Мотивация және центрация

Педагог іс-әрекетінің мотивациялық-қажеттіліктер саласы А.Б. Орлов бойынша оның центрациясы терминдерінде түсінік беріле алады. Гуманистік психологияда центрация «ерекше түрде құрылған, эмпатияға, басқа адамды бағалаусыз қабылдауға және уайымдаулар мен мінез-құлықтың сайма-сайлығына негізделген, мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі ретінде түсініледі. Центрация бір мезгілде мұғалім мен оқушының тұлғалық өсулерінің нәтижесі ретінде де, олардың қарым-қатынасының, шығармашылықтарының дамуының, олардың тұтастай субъективті (тұлғалық) өсулерінің нәтижесі ретінде де түсіндіріледі» [153, 142 б.]. А.Б. Орлов бойынша, мұғалімнің тұлғалық центрациясы педагог іс-әрекетінің «интегралды және жүйеқұраушы» сипаттамасы болып табылады. Бұл жерде мұғалім центрациясының сипаты осы іс-әрекеттің барлық көптүрлілігін анықтайды: стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция және т.б.

А.Б. Орлов негізгі жеті центрацияны сипаттайды, олардың әрқайсысы педагогикалық іс-әрекетте де, және жеке, нақты педагогикалық жағдайларда да үстем бола алады [153, 142-143 б.]:

- өзімшілдік (өз «Менінің» мүддесіне центрация);

- бюрократтық (әкімшілік, бастықтардың мүдделеріне центра-ция);

- қақтығыстық (әріптестерінің мүддесіне центрация);

- беделдік (оқушылар ата-аналарының сұраныстарына, мүдделе-ріне центрация);

- танымдық (оқыту мен тәрбиелеу құралдарының талаптарына центрация);

- қамқорлық (оқушылардың қызығушылығына (қажеттеліктері-не) центрация);

- гуманистік (мұғалімнің өз мәнінің мүдделеріне (көрінулеріне) және басқа адамдар мәнінің (басқарушының, әріптестерінің, ата-аналардың, оқушылардың) мүдделеріне центрация) [153, 143 б.].

Гуманистік психологияда гуманистік центрация неғұрлым жетілді-рілген. Ол дәстүрлі оқытудың шынайылығын бейнелейтін алғашқы алты центрацияға қарсы тұрған іспеттес. Осы центрациялардың бағыттануының өзгеруі немесе мұғалімнің «децентрациясы» қазіргі күні жалпы білім берудің және жеке тұрғыдан қарастырғанда мектептегі білім берудің психокоррекциялық міндеттерінің бірі болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекет пәндік мазмұнмен, сыртқы құрылыммен сипатталады, мұнда ерекше орын педагогтың түрлі центрацияларына және үстемдік түрткілеріне теңестірілетін мотивацияға беріледі.

Глассарий

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады.

Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Семинар — практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыпты не курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинарда шәкірттер оқытушының жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылайды

Продуктивті танымдық әрекет дегеніміз– шығармашылық ізденістер нәтижесінде істе асатын іс-әреке


Вербалды қарым-қатынас - тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция

Мотивация– бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі

Тренинг (ағыл. training, train деген сөзден — оқыту, тәрбиелеу) — білім - дағдыларды, әлеуметтік қызметтерді белсенді дамытуға бағытталған оқыту әдісі болып табылады.

Психологиялық тренинг — мінез-құлық және тұлғаны жетілдіру дағдыларын үйретудің белсенді түрі. Тренингте қатысушыға психологиялық қасиеттер немесе дағдыларды дамытуға бағытталған, қандай да бір жаттығуларды орындау ұсынылады.

Тұлғалық даму тренингі – мұнда негізгі міндет болып «тұлғалық даму» шығады. Ол өзіндік бағалаудың өсуі, лидерлік қасиеттердің дамуы, өзіне мықты мақсаттар қоя білу және оларға жетудің жолдарын таба алу, т.б. қасиеттерде көрініс алады.

Терапиялық тренинг – негізгі міндеті әр түрлі эмоциялық және психикалық қалыптардың профилактикасы мен коррекциясы үшін психотерапиялық әдіс-тәсілдерді қолдану.

Бизнес-тренинг – негізгі міндеті кәсіби іс-әрекет үшін қажетті, нақты дағдыларды қалыптастыру.

Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім

Дебиет

Кузьмина Н.В.Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения профтехучилища. М., 1989.

Маркова А.К.Психология профессионализма. М., 1996.

Маркова А.К.Психология труда учителя. М., 1993.

Митина Л.М.Психология профессионального развития учителя. М., 1998.

Митина Л.М.Учитель как личность и профессионал. М., 1994.

Орлов А.Б.Психология личности и сущности человека: парадигмы, проекции, практики. М., 1995.

Реан А.А.Психология педагогической деятельности. Ижевск, 1994.

Наши рекомендации