Должность Претензии Роспись 1 страница

Апта

№1 Жеке іс қағазы

Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай - ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме -дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

Тапсырма

Cөздерді оқып, есте сақтаңыздар!

Жеке іс парақ /ғы/ личный листок

Кадрларды тіркеу жөніндегі личный листок по

жеке іс парағы учету кадров

жұмысқа қабылдау принять на работу

кадрлар жөніндегі жеке заполнить личный

іс парағын толтыру листок по учету

кадров

дәреже степень

атақ звание

ғылыми еңбек научный труд

өнертабыс изобретение

лауазым должность

еңбек өтілі трудовой стаж

шетел иностранное государство

сайланбалы органдар выборные органы

әскери қызметке қатысы отношение к войнской службе

әскери атағы войнское звание

толтыру заполнить

көрсету указать

мәлімет сведения

марапаттау нагродить

жариялау обьявить

міндетті обязан

міндетті емес не обязан

Тапсырма

Үлгімен танысыңыз. Үлгіні толтырыңыз.

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы

1. Тегі _______________________

Аты ________________ Әкесінің аты___________________

2. Жынысы__________ 3. Туған жылы, айы, күні ________________

4. Туған жері _______________________________________________

ауыл, аудан, қала, облыс

5. Ұлты____________ Азаматтығы________________

6. Әлеуметтік тегі__________________

7. Білімі ____________________________

Диплом бойынша мамандығы_________________________

Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері _______________________

8. Қандай тілдерді білесіз _________________________________

қандай дәрежеде __________________________________

9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________

10.Ғылыми еңбектері және өнертабыстары ____________________

11.Жұмыс істеген орыны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары _______

______________________________________________________

Жұмыс істеген орындарының мекенжайы ______________________

12.Шетелдерде болуы _________________________________________

13.Сайланбалы орындарға қатысуы ______________________________

14.Мемлекеттік наградалары ___________________________________

15.Әскери қызметке қатысы ____________________________________

әскери атағы _____________________________________

16.Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты жөні, туған жылы көрсетіледі)

_______________________________________________________________

17.Мекенжайы _________________________________

Толтырылған уақыты Қолы___________

Тапсырма

Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

Национальность, настоящая фамилия, ученая степень, социальное происхождение, гражданство, место рождения, адрес, знаю в совершенстве государственный язык, место рождения, специальность по диплому, запольнить бланк, РНН, СИК, коллектив, продлить трудовой отпуск, заключить трудовой договор, прежнее место работы.

Тапсырма

Кестені толтырыңыз.

Оқу орнының атауы және оның тұрған жері Түскен жылы Бітірген немесе шыққан жылы Қандай мамандық бойынша білім алды Оқу орнын бітіріп шыққан соң кім болып шықты
         
         
         

Тапсырма

Адамның өміріндегі жеке қасиеттерін белгілеңіз.

Дүниеге келді    
Есім берілді    
Білім алды    
Мамандығы    
Жұмысқа тұрғанда тапсырылатын құжаттар  
Отбасы мүшелері    
Мекен - жайы  

Керекті сөздер мен сөз тіркестері:

Өтініш, өмірбаян, жеке іс парағы,

ТСН, ӘЖК, еңбек кітапшасы, диплом,

әскери билет т.б.

Диплом бойынша мамандығы

Ата –ана, аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас

Орта, арнаулы орта, жоғары білім

Туған жылы, айы күні, туған жері

Аты – жөні, тегі

Көкшетау қаласы, Абай к-сі, 210 үй, 10 пәтер

Әдебиеттер:

1. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Қадашева, Ә.Сүлейменова. А.,2000. Ресми іс қағаздары

2. Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова, И.С.Қайырбекова. «Келешек-2030» К., 2003. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы.

3. Қазақ тіліндегі іс қағаздары. А., 1990.

Апта

№ 2 Анкета

Анкета - алдын-ала құрылған сұрақтар жүйесіне жауап беру парағы. Толтырушы туралы қандай да бір мәлімет алу үшін және де көпшіліктің көзқарасын зерттегенде қолданылады. Анкетаны жұмысқа орналасқанда, әртүрлі байқауларға қатысқанда т.б жағдайларда толтырлады.

Тапсырма

Берілген мәтінді оқыңыз, есте сақтаңыз!

Ізденуші анкетасы: қалай кәсіби толтыру керек?

«Ізденуші анкетасын» қалай кәсіби түрде толтырамыз, ол үшін сізге не қажетті, соны қарастырайық: толық зейін, ерекше тиянақтылық, сауаттылық, ұғымталдылық және қысқа айтушылық. Дайынсыз ба? Кеттік. Барлық жолдарды толтырыңыз, бір «ашық жол» қалмасын. Бұл бақылау жұмысы сияқты: бос жол – сіздің «кемшіліктеріңіз». Егер сұрақ нақты жауапты талап етсе – «Ия» немесе «Жоқ» деп жазыңыз. Сызықша мен «х» белгісін бұл кезде қолданбаған жөн. Егер өзіңіздің сауаттылығыңызда күмәніңіз бар болса, тәуекелге салынбаңыз! Сөздің жазылуына сенімсіздік білдірсеңіз, басқа қарапайым сөзбен алмастырғаныңыз жөн. Жазған мәтініңіз «сәнді сөздерден» құралмаса да, ең бастысы түсінікті және қатесіз жазылғаны! Міндетті түрде шындықты жазыңыз! Өз жетістіктеріңізді сәл гүлдендіргеніңіз де жеткілікті. Жазған мәліметтеріңізді тексерілетініне күмәнданбаңыз. Егер анкетаға жазғаныңыз шындықпен үйлеспейтіні анықталса – сіздің абыройыңыз төгіледі. Анкетаның ең соңында «Жазылғанның барлығы шындық екеніне кепілдік беремін» деген сөйлемді сіз қосыңыз. Кейде анкеталарда өмірлік беталысты анықтау үшін тесттік тапсырмалар қолданады: мұқият болыңыз. Бұл тесттің басты мақсаты: сіздің беталысыңызды анықтаудан басқа, сіздің мұқияттылығыңызды және ережелерді ұстану мүмкіншілігіңізді тексеру. Уақытты үнемдеңіз. 2-3 парақтан тұратын анкетаны толтыру үшін бір сағат уақытты «жұмсағаныңыз» сізге кемшіліктен басқа артықшылық бермес. Қазіргі заманда мобилді адамдар бағалы келеді, олар қысқа мерзімде бірнеше жұмысты атқара алады. Есіңізде болсын – қысқа әрі нұсқа!

Тапсырма

Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз

Сіз мекеме басшысыз жұмысқа жаңа қызметкерлер қабылдағыңыз келеді,

жұмысқа қабылдау үшін сауалнама құрастырыңыз.

3. Жағдаяттық тапсырма

Сіз университет студент бөлімінің меңгерушісіз студенттерге сауалнама беріңіз.

Әдебиеттер:

1. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Қадашева, Ә.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. А.,2000.

Апта

№3 Жеке кәртішке

Мекемені басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және босатуды да қамтиды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, кезекті еңбек демалысын беру, көтермелеу кезінде ресімделетін құжаттар жеке құрам бойынша құжаттар тобын құрайды. Бұл жеке құрам бойынша бұйрықтар, өтініштер, мінездемелер, еңбек кітапшалары, жеке карточкалар, сондай-ақ жеке іске тігілетін барлық құжаттар.

Жеке құрам бойынша құжаттарға төмендегілер жатады:

● түйіндеме (резюме);

● өтініш (жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру туралы);

● жеке құрам бойынша бұйрықтар;

● еңбек кітапшалары;

● жеке істер;

● жеке карточкалар;

● еңбекақысы жөніндегі жеке шоттар және басқалары.

Тапсырма

Үлгіні оқыңыз, аударыңыз

ЖЕКЕ КАРТОЧКА

__________________

Кәсіпорын, ұйым код

Құжаттың нөмірі Келісу күні Жынысы әйел/ер Табельдің нөмірі Тұрғылықты жерінің коды
         

ЖЕКЕ КАРТОЧКА №

Негізгі қызметі

Қосалқы қызметі

1. Жалпы мәліметтер

1. Аты – жөні_______________________________________________________

2. Туған жылы _____________________________________________________

(күні, айы)

3.Туған жері _______________________________________________________

4. Білімі ___________________________________________________________

а) _________________________________________________________________

(жоғары немесе арнайы орта)

________________

(білім мекемесінің аты және бітірген жылы)

б) _______________

(кәсіби- техникалық білім бойынша мектептің аты және бітірген жылы)

в) ОК ПДТР бойынша кәсібінің коды

_________________

5. Диплом куәлігі бойынша мамандығы

__________________

(жоғары немесе арнайы орта білім мекемесінің бітіргендер үшін ОКСО бойынша мамандығының коды)

6. Дипломы (куәлігі) бойынша біліктілігі __________________________________________________

Дипломның ______________________ №_________________________________

Куәліктің

«_______» ___________________ ж.

7. Ғылыми дәрежесі _____

8. Ғылыми атағы ________

9. Мамандығы: __________

10. Қызметі ______________

Жұмыс тәжірибесі

11. Соңғы мамандығы, қызметі бойынша тәжірбиесі________________________________________

________________________

12. Жалпы тәжірибесі ___________________________________________________________________

Оның ішінде мамандығы бойынша _______________________________________________________

13. Отбасы жағдайы______

14. Отбасы құрамы _______

(отбасының әрбір мүшесінің туған жылын көрсете отырып)

_________________________

қызметі (мамандығы)

15. Басқа кәсіпорындағы (ұйымдадардағы) негізгі немесе қоса атқаратын жұмысы_______________

__________________________

Жұмыс орны _____________

Қызметі (мамандығы) _____

16. Төлқұжат: сериясы _____________________ №______________ берген күні___________________

17. Үйінің мекен- жайы ____

Телефон __________________

Толтырған күні «_____» ________ж.

Жеке қолы __________________

ІІ әскери есепке алу туралы мәліметтер

Әскери атағы_____________

Әскери есепке алу мамандығы № __________________________________________________________

Әскери қызметке жарамдылығы ____________________________________________________________

Тұрғылықты дері бойынша әскери комитеттің атауы________________________________________

__________________________

Арнайы есепте№ ______________болып тұр.

Әдебиеттер:

1. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Қадашева, Ә.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. А.,2000.

Апта

№4 Тіркеу карточкасы

Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ толтырылады.

Негізгі сөздік

Тіркеу -регистрация

Кіріс құжат -входящий документ

Кіріс номері -входящий номер

Шығыс құжат -исходящий документ

Шығыс номері -исходящий номер

Өтініш беруші -заявитель

Мазмұн -содержание

Қысқаша мазмұн -краткое содержание

Мерзім -срок

Орындалу мерзімі -срок исполнения

Бақылау -контроль

Белгі -отметка

Қолхат -расписка

Факт анықталды -факты подтвердились

Оң шешілді -решено положительно

Кімге тапсырылды -кому поручено

Қосымша бақылау -дополнительный контроль

Тұрғылықты жер -постоянное местожительство

Анықталды -выявлено

Лауазым -должность

Жұмыс орны -место работы

Мекенжай -адрес

Грамматикалық минимум

Ырықсыз етіс тұлғасы

орындалу

жіберілу

шешілу

анықталу

баяндалу

I Үлгі: Азаматтардың хаттарын тіркеу карточкасы

Кіріс № және тіркелген күні Өтініш беруші Мекенжайы және жұмыс орны

Хаттың қысқаша мазмұны__________________________________________

___________________________________________

___________________________________________

Орындалу мерзімі___________________________________________________

(Карточканың екінші беті)

Орындауға берілді айы, күні, жылы Хат кімге жіберілген Алғаны туралы қолхат. Күні Хат сақталатын істің №

Бақылау және орындалуы туралы белгі

Қаралды Оң шешілді Қосымша бақылау    
Орган қызметкері Тұрғылықты жерге бару Факт анықталды    

Хатты бақылаудан кім алды және қашан алды.

II. Үлгі : Азаматтардың ауызша хабарламаларын тіркеу карточкасы

Айы, күні, жылы___________________________________________________________

Құжаттың №______________________________________________________________

Өтініш берушінің аты-жөні_____________________________________________________

Атқаратынқызметі_____________________________________________________________

Лауазымы___________________________________________________________________

Мекенжайы__________________________________________________________________

Хабарламаның қысқаша мазмұны________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

Қабылдау жүргізген адамның аты жөні____________________________________________

(Екінші беті)

Өтінішті қарау кімге тапсырылды, күні___________________________________________

____________________________________________________

Өтінішті қараудың қорытындысы________________________________________________

Жауапты кім және қашан берді___________________________________________________

_____________________________________________________

______________________________________________________

Әдебиеттер:

1. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Қадашева, Ә.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. А.,2000.

Апта

№ 5 ӨТІНІШ

Өтініш – мекеме басшысы атына белгілі бір тәртіппен жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы жазылатын ресми құжат. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда, көмек сұрауда жазылады.

Нотариус куәландыратын өтiнiштер мынадай жағдайларда жазылады:

  • мұраға ие болу құқығын бiлдiретiн куәлiк алу үшiн;
  • тұрғын үйдi ауыстыруға келiсiм бергенде;
  • туысқандық қатысты растау үшiн;
  • тұрғын үйден бас тартқанда;
  • жеке есеп-шотын қайта толтырғанда;
  • жарналарын ауыстырғанда;
  • тұрғын үйдi сыйға тартқанда;
  • баладан бас тартқанда;
  • бала асырап алғанда;
  • құжат дубликатын немесе басқа құжат түрлерiн алғанда

Тапсырма

Сөздермен танысыңыз, жаттаңыз

Өз еркіммен – по собственному желанию

Тұрғын үймен қамтамасыз ету – обеспечить жильем

Ақысыз демалыс – отпуск без содержания

Кезекті еңбек демалысы – очередной трудовой отпуск

Еңбек келісімінің мерзімін ұзарту – продлить срок трудового соглашения

Түзетулер – коррективы, исправление

Отбасы жағдайыма байланысты – по семейным обстоятельствам

Бекітілген кесте – утвержденный график

Негізінде – на основании, на основе

Кәсіподақ комитеті – профсоюзный комитет

Денсаулығыма байланысты – по состоянию здоровья

Бос тұрған ---- қызметіне – на вакнтную должность -----

Атына – на имя

Жағдай – ситуация

Нақтылап – конкретно

Тұратын жері туралы анықтама – справка о месте жительства

Көшірмесін жасау – делать копию

Жеке басының куәлігі – удостверение личности

Еңбек өтілі – трудовой стаж

Жұмыс тәжірибесі – опыт работы

Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) - СИК

Салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН) – РНН

Еңбек кітапшасы – трудовая книжка

Аталмыш – названный

Білімді жетілдіру – совершенствовать знания

Біліктілігін арттыру – повышать квалификацию

Жоба - проект

Енгізу - внести

Пайдалану – воспользоваться

Лауазым – должность

Қаулы – постановления

Жіберу, жолдау – направить

Тапсырма

Дұрыс грамматикалық формасын қойыңыз.

Білім беру департаменті.... директоры

Осы жылғы 19 тамызынан ... бастап

2009 жылғы 22 сәуір ... 10 мамыр.... дейін

Басқа бөлім... ауыстыруыңыз.... сұраймын.

Кезекті демалыс .... жіберу.... өтінемін

Жетекші маман қызметі ..... қабылдауыңызды сұраймын

Еңбек келісімі.... мерзімі .... ұзарту

Өз еркім... босату .... сұраймын

Отбасы жағдай ... байланысты.

Тапсырма

Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз

Прошу разрешить взять этот проект, прошу разрешить присутствовать на заседании, прошу разрешить воспользоваться автотранспортом предприятия, прошу разрешить направить запрос в акимат города, прошу разрешить внести коррективы в проект постановления.

Тапсырма

Тестке жауап беріңіз

  1. Өтінішке қажетті септік жалғаулары

а) ілік, шығыс

ә) көмектес, атау

б) жатыс, атау

в) барыс, шығыс

2. ТОО сөзінің баламасын табыңыз

а) ЖШС

ә) АҚ

б) ААҚ

в) КМУ

3. Дұрыс нұсқасын табыңыз

а) ханымның, мырзаның

ә) ханымды, мырзаны

б) ханымға, мырзаға

в) ханымы, мырзасы

4. Өтінішке қатысты етістік сөздерді табыңыз

а) сұраймын, өтінемін

ә) келеді, айтады

б) сұрайды, өтінеді

в) сұраған, өтінген

5. Өтініш жазылатын негізгі жағдайды көрсетіңіз

а) белгілі жағдайды айту, сұрау

ә) кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек сұрау

б) сенім білдіру, қолхат беру

в) хаттама жазатын кезде

6. Өтінішке қажетті сан есімді табыңыз

а) есептік сан

ә) реттік сан есім

б) жинақтық сан есім

в) болжалдық сан есім

7. Берілген сөз тіркестерінен жіктеу есімдігі бар сөз тіркесін көрсетіңіз

а) мені 2008 жылдың 10 ақпанынан

ә) құжат бөлімінің бастығына

б) өз қалауыммен

в) осыған байланысты

8. Кезектен ....... демалыс беруіңізді

а) тыс

ә) бойынша

б) тағы басқа

в) арқылы

9. Мына сөз тіркесінің қазақша баламасын көрсетіңіз задержка выплаты пенсии

а) зейнетақыны төлеудің кешіктірілгені туралы

ә) еңбекақыны төлеудің кешіктірілгені туралы

б) көшеде жарықтың жоқ екендігі туралы

в) ауладағы балалар алаңшасының ластануы туралы

10. Емлесі дұрыс жазылған нұсқасын көрсетіңіз

а) Казақстан Республикасы Әділет министірлігі

ә) қазақстан республикасы Әділет министірлігі

б) Қазақстан Республикасы әділет министірлігі

в) Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігі

11. Материалдық ...... сұрау

а) көмек

ә) еңбек

б) қызмет

в) құжат

12. Мен өтініш ......... .

а) айттым

ә) сөйледім

б) жаздым

в) айтқан

13. Өз ................. босатуыңызды өтінемін.

а) еркіммен

ә) айтуыммен

б) жазуыммен

в) айтқаннымен

14. Жауапкершілігі ........ серіктестік

а) шағын

ә) шекті

б) шектеулі

в) шегі бар

15. Өтінішке ......... қойылды

а) қол

ә) сөз

б) айыппұл

в) мөр

Наши рекомендации