Quot;Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір?

Маңғыстау гуманитарлық колледжі

Бекітемін:___________

Кайболдиева Н.Ж.

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз! »

Ткізген: практикант Аманкелдиева Ш.Ә.

Тексерген:педагогика пәнінің оқытушысы

Кайболдиева Н.Ж.

Уақыты:_________

Тобы:__ИБ-21___

Бағасы:__________

Қолы:____________

Ақтау 2015жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Армысың, аз Наурыз! »
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың
мерекелік көңілін көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, шарлар

Сабақ барысы:

1-жүргізуші:

Сәлеметсізбе, құрметті ұстаздар, студенттер, қадірлі қонақтар! Келе жатқан наурыз мейрамымен құттықтай отырып, Наурыз мейрамына арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

2-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 3 киіз үй тігіліп, яғни, үш ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы үш ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі. Енді сайыс кезеңдерімен танысырып өтейін.

І. Білгенге маржан (Дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру)

ІІ. «Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)

ІІІ. «Салт дәстүрім-асыл қазынам» (Салт- дәстүрді сахнада көрсету)

IV.Ұлттық киімдерден сән үлгісі

V. Ұлттық тағамдар

VI

2-жүргізуші: Ауылдарымызға «Бәйшешек», «Наурызша», «Қызғалдақ» деген аттар бердік.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер!

2- жүргізуші: Армысыздар қадірменді халайық!

1- жүргізуші: Баршаңызды құт-берекенің, жақсылықтың, тоқшылықтың, бірліктің символы боп келетін төл мерекеміз Наурыз тойымен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құт- береке, достық пен ынтымақ ала келсін. Отбасыларыңызға денсаулық, береке, бірлік әкелсін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын!

1- жүргізуші: Наурыз мерекесіне қатысты ұйымдастырылып отырған, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін «Қыздары қандай қазақтың, ажарлы сұлу ғажап тым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!

1-жүргізуші: Алғашқы кезеңімізді бастаймыз.Енді ортаға әр бір ауылдың басшыларын шақырайық.Олар ұлттық салт- дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді.

1. «Сүйінші» деген не? (Қуанышты хабар жеткізу)
2. «Шашу» дегеніміз не? (Қуаныш айғағы ретінде жасалатын дәстүр. Үйлену тойында, құда келгенде, қоныс тойында, т. б.)
3. «Қонақасы» дегенді қалай түсінесің? (Үйге келген қонаққа арнайы мал сойып, сый - сияпат көрсету)
4. «Енші» деген не? (Ер жеткен балаларын дүние - мүлкін беріп ата - анасының бөлек шығаруы)
5. «Байғазы» дегенді қалай түсінесің? (Жаңа зат немесе жаңа киім үшін берілетін ақшалай немесе заттай сыйлық)
6. «Ерулік» деген қандай дәстүр? (Жаңадан көшіп келген көршілерге бұрыннан тұратын көршілердің үйіне қонаққа шақырып ас беруі)
7. «Сыбаға» деген сөзді қалай түсінесің? (Құрметті қонаққа немесе жақын - жуыққа арнайы сақтаған кәделі ет, жілік мүшелері)
8. «Айдар» деген не? (Ер баланы тіл - көзден сақтау үшін қойылатын шаш)
9. Бес дұшпанды ата? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)
10. Бес асыл істі ата? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
11. Бес қаруды ата? (Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
12. Ат әбзелдерін ата? (Ер - тоқым, жүген, құйысқан, өмілдірік, тартпа, үзеңгі т. б.)

1-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

1-жүргізуші. Ауылдарымыз өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық! (Үш ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

1-жүргізуші: Ал енді келесі кезеңімізді бастаймыз. Әрбір ауыл өздері дайындағын киім үлгілерін ортаға шығарса екен (қазақ күйлері қойылады)

1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)

Келесі кезеңде ауылдар белгілі бір салт-дәстүрді көрініс етіп қояды: «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Көрісу», «Бата беру» т.б.

2-жүргізуші: Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылардың бағасын білейік.

1-жүргізуші:

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

2-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!

quot;Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір?

"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.

Наши рекомендации