңдерінде туьш, қалыптасқан көркемдік әдістер және олардың арасындағы сабақтастықтар мен айырмашылықтар. Классицизм ағымының тууы (ХҮІІ ғ.). Өзіне тән ерекшеліктері. Шектеулілігі. Сентиментализм ағымы (ХҮІІІ ғ. II жартысы - XIX ғ. басы), гуманистік, бұқаралық сипаты, классицизм ағымын сынауы, т.б.

Романтизм әдісі. Оны туғызған қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар. Романтизмнің өмір шындығы мен адамды бейнелеуде ұстанған өзіндік көркемдік принциптері. Энгельс, Горький романтизм туралы. Қазақ әдебиетіндегі романтизм.

Реализм әдісі. Энгельс реализм жайлы. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі ерекшеліктері. Реализм әдісінің тарихи формалары.

XIX ғасыр әдебиетіндегі сыншыл реализм әдісі. Оның гуманистік, халықтық- демократтық, шынайылық сипаттары мен буржуазиялық қоғам болмысын айыптап- әшкерелейтін сыншылдық пафосы. Абай реализмінің ерекшеліктері.

Социалистік реализм әдісі жэне оған қазіргі көзқарас.

Әдеби бағыт-ағымдар ерекшелігі. Орыс және қазақ әдебиеттері тарихындағы әдеби бағыт-ағымдар мен мектептер, олардың әдеби процестегі маңызы.

Әдеби стиль жайлы ұғым. Стиль жеке жазушыға тән шығармашылық ерекшелік екендігі. Стильдік ерекшеліктің композиция мен сюжеттен, адам тұлғасын даралау мен өмір шындығын жинақтаудан, тіл мен суреттеуден танылатындығы. Қ.Жұмалиев стиль туралы.

Гете стильдің қалылтасу кезеңдері жайлы. Стиль мен әдістің бірлігі мен өзгешелігі. Әдістің өзгеруінің стильге әсер-ықпалы. Әрбір көркемдік әдістің, бағыт, ағымның өзіне тән стилі болатындығы. Стиль эволюциясы және шеберлік.

Студенттің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмысының (СОӨЖ) тақырыптары

Лирикадағы сюжет мәселесі (пікірталастар)

Аралас жанрлар ерекшелігі

Көркем бейне түрлері

Қазіргі қазақ өлеңінің бағдары

Қазақ әдебиеті тарихьшдағы «зар заман» ағымы

Социалистік реализм әдісі жайлы сыни көзқарас

Кеңестік дәуірдегі әдебиет пен өнер туралы қаулы-қарарлар: қазіргі көзқарас. А.Байтұрсыновтың төл әдебиеггану терминдерін қальштастырудағы еңбегі («Әдебиеттанытқыш» бойынша)

Студенттің өзіндік жүмыстарының тақырыптары

1. Көркем шығарма тілі. Троптар, поэтикалық фигура түрлері

2. Қазақ драматургиясының бүгінгі жайы

3. Лирикалық жанрлар түрлері

4. Көркем бейне жасау жолдары

5. Композицияның сюжеттік элементгері

Студенттерге қыркүйек айының соңында тапсырма беріледі. Аталған тақырыптар бойынша студенттер көркем эдебиет туындыларьшан мысал іздеп, арнайы мысал дәптерғе жазуы керек. Мысал дәптер желтоқсанның аяғында - сессия қарсаңында тексеріледі.

Пайдалануға үсынылатыи әдебиет

Оқулықтар мен оқу қүралдары:

1. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, Мектеп, 1973.

2. Байтүрсынов А. Әдебиеттанытқыш.// Шығармалары. - Алматы, 1989.

3. Жүмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.

4. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992; 2002.

5. Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Құрастырған: С.Мақпыров. - Алматы, 1991.

6. Джунышбеков Н. Введение в литературоведение. КазНУ им. Аль-Фараби. - Алматы, 2005.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995.

2.Ахметов З. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.

3.Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.

4. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.

5. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.

6. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.

7. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. - Алматы, 1966.

8. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.

9. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.

10. Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің қүрылысы. - Алматы, 1955.

11.Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. - Алматы, 1991.

12. Мақпыров С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. - Алматы, РБК, 1994.

13. Мәшһүр Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. - Алматы, 1991.

14. Негимов С. Өлең өрімі. Ғылым, 1970; Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. - Алматы, Гылым, 1991.

15. Нұргалиев Р. Трагедия табиғаты. - Алматы, 1972.

16. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. - Алматы, Ер-Дәулет, 1994.

17. Стиль сыры. Жинақ. - Алматы, Ғылым, 1991.

18. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. - Алматы, Санат, 1999.

19.Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. - Алматы, Ана тілі. 1998;2006.

20. Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. Мектеп оқушыларына әдебиетті тереңдеп оқытуға арналған көмекші құрал (Қүраст. Ә.Дайырова, Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева). - Алматы, Мектеп, 2003.

21. Волков И.Ф. Творческие методы и художественные системы. Изд. 2-е. - Москва, 1978.

22. Виноградов В.В. О языке художественной прозы. - Москва, 1980.

23. Словарь литературоведческих терминов. Сост.Л.Тимофеев, С.Тураев. - Москва, 1974.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Наши рекомендации